Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Өзгеріс не үшін керек?

Өзгеріс не үшін керек?


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Калыбекова Жумакыз Аскаровна Мұғалім портфолиосы А есеп

8-топ 1-деңгей

ПШО Шымкент қаласы 13.11. 2015ж


Өзгеріс не үшін керек?


Бүгінгі тaңдa oқытудың жaңa әдіс - тәcілдерімeн қaрулaнбaғaн мұғaлім өз мaқcaтына жeтe aлмaйды. Өйткeні қaзіргі таңда әлeм жылдaм өзгeрудe. Coнымeн қaтaр тeхникa, білім бeру әдістeрі мeн тeхнoлoгиялaры дaму үcтіндe. Қaзіргі әлeмде бoлып жaтқaн қaрқынды өзгeрістeр әлeмдік білім бeру жүйecін қaйтa қaрaу қaжeт eкeнін пaш eтті. Ал бұл өз кезегiнде Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (iлгері) деңгей бағдарламасының мазмұны мен шешетін мәселесі, яғни «Мұғалiмдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? және ХХІ ғасырда ненi оқыту керек?» деген сұрақтар мен оның жауаптарымен үндесіп жатыр. (МАН 6 бет) . Елдің болашағы жастар дейтін болсақ, жастардың болашағы терең білім мен саналы тәрбиеде. . Ал жастарға білім мен тәрбиені беретін бірден-бір тұлға –мұғалім екені баршаға аян.

Қай қоғамда да болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттық, сана - сезімін тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандартының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Білім жүйесінде ендіріліп отырған өзгерістер қазіргі кезең жағдайындағы мұғалімге бәсекеге қабілетті, білімді,тәрбиелі жеке құзіретті тұлғаны қалыптастыру талабын қойып отыр. Мен мұғалім ретінде бірнеше алдыңғы қатарлы білім жүйесіне жаңа реформа енгізген және сол реформалары арқылы жақсы жетістіктерге жеткен елдерді ғаламтор арқылы саралай келе, мектептегі білім беру сапасы жоғары Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тұрғандығын білдім . Бұл елдер қалай жоғары көрсеткіштерге жетіп отыр? Білім беру жүйесі озық Сингапур мемлекетінің іс - тәжірибесін сараласақ , білім беру сапасы бойынша артта қалушылық дәрежесінен айтарлықтай табысты дәрежеге өте алатынын көрсетті. Сингапурде білім сапасын арттыру үшін білім жүйесінің алдына біршама мақсаттар мен міндеттер қойған . Оқыту үлгісінде оқушылардың қабілетін дамытуға әсер ететін оқыту үлгісін таңдап,жаңа стандарттар, оқу бағдарламалары мен оқу материалдары жасалды.Білім беру жүйесі педагогтардың кәсіби шеберлігіне ерекше көңіл бөлді. Сингапур «аса жақсыдан үздікке өту» кезеңінде тұр. Бұл кезеңде жүйе инновацияны енгізу үшін оқу үдерісіне қатысушылардың шығармашылық әлеуетіне еркіндік беру үшін жағдай жасауда. 40 жыл ішінде Сингапурдың мектеп жүйесі оқуды басқарудың орталықтандыру деңгейін төмендетті, тәуелсіз мектептер, өзін-өзі басқаратын мектептер құрылды. (сайт:Bilimtime.kz.) Сингапур елінің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаларға көз жіберсек, онда ең жақсы мектеп тәжірибелері мұқият зерттеліп, одан кейін осы зерттеуден алынған сабақтардың басқа мектептерде енгізу қолға алынған. Сонымен қатар оқушылардың жүргізіліп жатқан жұмыстарға пікірі ескеріледі. Содан кейін барып, ол қорытындылар білім жүйесінің реформасы барысында ескеріледі екен. Сингапурде алғашқы жылдары үлгерімі төмен оқушыларға қосымша көмек мақсатында арнайы бағдарлама түзіліп, жұмыс жүргізіледі. Мұнда зерттеу мен оларға түзету шараларын жүргізу маңызды. Мұнда әр сабақ үшін сабақ жоспары, мұғалімге арналған нұсқаулықтар, оқушыларға арналған жаттығулар жинағы, тәжірибе жүргізу, бейнетаспа көру т.б жасалды. Оларды қалай тиімді қолдануға болатындығы туралы семинарлар жүргізіледі екен. Қорытындысында үлгерім көрсеткіштері жоғарылап, оқу сапасы жақсарған (3. «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. А.Құсайынов). Сингапурде әр оқушының бейім қажеттілігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына қарай барлық пәндерден дәріс ағылшын тілінде жүргізіледі. Сабақтарын бақылайтын болсақ, сын тұрғысынан ойлауын, топтық жұмыс арқылы қарым – қатынас дағдыларын арттыратын, жеке тұлғаны жан – жақты қалыптастыратын жұмысты байқауға болады.(сайт:Bilimtime.kz.)Мұғалім сабақта оқушы-ларға бағыт береді, ал оқушылар өз бетінше шешімін табады, нәтижеге жетуге мүмкіндігі артады. Оқушының сыни ойлауын дамыту арқылы өз бетімен оқуға, өз-өзін оқу-тәрбие процесіне интерактивті қосылу арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады.Сыни ойлау дұрыс жолға қойылған. Бізге де осындай сыни тұрғыда ойлауы арқылы алған білімін өмірде қолдана білуге негізделген білім жүйесіне өзгеріс қажет деген ойға келдім.
Ал енді Финляндияның білім жүйесінің қысқаша тарихымен танысатын болсақ, 2000 жылғы PISA зерттеулері қорытындысы бойынша Финляндия білім жүйесі бірінші орынға ие болды. .(сайт:Bilimtime.kz.) Бұл елдің білім беру жүйесіндегі реформасына және оны сыни ойлауына тоқталсақ, дұрыс құралған реформа – білімнің табысты болуына, баланың қоғамға сай бейімделуіне ықпал етеді. Елдің экономикалық дамуы, білім жүйесінің дамуы реформаның негізгі аспектілерімен сипатталады. Білім жүйесі балабақшадан басталады. Бүкіл қоғам болып баланың дамуына зиян келтірмей балабақшадан мектепке көшіру жағдайын ойластырады. Негізгі мектеп бітірсе де емтихан тапсырылмайды, дифференцалды сыныптар жоқ, бар сыныптар біркелкі. Мектептен кейін бала бір-ақ рет матрикулляциондық емтихан тапсырады. Мектептерінде оқушылардың әлеуметтік шығындарын мемлекет төлейді. Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейді. Халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша біріншіден, параллель оқытулардан бас тартып, бірыңғай мектепке көшулері білім сапасын

жоғарылатты. Екіншіден, жүргізілген білім саясаты мен педагогика өзгерістері, білім жүйесін басқа елдермен салыстырғанда бірінші орынға шығарды. PISA қорытындысын сараптасақ, жоғарғы сатыда математикадан, жаратылыстанудан оқу сапасы жоғары. Үздіксіз білім берудің қамтамасыз етілуі білім жүйесінің біртұтас барлық тармақтарында келесі жоғары сатыға «үздіксіз білім» принципі бойынша жылжу мүмкіндігіне негізделген. Оқушылардың оқудағы қиындықтарды барлық деңгейде жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл аудартады. Оқу материалдарында басты назар нақты мақсаттар мен оқу тапсырмаларына бөлінеді. Мақсатқа жетуі қадағаланады. Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену,

қабілеттеріне және оқуға деген сыни тұрғыдан оңтайлы көзқарас табысқа деген ұмтылыспен іске асады. Мұғалім мақсатына сай сабағын жоспарлап, әр мақсаттың маңызын түсініп оқушының оқуы үшін іс–әрекетін сыни ойлай алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің бірыңғай жүйесі қарастырылмаған. Арнайы таңдау экономикалық, аймақтық, әлеуметтік критерийлер бойынша жүргізіледі. Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады. Тек мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс береді. Оқыту қорытындысының мақсаты теңқұқылы білім принципіне негізделген, мектептің негізгі сатысының қорытынды кезеңінде барлығы бірдей жоғарғы деңгейге жету керек деген талап қойылады.Финляндияның білім жүйесінде сыни ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы- оқушының өз бетімен оқу,өз-өзін тәрбиелеу, дамуы қамтамасыз етілген. Финляндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Сингапур, Финляндияның білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе, елімізде білім жүйесін дамытуға байланысты белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр, дегенмен біздің еліміздің білім жүйесін дамыту мақсатында, заман талабына сай көп өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан білім саласына оқытудың сын тұрғысынан ойлау, жаңа технологияларын енгізу, ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық қарым - қатынас құзіреттілік желілерге шығу керек. (сайт:Bilimtime.kz.)

Білім беру саласы дамыған мемлекеттің бірі Оңтүстік Корея азамат-тарына сапалы білім беруді өте ұқыпты жақсы ұйымдастырғаннан бастап, білім беру саласының жұмысы жоғары өрледі. Ол жерде жоғары оқу орнына түсу, жақсы білім алу әрбір Корея азаматының арманы. Корея мемлекетінің әкімшілігі балаларды алты жастан бастап, мектепті бітіргенге дейін қатаң бақылауға алады. Негізгі өтілетін сабақтар кәріс тілі, ағылшын тілі, математика, анық пәндер (биология, география, химия, физика ,сурет, музыка) және қоғамтану ғылымына көбірек көңіл бөледі. Дене шынықтыру сабағы пән есебінде қаралмайды. Оқу жылы екі тоқсаннан тұрады. Бала бақшалар білім саласына кірмейді. Үш жастан бес жасқа дейін жекеменшік бала бақшаларға барғанмен ол жерде мектепке дайындамайды, тек тілдерін дамытумен айналысады. Бастауыш мектеп алты жыл, орта мектеп үш жыл барлық балаларға міндетті. Одан соң оқушылардың қалауы бойынша колледжде екі жыл , университетте төрт жыл тәлім алады. Ерекшелігін айтатын болсақ, Оңтүстік Кореяның оқушылары E- learning-электронды оқуды жақсы меңгерген, компьютермен сабақ алып, үй жұмысын жасап, нәтижесін ғаламтордан мұғалімге жолдап отырады. Оқушылар жан жақты іздену арқылы, білімдерін жетілдіріп,  сындарлы түрде нығайтып отырады. (http://www.inform.kz) Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт. Мектеп ұстаздарының әлеуметтендіру стратегиясының тағы бір аспектісі баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру болып табылады. Ой тұжырымдау мен өзін сынауға арналған сабақтарда балалар мектепте өздеріне не ұнайтынын не ұнамайтынын, өзінің жаман әрекеттерін, тапсырмалардың орындалу сапаларын талқылайды. Яғни, сыни тұрғыдан ойлана алады және кері байланыс бере алады.Қазақстанда  білім беру сапасын арттыру мәселесі, жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдану керек.
Мұғалім қанша мықты болса-оқушылар үлгерімі сонша жоғары болады.
Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі кеңінен ұйымдастырыла бастады. 2013 жылдан бастап, ағылшын тілін 1- сыныптан, информатиканы 5 - сыныптан бастап, оқытыла бастады. Жаратылыстану пәндерін оқытылуына басымдық берілді.

Әлемдегі білім саласы бойынша озық тәжірибелі Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея  сияқты елдердің білім беру жүйесінде жүргізілген реформаларға талдау жасай отырып, бұл елдердің жетістікке жетуіне ықпал еткен әдістері мен тәсілдерін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне қалай ендіруге болады және несімен тиімді деген сұрақтардың туындауы заңдылық. Талдау көрсеткендей бұл елдердің білім беру реформаларында икемі және қабілеті, қызығушылығы әр түрлі немесе мүмкіндігі шектеулі балалардың сұранысын қанағаттандыру, адамгершілікке тәрбиелеу, ақпараттық технологияларды пайдалану, дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі, сыни ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, ерекше ойлай алатын, жан дүниесі бай тұлғанықалыптастыру сияқты міндеттердің қойылуы өте орынды және еліміздің білім беру жүйесіне енгізуге тиімді деп санаймын. Сонымен бірге бастауыш мектеп ұстаздарының әлеуметтендіру стратегиясын яғни, баланы толық тұлға етіп қалыптастыруы мен ұстаздардың өз еркімен білімін жетілдіруінің ынталандырылуы секілді тәжірибеге ендіруге болатын озық үлгілерін ендіруге болады деп ойлаймын. Ал, жоғарыда аталған елдердің реформасының міндеттері мен әдістері сындарлы оқыту теориясына негізделгені даусыз екені анық.

Осы реформалар әлем елдерінің жетістіктерінен алынып, Қазақстан тәжірибелеріне енгізілді. Оқыту саласынын дамытуға кедергі болған проблемалар - ғылым мен оқытудағы байланыстың төмендігі; мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік статусының төмендігі; білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайлардың кездесуі. (www.mtrk.kz
Қазақстанда білім беру саласына жүргізілген реформалар нәтижесінде біздің мектебімізде соңғы үлгідегі, талапқа сай химия, информатика, мультимедия кабинеттері ашылды, интербелсенді тақталар орнатылды, интернет желісі қондырылды. Мектеп сұраныстағы кадрлармен толықтырылды. Мектепте әлеуметтік мұғалім, психолог, қосымша білім беру қызметтері ұйымдастырылды. Әлемнің қарқынд
ы өзгеруіне сай қадам басатын болсақ, көштен артта қалмай мектептегі білім беру саласына өзгеріс ендіру өте орынды заңдылық деп есептеймін.

Жоғарыда аталған мемлекеттердің білім беру жүйесінен өз мектебімнің оқу бағдарламасына Финляндияның топпен жұмыс тәсілін, сын тұрғысынан ойлауды оқыту әдісін, Оңтүстік Кореяның сындарлы оқытуын, оқушының сын тұрғысынан ойлатуды  және Сингапурдың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруы, мұғалімдерді іріктеу тәсілдерін мектебіме енгізгім келеді. Мектепте көшбасшылықты дамыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, сыни ойлау арқылы сұрақтар қойып және проблемаларды анықтап шеше алатын , ата-аналар пікірімен санасуды әлем елдерінің жетістіктерінен өз мектебіме алғым келеді. Бұл оқушылар алдына мақсат қоюды үйреніп, сол мақсатқа жету үшін өзара әрекетке түсу барысында проблемаларды бірлесе отырып шешеді, топта әнгімелесу арқылы білім алмасады. Ынтымақтастық орнату барысында топтық мәдениетке үйренеді, тәжірибелері мен идеяларын ашық айтып, пікір алмасады. Сындарлы оқытуды оқуда қолдансақ, оқушылар алған білімдерін жай ғана игеріп қана қоймай , оны өмірде қолдана алады. Көшбасшылықты мектепке енгізу - оқыту бағдарламасына жаңалық кірістіруге, оңтайлы тәсілді тарату, қалай оқу керектігін үйреніп, өз-пікірін жеткізе алатын ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан дамыған оқушыны қалыптастыруға көмек береді. Ал, өз мектебіңнің тәжірибесіне қалай енгізер едің деген сұраққа келер болсам, деңгейлі бағдарламаның бірінші деңгей тыңдаушысы ретінде көшбасшылық жасау арқылы, коучинг және тәлімгерлік үдерісі арқылы, желілік қоғамдастық арқылы енгіземін деп нық сеніммен айтамын. Ал, қандай өзгеріс ендіремін? Оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе біліп, ынтасы, сенімі, сыни тұрғыдан ойлауы , сандық технологияларда құзырлылық танытып және өмірден өз орындарын тауып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын болады. (МАН, 7-бет).

Сөзімді қорыта келе, қазіргі таңда оқушыларымыз мектепке бармай жатып, компьютермен жұмыс істеуді, ғаламторды қолдана отырып, өздеріне қажетті ақпараттар алуда, 5-6 сынып оқушылары қазіргі таңда компьютерді, интербелсенді тақтаны мұғалімнің көмегінсіз жақсы пайдаланады, мұғалімнен жақсы қолдана алады. Ал үлкен сыныптың оқушылары ғаламтордан мұғалімдерден көп мағлұмат алып келіп, жаңалықтармен алда келуде. Өзгеріс бізге керек, өйткені мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, ал жастарды мемлекетті қорғайтын,мемлекет үшін қызмет ететін түлектерді дайындау- біздің қолымызда. Білім беру саласына жаңалық енгізіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді мақсат етіп, ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті бағытына сәйкес әлеуметтік өмірге бейімделген, ой өрісін саналы түрде басқаратын, бәсекеге қабілетті азаматты тұлғаны қалыптастыруды, әрбір шәкірт бойындағы асыл қасиеттерді дамытып, оқыту мен тәрбиені сабақтастыра отырып, шығармашылық арнайы оқыту үдерісін жүргізуге білім саласына үлкен өзгеріс енгізуге ниет етіп, өз білімімді әлем жаңалықтары мен күнделікті арттырып отыруды ұйғардым. Финляндия мемлекеттерінде тәжірибеден өткен сын тұрғысынан ойлауды оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалансам, Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету. Кез келген оқу материалындағы мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау арқылы ұтымды жауап іздеу, сол жауапты іздеуге жай ойлау емес шындалған ойлауға оқушылардың қолын жеткізеді. Кез-келген іс-әрекеттің сәтті, сәтсіз болғанын рефлексия арқылы анықтауды өз тәжірибеме енгіземін. . Бүкіл бір қоғам өзгеріс үстінде екен, неге мен өзгермеске? Мен де өзгеріс жасаймын. Мен өзімді өзгерту арқылы мектебіме де өзгеріс ендіремін. Әлемдік деңгейдегі мұғалімдердің ең үздік тәжірибесі бойынша жұмыс жасауға әрекет етемін. 






















Пайдаланылған әдебиеттер: 


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей;
2. Интернет материалдары:

а) (http://www.inform.kz) Білім 
саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт. 
ә) 
www.mtrk.kz .(сайт:Bilimtime.kz.)
3. А.Құсайынов, Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы. 






Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров321
Номер материала ДБ-007182
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх