Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Зерттеу жұмысы: "Қазақтың ұлттық тағамдары" 2 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Зерттеу жұмысы: "Қазақтың ұлттық тағамдары" 2 сынып

библиотека
материалов


Начало формы



«№5 «А» мектеп – гимназиясы Қостанай қаласы әкімдігінің білі бөлім» мемлекеттік мекемесі

hello_html_m284ceb26.png











2016 оқу жылы

МАЗМҰНЫ:

Аннотация............................................................................................3-8

Кіріспе...................................................................................................8

І тарау

Сүт тағамдары туралы түсінік.........................................................8-9

ІІ тарау.Ұлттық сүт тағамдарына шолу жасау..................................10-14

ІІІ тарау.Сүт тағамдарының емдік қасиеттері..................................15-18

Қорытынды.........................................................................................19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................20































АННОТАЦИЯ

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің пайдасы мен түрлерін анықтау.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.

Уыз - жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады.

Уыз адамның иммунитеттік қуатты күшейтеді.

Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің  бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиырмен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақ қалың  болу үшін, сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады.

Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады.

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы  алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады.Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2  сағат аралығында ұйып болады.Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып

салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүірмек.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымызқазақ  халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары мыналар болып келеді.Олар: Уыз қымыз ,бал қымыз ,бесті қымыз ,дөнен қымыз , жуас қымыз ,құнан қымыз ,қысырақ қымыз ,қысырдың қымызы,сары қымыз , түнеме қымыз































Аннотация

Молочная еда - определение пользы и видов продукции, изготовленных из молока.

Одним словом казахский народ называет молочную еду словом «ақ», что в переводе означает «белый». В течение многих тысячелетий казахский народ накопил опыт по приготовлению молочных изделий и научился делать разные виды молочных блюд.

Уыз – густое молоко только что оттелившегося скота. Уыз делится на два вида: «сары уыз» и «ақ уыз» . Сары уыз густой и на ощупь как клей. А «ақ уыз» более светлый и жидкий. После доения коровы «сары уыз» дается теленку, а «ақ уыз» оставляют на использование.

Уыз используется для улучшения иммунной системы.

Сметана  Сметана – молочный продукт с высоким содержанием жира, получаемый из верхнего слоя свернувшегося (прокисшего) молока.Если поставить сваренное молоко в холодное место, то на поверхности охлажденного молока собирается сметана. Густота сметаны зависит от качества молока. Также и от приготовления молока. Так как баранье молоко является густым, сметана сделанная из этого молока намного гуще, чем сметана из коровьего и козьего молока. Для того чтобы получить густую сметану, необходимо кипятить молоко на тихом огне. Как толко молоко охлаждено, снимаем верхний отстоявшийся слой.

Сары май добывается из коровьего, бараньего и козьего молока. Сары май готовится в деревянной посуде или в посуде сделанной из шкуры скота.

Кефир –квашенное (кислое) молоко. Для приготовления кефира необходимо прокипятить молоко 5-10 минут, а затем его охладить. После нужно добавить закваску и закрыть посуду на 1-2 часа. Полученый кефир необходимо положить в охлажденное место. Кефир можно использовать как напиток и еда.

Қурт – продукт изготовленнй из молока скота, который хранится долго.

Кымыз – полезный для здоровья напиток изготовленный из кобыльего молока. Қымыз является самым почетным напитком казахского дастархана. Хорошо приготовленный кымыз зависит от качества молока и делится на несколько видов. Одни из самых важных видов являются следующие: Уыз кымыз ,бал кымыз ,бесті кымыз , донен кымыз , жуас кымыз ,кунан кымыз ,кысырак кымыз ,кысырдын кымызы, сары кымыз , тунеме кымыз.







































Annotation

Dairy food – determination of advantages and the types of dairy products.

The Kazakh people call dairy food as ‘ak’ which in translation signifies "white". During the millennia the Kazakh people gained experience on preparation of dairy products and learned to do different types of dairy dishes. Uyz – dense milk of just calved cattle.There are two types of uyz: "sary uyz" and "ak uyz". Sary uyz is dense and to the touch as glue. And "ak uyz" is lighter and more liquid than sary uyz. After milking of a cow "sary uyz" is usually given to a calf, and "ak uyz" is used by people.

Uyz is used for improvement of immune system.

Sour cream – the dairy product with the high content of fat received from the top layer of the sour milk. If to put boiled milk in a cold place, sour cream gathers on the surface of the cooled milk. Density of sour cream depends on quality of milk, as well on milk preparation. As mutton milk is dense, the sour cream made of this milk is more dense than those from goat milk and cow’s milk. In order to receive dense sour cream, it is necessary to simmer milk. When milk is cooled enough, we have to skim.

Sary mai is got from cow's, mutton and goat milk. Sary mai is prepared in wooden ware or in the ware made of a cattle skin.

Kefir – sour milk. For preparation of kefir it is necessary to boil milk of 5-10 minutes, and then to cool it. Then it is necessary to add sourdough and to close dishware for 1-2 hours. It has to be put in the cooled place. Kefir can be used as drink and food.

Curt - the product made of milk of cattle.

Kymyz – the drink, useful to health, made of mare's milk. Kymyz is the most honourable drink of the Kazakh dastarkhan. Well prepared kymyz depends on quality of milk and have some types. One of the most important types are the following: uyz kymyz, ball kymyz, besty kymyz, donen kymyz, zhuas kymyz, kunan kymyz, kysyrak kymyz, kysyrdyn kymyzy, sary kymyz, tuneme kymyz.













































КІРІСПЕ.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы өзге ұлттарға таныту.

Зерттеу мақсаты: Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің пайдасы мен түрлерін анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі:тақырыпты анықтау,мақсатын анықтау,зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

  2. Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу.және талдау,қажетті деректерді жинақтау.

  3. Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау,ғылыми жоба қорғау.

Зерттеудің әдіс – тәсілдері:

  1. Теориялық материялдарды жинақтау;

  2. Тақырып бойынша материялдарды іріктеу;

  3. Сүт тағамын анаммен қосыла отырып жасау;

Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің дәрежесі:

Ұлттық сүт тағамдары жайлы іздене отырып,тағамдардың адам өміріне деген пайдасын еңгізу.



Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы,









І ТАРАУ. СҮТ ТАҒАМДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт дайындау ісі ертеден белгілі.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.





















ІІ ТАРАУ.ҰЛТТЫҚ СҮТ ТАҒАМДАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ.

Уыз - жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз « сары уыз » , « ақ уыз » деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою , әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп , ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың , қойдың , ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.
Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады.
иммунитеттік қуатты күшейтеді. уыздың құрамындағы глубулин өзгеше қарсылық күшпен әрі түрлі бәктеряләрмен вирустардың шабуылын бөгеп ,өргәнизмнің инфексяләнуінән сақтайды ,бөбектердің иммунитеттік жүйесі толық жетіле қоймағандықтан ,олардың денесіндегі глубулин мөлшері ересек әдәмдәрдікінің211індей ғана болады . сол себепті ,тыныс алу жолы мен ас қорытужолы ауруына оңай шалдығады ,тыпты қайта _қайта ушығып ,өсіп _жетілуге ықпал жеткізеді.

hello_html_2a304812.jpg

Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшіктері араластыруыға  болады.

Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің  бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиырмен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақ қалың  болу үшін, сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады. Қаймақты ағаштан, қайыңның тозынан (қабығынан), ысталған  темірден жасалған қақпағы бар ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы майлы да жұмсақ болады. Сарқылдап қайнатылған сүттің қаймағы әрі дәмсіз, әрі шандырланып тұрады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдің дәмі келіп, өңі ашылады. Бидаймен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады.

hello_html_2a137c2e.jpg

Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады.  Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды.

hello_html_m7a6976cb.jpg

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы  алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып,  қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2  сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

hello_html_275fc135.png

Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден – бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Оған бұлақ немесе құдық суын қосқан дұрыс. Өйткені олар өте таза, мөлдір , әрі салқын болады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады . Бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр  су қосу керек. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне құйылатын судың да мөлшері өзгереді.
Құрт
 – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі  формаға келтіреді.Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүірмек.

hello_html_76e63f70.png

Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар.

hello_html_24b9d5c9.png hello_html_m314e7edf.png

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ  халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары мыналар болып келеді.Олар: Уыз қымыз ,бал қымыз ,бесті қымыз ,дөнен қымыз ,жуас қымыз ,құнан қымыз ,қысырақ қымыз ,қысырдың қымызы,сары қымыз ,түнеме қымыз.

hello_html_m71df1bc8.png
























ІІІ ТАРАУ.СҮТ ТАҒАМДАРЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ.

Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары , оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок , көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары , сондай - ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм сүтағзаға 60 - қа жуық килокалория береді екен. Сүттің пайдасы шаш етектен.
Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.
Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.
Айран. Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай - ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Әсіресе, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
Қазақтың ұлттық сусындарының ( айран, қымыз, сүт, шұбат ) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сауадамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200 - 260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оныңішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ ,А тобы дәрумендері кездеседі.
Шіріткіш микробтарға , ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл қояды. « Ауруға – ем , сауға – қуат, дәрі қымыз » – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қоспаса керек. Ал Ақтамберді жырау болса: « Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма? » деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.
Шұбат.Қазақ түйе малын да ерекше қастерлеген ғой. Сондықтан да түйе сүтінің емдік қасиеттері бағзы заманнан бері белгілі. Шұбатты бабаларымыз өкпе, асқазан ауруларымен қатар түрлі созылмалы дерттерге, жалпы ағза әлсірегенде, әрі уланғанда емдік қасиеті жоғары мал өнімі ретінде пайдаланған. Ең алдымен шұбаттың емдік қасиетіне тоқталатын болсақ, бір литр шұбат адам ағзасын тәуліктік қажет ететін дәрумендермен және басқа микроэлементтермен толық қамтамасыз ете алады.
Шұбатта табиғи иммундық қасиеті адам денсаулығына пайдалы түйіршік белоктар бар. Отандық және батыс ғалымдарының мәліметтері бойынша, алты ай бойы күнделікті астан 30 минут бұрын бір литр шұбат ішкен жағдайда оның ісік, тыныс алу, ас қорыту жолдары және жүрек-қан тамыры сияқты ауруларды емдеуге ықпал жасайтындығы тұжырымдалған. Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлылығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2,3-2,9% болса, шұбаттағы ақуыз 2,91-4,93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1,3-2,5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8-9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0,13 -0,21%) мен фосфор (0,05-0,072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1,07-1,78%)гөрі қымыз (3,6-7,3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері де жетерлік.

Құрт –сүйектің қатаюына,көздің көруіне, тістің түзу және қайратты ,азулы өсуіне ,асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор.

Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына  қосары  мол . Мысалы.сіздің қандай да бір малыңыздың ыстығы көтерілсе сарысуды  шүберекке малып алып  ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашыңды сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп.жылтырай түседі.Ал 3 мезгіл бетіңізді сарысумен шайсаңыз әжімденуден арылып , жасара түсесіз.Және де құймаққа (блины) сүтке араластыра қоссаңыз құймағыңызға ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап қылдыруға болмайды.

Қымыз-ашу процесінде пайда болған сүт қышқылының және әр түрлі ас қорыту ферменттерінің, т.б. пәрменді катализаторлардың әсерінен құрамдық заттардың сіңімді түрлері пайда болады. Мысалы, сүт қанты глюкоза мен галактозаға, сүт белогі әр түрлі ұсақ молек. қосындыларға, полипептидтерге (альбумоза, пептон) ыдырайды. Сөйтіп, олардың зат алмасу процестеріне қатысу реакциясы артады. Сонымен қатар, бұл процестердің нәтижесінде қымыздың дәмін, иісін, т.б. тағамдық қасиеттерін жақсартатын және тағамға тәбет тарттыратын заттар пайда болады. Құрамы осыншама бай және жоғары дәрежеде болғанымен қымыздың энергетикалық қуаттыдығы 100 г-да 40 ккал. Қымыз ежелден ас қорыту жүйесінің ауруларын, анемия, құрқұлақ, мешел, неврастения және туберкулезді (құрт ауруларын) емдеуге қолданылып келеді. Сондай-ақ, қымыз ішектегі іріп-шіру процестерін тежеуге әсер етеді. Ондағы шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына, стафилококк микробына антибиотиктік әсері бары дәлелденді. Сол сияқты, туберкулез таяқшаларының өсіп-өнуіне кедергі жасайтыны анықталды.Қымызбен емдеу ережесі: алғашқы 3 — 4 күн бойы аз-аздап, күніне 0,5 л-дей ғана ішіп, кейін 1 л, одан да көбірек ішуге болады. Сөйтіп, 7 — 8 күнде аурудың асқа тәбеті артып, ас — қорытуы түзеле бастайды. Қымызды тамаққа дейін 1 — 1,5 сағ бұрын ішу керек. Жалпы туберкулездің қандай түрін болмасын қымызбен емдеуге болады. Бірақ оның қайталап өршіп, қозып тұрған кезінде, яғни қан түкіріп, дене ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда Қымызбен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. Гастрит ауруының қышқылдығы жоғары түріне ұшырағанда қымыз ішуге болмайды. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы ашылған санаторий — “Бурабай”. Аурудың даму барысына қарай Қымызбен емдеу әдістерін Қазақ тағамтану академиясы зерттейді.































ҚОРЫТЫНДЫ.
  « Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді » — деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын.  Сүт тағамдарының осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлері туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының  сүттен жасалған ұлттық тағам   ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне  түрлерінің бірі – уыз , қайма , сары май , айран , құрт, қымыз, шұбат.

Ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағамдар ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен сүт тағамдарының түрі көп. Сүт   күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін  қолданылатын  тағам десек те болады. Міне, сол себепті   сүт тағамдарының  құрамына  және  оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргіздім.. Мен зерттеу барысында жазда ауылға барып апалар мен әжелерден  әр аймақтарда жасалатын сүт тағамдар түрі мен құрамы туралы  деректер жинадым.Сүт тағамдары туралы мектеп оқушыларының толығырақ  мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен  осы жобаны ұсынып  отырмын.










Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2.
Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж.
4.
«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»,Қазақ энцоклепедиясы 1998ж.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров261
Номер материала ДБ-196186
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх