Инфоурок Другое СтатьиЖаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы

Скачать материал

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы артуда. Зерттеулерде ішкі және сыртқы саралау түрлері айқындалған.

Ішкі саралау  кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.

Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарында білім алушы оқушылар үшін факультатив  және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді. Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған сипаттамалар бойынша саралаудың төмендегі алты түріне тоқталғым келеді:

1. Мақсат бойынша саралау

  Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.

2. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау

 Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.

 Тарих және география пәндері бойынша негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.

3. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)

 Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әр түрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады. Мүмкін, олардың пікірі де дұрыс болар, бірақ өз деңгейі үшін күрделі болып шамасы жетпей немесе тапсырма өте жеңіл болғандықтан қызығушылықтың жойылуымен салыстырсақ, әлеуметтік салдардың рөлі төмен деуге болады.

Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс (мүмкіндіктеріне сай жобаның бөліктерін орындау т.б.) барысында қолданған дұрыс болар.

Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Бастапқы тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, кейбір оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар күрделірек болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған қабілетті оқушылар үшін қиындық туғызбауы да мүмкін. Мұғалімдер саралаудың осы түрін қолдану тиімді деп санайды, себебі баршаға бірдей тапсырмалар мен таратпа материалдар дайындалады. Дегенмен, қабілеті жоғары оқушылар бастапқы, яғни өздері үшін тым жеңіл тапсырмаларды орындау барысында уақыт жоғалтады.

4. Диалог негізінде саралау

 Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.

 Сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет.

Класты басқарушы тәжірибелі мұғалім әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсына білуі тиіс.

5. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау

  Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін  арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.  

 Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық   технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты, сабақ жоспарын мұқият ойластырған мұғалім ғана педагогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады.

6. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау  (топтық жұмыс)

   Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы"
Смотреть ещё 5 584 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы артуда. Зерттеулерде ішкі және сыртқы саралау түрлері айқындалған.

Ішкі саралау кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.

Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарында білім алушы оқушылар үшін факультатив және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді. Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 230 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 30.09.2020 1780
    • DOCX 19.3 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратбеков Жаркын Токтасынович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратбеков Жаркын Токтасынович
    Муратбеков Жаркын Токтасынович

    учитель

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 117420
    • Всего материалов: 25

    Об авторе

    Категория/ученая степень: Первая категория
    Мен Муратбеков Жарқын Токтасынұлы 1985 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылында дүниеге келдім. 2003 - 2008 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін неорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша аяқтадым. 2010 - 2012 жылдары АГУ-дің информатика пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтадым. Қазіргі кезде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылында информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарамын

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 210 355 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 584 курса