Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңа бетбұрыс - заман талабы (Эссе)

Жаңа бетбұрыс - заман талабы (Эссе)

Скачать материал

 

 

 

Карабалаева Карлығаш Амантайкызы

Жаңа-ұйым шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі

Төлеби ауданы

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Жаңа бетбұрыс - заман талабы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

 

Ахмет Байтұрсынов

 

Мұғалімнің   жетіктілігі- оқу сапасын көтерудің және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуының негізі.  Қазір  30 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ дайындап беретін ұстаздар қауымы. Ендеше жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда  өмір сүретін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу- аса күрделі де, жауапты жұмыс. Бір сөзбен айтқанда, мұндай іске ұстаздардың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік біліктілігі, жоғары адамгершілік қасиетімен бірге, кәсіби жетіктігі  мемлекеттік білім стандартына сәйкес болуы керек. Мұғалімдерге қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар оқыту технологиясын шебер меңгеру үшін оқыту әдістерінің барлық саласындағы өзгерісті жетік білулері қажет. Ұстаздық шеберлікті игеру оңай емес, жоғарыда айтқандай, оқыту әдістемесін жақсы игерумен бірге барлық білім салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, ең тиімді деген әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдана отырып жұмыс істегенде ұстаздар мақсатына жетеді. Бүгінгі  жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін  дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны  тәрбиелеуі тиіс екендігін негізге ала отырып, өз білімімді ары қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру «Жаңартылған білім беру бағдарламасы»курсын аяқтадым. Бұл бағдарламаның мақсаты:

Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Осы курс барысында оқушыларға қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылатынын түсіндім. Яғни, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары болып саналады екен. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор.

 Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі.

Курсты оқу барысында жаңа жаратылыстану пәні енгізілетінін білдік.

Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда   табиғи білімқұмарлықтың дамуына, əлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың жəне қоршаған əлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған əлемді қорғау жəне бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пəнін оқу жəне меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:

- қоршаған əлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи

құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;

- өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен

үрдістердің себептерін;

- жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-əрекет

түрлері үшін маңыздылығын.

Атаулы пəнді оқу қоршаған əлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына жəне күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық жəне зерттеу əрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектесетінін түсіндім.

           Білім беру саласындағы күтіліп отырған өзгерістердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана  иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне, дағдыларын қалыптастыруға, ішкі, сыртқы уәждерін қанағаттандыруға мүмкіндік берері сөзсіз екенін айта аламын. Сонымен қатар  оқушының өз ойын еркін жеткізуге,тұжырымдама жасауға, шешім қабылдауға үйрету, сауаттылығын, қабілеттілігін, білімі мен дағдыларын дамтуға метасанасын оятып, танымын кеңейтуге бағытталған. Алайда осы тұста мұғалімдерге әрқашан теориялық білімдерін кеңейтіп, методикалық әдіснамаларын арттырудың қажеттігі туындайды. Мүғалімдерге үлкен сенім артылады. Ең бірінші мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Оқыту барысында жаңалығын түрлендіру барысында өз үлесін қосу, жаңа ортаға икемдеп,өзіндік іс-әрекет жасау арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады деп есептеймін.

    Баланы дарынды, бойында күш қуаты жеткілікті екендігін сендіру ұстаз бойындағы құдіретті күш, себебі сенім жеңіске жетелейді.  XXI  ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін мұғалімдердің өздері де аталған дағдыларды меңгерулері тиіс.    Демек, білім саласындағы жаңа бастаманы тиімді жұмыс барысына енгізе білу Сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер.

      Сөз соңында Ғафу Кайырбековтың бір шумақ өлең жолдарымен эссемді аяқтағым келеді:

                                                                Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                                                                Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

                                                                Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                                                                Ұстаз болу – адамның асылдығы.

 Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа бетбұрыс - заман талабы (Эссе)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 862
    • DOCX 199.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карабалаева Карлыгаш Амантайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5101
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе