301958
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокСоциальному педагогуДругие методич. материалыЖаңа үлгідегі сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері

Жаңа үлгідегі сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


hello_html_m40ab0da9.gif

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №28 Ақбай жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі МомыноваД

ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.



Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;

Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:

Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

оқушыға бағытталуы тиіс;

белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.


6-сыныптағы информатика пәні бойынша орта мерзімді жоспар үлгісі.

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды.

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ, ТЖ, ЖЖ) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқушы әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз?

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (дарынды, талантты)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?

Жоспарланған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы


Негізгі мақсат: Презентация бағдарламасымен, мүмкіндіктерімен таныстыру, презентация құрады және анимация, дыбыс, видеоларды кірістіруді үйренеді.

1-сабақ

Тақырыбы: Презентациялар. Бағдарлама интерфейсімен танысу.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентациялар мен бағдарлама интерфейсінің мүмкіндіктерімен танысады. Бағдарламаның артықшылықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».

Миға шабуыл жасау, сын тұрғысынан ойлау, диалог, зерттеушілік әңгіме, АКТ, интерактивті тақта, ой қозғау

Формативті критерийлері бар бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Вербальді, вербальді емес бағалау түрлері. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

Кері байланыс, рефлексия парақтары арқылы.

2-сабақ

Тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентацияларды өздері таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып құрады, безендіреді.

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі»Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс, АКТ, интерактивті тақта, ноутбук

«Ыстық орындақ» әдісі, ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы, жұмыстарын қорғауы арқылы

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету,

Кері байланыс арқылы, рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек

Формативті бағалау, бірін-бірі бағалайды табыс өлшемдері арқылы, өзін-өзі бағалайды.

3-сабақ

Тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

Мақсаты және күтілетін нәтиже:презентация құруда қосымша мүмкіндіктерімен танысады, кестелер, суреттер, бейнелер және дыбыстарды кірістіруді қолданады.

Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Блум таксономиясын қолданып сұрақтар қою, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

СТО, оқушылар тапсырманы орындауда бір-біріне көмек көрсетеді.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, топ басшысының бағалауы. Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың» «сіздің қолыңыздан келеді»

4-сабақ

Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: құрылған презентацияларына анимация әсерлерін кіргізіп баптауды үйренеді. Презентация құруда алған білімдерін өмірмен байланыстырып жетілдіреді, кеңейтеді. Құрылған презентацияларын көрсетіп, қорғайды.

Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы. Жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, ой туғызу, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Дәлелдеу. Топтар бір бірін бағалау.


Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.



Екінші бөлімі сабақтың кезеңдерін Блум таксономиясына сала отырып мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері көрсетіледі. Блум таксономиясының білімді игеруге бағытталған алты қадамын қолдану сабақ кезеңдерін жоспарлауда өте тиімді.



Сабақтың қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ) үлгісі:


Күні:

Пәні: информатика


Сыныбы: 6 ә

Сабақтың тақырыбы:

Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.


Жалпы мақсаты:

Презентациялардың әртүрлі үлгілерімен, шаблондармен танысады, таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып презентация құрады, безендіреді.

Сілтеме:

Microsoft PowerPoint, электронды оқулық

Оқу нәтижесі:

Оқушылар әртүрлі шаблон, дизайн үлгілерін қолданып презентация құруды, сақтап, ашуды үйренеді.

Негізгі идеялар:

Презентация, слайд, шаблон, дизайн үлгілері

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі. Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, Блум таксономиясы.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».


Топқа бөлінеді. Алған қиықтары бойынша жинап, топқа бірігеді. Топ ережесін құру.

І. Білу

«Ыстық орындық» әдісі.

Қайталау сұрақтарын қою.

  1. Презентация дегеніміз?

  2. Слайд ұғымына анықтама?

  3. Қандай бағдарламаның көмегімен презентация құрамыз?

  4. Бағдарламаны іске қосу?

  5. Файл мәзірінің командалары?

  6. Қою мәзірі нелерден тұрады?

  7. Слайд қосу үшін?

  8. Құжатты қалай сақтаймыз?

  9. Сақталған құжатты ашу үшін?

  10. MS PowerPoint-та құрылған құжаттың кеңейтілімі?

Топтан бір-бір оқушыдан шығып, ыстық орындық сұрақтарына жауап береді. Қалған оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарын қояды.

ІІ.Түсіну

Интерактивті тақтада, электронды оқулықтан жаңа тақырып түсіндіріледі.

Түсініп тыңдап, қажеттісін жазыл дәптерге жазып алып отырады.

ІІІ. Қолдану

Жекелей тапсырма. Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.

Болу керек мәліметтер:

  • Өзі жайлы

  • Отбасы

  • Мектебі, сыныбы

  • Достары

  • Жетістіктері

  • Арманы , т.с.с.

Шарттары:

  • Дизайн, шаблонды пайдалану

  • Макет түрлері

  • Слайдтар ауысуы

  • Мазмұндылығы

  • Эстетикалық безендірілуі.

Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.


Сергіту сәті.

Әуен ырғағымен би билеу.

«Көңілді қояндар» биі.

Би билейді.

ІҮ. Талдау


Жұптасып жұмыстарын талқылап, бағалайды. Топ болып бағалап, шарттардың орындалуын тексеріп, үздік деген жұмыстарды анықтайды.

Оқушылар жұптарының жұмысын талқылайды, бағалайды.

Топпен үздік жұмысты анықтайды.




Ү.Жинақтау





Тақтада үздік деп танылған жұмысты сынып болып бірге тамашалап, оқушылар өз пікірлерін айтады.

«Үздік безендіруші», «Шығармашылығы», «Мазмұндылығы» бойынша марапаттаймыз.

Оқушылар жұмыстарын интерактивті тақтадан қорғайды.

ҮІ.Бағалау




Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» ойыны арқылы оқушылар жасыл (түсіндім, орындадым), қызыл (түсінбедім), сары (түсінбеген тұстарым бар) бағалайды. Топбасшысының бағалауы «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы.

Өзін-өзі бағалайды.

Топбасшысы бағалайды.

V. Үйге тапсырмасын беру

«Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келу.

Презентация мүмкіндіктерін оқып келеді.

Оқушылар «Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келеді.

VII. Рефлексия


«Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Стикерге ойларын жазып тақтаға іледі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2014 жыл)

  2. Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2014 жыл)

5


Общая информация

Номер материала: ДВ-269835

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и содержание работы по профилактике безнадзорности и правонарушений среди учащихся образовательных учреждений»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация социально-педагогической деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством»
Курс повышения квалификации «Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков»
Курс повышения квалификации «Профессиональная этика в психолого-педагогической деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация