Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал ету
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал ету

библиотека
материалов

«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер » модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ

Мерзімі:

08.10.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал ету

1

Жалпы мақсаты

Коучинг сессия қатысушыларына оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің кейбір элементтерін үйрету, оларды өз сабақтарында тиімді қолдана білудеріне бағыт-бағдар беру.

2

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысады, бірін-бірі формативті және жиынтық бaғалау, критериалды бағалау түрлері арқылы бағалайды, сабақтарында қолдана алады.

3

Түйінді идеялар

Жаңа әдіс-тәсілдер

4

Материалдар және ресурстар

Қобдиша, суретті фишкалар,түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер.

Сабақтың барысы

Коучинг сессия кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

5 мин

«Ақ тілек»

Қатысушы мұғалімдері ортаға шеңбер құруға шақыру. Шеңберде тұрып бір-бірін жаңа оқу жылымен құттықтап, тілек айтуды ұсыну.

Шеңбер құра тұрып, бір-біріне смайлик допшасын ұсынып жаңа оқу жылымен құттықтау, тілек айта отырып смайликті келесі адамға ұсыну. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

Ой қозғау.

5 мин.

Сабақ үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыздар? Қайсы әдіс-тәсіл сізге ұнады? Жаңа әдіс-тәсілдерді сіздің оқушыларға қалай әсер етті? Оқушыларды шығармашылық тұрғыдай дамыта алдым деп ойлайсыздар ма?

Қойылған сұрақтарға қатысты өз жауаптарымен бөліседі, жаңа әдіс-тәсілдер жайлы өз пікірлерімен бөліседі.

Шағын топқа бөлу.

2 мин.

Суреттті фишкалар бойынша топтарға бөлу.Топ ұстанымын құрғызып,коучингке қатысушыларды жауапкершілікке шақыру.

Конверт ішінен фишкаларды алып топтарға бөліну. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі.

«Құпия зат»

8 мин

Құрметті әріптестер! Алдарыңызда тұрған қобдиша ішінде бір зат жасырылған. Сол затқа әр топ 5 сұрақ қоюы керек. Жеңіл сұрақтар қоюға болмайды! Тек жоғары деңгейлі сұрақтар болуы қажет.

Қобдиша ішіндегі затқа өз болжаулары бойынша 5 сұрақ қояды.

«Әліпби желісі»

6 мин.

Бұл тапсырма оқушының сын тұрғысынан ойландыруға бағытталған. Тапсырманы орындау үшін әр топтан 1 адам шығу керек.

Тапсырма шарты: Қобдиша ішінен шыққан затты алфавит реті бойынша сипаттап шығу. Әр қатысушы 2 сөзден айту.

Ең тапқыр қатысушыны бағалау.

Өз топтары ішінен 1 адамды ортаға шығарады. Ол адам өз реті бойынша қобдиша ішінен шыққан затты сипаттайды.

Сергіту сәті.

«Любимые фразы учителей»

5 мин

Мұғалімдер жайлы қызықты бейнематериалды тамашауды ұсыну.

Мұғалімдер жайлы қызықты бейнематериалды тамашайды.

«Топтық әңгіме» әдісі

10 мин.

Ас тұзы туралы 20 сөзден тұратын сөйлем құрастыруларына бағыт-бағдар беру.

Ас тұзы туралы 20 сөзден тұратын сөйлем құрастыру. Келесі топты «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жасау.

« Қатені табу»

10 мин.

Тапсырма шартымен таныстыру, қажет болған жағдайда интернет материалдарын қолдануға рұқсат беру. Өз-өздеріне бағалау жасату.

Топ мүшелерімен кеңесе отырып ас тұзы жайлы 3 ұйғарым жазу. Ол ұйғарымның біреуі жалған. Келесі топпен алмасу, жалған ұйғарымды тауып, жалған екендігін дәлелдеу.

Рефлексия

5 мин.

Сіз бүгінгі коучинг сессиядан қандай әсер алдыңыз? Осы әдістерді өз практикаңызда қолдана алар ма едіңіз?

Сабақты қорытындылау сұрақтарына жауап береді. Әдістер жайлы, орындалған тапсырмалар тақырыбында өз ойын айтады.

Қорытындылау

5 мин

Бағдаршам арқылы сабаққа қорытындылау жасату. Стикерге кері байланыс жаздырту.

Коучинг сессия қатысушыларға сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» бағдаршам арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жазу.

Бақыт сыры

Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Данышпан: Қалай, сарайды аларап шықтың ба?
Жігіт: Иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.
Данышпан: Үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бағбанымның он жыл еңбектенген бақшасын, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?

Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолында ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «Айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «Бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға келіп баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда?» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.

Сол кезде данышпан былай депті: «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...»

Сол кезде данышпан былай депті: «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...

Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров165
Номер материала ДВ-242109
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх