Инфоурок / Другое / Конспекты / ЖАҢА ӘЛЕМ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР

ЖАҢА ӘЛЕМ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

ЖАҢА ӘЛЕМ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР

Л.Д.Трумбетова

Елек орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі


Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын жан - дамыту болып, жаңа заман талабына сай жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,- деп көрсетеді С.В. Селевко.

Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:

1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.

4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.

5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.

6. Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.

7. Сыни ойлауды бағалау.

8. Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.

«Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұратындығын айтқанбыз. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарларын осы үш саты бойынша құрады. Әр кезең «стратегиялар» арқылы жүзеге асады. СТО жобасында 80 ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтейік.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.
Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Жоғарыда стратегиялар (әдіс) туралы сөз қозғадық. Мысалы, көптеген СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер «еркін жазу», «Венн диаграммасы», «дөңгелек үстел», «эссе жазу», «қос жазба күнделігі», «ЖИГ СО», «Көп деңгейлі сұрақ» т.б. Түсініктірек болу үшін солардың біразына сипаттама берейік.
Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады.
Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды.
Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау-сұрақ-тары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты қорытынды шешім қабылдатады. ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау.
Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.
Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ЖИГ СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Осылайша сыни ойлауды дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:

- айқын мақсат қоя білу;

- белсенді қатысуды қолдау;- жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;

- өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру;

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;

- оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;

- басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;- өзгеруге стимул

болады;- сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.
Оқытуда сөздік әдістер. Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп - бекіту. Бірінші ¬жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші – берілген мазмұнды баяндау, үшінші – оқытуды аяқтау бөлімі.Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.

Сократтың мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған. Сократтың әңгімесі - әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игеретіндігі байқалады.
ӘДЕБИЕТЕР:
1. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.
2.
Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
3. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.



















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-407163

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>