Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Зерттеу жұмысы тақырыбы "Сағыз"

Зерттеу жұмысы тақырыбы "Сағыз"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Зерттеу тақырыбы:“Сағыз” Зерттеу мақсаты: 	Сағыздың шығу тарихы туралы мәліме...
                                   
Сағыздың шығу тарихынан Оның тарихы тым әріде.Ежелгі гректер тістерін тазала...
Жерсағыз,құмсағыз туралы түсінік Жерсағыз , құмсағыз (Chondrіlla) — күрделі...
Сағыздың оң әсері Сағыз шайнағанда адамның ағзасынан сілекей көп мөлшерде бө...
Сағыздың теріс әсері Адамдар тісін жууды ұмытып кетсе, сағыз шайнай салады.Т...
Сағыз шайнаудағы әдепсіздік Біз жоғарыда айтқанымыздай, сағыз шайнаудың пайд...
Сағыз шайнаушылардың есіне: • Сағызды шайнаңдап, шар етіп үрлеп, шарт еткізі...
Біріншіден,сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында б...
Бұл жұмысты алдымен жерсағыздың,құмсағыздың,сағыздың шығу тарихынан зерттеуд...
Александр Герцен атындағы орта мектебінің 4-ә сынып білім алушысы Жақсыбай Ің...
Жас ғалым – журналы 2014 ж. № 3 Жүз жасаңыз - газеті 2012-14ж. № 5 Интернет ж...
1 из 18

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Зерттеу тақырыбы:“Сағыз” Зерттеу мақсаты: 	Сағыздың шығу тарихы туралы мәліме
Описание слайда:

Зерттеу тақырыбы:“Сағыз” Зерттеу мақсаты: Сағыздың шығу тарихы туралы мәліметтер жасау барысында іздену; Сағыздың пайдасы мен зиянын зерттеу, анықтау. Зерттеу міндеті: 1. Алуан түрлі сағыздың әрқайсысының зияны мен пайдасы барын саралап үйрену; 2. Жерсағыз , құмсағыз туралы түсінік беру; 3. Сағыздың түрлеріне тоқталу. Зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, шығармашылықпен жұмыс істей білу. Зерттеу ауқымы: Танымдық – шығармашылық, іздену қабілетін арттыру. Зерттеу әдістері: 1. Тақырып бойынша ақпараттар жинау, ғылыми зерттеулермен танысу. 2. Алынған материалдарды талдау, жинақтау, қорытындылау.

№ слайда 3                                    
Описание слайда:

                                   

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Сағыздың шығу тарихынан Оның тарихы тым әріде.Ежелгі гректер тістерін тазала
Описание слайда:

Сағыздың шығу тарихынан Оның тарихы тым әріде.Ежелгі гректер тістерін тазалау және тынысын жаңарту үшін арнайы ағаштың шайырын (смоласын) шайнаған.Байырғы қазақтар да қайың қабығынан сағыз қайнатқан,ол алпысыншы жылдарға дейін ауылдық жерлерде орын алды. Майя тайпасы да,америкалық үндістер де, Сібір халықтары да ағаш шайырларынан сағыз жасап, шайнады. Түрлі жапырақтар мен дәндерді, әкті қосып сағыз ретінде шайнаған да халықтар болды.Қазіргі сағызды шығаруға алғашқы тәжірибе жасаған адамдардың бірі – Джон Кёртис. Ол 1848 жылы сағыз шығарудың өнеркәсіптік өндірісін жолға қойды. Сағыздың шығу тарихын зерттеушілердің айтуынша, өнер-тапқыш Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен,оны өндіруге ат салыспайды. Мұнан 140 жыл бұрын өзінде ойлап табылды деп саналатын Америкада қазір сағыздың 100 түрі шығарылады. Орта есеппен әрбір америкалық азамат жылына 300-ден астам сағыз шайнайды. Сағыздың әлемге кеңінен таралған кезеңі –екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.Ертеде сағыздар ағаш шайырынан, ағаш қарамайынан,өсімдік майларынан жасалды. Қазіргі сағыздардың құрамында химиялық заттар мен антисептиктер бар. Бұл жөнінде академик Тодор Дичевтің айтқандарына назар аударсақ, сағыз тісті қорғамайды қайта зақымдайды.

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Жерсағыз,құмсағыз туралы түсінік Жерсағыз , құмсағыз (Chondrіlla) — күрделі
Описание слайда:

Жерсағыз,құмсағыз туралы түсінік Жерсағыз , құмсағыз (Chondrіlla) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде екі жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шөл-шөлейтті, құмды жерлер мен жазық далаларда өсетін 16 түрі бар, соның ішінде ірі жерсағыз , Мойынқұм жерсағызы Боссэ жерсағызы — Балқаш— Алакөл ойысының, Мойынқұм, Бетпақдаланың сирек кездесетін өсімдіктері. Көп тараған түрлері: қысқатұмсықты жерсағыз және ақ түкті жерсағыз.Биіктігі 30 — 100 (150) см-дей. Бұтақты сабағын түк басқан. Жебе тәрізді сүйір жапырақтары кезек орналасады. Сары түсті, қос жынысты гүлдері себет гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым — қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемісі піседі. Тұқымы — ұзынша жолақты дән, оның ұшында қалың түкті айдарлары болады. Жерсағыздың тамыры мен сабағында ақ сүті болады, одан кепкеннен кейін сағыз алынады. Жерсағыз — каучук алатын өсімдіктер. Оның —Кузнецов жерсағыз деген түрі, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Жерсағыз торғай өлкесінде де өседі. оны ол жақтың қазақтары құмсағыз деп атайды.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Сағыздың оң әсері Сағыз шайнағанда адамның ағзасынан сілекей көп мөлшерде бө
Описание слайда:

Сағыздың оң әсері Сағыз шайнағанда адамның ағзасынан сілекей көп мөлшерде бөлініп шығады да, ол 300 пайызға дейін күшейе түседі. Әрине, сілекей асқазандағы бактериаларды жою үшін пайдалы. Тістіңде таза болуы үшін қажет-ақ. Тек, оның көп мөлшерде шығуы пайдасыз.Рас, сағызды тамақтанғаннан кейін шайнау асқазанға жаңа түскен астың тез қорытылуына жәрдемдеседі. Алайда сағыздың бірінен соң бірін ауызыңызға сала бермеңіз.Жалпы, түскі астан кейін сағыз шайнау бас сүйектегі ағзаларға жақсы әсер етеді.Әсіресе, миға баратын қан тамырларындағы қанның жүру жұмысын жеңілдетеді. Егерде жолда-көлікте келе жатсаңыз сағыз шайнау құлағыңызға түсетін салмақты жеңілдетуге көмектеседі. Тек мамандар ас ішкеннен кейін сағызды бес минуттан артық шайнамауға кеңес береді.Рас, сағыз шайнау ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді жоюда адамдардың жиі қолданатын әдісі. Сағыз алып жүруге жеңіл, кез-келген жерде пайдалануға оңтайлы.Сағыздың дәмі қандай, ол адам денсаулығы үшін ешқандай маңызға ие емес. Жалғыз-ақ, сағыз шайнағанда ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалуына, соның нәтижесінде тістің сау күйінде сақталуына әсер етеді. Алайда бұл құрамында қанты жоқ сағыздарды шайнағанда ғана қол жеткізуге болатын жағдай.Жапонияның Ұлттық радиологиялық институтының қызметкерлері сағыз шайнаудың пайдасы бар ма,жоқ па, сол жөнінде зерттеу жүргізген.Сонда олар былай деп мәлімдеді: «Сағыздың адамның іс-әрекетіне, қимылына маңызды әсер ететін қасиеттері анықталды. Біздің қорытындымыз көрсеткендей,еріктілер арасында сағыз шайнау қозу мен қырағылықтың артқанын, олардың когнитивтік функцияларының жақсарғанын көрсетті».

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Сағыздың теріс әсері Адамдар тісін жууды ұмытып кетсе, сағыз шайнай салады.Т
Описание слайда:

Сағыздың теріс әсері Адамдар тісін жууды ұмытып кетсе, сағыз шайнай салады.Таңертеңгілік тамақ ішуге үлгермесе де асқазанның аштығын сағызбен басады.Мұның бәрі зиянды әдеттер.Өйткені, ол үйреншікті дағдыға, іске айналып кетеді де, тамақтану тәртібін бұзады,ағзаны әлсіретеді. Сағызды тіс пастасы ретінде пайдалануға болмайтынының себебі, ол тек тістің үстіңгі жағын тамақ қалдықтарынан тазартады да,тістің ара-арасын тазарта алмайды. Тамақтан кейін оның қорытылуын жақсартамын деп сағызды он минуттан артық шайнау да дұрыс емес.Үнемі сағыз шайнаушылардың оны мүлдем пайдаланбайтындарға немесе аз қолданатындарға қарағанда ақылы аз болады. Мұны анықтаған америкалық дәрігер-ғалымдар. Олар сағыздың ағзаға қалай әсер ететіні жөнінде мынандай зерттеу– тәжірибе жасапты: үнемі сағыз шайнайтын 12-24 жас аралығындағы 12 мың жас пен мүлде сағыз шайнамайтын осындай сонша ма адамды бақылауға алады. Зерттеу қорытындысы тәжірибе жасаушыларды қатты таңдандырады. Себебі, үнемі сағыз шайнайтындардың ақылы мүлде сағыз шайнамайтындарға қарағанда өте төмен болып шығады. Дәрігер-ғалымдар кейін мұның сырын былайша түсіндіреді:сағыз шайнағанда адамның миы тынышталады, сағыз шайнамайтындарға қарағанда сырттан келген ақпараттарды жайбарақат, сүлесоқ, немқұрайлы қабылдай салады,ми дұрыс жұмыс істемейді. Сағыз да темекі тәрізді адамды өзіне тәуелді етіп алады да, ол шаршағанында, бойын ашу қысқанында үнемі сағыз шайнайтын болады.Сағызы болмай қалса, оны тауып, шайнағанша, сағызға аңсары ауып тұрады. Сол кезде сағыз шайнай алмаса, түрлі жағымсыз күйге түседі. Мінеки, көрдіңіз бе,сағыз шайнауға салынудың да қандай кесел, кесепатқа толы екенін.

№ слайда 13 Сағыз шайнаудағы әдепсіздік Біз жоғарыда айтқанымыздай, сағыз шайнаудың пайд
Описание слайда:

Сағыз шайнаудағы әдепсіздік Біз жоғарыда айтқанымыздай, сағыз шайнаудың пайдасынан гөрі зияны көп.Соған қарамастан, қазіргі таңда сағыз саудада өтімді тауар түріне айналып отыр.Дәмі, түрі, көлемі, түсіне қарай таңдап тұрып адамдар өзіне ұнағанын азын аулақ ақшасына күн сайын сатып алады. Сондықтан да сағыз шығарушылар, сағыз сатушылар оны ақпарат құралдары арқылы күндіз-түні жарнамалайды да жатады. Әсіресе,жастар бұл жарнамаға елітіп,сағызды жақсы көреді, үнемі шайнаңдап, сағызды шар етіп үрлеп, мәз-мәйрам болып жатады. Ең жаманы, көп адамдар шайнаған сағызын кез-келген жерге түкіріп тастай салады немесе қалаған затына жапсыра салады. Оның ішінде қоғамдық көліктердегі, театрлардағы орындықтар да бар. Содан, денесіне, киіміне өзгелердің тастап кеткен сағызын жабыстырып алып, әбігерге түсетіндер қанша ма.Ал, сағыз шашқа жұқса, одан арылу тіпті қиын.

№ слайда 14 Сағыз шайнаушылардың есіне: • Сағызды шайнаңдап, шар етіп үрлеп, шарт еткізі
Описание слайда:

Сағыз шайнаушылардың есіне: • Сағызды шайнаңдап, шар етіп үрлеп, шарт еткізіп жарып, бей-берекет шайнауға болмайды. • Қоғамдық, мәдени орындарда (автобус, пойыз, ұшақ,театр, асхана, мейрамхана,кітапхана, дүкен, монша,мектеп, білім мекемелері т.б.), ресми орындарда(кеңселерде,түрлі жиналыс,мәжілістере,қабылдауларда, митингіде, салтанатты рәсімдерде ж. т.б.), қонақта сағыз шайнамаңыз. • Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз бермеңіз. • Жатып алып, тамақ ішіп отырып сағыз шайнамайды. • Телефонмен тілдескенде,біреумен әңгімелескенде сағызды ауызыңызға алмаңыз. • Тәтті сағыздарға құмартпаңыз. • Сағызды тамақтан кейін ғана шайнаңыз. • Біреумен кездескенде оған сағыз ұсынбаңыз. • Сағызды сыйламайды,шашу ретінде шашпайды. • Жағымсыз иістен арылу үшін 5 минут ащы сағыз шайнасаңыз, сәлден соң ауызыңызды сумен шайып жіберіңіз. • Базарларда жасанды әрі зиянды сағыздардың көптеп сатылатынын естен шығармаңыз. • Аллергиямен ауырсаңыз оның сағыздан да болуы мүмкін. • Сағызды тіс щеткасы мен пастасының орынына қолданудың өте қателік екенін ұмытпаңыз. • Үрленетін сағыздың балаларды дәм сезу қасиетінен айыратынын жадыңызға ұстаңыз.

№ слайда 15 Біріншіден,сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында б
Описание слайда:

Біріншіден,сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Екіншіден,Е-320, Е-322,Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стамотологиялық аурулар пайда болады. Үшіншіден,сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып,әрі қарай созылуына жол ашады. Төртіншіден,сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады. Бесіншіден,сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепші. Адам ағзасы сағыздағы кейбір компоненттерді көтере алмай,соның салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

№ слайда 16 Бұл жұмысты алдымен жерсағыздың,құмсағыздың,сағыздың шығу тарихынан зерттеуд
Описание слайда:

Бұл жұмысты алдымен жерсағыздың,құмсағыздың,сағыздың шығу тарихынан зерттеуді бастадым. Сағыздың адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы, кейбір сағыздың құрамында адам ағзасына қажетті заттардың бар екенін зерттедім. Жұмыстың зерттеу бөлімінде сағыздың, жерсағыздың,құмсағыздың оң әсері,теріс әсері, сағыз шайнаудағы әдепсіздік екеніне жеке тоқталып,жерсағызбен сағыздың айырмасын ажыратып,қайсысының пайдасының бар екенін дәлелдедім. Осымен өз жұмысымды қорытындыладым.

№ слайда 17 Александр Герцен атындағы орта мектебінің 4-ә сынып білім алушысы Жақсыбай Ің
Описание слайда:

Александр Герцен атындағы орта мектебінің 4-ә сынып білім алушысы Жақсыбай Іңкәрдің зерттеу жұмысына ПІКІР Зерттеу жұмысының жетекшісі: С.Абдрашова Жақсыбай Іңкәр–күнделікті сабаққа дайындалып келеді.Сыныпта озат оқушының бірі. Оқу құралдарын ұқыпты ұстайды, таза жүреді. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындайды. Сыныпта қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Сабақтан себепсіз қалмайды.Іңкәр бауырмашыл, көпшіл, әрдайым көңілді жүретін бала. Өз білгенін достарымен бөлісе біледі.

№ слайда 18 Жас ғалым – журналы 2014 ж. № 3 Жүз жасаңыз - газеті 2012-14ж. № 5 Интернет ж
Описание слайда:

Жас ғалым – журналы 2014 ж. № 3 Жүз жасаңыз - газеті 2012-14ж. № 5 Интернет желісінен алынған


Автор
Дата добавления 30.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров192
Номер материала ДБ-060536
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх