Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Зерттеу жұмысы: "Күміс бұйымдар және олардың қасиеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Зерттеу жұмысы: "Күміс бұйымдар және олардың қасиеті"

библиотека
материалов

Солтүстік Қазақстан облысы


Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебі






Бағыты: Гуманитарлық


Секциясы: Тарих






Жоба тақырыбы: Күміс бұйымдар және олардың қасиеті

















Жоба авторы: Ерғали Сымбат 9 сынып оқушысы


Жоба жетекшісі: Салтанат Бақытқызы Копеева

тарих пәнінің мұғалімі







Талшық селосы - 2014 жыл.



Мазмұны


  1. Кіріспе ................................................................................. 3 бет


  1. Негізгі бөлім ....................................................................... 4 – 16 бет


    1. Күмістің химиялық қасиеті ......................................... 4 бет


    1. Күмістің тарихы ........................................................... 5 – 6 бет


    1. Күмісті салт-жоралғыларда қолдану ......................... 7 – 9 бет


    1. Күмісті өңдеу тәсілі ..................................................... 10 – 12 бет


    1. Күмістің емдік қасиеті ................................................ 13 – 15 бет


    1. Сауалнама / мониторинг / .......................................... 16 бет



  1. Қорытынды ....................................................................... 17 бет


  1. Пайдаланған әдебиеттер ................................................. 18 бет






















Аңдатпа


Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Бұл ғылыми жұмыста күмістің тарихына тоқталып, қазақ халқының тұрмысы мен өнерінде алатын орнын барынша дәйектей отырып, тәрбиелік маңызы туралы жазған. Күмістің химиялық қасиетін анықтай отырып, оның емдік қасиетін жан-жақты зерттей алған.
























Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің

9 сынып оқушысы Ерғали Сымбаттың

«Күміс бұйымдар және олардың қасиеті»

тақырыбына жазған жұмысына




ПІКІР


Бестерек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерғали Сымбаттың «Күміс бұйымдар және олардың қасиеті» тақырыбына жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.

Сымбат бұл ғылыми жұмысында күміс бұйымдар мен олардың қасиеті, тәрбиелік мәні жайлы түсінікті тілде жазған. Күмістің химиялық қасиетін саралай отырып, оның адам ағзасына бактерицидтік әрі антисептикалық қасиетімен пайдалы екендігін барынша дәлелдеуге тырысқан. Ғылыми жұмысты жазу барысында көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізгені байқалып тұр. Жұмысын қазіргі таңда ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді жалғау қажеттігі туындап отырғаны жайлы оймен қорытындылап, өзінің ұсыныстары мен болашаққа жоспарын нық атай білген.

Жұмыс мектепішілік конференцияда тыңдалып, аудандық ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады деп шешілді.




Жоба жетекшісі: Салтанат Бақытқызы Копеева



Кіріспе


Мені күміс бұйымдар өздерінің әдемілігімен ғана емес өзінің әрқилы қасиеттерімен қызықтырды. Себебі, үлкен әжелерімізден күміс таққан пайдалы деген сөздерін естіп, онымен қалды үйде әр түрлі салт-жоралғыларды жүзеге асырғанда күмістің қолданғанын үнемі көріп жүрдім. Олардың не себепті, қандай мақсатта қолданылатыны мені қызықтыра бастады. Міне, сондықтан мен осы күмісті зерттеп, олардың қасиеті жайлы мәліметтер іздестіре бастадым.

Өз жұмысымда қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын күмістен жасалған бұйымдардың маңызына тоқталмақпын. Осы тақырыпты қозғаудағы мақсатым ұлттық қолөнер бұйымдарының, оның ішінде күмістен жасалған бұйымдардың пайдасы мен қасиеттерін халық арасында кеңінен насихатталуын жүзеге асыру, олардың тарихи маңызын жойып алмау мақсатында ұсыныстар жасау, ұлттық мәдениетімізді ұлықтау.

Өзектілігі: Біз күмісті күнделікті өмірде қолданылғанымен, оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

Нысаны: күміс

Болжамы: егер біз күмістің емдік қасиеті мен пайдасын жете түсініп, күнделікті қолданысқа кеңінен енгізсек денсаулығымызды барынша жақсарта түсеміз.


Зерттеу міндеттері: күмістің химиялық қасиетін, тарихын, пайдалы тұстарын зерттеу, зерделеу.


Зерттеу әдістері: бақылау, зерттеу, теория, сауалнама





2. Негізгі бөлім

2.1. Күмістің химиялық қасиеті

Күміс (латынша Argentum), Ag – элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3 Күміс жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығыздығы 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Күмістің активтігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. Күміс қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Магмалық көбінесе гидротермалық және ол жер бетінде күмісті минералдардың үгіліп бұзылуынан пайда болады. Мысалы, күміс сульфид кендерде, әсіресе қорғасынды минералдар арасында көп болады. Жаратылыс жағынан күміс алтынға көп ұқсайды. Бірақ онан айырмасы —күміс жер бетінде алтындай тезімді емес, беті қарайып азырақ тотығады және құрғақ климатта хлорға қосылады. Алтынға қарағанда күміс көп тарамаған минерал. Күмістің еритін қышқылдары — HN03 , HC1, тотығатыны — H2S. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада, күміс препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехника және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда К. Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.



    1. Күмістің тарихы

Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді. Мысалы, Мысыр фараоны – Менес заманында (біздің заманымыздан бұрынғы 3600 жылы) күміс алтыннан 2,5 есе қымбат болған. Одан күміс теңгелер, зергерлік бұйымдар жасалған. Күміс 16-ғасырдан 19-ғасырдың аяғына дейін Еуропа елдерінің ақша айналымында (күміс монометалл не биметалл ) болған. 19-ғасырдың аяғында елдердің көпшілігі алтынға (алтын монометалы) ауысты. Күміс валютасы Қытайда, Иранда, Ауғанстанда 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін сақталды. Күмістің пайдалы екенін адамдар өте ерте кезден ақ білген. Себебі, күміс таза күйінде жиі кездеседі, оны балқытып өңдеудің қажеті болмағандықтан күмісті адамдар ерте кезден - ақ пайдалана бастаған. Ассирия мен ежелгі Вавилонның тұрғындары күмісті айға теңей отырып, оны қасиетті металл ретінде санаған. Археологтар обалардан осыдан 7000 жыл бұрын кезге жататын күміс ыдыстарды көп тапқан. Геродоттың жазбаларында көрсетілгендей парсы патшалары жаулаушылық соғыстарға аттандарда тамақ қана емес, сонымен қатар күміс ыдыстарға құйылып, бекітілген су да алып отырған.

Күміс ыдыстарда сақталған жай судың өзі уақыт өте келе емдік қасиеттерге ие болады екен. Сондықтан осындай сумен жараларды жуып, ішкізген. Сондықтан күміс ежелгі антисептикалық болып табылады.

Күміс өңдеуге ыңғайлы болып келетін металл. Өзінің ерекше жылтырағанына байланысты ол әшекей бұйымдар жасауға да өте тиімді. Сонымен қатар бұл элемент қышқылдардың әсеріне қарамастан тоттануға ұшырамайды. Күміс тұз қышқылында ғана ериді, бұл қоспаны фото шығаруда, электронды және химия өнеркәсібінде, зергерлік бұйымдар, теңгелер, айна жасауда жиі қолданады. ХҮІІІ ғ. күмісті жүйке жүйесі мен асқазан ауруларын емдеу үшін қолданған. Бүгінгі таңда көз ауруларын, қуық ауруларын, тамақ, эррозия, язва, жасуша ауруларын емдеуде қолданылатын препараттардың барлығында күміс кездеседі екен.

Бұрын бай отбасыларындағы асхана күмістері сол үйдің  дәулеттілігін  байқататын  болған.   Ақ дастарқанды хрусталь бокалдардың кереметі мен күмістің көз қызықтырар жылтырындай еш нәрсе әрлей алмайды. Ең алғашқы күміс ыдыстар жинағы: табақшалар, шай қасықтар, пышақтар, шай ішу құралдары 1711 жылы І Петрдің жарлығымен арнайы Қару-жарақ палатасына жасатылған. ХVІІІ ғасыр ортасында ірі көпестердің, ауқатты адамдардың үйлерінде күміс ыдыстардың мыңға жуық түрлері болған. Самаурын, шай құралдарының түрлері де күмістен жасала бастайды.

ХІХ ғасырда күміс ыдыстар сыйға тартылатын қымбат сыйлық түріне айналыпты. Ал күмістен жасалған темекі сауыттар, көзәйнек түрлері, адамдардың әлеуметтік жағдайын байқататын болған. Мәселен, кіші жүздің ханы Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Орынбор генерал-губернаторы арнайы адамдар жіберіп хан үйінің тұтынған заттарының тізбесін жасаған. Олардың көбінің құнды, күміс заттар болғаны бүгінде мұрағаттық деректерден белгілі. Алайда ол заттардың қайда кеткені белгісіз.

Классикалық асхана құралдары ұзақ мерзімде қолданылады, олардың көбі бірнеше ұрпаққа қызмет еткен.Күмісті бағалап,жинап, ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырған. Асханалық күміс желісі отбасылық және рулық құндылықтардың өзіндік философиясы саналған. Олар әлі күнге дейін үй иесінің талғампаздығы мен әлеуметтік жағдайын көрсетеді.













    1. Күмісті салт-жоралғыларда қолдану


Адамдар өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ал ежелгі Ресейде де құдыққа қой басындай күміс  тастайтын болыпты. Бұл елдің жұқпалы аурулар мен эпидемиялардан аман қалуына көмектескен екен.

Ескендір Зұлқарнайын бүкіл дүние жүзін жаулап алмақ болып, қаншама әскері іш ауруынан қырылады. Сонда офицерлер ғана тірі қалады. Өйткені, жауынгерлердің тамақ ішкен ыдысы қалайы да, ал офицерлер күмістен жасалған ыдыспен тамақ ішкен. Күмістің ерекшелігі – судағы бактерияларды қырады, сондықтан офицерлер тірі қалған. Осыдан бастап Зұлқарнайынның жауынгерлері  су ішетін торсықтарына күміс теңгелер салып жүреді екен.

Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде күмістен жасалған сақина болуға тиіс. Қазақтар арасында «Сақинаны сәнге салмайды, ол — тазалыққа таразы» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің төркіні сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын, аңғартады. Дана халқымыз сақина соғылатын күміс, таттануға ұшырамайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқап, білген. Заманында жас келіншектер нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда, тамақ дайындарда ауылдағы қарт әжелер: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы», — деп ескерткен. Нәрестені қырқынан шығарарда оны шомылдыратын суға күміс теңгелерді немесе күміс сақинаны, білезікті салған. Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған.

Сәби шомылдырылып болған соң сол бұйымдар сәбидің кіндік шешесіне берілген. Бұл — зергерлік заттар сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық қана емес, халқымыздың асыл заттардың қасиетін білгендігінен қалыптасқан дәстүр.

Күмістен жасалған бұйымдардың тәрбиелік мәніне тоқталсақ, алдымен құстұмсық жүзік пен құдағи жүзік туралы сөз қозғағанымыз дұрыс. Құстұмсық жүзікті бойжеткен қыздар таққан, бұл жүзік — бақыттың, тәуелсіздіктің, құс тәрізді еркіндіктің белгісі. Дәстүр бойынша ұзатылып бара жатқан  қызының қолындағы құстұмсық жүзікті анасы шешіп алып, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығына салып жіберетін болған. Бұл жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретінде кейін қайтып келуі керек. Сондықтан қыздың төркін жағынан оның қал-жағдайын білуге барған інілері осы құстұмсық жүзікті қайтып әкелсе, қыздың анасы қатты қуанып, құдағайым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына кішігірім той жасаған. Яғни,  біздің түсінігімізде сәндік бұйым болып есептелетін жүзіктердің мағыналы мақсаты болатындығын ата-бабаларымыз ұстанған осы салттан көруге болады.

Қазақ халқының салтындағы құдағиларға ұсынылатын құдағи жүзік — үлкен сый-құрметтің белгісі. Ол басқа жүзіктерге ұқсамайды. Екі саусаққа қатар киілетін екі шеңберден тұратын жүзік үстіңгі беті біртұтас болып келетін ұлт өнеріндегі бірегей дүние. Ерекшелігі жас жұбайлардың жұбы жазылмасын, екеуі бірігіп тату отбасы болсын дегенді меңзейді. Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға  тартатын. Құдағи жүзік — адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі. Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар егде қайыненелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін бірден білетін болған. Қазақтар да күмістің бұл қасиетін біліп, қыз – келіншектердің күмістен жасалған әшекейлер тағуын қадағалаған және күміс бұйымдарын ішетін суға салып қоятын болған. Әлі күнге дейін кей өңірлерде сәбидің “бірінші тісінің шығуына” байланысты күміс қасық сыйлау дәстүрінің сақталғаны да кездейсоқ жайт емес. Ал,  мұсылман дінді ер адамдар күміс сақинаны Мұхаммед пайғамбардың жолы деп тағатын болған. Өйткені Мұхаммед пайғамбардың ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған.

































    1. Күмісті өңдеу тәсілі

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрлерін жалғастыра отырып, ғасырлар тереңіне бойлай енген. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.

Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған.

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілігінде және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. Қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.

Күміс қымбат болса да одан жасалған бұйымдар жиі ұшырасатын. Кейде оларға алтын жалатылатын. Орыстың, қытайдың және поляктың тиын түріндегі күмістері материал түрінде жиі қолданылған. Олардан әртүрлі салпыншақтар жасалған немесе қайрақ түрінде балқытылып зергерлік өңдеу жасауға қолданылған. Зергер өз үйінде немесе тапсырыс берушінің үйінде жұмыс істеп, ол үшін белгіленген ақысын: іске жаратылған бағалы металл құнының әр сомына бір сомнан алатын болған.

Өлкеміздің көне көз қарияларының айтуы бойынша ертеде шеберлер еңбегіне көбінесе мал: ат әбзелдері үшін – бір тай, белдіктер жиынтығы үшін - бірден сегізге дейін қой, әйелдер әшекейлерінің толық жиынтығы үшін - қырық қой, бір білезік үшін – бір қой беретін болған.

Қазақ зергерінің зергерлік бұйымдар жасау үшін арнайы құралдарының мынадай: төс, балға, іскенже, дәнекерлегіш, түрпі, егеу, әртүрлі шымшуыр, қысқаш, қайшы, шапқы, бұрғы, біз, тескіш, күмісті балқытуға арналған ұзындығы 25 см түтік, көрік, күміс сымды созуға арналған тікбұрышты тесік темір; өрнек салуға түрлі шапқылар сияқты жиынтығы болған.

Зергерлік бұйымдар жасауда қазақ зергерлері түрлі техникалық әдістер қолданған. Әшекейлерді әсемдеуде кертпе жиі пайдаланылған. Заттардың тазартылып тегістелген бетіне кескішпен қырнау арқылы ойма тор ұңғыланып, содан кейін жұқа күміс қаңылтырлар жапсырған және оларды ұрғылай отырып ойыққа кіріктірген. Сым қаптау жұмыстары тек бай тапсырыс берушілердің өтініштері бойынша орындалған. Зергерлер торлау, қаптау, бүршік бұрмалар дайындау технологиясын жақсы білген. Балқытылған күмістен сым соғып, содан кейін оны бір кесек темірдегі диаметрлері әртүрлі етіп тесілген тесіктер арқылы созған. Сымнан қажетті үлгі иген. Тор бұрамадағы өрнектердің бөліктері өзара дәнекерлеп қосылып, жапсырма мен бүршік бөлшектер металл бетке дәнекерленетін болған. Сондай-ақ, бүршіктеу техникасы да кең таралған. Балқытылған күміс ағаштың үгітінді көмірі араластырылып темір қаңылтырға құйылады, ол сол жерде ұсақ күміс бүршіктер түрінде қатады да суығаннан кейін көмірден тазартылып, бұйымның бетіне дәнекерлеп жапсырылады.

Қазақ зергерлеріне күмісті қарайтудың бірқатар тәсілдері белгілі болған. Соның ең қарапайым түрі: бұйымның бетіне түсірілген іздерге қорғасын, мыс пен күкірт қорытпасынан жасалған сымды енгізе отырып қаққан, содан кейін бұйымды қыздырған. Қыздырудың нәтижесінде өрнекте және бұйымның негізінде қара түс пайда болады.

Зергерлік бұйымдар көбінесе тастармен безендірілетін болған. Қазақ әшекейлерінде олар «тас» немесе «көз» деп аталады. Мұндай салыстырулар кездейсоқтық емес, орнатылған тастар бәрін байқайтын, қорғайтын көз ретінде қабылданып, онда сыйқырлы күш бар деп саналған. Барлық шығыс халықтарында тастарға ғажап қасиеттер таңылған. Мысалы, фирюза жүректі күшейтеді, үрейден арылтады, жауларды жеңуге көмектеседі деп есептелген. Інжу көздің шелін кетіреді, янтарь зобты емдейді, фирюза бақыт әкеледі деген пікір қалыптасқан. Ақық ерекше кең тараған, өйткені ол игілік пен қуаныш тасы деп саналған. Бұл тас әшекей үшін ғана емес, сондай-ақ, көз тиюден қорғайтын тұмар ретінде де қолданылған. Қазақтардың түсінігінде күмістің салттық тазалық киесі бар деп есептелген.

Барлық дерлік зергерлік әшекейлер өрнектермен безендірілетін болған. Көптеген өрнектер мен түрлерінде бұрынғы діни, сыйқырлы жора-жобалар, тотемизм мен табиғатқа табынушылық қалдықтарының бейнелері көрініс берген.


























    1. Күмістің емдік қасиеті

Күмістің өзіндік әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті-де көп екен. Емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Ал қазақ емшілері өте ерте замандарда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.

Күмістің ерекшелігі сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су, ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам, ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Бірақ күмістің ағзада мөлшерінен тыс болуы да зиянды. Адам ағзасында күмістің мөлшерінің көбеюін ғылыми тілде аргирия деп атайды. Адам ағзасында күмістің қалыпты мөлшері – 80 мкг.

Ал,  қазақ халқы күмістің пайдасын қағазға қаттап жазбағанымен күнделікті өмірінде біліп қана, тыныш өмір сүріп жүре берген. Қазақтар күмістің емдік қасиетінің молдығын біліп, күмістің тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайтынын, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартатынын білген. Тамақ ішуге күміс қасық пайдалануға мән берілген. Егер қасық жұмсақ қақталған, ақ күмістен жасалса күміс иондары суға бөлініп, ерітінді түрінде, ағзаға сіңеді. Қолданыла келе күміс қасықтың жиегі мүжіле бастайды. Бұл, ағзаның күміс иондарын қаншалықты пайдаланғанын көрсеткен. Күміс залалсыздандырушы болып та есептеледі. Ол бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.

  • Әдеттегі біздің қолданылатын антибиотиктер бактерияның 10 түріне ғана қарсы тұра алады, ал олардың ағзаға кері әсері одан бірнеше есе артық;

  • Белгілі бір мөлшердегі күміс адам иммунитетін көтеріп, ағзадағы гемоглобин мен эритроциттер мөлшерін көбейтеді;

  • Күміс сырға тағу бас ауруын азайтса, күміс білезіктер жүйкелік ауруларын азайтады.

  • Күміс әшекейлер тағу шаш өсуін тездетеді.

  • Күміс қуық ауруына, ашыққанда және ішек қабынуына қарсы қолднылады.

  • Күміс денсаулық индикаторы, яғни тағып жүрген күміс бұйымыңыз қарайса дәрігерге жүгіну уақыты келді деген сөз.

Күміс залалсыздандырады

Күмісті тек медицинада ғана емес, косметологияда, тіпті, саяжайларда бағбандар тыңайтқыш ретінде пайдаланса, аспаздар күміс қосылған сумен тағам әзірлеген. Сондай-ақ, оның залалсыздандыру қасиеті де бар. Мысалы, күміс қосылған сумен балалар ойыншықтарын, бөлмелерді тазалап қоюға болады. Жұқпалы аурулардың алдын алуда күмістің пайдасы зор.          Кіршіксіз таза күміс су – бүгінде ең керемет дәрі, – дейді Пенсильван университетінің профессоры, АҚШ-тың Халықаралық Ғылым академиясының мүшесі Рустум Рой. — Оның шипалылығы сондай, Ауғанстандағы, Ирактағы Америка әскері осы суды ғана пайдаланады.   АҚШ Президенті дизенфекция үшін қолын осы сумен шаяды екен. Ал, қарапайым халық кәдімгі таза суды күміс құтыға құйып, дем салып, емге ішкен.

Күміс қуат береді

Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана  ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды қуып шығады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті де жақсы болады. Тарихшылар  ертедегі вавилондықтар мен гректер күмістің залалсыздандратын қасиетін ескеріп, патшалары пайдаланатын ауыз суды күміс ыдыстарда сақтағанын анықтаған.  Бұны археологтардың  қазбаларынан да кездестіруге болады.  Біздің заманымызға дейінгі 4000 мың жыл бұрынғы патшалардың қабірлерінен  де күміс ыдыстар табылған. Әйгілі Геродоттың жазбаларында да  Парсы патшасының суды күміс  ыдыстарда сақтағаны  көрсетілген.

Рак ауруын емдейді

Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының рак ауруына шалдыққан адамдардың  жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Ол: «Менің қарамағымда созылмалы сүйек инфекциясына шалдығып, жарасында рак ісігі пайда болған науқас  емделді. Ол  сүйекті кесіп тастаудан бас тартты және менен күміс иондарымен емдеуді өтінді. Мен оның жарасын күміс қолдану тәсілімен емдедім.  Үш айдан соң аурудың беті бері қарады. Рак жасушалары  қалыпқа түсті. Кейін сол адамды сегіз жылдан соң кездестіргенімде ол өзін өте жақсы сезінетіндігін айтты», — деп жазыпты.


















    1. Сауалнама

Өзімнің зерттеу жұмысымды жүргізу барысында мен күмістің бүгінгі таңдағы қолданылу жағдайына да мән бердім. Ол үшін сауалнама жүргіздім. Сауалнама / мониторинг /

  1. Күнделікті тағып жүретін әшекейіңіз қандай ?

а) Алтын ә) күміс б) бижутерия

2. Күміс бұйымдар таққан ұнай ма ?

а) иә ә) жоқ

3. Күмістің емдік қасиеті жайлы білесіз бе ?

а) шамалы білемін ә) көп білемін б) білмеймін

4. Үйіңізде күмістен жасалған ыдыс-аяқ қолданасыз ба ?

а) иә ә) жоқ

5. Туған күніңізге ұандай әшекей сыйлағанды қалар едіңіз ?

а) күміс ә) алтын

Сауалнама нәтижесі: Бұл сауалнамаға 47 адам қатысты.

Күнделікті тағып жүретін әшекейіңіз қандай деген сұраққа –

18 адам – күміс, 23 адам – алтын, 6 адам – бижутерия

Күміс бұйымдар таққан ұнай ма ?

24 адам – жоқ, 23 адам – ия

Күмістің емдік қасиеті жайлы білесіз бе ?

33 адам – шамалы білемін, 14 адам - білмеймін, 0 адам – білемін.

Үйіңізде күмістен жасалған ыдыс-аяқ қолданасыз ба ?

47 адам – жоқ

Туған күніңізге қандай әшекей сыйлағанды қалар едіңіз ?

  1. дам – күміс, 36 адам - алтын

3. Қорытынды

Қазақтың әшекей бұйымдары — халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы — күмісті пайдаланды. Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әртүрлі пішіндер жасауға қолайлығын шебер пайдалана біліп, оған әртүрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, нақыштау, сіркелеу, ойып күмістеу сияқты шеберліктерді меңгерді.

Бүгінгі таңда медицинада жаңалықтар өте көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе ?!

Ата-бабамыздан қалған асыл-мұраны жаңғыртып, жалғастыру ұрпақ міндеті. Күмісті жиі қолданыңыздар, себебі пайдасы өте зор.







«Күміс бұйымдар және олардың қасиеті» атты ғылыми жобаны зерделегеннен кейінгі ұсыныс:



Нәтижесінде күміс бұйымдар мен заттарды қолдану аясы күннен күнге тарылып келуде. Сондықтан мен осы жұмысты зерделей келе мынадай ұсыныстар туындады:

  1. Мектепте осы тақырыпқа қатысты қолданбалы курстар енгізілсе;

  2. Ер балаларға арнап зергерлік бұйым жасауды үйрететін үйірмелер ашылса;

  3. «Күміс және оның қасиеті» атты жинақ кітапша шығарып, тегін таратылса.






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

  2. Балалар Энциклопедиясы”, V-том

  3. 3. Э.А. Масанов. Қазақ ауылындағы ұсталық және зергерлік қолөнері. – Алматы, 1961.

  4. Н. Сычева. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының зергерлік әшекейлері. – Мәскеу, Советский художник, 1984.

  5. Мұражай заттарын ғылыми баяндап жазу жүйесі: Анықтама. – Санкт-Петербург, Ресей Этнографиялық мұражайы. 2003.

  6. Интернет жүйесі: http: // akcat.narod.ru

http: //tomiris.wordpress.com

http: //www.bostanduk.almaty.kz


Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров669
Номер материала ДБ-034886
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх