Инфоурок Биология Другие методич. материалыЗерттеу жұмысы "Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері"

Зерттеу жұмысы "Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері"

Скачать материал

Кіріспе

Болжам

Үй жағдайында өсірілетін тауық балапандарымен бройлер балапандарының даму, өсу қасиетін дәлелдеу.

Жоба мақсаты:

Үй балапандарымен, бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктерін салыстыру, тиімділігін анықтау.

Жоба жаңалығы:

Тауық балапандарының биологиялык ерекшеліктері

Жоба жүргізілген орны: үй жағдайында

Зерттеу барысы:

 1. Бройлер мен үй тауығы  балапандарының өсу, даму бағыттарын   зерттеу.

 2. Бақылау жұмыстарын жүргізу.

 3. Тауық балапандарын күту   ерекшеліктерін білу.

 4. Тиімді нәтижеге қол жеткізу

 

1. Жалпы ақпарат. Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява,Суматра,  Цейлон,  Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтұқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтұқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т.б.) өсіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250 , кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорнминоркаандалузорыстың ақ тауығы орлов павлов воронеж  осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника күшімен жүргізіледі.  Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, дәрумендер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Тауық – жан-жақты пайдалы үй құсы.

«Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Бройлер  –  қарқынды өсуімен, тез пісетіндігімен, жем шығынының төмендігімен ерекшеленетін жұмсақ, дәмді ет беретін етті балапан. Бройлерді таза салмағы 1,5-2 кг. жеткенде, 6-9 апталық кезінде сояды. Бройлер еті – 22,5 пайызға дейін ақуыздан (ақуызы 92 % алмастыруға келмейтін аминоқышқылдан) тұратын диеталық өнім.

2. Бройлер  тауықтарын асырау. Тауықтарға арналған  лайықты қора – олардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауық қора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек.

3. Бройлер  тауықтарына жем беру. Тауық – қысқа ас қорыту жолы бар тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б. жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына  тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін  өскін түрінде беру қажет.

4. Бройлер балапандарын өсіру. Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің  өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.

Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде 3 см. Болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға 1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.

Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауық қораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса  бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде 1,5 кг.салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.

Бройлерлерге жем ретінде құрамында барлық дәрумендер мен минералды заттары бар арнайы құрғақ қоспалар берген дұрыс. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді, сонымен қатар, жем мен су тәулік бойы үзілмей берілуі тиіс. Жасшамасына байланысты құрама жемнің үш түрін мына тізбек түрінде пайдаланады:  алғашқы (1-4 күн), негізгі (5-30) және мәрелік (31-56 күн).

 Шығыстар:

- балапандарды сатып алу – 15дана х 200теңге = 3000 теңге.

- жем сатып алу  5-30 күнге  -40 кг бір қап = 2100теңге; (старт)+ дәрумен (тривит) 300тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

Үйдегі күрке тауық 19 маусым күні, яғни 21 күннен кейін басуға салған 13 жұмыртқаның 7 –уінен балапан басып шығарды.

Сол күні ауылымыздағы кұс шығаратын «Кроман» шаруашылығынан 1 күн бұрын инкубатордан шығарылған бройлер балапандарын сатып алдық.

Салыстыру кестесі: Тәжірибе №1

Сырт пішіні

Үй балапандары

Бройлер балапандары

Түстері

Қара, жирен, сарғыш

сарғыш

Бойы

6см

6см

Тұмсығы

0.3см

0.3см

Көзі

Қою қоңыр

Қоныр

Салмағы

119-120гр

120гр

 

Үй балапандары күркетауықпен арнайы жабық күннің көзі жақсы түсетін тордың ішіне  орналастырылды. Түн салқын болғандықтан тор жәшіктің бетін көрпемен жауып жүрдік.

Ал бройлер балапандарын арнайы жәшікке жылы қораға, жасанды  жарық түсірілген бөлмеге орналастырдық.

Алғашқы 3 күн  жұмыртқа пісіріп, бердік сақтап және таза ыдысқа арнайы жылы су берілді.

Ары қарай үй балапандары ұсақталған құрама жеммен қоректенсе, ал бройлер балапандарына арнайы «Старт» жемі берілді және де ішетін суларына калий перманганатының әлсіз ерітіндісі қосылды.

14 күн өткеннен кейін жүргізілген бақылау нәтижесі.

Салыстыру кестесі: Тәжірибе №2

Сырт пішіні

Ү й балапандары

Бройлер балапандары

Түстері

Қара, жирен, ақ

Ақ

Бойы

8см

13см

Тұмсығы

0.5см

0.6см

Көзі

Қою қоңыр

Қоңыр

Салмағы

180гр

350-400гр

 

Арнайы құрама жемдеріне араластырылып, көк шөп және суларына Тривит дәрумені араластырып берілді. Бройлер балапандарының аузына 2 тамшыдан тамызып беріліп отырды күнделікті.

Салыстыру кестесі: Тәжірибе №3

40 күндік балапандарға бақылау жүргізу

Сырт пішіні

Үй балапандары

Бройлер балапандары

Түстері

Қара, жирен, ақ

Ақ

Бойы

 10см

21см

Тұмсығы

1см

1,3см

Көзі

Қою қоңыр

Қоныр

Салмағы

600-650гр

1600-1700гр

 

 

 

 

 

Қорытынды

Салыстыра, бақылау нәтижесінде  үй балапандарының бройлер балапандарына қарағанда баяу өсетінін байқадым. Және үй балапандары төзімділеу.

Ал бройлер балапандары белсенді қоректенудің және күтіп баптаудың арқасында салмақты жылдам қосатындығына көз жеткіздім. Бройлер балапандары күтіп баптауды қатты қажет ететін құстар екен байқадым.  Өйткені бір бройлер тауығын қыстап шығарма деген оймен соймай қалдырғанбыз, әлде желтоқсан айының суығына шыдамады ма, өліп қалды.

Күн суыта бастағаннан кейін бройлер балапандарын қыркүйек айының соңында тұрмыстық  қажеттілікке байланысты сойдық,  салмақтары 4 кг 200гр  нан  болды. Еті дәмді  және сіңімді.

Ал үй балапандары  жылы қораға ауыстырылды, өз беттерінше қорегін тауып жей алады. Қазіргі таңда сол 7 балапаннан 5тауық ,2 әтеш өсті.

Үй тауығынан өскен балапаннан бірінші жұмыртқа 07 қаңтар 2014ж алдық.

Ұсыныстар:

1. Тауық және бройлер балапандарын өсіруды, көбейтуді қолға алу;

2.Тауықты өсіру арқылы тұрмыстық қажеттілікке пайдалану;

3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген қағиданы өмірлік ұран ретінде ұстану.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Аметов А, Сәтімбеков Р, Қайым Қ,  Қожантаева Ж.  Биология  283 бет. 7сынып  //  Атамұра.  Алматы  2012 ж

2. Энциклопедия «Құстар» 112 бет // Москва 2006 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3 «А» сынып оқушысы Сулейменова Адеманың

«Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері» тақырыбында орындаған жобасына берілген

ПІКІР

 

Адема жұмысты  өзінің үй жағдайында жүргізген. Жұмысты орындау барысында Адема балапандардың өсіп жетілу ерекшеліктерін бақылап, салыстырып, нәтижелерін  кестеге түсіріп отырған.

Жоба Адеманың жасына сай орындалған.

Жұмысты орындау кезінде жауапкершілк, еңбекке баулу, тірі табиғатқа деген қызығушылық сезімі артқанын байқадым.

Зерттеу нәтижесінде үй тауығы балапандарының бройлер балапандарына қарағанда жем – шөпті аса талғамайтын, төзімді, көп күтімді қажет етпейтіндіктерін байқаған.

Тұрмыста қолдануға  қажеттіліктерін, көбейтуді қолға алуға болатынына  көз жеткізген

«Еңбек түбі- береке» деген қағиданың магынасын түсінгенін байқадым.

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

биология және химия пәндерінің мұғалімі                              

                                                                                                 ______    Сулейменова З.Д

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Секция: Биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері

                                                  

                                                 Орындаған: Сулейменова Адема

                                                 3 «А сынып.  «Шығыс Қазақстан облысы

                                    Семей қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік                        

                                                 мекемесінің «Озерки жалпы орта білім беретін

                                                 мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                               

                                                Жетекшісі: Сулейменова Замира Дуйсенбаевна

                                                 2 – санатты биология – химия пәндерінің мұғалімі

                                                «Озерки жалпы орта білім беретін       

                                                 мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесі

                                             

                                Кеңесшісі: Жилкыбаева  Сауле Джакановна

                                                аға оқытушы, Шәкәрім атындағы

                                                мемлекеттік  универститеті, Семей қаласы

2014 ж

 

 

 

 

 

                    

 

                   

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыран бүркіт – құс патшасы.
Сауысқан – орман дәрігері.
Қараторғай – көктем хабаршысы.
Тоқылдақ – ағаш емшісі.
Көгершін – бейбітшілік құсы.
Қарға – жемтік аңдушы.
Қарлығаш – мейірімділік символы.
Қаршыға – өте қырағы, сақ құс.
Қырғауыл – өсімтал, сұлу құс.
Қырғи – жыртқыш құс.
Кекілік – жорға құс.
Көкек – өз атын өзі шақыратын құс.
Күркетауық – ең ірі үй құсы.
Аққу – сұлулық пен махаббат символы.
Тотықұс – қауырсыны өте сұлу құс.
Тырна – өте сақ құс.
Түйеқұс – ең ірі құстың бірі.
Тауық – жан-жақты пайдалы үй құсы.
Үйрек – суда мекендейтінқұс.
Қаз – маңғаз су құсы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зерттеу жұмысы "Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Зерттеу жұмысы "Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп жетілу ерекшеліктері" тақырыбында дайындалған жоба тауықтарды салыстыра, бақылай отырып өсіп жетілуін қадағалаған.

Сырт пішіндерінің ерекшеліктерін тамақтану ерекшеліктеін сондай - кітімге деген сұраныстарын сипаттайды№.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2015 4350
    • DOCX 4.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Замира Дуйсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10862
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 164 человека

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек