Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңа форматтағы үш айлық курс: "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"

Жаңа форматтағы үш айлық курс: "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"

Скачать материал

Есмұрат  Сиқымов  атындағы  орта  мектебі  мектепке  дейінгі  шағын  орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа форматтағы  үш  айлық  курс:

 

«Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш  сынып  мұғалімі:  А.Н.Жиенбаева

 

 «Бала -  балқытылған алтын, оны қандай

 қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын

                                                   десе де, мұғалімнің өз қолында»

К.Ушинский

 

   Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, қажырлы еңбекті етуді қажет етеді, алайда   тәсілдерді тиімді пайдаланғанда  мектептің оқу-тәрбие  үдерісіне  оң әсерін тигізеді.

   Сындарлы  оқытудың мақсаты - оқушының  пәнді  терең  түсіну қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген жағдайда тиімді пайдалана  білуін қамтамасыз  ету.  (Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық , 2012 -6-бет).

   Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.  Үшінші  деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған.

Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:
 
1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа
тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.
2.Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің
сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалаудың түрлері туралы
теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды
оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және  оқу. Оқу барысында сыныпта
жасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.
7.Оқытудағы  басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату
арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.
  Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған.

 Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын игеруге мүмкіндік береді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген  анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.
Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың   өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтуы  болып  табылады. Оқыту  табысты болып саналуы  үшін   мұғалімнің   Шульман  айтқан  «үш көмекші»  болуы  шарт. Шульман ілімі бойынша  ол үш  көмекші :
Бас - Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді
Қол - Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - Кәсіби адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады.
  Бағдарламада  сонымен  қатар  адамдардың  қалай  оқитындығы  туралы  білім  саласындағы  заманауи  жетістіктері  жайында зерттеуші үш  топ  «теориялық  экспедициялардың» : әлеуметтік  психологтардың,ынталандырушы, аффективтік теоретиктердің,  когнитивті  психологтардың және  нейроғылым  өкілдерінің    идеялары  жайында  мәлімет  берілген. Ол   «тауға  көтерілу» аналогиясы  деп  аталады.

Когнитивті  психологтар    белгілі  бір  материалды  қабылдауға  байланысты  адамдардың  санасында  болып  жатқан  үдеріс  мәселелерін  зерттейді.Когнитивті  үдерістер - есте  сақтау, қабылдау.Жан Пиаже  өз  теориясында  когнитивті  психология  әлемінде  ойлауды  дамыту  теориясы  тұрғысынан  басымдыққа  ие  болған.

Нейроғылым – қысқа  мерзімді  жадыда  ақпаратты  ұйымдастыру  және  рефлексивті  ойлаудың  динамикалық  үдерісінің  басым  бөлігі  маңдай  бөліктеріндеөтетіндігін  дәлелдейді.қысқа  мерзімді  жады  -ақпаратты  белсенді  ұйымдастыру,өзара   байланыс орнату немесе  проблеманы  шешу, есеп  шығару мақсатында немесе  іштей  ойлану  арқылы  ұзақ  мерзімді  жады  мүмкіндіктерін  өрістету.Ұзақ  мерзімді  жады  керек  кезінде  алып  пайдалану  үшін  сақталатын  ақпарат  ретінде  сипатталады.

Оқудың  ынталандырушы  және  аффективті  теорияларын зерттеуші  атақты  ғалым Авраам  Маслоу  өзінің  «қажеттіліктер  иерархиясын» ұсынған.

Адамның өмірдегі  қажеттіліктері  пирамида   бойына  өзара  реттілікпен иерархиялық деңгейлер   түрінде қарастырылады:

– өзін-өзі өзектендіру – мораль, креативтілік (жасампаздық), проблемаларды шешус.с. т.б.;

– сыйлы болу – сенімге тұрарлық, құрметке лайық болу, қадір-қасиетін бағалау, табысты болу және т.б;

– иемдену – махаббат, сүйіспеншілік, достық, сырластық, отбасыс.с. т.б.;

– қауіпсіздік – қоршаған орта, жұмыс орны, ресурстар, денсаулық, мүліктің, т.б.қажеттіліктердің  мүлтіксіз сақталуы;

– физиологиялық қажеттіліктер – ауа, қорек, су, жыныстық қатынас, ұйқы және  т.б. факторлар.

  Карл  Роджерстың  «Мен»  тұжырымдамасы тұлғаны  алға  жылжытатын,біздің  мінез - құлқымызды  бағыттайтын, өзін-өзі  реттеуге  жетелейтін  әлеуметтік  стимул  болып  табылған  әртүрлі  жеке  сипаттарға  ие  барлық  когнитивті  және  аффективті  компоненттердің  үйлесуі  болып  табылады.  «Мен»  тұжырымдамасын  қорғап  тұратын  екі   маңызды  мотив  олар: өзін-өзі  сыйлау  және өзін-өзі  бақылау.

Әлеуметтік-мәдени  теориядағы  маңызды  ұғым  Л.Выготскийдің –Жақын Арада Даму  Аймағы. ЖАДА – негізінде  бұл  түсінік  адам  өзбетімен  игере  немесе  орындай  алмайтын, бірақ  біреудің  көмегімен  үйрене  алатын  барлық  білімдер  мен  дағдыларды  қамтиды.  

   Ғалымдардың зерттеуі барысында  жеткен  жетістіктер  дәлелдегендей, сабақ  кезеңдеріндегі  диалогтің орны бөлек. 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта  келтірілгендей  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаған. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер   Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге  асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.

Мерсердің зерттеуіне  сәйкес әңгімелесудің оқушының білім  алу  барысындағы  алатын  орны  ерекше. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудың Мерсердің (2000) зертттеуі бойынша 3 түрі бар:

-         Әңгіме-дебат

-         Топтық әңгіме

-         Зерттеушілік әңгіме   

 Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келеді. Бұл әдіс сыныптағы «үндемес»,баяу, салғырт  оқушының сабаққа деген  ынтасын  оятады. Себеб,і ол  басқалармен бір топта жұмыс істеп, ой  алмасады, өзін  көрсетуге  тырысады. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытады. Топ жұмысына өз үлесін қосып, жаңа қырынан көрінуге  ұмтылады.

 Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық, жұптық  жұмыс арқылы жүзеге асырылады.Оқушылар  сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікірлерін айтып, талқылап, ой  қорытады.

   Мерсер  мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын  атап  көрсетті.Диалог,яғни  сыныптағы  сұрақ  қою  үлгісі  "бастама - жауап - кейінгі әрекет"  (БЖӘ) нысаны бойынша жүзеге  асырылады. Сұрақ  қою  маңызды  дағдылардың  бірі  болып  табылады, себебі     дұрыс  қойылған  сұрақ  сабақтың  тиімді  өтуіне ықпал  етеді және оқушылардың  оқуына   қолдау  көрсетіп, оның   сапасын  арттырады.

Сұрақ қою:

 1.Түрткі болу

2. Сынақтан өткізу

3. Қайта бағыттау   деп  аталған  3 техникадан  тұрады.

   Мұғалімдер   бастапқыда  қоятын     сұрақтар  ғана  емес, оқушылардың  жауаптарынан  соң  да  туындайтын  сұрақтар  маңызды. Мұғалім  оқушылардың  жауабын   олардың  білім  деңгейлерін  тексеру  үшін  ғана  емес, оларға  өз  ойларын  анық  жеткізуге,дамытуға  және  кеңейтуге  мүмкіндік  беру  мақсатында да  пайдаланады. Нұсқаулықта сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде  мұғалім оқушының жауабын  алғаннан  кейін  де  кідіріс жасау  жасау қажет  екені  атап  көрсетілген.  Харгривс пен Гэлтон  жалпы алғанда, мұғалім сұрақ  қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол  сұрақты өзге  оқушыға басқаша  қоймас  бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін  анықтаған. 

Оқушылардың сыныптағы бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігі тураллы да  осы нұсқаулықта айтылған. Олар :

- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

- оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

- мұғалімдерге  оқушыларды оқыту  барысында олардың  оқушылары қандай  деңгейде екендігін түсінуге  көмектеседі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық  39-бет)

Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйренеді. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды.  Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеру  қажет. 

Өздігінен  реттелетін  оқудың   үш  элементі  аса  маңызды  болып  табылады.

-тапсырмамен  жұмыс  барысында  өздігінен  бағытталушылығы;

-оқушының  проблемалар  мен мақсаттарды  өздігінен  айқындауы;

-проблеманы  шешу  мен  мақсатқа  жетудегі  әдіс-тәсілдерді  өздігінен  таңдауы.

 Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.

   Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық.жұптық  жұмыстардың  тиімділігі  өте  зор. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, 11бет), деген түйінді  ойды негізге  алып, оқушылармен  өзара ынтымақтастық атмосферасын құру өте  маңызды. Себебі, топ мүшелері бірге жұмыс жасаған  кезде, топта ынтымақтастық атмосферасын  орната  отырып, жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеруге, ізденуге  мүмкіндік туады.

 Сонымен  қатар  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықта  Джин  Раддок  «Оқушы  үнінің» жақтаушысы  ретінде  «Оқушылармен  пікірлесудің  мақсаты- қабылдаушының  көзқарасы  тұрғысынан  алғанда  оқудың  не  екенін  түсіну,жекелеген  оқушылар  мен  топтар  үшін  оқуды  қалай  жақсарту»  екендігін  жазды. «Оқушы  үні» жобасы:

-оқушының  оқу  мен  оқыту  туралы  пікірлерін  ескеру;

-оқушыға  кеңес  берудің  әдіс-тәсілдері  бойынша  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық  әзірлеу;

-мәдениет  мектептерінде  ашық  және   қауіпсіз  диалог  құрудың  проблемалары  мен  мүмкіндіктерін  анықтау.

Сонымен  қатар  осы  жобада  « мадақтау  және  жазалау  жүйесін  өзгерту»  тақырыбына  кеңестер  берілген.

  Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі  бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Мемлекетіміздің  білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген. Осы  мақсатта сындарлы оқыту теориясы жүзеге асырыла бастады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастыру - сапалы білімге  қол  жеткізудің  тікелей тиімді  жолы.


        Қиялды  және  белсенді  оқу  дағдысын  қалыптастыру

 

І. Итермелеу  сатысы:

1.Суреттермен  жұмыс.

2. Сұрақ-жауап  минуты:

Мұғалім:

-Велосипед  туралы  не  білеміз?

Оқушы:

-

Мұғалім:

-         Оны  алғаш  ойлап  тапқан  адам  туралы  білесіңдер  ме?

Оқушы:( ұялы  телефон  көмегімен  ғаламторға  жүгіну).

-

Мұғалім:

-          Оның  тағы  қандай  түрлері  бар?

Оқушы:

      -

 

Мұғалім:

-         Қолшатыр  туралы  не  айта  аласыңдар?

 

Оқушы:

-

 

Мұғалім:

-Бұл  екеуінің  арасында  қандай  байланыс  болуы  мүмкін?

Оқушы:

-

Мұғалім:

-келесі  тапсырма: кластерлеу.

 

Мұғалім:

-         Енді  осы  сөздерді  пайдаланып  қандай  әңгіме  құрастырар  едіңіздер  немесе  жаңалық  ашар  едіңіздер  соны  ойланыңыздар. 2 минут  уақыт  беріледі.

-         Енді көршіңізге  бұрылып, өз  идеяларыңызды  ортаға  сала  отырып, бірлесіп  жазып  шығыңыздар. 3 минут  уақыт  беріледі.

-         Ал, кім  өз  шығармасын  немесе  жаңалығын  оқиды?  

ІІ.Конструкциялау  сатысы.

Мұғалім:

-Қазір  сіздерге  бір  ойшыл  адамның  жаңалығы  туралы  айтып  берейін. Сол  әңгіме  бойынша  талқылау  жасаймыз.

Әңгіме :

-         Бірде  бір  ойшыл  адам  өз  велосипедін  жетілдіріп, жаңалық  ашпақшы  болады. Сөйтіп  мол  ақшаға  кенелгісі  келеді. Ол  велосипедін  жетілдіреді, айналадағыларға  тамашалатады. Оның  жаңалығы:  велосипед  руліне  қолшатырды  мықтап  бекітіп, көлеңке  түсіп  тұратындай  жасады.(Бұл  туындысын  бренд  ретінде  саудаламақ  болды).

Мұғалім:

-         Сонымен  кімде  сәйкестік  бар? Кімде  сәйкестік  жоқ?

-          Ал  айналасындағылар  қалай  қабылдауы  мүмкін  деп  ойлайсыңдар?

-         Олар  сатып  алуға  келісе  ме?

-         Ойланыңыздар  және  топтарыңызда   талқылаңыздар, қорытынды  шығарыңыздар.

-         Ол  неге  осы  әрекетін «жаңалық»  деп  санады?

-          Қандай  қорытынды  шығардыңыздар?

-          

ІІІ.Сабақты  аяқтау.

Бағалау.

Талқылауға  қатысу-1 балл

Көзқарасын  жеткізу, оны  дәлелдей  алу-3 балл

Анықтама, дәйектемелер-3 балл

 

Кері  байланыс:

Білдім

Білемін

Білгім  келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.     Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық.

2.     «Әрекеттегі RWCT философиясы  мен  әдістері» С.Мирсеитова.

3.     «Елназар» республикалық  журналы

4.     «www.Infourok» сайты

5.     « www.sabaktar.kz» сайты

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа форматтағы үш айлық курс: "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.09.2015 3690
    • DOCX 86 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жиенбаева Айнагуль Нурболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8359
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек