Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
1 слайд
Жүктілік кезіндегі әйелдің тамақтануы
Орындаған: «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы А.Ж.Дюсенбаева
Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық Колледжі
2 слайд
Жүктілік – әйелдің өміріндегі ерекше кезең.
Сәбидің дүниеге келуін күткенде дұрыс тамақтанудың маңызы екі есе болады. Себебі ол екеуінің де - ананың да, болашақ сәбидің де денсаулығына әсер етеді. Екі қабат кезде тиімді тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударулуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр түрлі болғаны жөн.
Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.
Жүкті әйелдің тамақтану кестесін үш кезеңге бөлуге болады.
3 слайд
Алғашқы кезең
Жүктіліктің алғашқы кезеңінде іштегі шарананың барлық ағзалары, оның жүйелері, талшықтары қалыптасады. Болашақ ананың ағзасына толыққанды ақуыздар мен дәрумендер керек. Мәселен, майы аз ет (қоян, тауық, күркетауық), балық және теңіз өнімдері, қышқыл сүт өнімдері. Жүктілік кезеңінде күріш жеу міндетті. Маусымдық жеміс-жидектер, болмаса мұздатылған түрінде жесеңіз де дәрумені сақталады.
Мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшу керек. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал.
Жүктіліктің І триместрінде
( жүктілік 22 апта мерзіміне дейін) қабылдайтын тамақ калориясы салыстырмалы түрде күніне -1940 кал. болу керек.
4 слайд
Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар.
Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.
5 топ Сиыр майы,майлар,қант
4 топ Ет,балық,жұмыртқа,бұршақтар
3 топ Сүт пен сүт өнімдері
2 топ Көкөніс пен жемістер
1 топ Жармалар,күріш,картоп,нан
Тамақтану пирамидасы
5 слайд
Жүктіліктің екінші кезеңі
Жүктіліктің екінші кезеңінде іштегі баланың бойы мен салмағы белсенді түрде өсе бастайды. Осыған сәйкес ананың жатыры да мейілінше үлкейіп, өсе түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тұтынатын тағамның рационын да ұлғайтқан абзал. Мүмкіндігінше жиі-жиі алайда сапалы тағам жеген дұрыс. Осы кезеңде микроэлементтерге деген сұраныс артады: темір, магний, цинк, селен, кальций, калииге бай тағамдар тұтыну керек. Іштегі бала аналық ресурстарды пайдалана отырып, микроэлементтердің «қорын» қалыптастырады. Бұл дегеніңіз – анасы тарапынан екеуіне де жеткілікті дәрумен тұтыну керектігін аңғартады. Гемоглобинді ет, тауық еті мен балық өнімдерін сондай-ақ көкеніс пен балғын аскөк, қарақұмық, цитрус жемістерін, анар, итмұрын тұнбасын тұтыну арқылы көбейтуге болады.
Жүктіліктің ІІ триместірінде (32 апта мерзімінен босанғанға дейін) қабылдайтын тамақ калориясы салыстырмалы түрде күніне - 2140 кал.
6 слайд
Жүктіліктің екінші кезеңінде тағамның калориясын ұлғайтыңыз. Босануға тың болып аттанасыз. Ет және балық өнімдерін мүмкіндігінше таңертеңнен түске дейін тұтынуға тырысыңыз, ең дұрысы – түскі аста. Ал, кешкі асқа сүзбелі құймақ, бұқтырылған көкөніс, электропешке пісірілген сүзбелі көкеніс тұтынуға әдеттеніңіз. Таза ауаға көбірек серуендеп, физикалық белсенділікті арттырыңыз.
Екінші триместрдің соңғы кезеңінде диетологтар жүкті әйелдерге еттен мүлде бас тартуға кеңес береді. Бұл – талшықтардың серпімділігін арттырып, жеңіл босануға көмектеседі.
Таза су – жүкті әйел үшін аса қажет өнім. Күніне 2-2,5 литр су ішкен абзал. Егер суды көп ішсем ісініп кетемін деген ойдан ада болыңыз. Ісікке апаратын сіз тұтынған су емес, тұз болуы мүмкін.
7 слайд
Мүмкіндігінше тағамның бәрін бірден тұтынбауға тырысыңыз. Мәселен, сорпа және екінші ыстық тағам оған қоысмша десертке арналған тәттіні бірден тұтынбаңыз. Бұл – асқазанды толтырып, балаға жайсыздық тудыруы мүмкін. Ауыр қорытылып, ағзаға баяу таралуына кедергі келтіруі ғажап емес. Мүмкінідігінше жиі-жиі аз-аздан жеңіз. Тамақтанғаннан кейін кемінде 10 минут тынығыңыз. Серуендер алдында тамақтануға бейімделіңіз.
Тамақты дұрыс пісіру – ағзаңыз үшін аса қажет минералдар мен дәрумендерді сақтауға көмектеседі. Тағамды бірнеше рет қайта ысыту зиян екенін естен шығармаңыз. Мүмкіндігінше тағамды буға пісіруге, пешке пісіруге немесе бұқтыруға тырысыңыз.
8 слайд
Жүктіліктің үшінші кезеңіндегі тамақтануы
Жүктіліктің ІІІ триместрінің орта шамасынан бастап қолданатын азық-түлік калориясын 200-300 кал азайтуға қажет, яғни кондитерлі тағамдарды, семіз етті қолданбау. Ірімшік пен қаймақтың майлылығы аз түрлерін қолдану.
Көкөністердің шикі түрде жеуге болатын түрлерін, жеміс- жидектерді көп қолдану.
Жүктілік кезінде А дәруменінен бас тарту қажет. А дәрумені кей жағыдайларда эмбрионды зақымдауы ықтимал. А дәрумені көбіне малдардың бауырында болады. Және жүкті аналар кофе мен шайды, коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны дұрыс.
9 слайд
Ағуыз – өсу үшін ауыстырылмайтын зат. Сондай-ақ ағуыз анасының құрсағындағы баланың дамуы үшін өте маңызды. Оның арқасында бала өсе алады. Жеңіл сіңірілетін ағуызды мал өнімдерінен де: жұмыртқадан, тауық етінен, ірімшіктен, балықтан, сиыр етінен, сондай-ақ өсімдік өнімдерінен де: сұлы, жүгері және бидай қауыздарынан, макароннан немесе қоңыр күріштен табуға болады. Көкөністер мен жемістерді үнемі қолдану керек.
10 слайд
Көмірсуларға қатысты жүктілік кезінде, әсіресе төртінші айдан кейін, тағам құрамында түсетін рафинадталған қантты, кондитерлік тағамдарды, кәмпитті, балқайнатпаны шектеу қажет, өйткені олар ана мен ұрықтың аллергиялық ауытқуына, зат алмасу процес-стерінің бұзылуына, екі қабат әйелдерде семіздіктің дамуына және жас сәбидің артық дене салмағына әкеліп соғуы мүмкін. Екі қабат әйелдерге құрамына өсімдік клетчаткалары кіретін ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, әр түрлі көкөністер және жемістер пайдалы.
11 слайд
Майлар екі қабат әйелдердің рационында тез сіңетін (сарымай және өсімдік) маймен, қаймақпен берілген. Нашар қортылатын (қойдың, шошқаның, сиырдың) майларды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Майлар тамақтың құнарлығын және дәмдік сапасын арттырады, организмге майларда еритін витаминдердің (А,Д,Е) түсуін қамтамасыз етеді. Өсімдік майының (жүгері, күнбағыс) құрамында жүктілік дамуы үшін керекті Е витамині бар.
12 слайд
Жүкті әйелдерге кеңес:
Хот-дог жемеу
Жұмсақ сырдан бас тарту. Қатты ірімшіктің зияны жоқ
Шикідей мұздатылған паштет немесе ет пасталарын сондай-ақ теңіз өнімдерін жемеген дұрыс.
Шикі көкеніс, пастерленбеген шырын, пішенай, жеткілікті деңгейде термикалық өңдеуден өтпеген ет және құс өнімдері, піспеген жұмыртқа жеуге мүлде болмайды. Мұндай өнімдерде Сальмонелла атты таксин бар.
Тәттін азайту.
Ашығу, түрлі диетаға әуестенуге болмайды.
Артериалды қан қысымын ұдайы өлшеу, гинеколог-дәрігердің қабылдауына қалмай барып тұруға кеңес беріледі.
13 слайд
Қорытынды
Жүктілік кезінде тиімді тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударылуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр түрлі болғаны жөн. Тағам рационында тағамдық және биологиялық құндылықтар жеткілікті мөлшерде түсіп отыруы тиіс. Организмдегі барлық зат алмасу процесстеріне қатысатын ең маңызды витаминдер мен минералды заттектердің көзі болып табылатын көкеністер мен жемістерді пайдалану. Ұрықтың дамуы үшін фолий қышқылы, темір, йод, мырыш және қанықтырылмаған май қышқылдары сияқты қоректік элементтер аса маңызды. Бұл элементтер аспен бірге дұрыс үлесте ағзаға түсуі қажет. Жүктілер және емізетін аналар емдәмдеріндегі қателер, әсіресе, ағза осы элементтердің қажет мөлшерін алмаған жағдайда пайда болады. Негізгісі - не жеп отырғаныңды білу. Ана болуды жоспарлайтын әйелдер дұрыс тамақтану ережелерін білулері қажет.
14 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!
Жүктілік кезіндегі әйелдің тамақтануы
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Жүкті әйелдің жүктілік басталғаннан кейінгі қалай дұрыс тамақтану керектігі жөнінде ақпараттандырылып жазылған.жүкті әйелге бірінші кезеңде,екінші кезеңде,үшінші кезеңде қалай дұрыс құнарлы сіңімді, іштегі ұрыққа зиянынды емес дәрумендері мол тағамдарды ұсына отырып оларға кеңес бере отырып фото суреттерімен бірге көрсетіп сол бағытта ұйрету
7 348 355 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенбаева Айгерм Жанкелдыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 326 673 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.