Инфоурок Другое Рабочие программы"Жаңа қоғам мұғалімі" семинар баяндамасы

"Жаңа қоғам мұғалімі" семинар баяндамасы

Скачать материал

 

Құмсай орта мектебі

 

 

 

 

 

Б А Я Н Д А М А

 

«Жаңа қоғам мұғалімі...»

 

  Дайындаған: Абубакирова А.К.

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Жаңа қоғам мұғалімі...

« Білімді шәкірт бойына дарытатын бірден-бір тұлға – ұстаз. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Осындай жолды таңдаған әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты- бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру »...

            Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалімі кім болған екен?» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орнын аңғару қиын емес. Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан асқан абыройлы іс жоқ шығар?

«Мұғалім!Бұл адамның ардақты аты,

Білімділік бір биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады сол адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты » С.Мұқанов.

            Қазір «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің  ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Өйткені олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.

            Қай заманда болсын, әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін білімді азамат болсын деп армандаған. Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің  есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты – жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру болып табылады. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, ал оқу процесінің негізі – сабақ. Демек, мұғалім әр сабақтың тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың  білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйыдастыруға міндетті.

            Жаңа үлгідегі мектепке зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес беретін мұғалім қажет. Мұғалім әрбірсөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы мен психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

            Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ, оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Сондықтан ұлы Абай атамыздың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»

деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.

            «Ұстаз... жаратылысынан өзіне бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек, инабатты, байсалды, сыпайы, кешірімді болуы керек» деп Әл-Фараби атамыз айтпақшы, келешекте біздің егеменді еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді-тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – мұғалім. Осы берілген модельдегі мұғалім тұлғасына қойылған негізгі талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі де әрдайым жана түседі. Мұғалімнің шеберлігі – әсіресе, сабақтарда үйрете білуден байқалады. Шеберліктің тағы бір көрсеткіші – ол оқушылардың белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істеуін, білуге құштарлығын дамытуы. Педагогикалық шеберлікті терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған оқушыларының бейнесі мынадай болуы тиіс: ойын еркін айта алатын, жүрегіне жылылық қалыптасқан, өз бетімен үйренуді мақсат еткен, білімге деген құштарлықты ұғынған, танымдық күші қалаыптасқан. Ақпараттар мен әртүрлі мәдени үрдістің куәсі болып отырған ХХІ ғасырдың балалары – өте ақылды балалар. Өйткені, олардың бітім болмысында адамзат жүріп өткен ұзақ тарихи жолдың құнарлы дәстүрлері мен осы заманның озық технологиялары өзара ұштасып, бір-бірімен терең қабысқан. Сондықтан қазіргі оқушылардың талап-тілегі жоғары, талғамы биік, сол биік деңгейден әр уақытта өз қадір-қасиетімізбен көріне білуіміз қажет.

            Білімді шәкірт бойына дарытатын бірден-бір тұлға – ұстаз. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Осындай жолды таңдаған әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты – бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру. Ахмет Байтұрсынов атамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Ол үшін әрбір мұғалім әрбір баланың ойынан шығып, қажетілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың ойынан шыға алады. Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата  отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімінің заманы. Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Мұғалім оқушылармен жұмыс жасағанда: еркін ойлауға мүмкіндік беру; ақыл-ойын дамыту; шығармашылық белсенділігін арттыру; ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу; тіл байлығын жетілдіру; жан-жақты ізденушілік қабілеін арттыру керек.

            Басқа мамандықтағы қызметкерлерге қарағанда, мұғалімнің өз білімі мен жұмыс істеу әдістемесін жиі жаңғыртып отыруына тура келеді. Сондықтан ол түрлі әдіс-тәсілдермен және әдістемемен таныс болу керек. Мұғалімнің басты міндеті – балаға тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой-санасын дамыту арқылы ойы алғыр, танымы жоғары ізденімпаз оқушыны даярлау. Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екнін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгідейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек. Білім қызметкерлерінің І құрылтайында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді. Иә, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр...

           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа қоғам мұғалімі" семинар баяндамасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2015 1079
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абубакирова Акалка Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абубакирова Акалка Кенесовна
    Абубакирова Акалка Кенесовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8716
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов