Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Зерттеу жұмысы "Қазақ халқының салт-дәстүрі- Ерулік"

Зерттеу жұмысы "Қазақ халқының салт-дәстүрі- Ерулік"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қарағанды қаласы, №65 орта мектептің

1 «Е» сынып оқушысы Алмаханов Мараттың

«Ата-бабаларымыздан қалған салт -дәстүрдің бірі - «Ерулік» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы.»

hello_html_3f1ad6de.jpg

Зерттеуші: 1 «Е» сынып оқушысы

Алмаханов Марат

Бауыржанович

hello_html_5e83de3e.jpgЗерттеу жұмысының тақырыбы:

Ата-бабаларымыздан қалған салт- дәстүрдің бірі - « Ерулік»

Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері,ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен,ырымдарымен,той-мереке,әдеп-ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді.Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда.

Жұмыстың міндеттері:

1. Қазақтың салт–дәстүрлерінің бірі-«Ерулік»тарихына зер салу.

2.«Ақ алып шығу», «Меймандостық», «Үй көтеру»салттарын ажырата білу.

3.Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу

4.Сыныптас достарыма «Ерулік»туралы айту,іздену жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы,сан қырлы мәдениеті,өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар,пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері,соның ішінде «Ерулік» салты жайлы ізденіп, зерттеп, талдау жасау,үйрен

Кіріспе:

Ата дәстүрін ардақтау-қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата- бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті.Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата –бабамыздан қалған қазынаның бірі салт –дәстүрлердіұмыту мүмкін емес.Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады.Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді.Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

Салт- кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр.Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп,өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып,өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр- ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата- ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт –дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт –дәстүріміздің бірі –«Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын. Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп,үйіне ат басын тіреген жолаушы- құдайы қонаққа мал сойып,кең дастарқан жайып, дәм- тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ- қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қонажатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған.

hello_html_m6c920b92.jpg





















Негізгі бөлім: 1. Бейнетаспа «Әжем және мен»

hello_html_668574aa.jpg

2. Қазақ - қонақжай қасиетімен көпке танылған ұлт. Сүйекке сіңген асыл қасиетімізді бағалайтындар басым. Тіпті, тарихи жазбаларда да осы бір мінезімізге тәнті болған жамағатты білеміз. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай жазыпты: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиеті. Барынша қонақжай, мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады...» Осы сөздердің өзі-ақ адал пейіліміздің айқын көрінісі емес пе?

Бүгінде осы қасиетіміздің жұрнағы қалды ма деген ой мені мазалады . "Қонақ күтуден қалдық, үйге мейман қондырмаймыз" деуден аулақпын. Дегенмен, үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін асыл қасиетімізден алыстап бара жатқан сияқтымыз. Қуыс үйден құр шығармайтын қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Қонақ күту ережесінің ажырамас бөлігі. Сыйластықпен төріне шығарған әрбір қонақты күтудің өзіндік ережесі бар. Соның бірі-ерулік.

Ерулік беру- ауыл ортасына жаңа үй келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге “ерулік” деп ас піcіpіп, табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ор¬тасына тартудың, сыйласудың үлкен белгіcі. Мұның әлеуметтік, қоғам¬дық мәні де бар. Мысалы, жаңа кө¬шіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біpaз уақыт керек. Mінe, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған. Бұл арқылы, көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болады.

Ал бүгін ше? Ерулік ас бермек түгілі, құдай қосқан көршісін танымайтындар да бар арамызда. Биік қамалмен үй маңын қоршап алып, адам тұрмақ, тышқан жорғалап өте алмайтын темір қақпаның ішінде, қамалып отырамыз. Ауыл-аймаққа бұл әрекет жат шығар. Бірақ, ондағы жұртқа да осы қасиет сіңіп бара жатқандай көрінеді... Өйткені "ерулік ас бердім", "ерулік асқа бардық" деген сөздерді естімейміз, естісек те тым сирек.

Ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі-қариялар деп білсек, қария қашанғы қария болып тұра бермек. Келместің кемесімен кетеді ғой, "ар жаққа". Ал олардың орнын өкшелеп басып келе жатқан бүгінгінің "қартайғысы келмейтін" қырма сақалдылар ежелгі салттың ережесін елемейтін де сияқты. Бұл ойыммен де көпке топырақ шашпаймын, бірақ шындық осы емес пе?

Енді дәстүрге тағы бір тоқталайық. Ерулік беру дəстүрі – бүкіл қазаққа ортақ салт. Ағайынды алыс-жақынына қарамай араластырып, бір-бірін қонақ етіп жақындастыра түсетін салт. Танысып, білісіп, араласып-құраласып жүрген адамдар, бұл байланысты кейін де жалғап, жегжатыққа дейін барады. "Көршіні құдай қосады"деген сөздің де астарына үңілсек, осы бір жақындықты меңзеп тұратындай. "Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын" дегенді де айтқан-қазақ.

Қазан-ошаққа қатысы бар салтты бұрындары бәйбішелердің басқарғаны белгілі. Қай жақынға қандай табақ тартылатындығын да, сый мен сияпаттың тәртібін де абысын-ажынға ежелеп отыратын ақ пейілді апалар-ай десеңізші! Дәстүрді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырған әрекеттерінде қаншама мағыналы мән жатыр?! "Өзімізге ерсін, жат етпейік" деген ықыластың өзі де елді біріктіріп, айрандай ұйытқандары ғой. Ғұрыптың соңынан ғұрып ереді. Ерулік асын жеген жаңа көршінің әйелі үшін тағы бір жоралғы жасалған. Ол-қалау. Аты айтып тұрғандай, үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын дәстүр.

АҚ АЛЫП ШЫҒУ
Ақ алып шығу (салт, ырым). Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды тағы басқа сүт тағамдарын «ақ» деп атайды да оны қасиетті, киелі зат санатына жатқызады. Сол сияқты ақ түсі де киелі, адалдық ұғымды білдіреді. Халық дәстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу – адамгершілік, мұсылмандық, болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу «осы ақтай таза, дәмді болайық» деген тілекті білдіреді. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық, білдіріп алғыс айтады. Бір тоқтысын сойып көршілерін қонаққа шақырады. Ал бұрынғы көршілер бұдан бұрын «ерулікке» шақырып үлгіреді.
Көші көшіп келіп жатқанда оның алдынан шықпау, ерулік бермеу қазақы салтты бұзғандық, көргенсіздік болады.
Мұндай ұят, ерсі істі жұрт айта жүреді.

hello_html_m6f7a9c19.jpgМеймандостық – қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді.Өзінің аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі.Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет.Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасын беріп аттандырады.Сойылатын малды алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп, бата тілейді.Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады.Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып,дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент,сары май қойылып,қаймақтаған шай құйылады.Шайдан соң жаздыгүні болса қымыз,қыстыгүні болса езілген құрт беріледі.Осы кезде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп,күй тартылып,ән айтылады.Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады.Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп,оң құлағын кесіп табаққа қойып,басты үй иесіне қос қолдап қайтарады.Мейман күтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар.Жасы үлкен сыйлы қонақтарға бас пен жамбас,күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады.Балаларға тіл, құлақ,бүйрек, жүрек беріледі.Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді,қонақтардың қолына су құйылады.Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осындай!

ҮЙ КӨРСЕТУ

Үй көрсету (дәстүр). Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар «үй көрсетуге» (шығыс жақ «отқа шақыру» дейді» яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде жорасымен барады. Мұны « ілу» дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез құлқын, жүріс тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр

Ерулікке ,қонақжайлылыққа қатысты мақал-мәтелдер:

*Салт – дәстүрін ел бұзбас, Уәде – сертін ер бұзбас.

*Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

*Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.

*Қонақ келсе құт келер.

*Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

*От жағылмаған үй- қора, Кісі келмеген үй- мола.

*Саналы ел салтын сақтар.

Қорытынды:Ата салтың – асыл қазынаң

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі салт- дәстүрдің бірі «Ерулік» туралы жаздым.

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Ерулік салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені.Мен оның адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе,халықтық салт - дәстүрге, оның ішінде ерулікке ерекше мән беруіміз керек.

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек.

Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

Ізденіп отырып, тап болған ақын Мақсұт Неталиевтің мына мына бір өлең жолдарымен жұмысымды аяқтаймын:

Кім де кім көрші болса үйіңменен,

Ерулік беру парыз сыйыңмен,

Қазақтың тәрбиелік төл сөзі бар:

«Жақсы адам жақсы адамға үйір!» -деген.
















65 жалпы білім беретін орта мектебі















4 «В» сынып оқушысы Алмаханов Мараттың

«Ата-бабаларымыздан қалған салт -дәстүрдің бірі - «Ерулік» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы.»













Қарағанды қаласы

2014-15 оқу жылы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Ата-бабаларымыздан қалған салт- дәстүрдің бірі - « Ерулік»

Жұмыстың мақсаты:   Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері,ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен,ырымдарымен,той-мереке,әдеп-ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді.Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда.

Жұмыстың міндеттері:

 1. Қазақтың салт–дәстүрлерінің бірі-«Ерулік»тарихына  зер салу.                                                                                                                                   

 2.«Ақ алып шығу», «Меймандостық», «Үй көтеру»салттарын ажырата білу.                                                                                                                                                         

  3.Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу

  4.Сыныптас достарыма «Ерулік»туралы айту,іздену жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы,сан қырлы мәдениеті,өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар,пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері,соның ішінде «Ерулік» салты жайлы ізденіп, зерттеп, талдау жасау,үйрен

Кіріспе:

    Ата дәстүрін ардақтау-қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата- бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров880
Номер материала 526964
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх