Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Рабочие программы / "Өзгеріс не үшін керек?"

"Өзгеріс не үшін керек?"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна Мұғалімнің портфолиосы А есебі

1 топ 1 деңгей

Қызылорда қаласы «» 2014 жыл



Өзгеріс не үшін керек?

Тәуелсіздіктің ұстанымын барынша бекітуде санасы берік те, биік зияткер ұрпақ тәрбиелеу білім беру жүйесінде өзекті сипат алуда. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы маңызды мәселе болып отырғаны: « ХХ1 ғасырда нені оқыту керек? » және де екіншісі - ол да маңызы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХ1 ғасырға қалай дайындайды?»(МАН-1) Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген (тұжырымдама). Қазақстан Республикасы президентінің жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» делінген. (ҚР президентінің жолдауы). Қазіргі кезде, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне кірігіп, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы аясында 2012 жылы жүргізілген зерттеудің қорытындысымен оқушылардың математикадан көрсеткіші 49-шы, жаратылыстану пәндерінен 52-ші, оқу сауаттылығынан 63-ші орындарды иеленуі (strategy 2050kz) менің пайымдауымша, қолданыстағы білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмейтіндігінің анық бейнесі. Еліміздің орта мектептерін әдіснамалық құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан түгелдей қайта құру, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсаты осыған байланысты ұсынылып отыр деп ойлаймын. Сонымен, Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі - білім беру реформасы болса ол, қалай жүргізілуде? Осы бағытта, алдымен, әлем мемлекеттерінің білім жүйесіне тоқталсам деймін.

Дамыған елдерден үлгі алған Қазақстан Республикасы өз жаңашылдықтарын басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіп келеді. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Атап айтқанда, Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген (www.bigox.kz). Сонымен, білім саласындағы реформалары мен адам капиталына құйылған инвестициясының арқасында экономикасы, технологиясы жедел өрлеп, қоғамдық, әлеуметтік тұрақты даму жолына түскен Жапония, Сингапур, Финляндия, АҚШ сияқты елдердің тарихи тәжірибелері бізге үлгі болуы қажет.

1963 жылы Британиядан өзінің тәуелсіздігін алып, одан бұрын 1962 жылы Малазиядан бөлініп шыққан, ешкімге белгісіз Сингапур мемлекетінің тез арада даму жолына түсіп бүгінгі күнгі әлемді таң қалдырған экономикалық, технологиялық жетістіктері - білім жүйесінде жүргізген реформаларының нәтижесі екені хақ. Сингапурдағы функционалдық сауаттылықтың деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study) 2008 жылғы Mc Kinsey консалтинг компаниясының зерттеуінше Сингапур білім беру жүйесі әлемдегі ең тиімді деп танылды. Сингапур білім беру жүйесінің ерекшелігі: қостілділік; оқушылардың мүмкіншіліктеріне қарай ағымдарға бөлу; ағылшын тілін, табиғаттану ғылымдарын және математиканы оқытуға басымдық беру; техникалық білім берудің жүйесі; Edusave степендия қорымен қоса, тиімді қаржыландыру бағдарламасы; халықаралық университеттердің филиалын тарту жолымен Шығыстың Бостонына айналу жоспары; өмір бойы білім алу қажеттілігіне мән беруі; түрлі елдердің прогрессивті білім беру жүйелерін алуы (volksbuilding.livejournal.com). Шығыстың осы еліндегі сияқты, Қазақстанда да математиканы оқытуға басымдық берілсе, әлем таныған Асқар Жұмаділдаев сияқты дарындылардың ізін қуушылар көптеп табылады деп пайымдаймын. Маған тағы ұнағаны - басым қаржыландыру бағдарламасы аясында оқушылар мен студенттерді ынталандыру саясаты. Осы ынталандырылу саясатын Қазақстанға ендіру - көп оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырудың бірден - бір жолы деп ойлаймын.

ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін басым көпшілігі сауатсыз болған норвегиялықтар 1739 жылы Білім туралы алғашқы заң қабылдаған. Білім берумен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және жалпыға ортақ әл-ауқатты қамтамасыз ету - білім беру мекемелерінің негізгі міндеті. Мектептегі алғашқы күннен бастап балаларға әрбір адамның тұлғалық бейнесі басқа тұлғамен өзара қарым-қатынаста дамитындығы туралы ой сана-сезімдеріне құйыла бастайды. Оқушылар оқытушымен бірлесіп бір аптаға арналған үй және мектеп жұмысының жоспарын құрастырады. Балалардың жетістіктерін мұғалім әр жұмыс күнінің соңында арнайы дәптерде белгілейді және қажеттілігіне қарай ата-аналарға ескертулер жазады. Норвегия мектептерінде 1 сыныптан бастап 7 сыныпқа дейін баға деген ұғым мүлдем жоқ. Алайда, өзге: «топтағы жұмыс», «талқылау», «шешім қабылдау» сияқты ұғымдар бар. 8 сыныптан бастап оқушыларға баға қойылады. Оқушылар мен оқытушылардың қызметтерін бірлесіп жоспарлауға басты назар аударылады. Бұл кезеңдегі бастысы - балалардың бойында өз қабілеттілігін оңтайлы бағалау қалыптастырылады. Норвегияда міндетті 9 жылдық мектепке бару болғанымен, білім алу міндетті емес сондықтан, кейбір балаларға «ашық мектептерге» баруға мүмкіншілік бар. Бұл елдің Сингапурға қарағанда бір ерекшелігі - Норвегия ұстаздары біліктілігін жетілдіруді өздерінің есебінен жүргізеді және қатаң талаптар қойылады (volksbuilding.livejournal.com). Мұғалімнің біліктілігіне қатысты қатаң талап менің көңіліме қонымды. Себебі, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында мұғалімнің мәртебесі төмендегендіктен, бұл салада кездейсоқтардың болуы - заңдылық. Білікті, білімді мұғалімдерді іріктеу үшін, және осы мамандыққа жастардың арасынан нағыз дарындыларды тартудың бірден-бір жолы ретінде қарастырамын. Сонымен қатар, Норвегиялық бағалау жүйесі Қазақстан үшін де тиімді болары анық. Себебі, мемлекетімізде оқушылар білім емес бағаны меңзеп әртүрлі келеңсіз жағдайларға тап болып жатқан жайымыз бар. Көпшілігінің тек баға үшін оқығаны ҰБТ қортындысымен анық байқалды. Менің ойымша, оқушының көңілі журналға қойылатын нақты бағаға алаңдап, алған білімінің мазмұнына мән берілмей қалады. Қазақстандық бағалау жүйесі ескірді, ол өзгертуді қажет етіп отыр, оған мұғалімдер де, ата-аналар да, оқушы да мүдделі деп ойлаймын.

АҚШ мемлекетіне 2004 жылы Қызылорда облысынан 10 мектеп директоры іс-сапарға грант негізінде тәжірибе алмасу мақсатымен барғанымызда, олардың білім саласындағы нәтижелері қатты қызықтырды, тіпті қызғандырды деуге болады, әсіресе мектептердің материалдық базасы мен әлеуметтік қолдау бағдарламалары. Бізден қатты ерекшелігі - әрбір штатта өзінің білім беру стандарты қабылданған. Біз үшін оқушылардың штаттан штатқа қозғалысы кезінде білім сапасына қандай оң әсері бар екен деген сұрақ болды. Дегенмен, мемлекеттегі білім беру саласының жетістіктері, жоғары және орта оқу орындарының қалыптасқан деңгейі, ауқымды жұмыстарының беталысы бізді таң қалдырды. Айта кету керек, барынша демократиялық бағытқа негізделген мемлекетте мұғалімдердің біліктілігін бағалау - ақылы лицензиялау тәсілімен жүргізіледі. Мұғалім өзінің пәнінен емтихан тапсырады, ол шынайы өтеді және қатаң талаптарды қояды. Емтиханнан өткені ғана лицензия сатып алу құқығына ие болады. Сол себепті мемлекетте мектеп мұғалімдерінің деңгейі жоғары, мамандықтың мәртебесі биік, мұғалімдік қызмет үлкен сұранысқа ие болған. Білім беру саласының стандарттары біздікіне қарағанда оқушылар үшін қолжетімді. Мысалы, математикадан 6 сыныптың тақырыбын олар 8-9 сыныптарда бастайды екен. Менің ойымша, мемлекетіміздің мемлекеттік білім беру стандарттары өте жоғары, себебі, бұл жұмыстарға мектеп мұғалімдері емес, қайта мектептен алыс мамандар, ғалымдар қатыстырылады деп ойлаймын. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелігі мектептер бастауыш, орта, жоғары болып үшке бөлінеді. Сонда, сіз бір мектепте ылғи 6 - 11 жас аралығындағы, келесісінде 12-15 жас, одан кейінгісінде 16-19 жастағы оқушыларды ғана көре аласыз. Меніңше, мемлекет тарапынан қаржыландыруға да, кабинет бөлмелерін жабдықтауға да, мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыруға және басқа іс-шаралар өткізуге өте ыңғайлы. Бала тәрбиелеудегі халықтың менталитеті мүлдем өзгеше. Біздегі «Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың» дегенді олар түсінбейді, себебі 14-16 жастан бастап жасөспірімдер отбасынан бөлініп, өзінің жолын өзі салуы үйреншікті құбылыс, біздегі ата-анасының жетегімен жүру, қолына қарау - үлкен әбестік, әлсіздік деп саналады. Екі елдің тәрбиедегі нәтижесін көріп отырсам да, ұлттық дәстүрлерімізге шық жуытпау үшін, оны біздің бірлігімізге, ынтымағымызға, кішіге - ізет, үлкенге - құрметке дегенім есіме түседі. Әйтсе де, шектен тыс қамқорлық балаға кері әсерін тигізетіні жеті модульді меңгере бастағаннан маған түсінікті болды. Сонымен, АҚШ-тан үйренеріміз көп екен деген ойға келдім.

Онан кейін мені қызықтырғаны, Ұлыбританияның білім беру жүйесі. Бұл мемлекетте, «білім беру» мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, оны бітіріп колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар ЖОО-на түсе алады. Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі – «академиялық» - таңдаған пәнін тереңдетіп оқу (ол жоғары оқу орнына түсуге жол ашады), екіншісі - «кәсіби» - қолданбалы кәсіби пәндерді қысқартылған оқу жоспарына сәйкес оқытады (www.rusnauka). Ұлыбританияның сын тұрғысынан ойлап оқытуын өзіме басшылыққа алып жұмыс жасауды ұйғарып отырмын. Білім алушылар сол сыни тұрғысынан ойлап теорияны практикамен ұштастырады, мысалы, білім алушы білім ала отырып өндіріске араласа алады. Байқап отырсам, басқа да әлем мемлекеттері саралап оқыту әдісін қолданады екен. Ал біздің елімізде қандай әдістер қолданылуда? Осы арада неліктен біздерге сол елдердің әдісін пайдаланбасқа? Барлық мұғалімдердің оң өзгерістер режимінде жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін әрдайым талмай еңбек ету керек деп ойлаймын. Осындай алға қойған мақсатқа жету жолында, яғни, еліміздің білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуде қосар қомақты үлесіміз қандай болмақ? Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалім тәжірибесіне, сабақ беру шеберлігіне, балалардың білімін бақылауына және өздігінен білім алуына жаңа леп әкелді. Осы орайда, менде мынадай сұрақ туындады: Европа елдеріндегі тәжірибені біздің Қазақстан мектептеріне енгізе беруіміз керек пе? Біздің мектептердің материалдық жағдайы дайын ба? Неге өзгермеске, бәсекелестікке төтеп бере алатын биік біліміміз бен біліктілігіміз ұлтымыздың мақтанышына айналуы керек. Шетел білім беру жүйелері оқушыларды тәуелсіз ойлай және өз бетінше жұмыс жасай алатындай дағдыландырады. Біздің еліміздің жоғары оқу орындарын, практикамен ұштастыратын ғылыми зерттеу лабораториясына неге айналдырмасқа? Бұл мемлекетіміздің қадамдап жететін мақсаттарының бірі. Ресей басылымындарының бірінде Қазақстанның білімді жаңғырту ісіндегі табыстары бәсекеге қабілеттілік жолында нағыз серпінділік танытты деп атап көрсетті. Сондықтан мен де алдағы уақытта мектебіме қалай өзгеріс әкелемін? Мектептерде жоғары cыныптарда бала барлық пәндер бойынша терең білім алып, қалыптасады. Дегенімен, барлық мамандықта ол білімдер толық пайдаланбасы анық. Сонда, біздің білім бір жұмалық, бір айлық, бір жылдық уақытша білімдер болды. Оқытылады, ұмытылады. Яғни білім нәтижеге бағытталмады. Ал шетелде, керісінше. Оқушы бостан-босқа білім алмайды. Мәселен, 7-сынып оқушыларына қандай аквариум сатып алған тиімді екенін анықтау жөнінде тапсырма беріледі. Осы сұраққа жауап беру үшін оқушылар аквариум көлеміне қарай керекті балық санын, олардың тиімді түрлерін, оларға берілетін қорек түрлерін және шамасын, олардың құнын, күтуге кететін шығынды және тағы басқа жағдайларды анықтап, бар шығынды есептей отырып, өз шешімдерін дәлелдеулері керек болады. Міне, осындай қарапайым тапсырманы орындау үшін олар қаншалықты ізденеді. Нәтижеге бағдарланған білім берудің қарапайым бір мысалы - осы. Барлық пәндер бойынша оқушылардың білімдеріне сай осындай нақтылы тапсырмалар берілетін болса, онда олар тек қарапайым білім алушы емес, білім беру үдерісіне қатысушы объектіге айналады. Дамыған елдер қазір осындай білім беру жүйесіне көшкен. Сондықтан, біздің білім көрсеткіштеріміз төмен болып отыр. Осы орайда мен 12 жылдық білім беру жүйесін қолдаймын. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшудің жаңа стандарты дайындалып 2015-2016 жылдан бастау көзделуде. Ондағы біздің мақсатымыз - мектеп оқушысының бойында құзіреттілік қасиеттер қалыптастырып, нәтижеге бағдарланған білім беру болуы керек. (www.alashainasy.kz). Сонымен қатар, қаламызда Зияткерлік мектебінің ашылуы - үлкен жаңалық болды. Министрлік соңғы кезеңдерде «ерте жастан тәрбиелеу жүйесін» енгізгелі жатыр. Бұл да қоғамға енгізіп жатқан бір өзгеріс! Кейбір елдерде балаларды ерте жастан оқыту қарастырылған. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан жақты дамытуға көңіл бөлінеді. АҚШ- та, Ұлыбританияда, Германияда бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Сондықтан, біз де мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұнын және әдістерін қайта қарауымыз керек. Олар әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс. Жас ұрпақ біздің еліміздің болашағы. Бірақ біз өсіп келе жатқан ұрпақ болашағы кімде екенін ойлаймыз ба? Бәрі де мұғалімге, оның сабаққа дайындығына, өз жұмысына деген махаббатына байланысты. Мектеп жаңа өмір үшін күресетін азаматтарды даярлауы тиіс. Сондықтан менің мұғалімдік қызметім сапалық тұрғыда өзгереді деп ойлаймын Өзгеріс маған не үшін қажет? Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Ал өзгеріп жатқан өмірде оқушыға не маңызды? Менің ойымша, ең бастысы - баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту, өз ойын шығармашылық түрде, түйінді қылып тұжырымдауы, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуы керек. Мен өзгерсем оқушыларым да өзгереді. Қазіргі уақытта, Кембридж университеті бағдарламасының әдіс- тәсілдерімен сыни тұрғыда біліктілігімді арттырудамын. Білімге сыни тұрғыда қарау, талдау арқылы менің ішкі әлемім өзгеріске ұшырап жатыр. Бірінші аудиториялық кезеңдегі көзқарасым бүгінгі күні мүлдем өзгерген сияқты. Мен өз пәніме және әдіс- тәсілдерге басқаша көзқараспен қарап, оны іске асыру үшін ұжымымның білім берудегі санасын жақсы жаққа өзгерте отырып, менде көп күш жігер болу керектігін және өзімнің өзгеру қажет екендігін ұғындым.

Қорыта келе, мен дамыған елдердің білім беру саласындағы жетістіктерін зерделеп, солардың ішінде қайсысы менің мектебім үшін қолжетімді және қолайлы деген сұраққа жауап іздедім. Айтар болсам, АҚШ-тағыдай мұғалімдердің біліктілігін коучинг, желілік қоғамдастық арқылы арттырып, сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға бағыт-бағдар беруге және әріптестермен бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасау үшін осындай деңгейлеп оқытатын курстан білім алушылардың санын көбейтсе; Норвегиядағыдай оқушыларды топпен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға, ата-аналармен бірлесіп тапсырмалар дайындауға қалыптастыру арқылы оқу нәтижелерін арттырып, оқушыларды кәсіби бейімділікке бағыттау біздің еліміздің мектептерінде де ерте кезден қолға алынса; Сингапурдағыдай өмір бойы білім алу қажеттілігіне мән беріліп, өзіңнің кәсіби деңгейіңді тоқтатпау үшін әрқашан әріптестермен желілік қоғамдастықта болу керек.











Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012.

2.www.bigox.kz.

3.ҚР президентінің жолдауы 2014ж.

4.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы.

5.Progress in International Reading Literacy Study.

6.Volksbildung.livejournal.com.

7.www.alashainasy.kz.

8.12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.





Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров385
Номер материала ДВ-163315
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх