Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Статьи / Жаңа форматтағы ұстаз келбеті
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жаңа форматтағы ұстаз келбеті

библиотека
материалов



Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын ұстаздық мамандыққа арнаған ұстаздарымыз жетерлік. Бүгінгі таңда ұстаздарымыз жүгі ауыр. Заман талабына орай түрлі технологиялар, әдіс- тәсілдер т.б. келіп қосылуда. Дегенмен, елімізде ұстаздардың сапалы және нәтижелі білім алуына барлық жағдай толық жасалған. Оның дәлелі - ұстаздардың «Өрлеу» БАҰО «АҚ» филалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерін оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін оқып- үйрену курсы.

Уақыт талабы мен заман талабына сай ұстаздардың үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған, оқушылардың пәнді терең меңгеруін ұйымдастыра білу, алған білімдерін өмірде қажеттілігіне орай кез келген жерде қолдана білуін қамтамасыз ету мақсатын қоя білген берері мол курс болды. Курста алған білімдерімзіді тереңнен түсініп, шығармашлыығымызды шыңдап, алдымыздағы жас жеткіншектерге сындарлы теорияны ұғындырып, сыни тұрғыдан ойлана білетін, әділ бағалау жүргізе алатын, АКТ меңгерген талантты да дарынды көшбасшы тұлға тәрбиелеу басты мақсатымыз болды десем қателеспейтін шығармын. Себебі, біздің 3 ай көлеміндегі алған білімдеріміздің негізінде тізбектелген сабақтарымыздың жоспарын жасап, әртүрлі ауыл-аймақтардан келген әріптестеріізбен желілік байланыс құрып, әртүрлі мәселелерді ортаға салып талдап, жан-жақты зерттеп, оқтақ ой пікір айтып, мәселенің шешеу жолдарын табуға тырсатын болдық. Бұл да, осы 3 айлық курстың басты бір жемісі болды деп ойлаймын.

Менің өз іс-тәжірибемнен атап айтатын болсам, осы курсты тәмәмдап келгеннен кейін менің шәкірттерім қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығы артып, үйге берілген тапсырмаларды үнемі орындап, келесі сабақты асыға күтетін болды. Сабақтарда пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқушының білім сапасының артуына, мол ықпалын тигізуде.

Бағдарламаның әр модулі мен ондағы стратегиялар бір- бірімен байланысып, шебер үйлескен.Бірінен- бірін ажырату мүмкін емес.Мысалы, «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер»модулінің , «Диалог негізінде оқыту оқу» тәсілі оқушылардың өзіндік ой- пікірінің дамуына септігін тигіссе, « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдірсе, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі оқушыларды алға ынталандырып,бірін- бірі бағалауға үлкен қадам жасауға жетелейді. Диалог негізінде оқыту және оқу (Мерсер,1995, Александр, 2008;Выгодский , 1978) ‘ «Диалог негізінде оқыту және оқу’ тәсілін өз оқыту тәжірибесінде қолдану өте тиімді, сұрақ қою арқылы оқушыларды ойландыру, талдау, қайтадан ойлау, қабілетін жетілдіруге тиімді іс-әрекет» қамтылады.
Әр сабағымда сандық технологияны,АКТ-ны қолданудамын.Сабақтарымда «Топқа бөліну», «ЖИГСО» стратегиясы, «Ментальді карта», «Рөлдік ойын», «АВС» стратегиясы, «Венн» диаграммасы, «Текстологиялық карта», «Семантикалық карта» , «Ыстық орындық» , «Өрмекші торы», «Келісемін, келіспеймін», «Сурет галереясы» т.б. жиі қолдандым.Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші екенін әсте еш естен шығармай, оқушыларға тек бағыт- бағдар беріп, жөн сілтеймін. Оқушыларымның алдына нақты мақсаттар мен міндеттер қою арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатын түсіндірдім. Курсты өтіп келгеннен кейін мұғалімнен гөрі оқушыларым үшін жанашыр дос кейпіне ауыса бастадым. Өзім сабақ беретін сыныптар мені әр күн қуана қарсы алды.Өзімнен де өзгеше сабаққа деген құлшынысты сездім.6а сыныбындағы сабақта үнемі үнсіз отыратын, өзіндік пікір айтудан қалыс қалатын Айбарым ашыла сөйлеп, өзінің пікірін дәлелдеп, қатарынан қалмай, бұрынғы тұйықтығынан арылып, ашыла түскенін байқадым.Сыныбымыздың белсендісіоқушылардың қатары көбейді.Топпен жұмыс барысында оқушылар арасында бір- біріне деген ерекше құрмет, сыйласымдық,тыңдай білу мәдениеті, өзгенің пікірімен санасу,үлкен жауапкершілік т.б. қасиеттер толық көрінді. « Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген данышпан А.Эйнштейн сөзін сөзін еш ұмытпай,сабақта оқу іс- әрекетін ұйымдастырып,бағыт пен түрлі идеяларды ойластырып, сабағымды түрлендіріп өткізіп, сыни тұрғыдан ойлана алатын, бір-бірін әділ бағалайтын, табыс критерийлерін дұрыс қолдана білетін оқушы қалыптастырудамын. Менің деңгейік курста алған білімнің нәтижесінде көптеген жетістіктеге қол жеткіздім. Атап айтатын болсам, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйреттім. Қазіргі таңда үлгерімі нашар оқушыларым сабаққа қызығушылығы артып, әдебиет сабағынан бір-екі шумақ өлеңдер жаттап, өз бетімен көркем шығармаларды сұранып оқитын болғаны деңгейлік курстан алған білімімді іс-тәжірибеде қолданудың нәтижесі деп білемін.
Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деген болатын. Болашақта менің оқушыларымның саналы, парасатты , білімді боларына сөзсіз сенемін. Себебі, сыни көзқарасы қалыптасқан , сындарлы ойлай білетін жас ұрпақ біздің кемел болашағымыздың тірегі блады деген ойдамын. Алматы облысы Алакөл ауданы Бұлақты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрбай Маржан

Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров109
Номер материала ДБ-052997
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх