Инфоурок Информатика Статьи"Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу"

"Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу"

Скачать материал

Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды

оқу үрдісіне енгізу

 

                                                   «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар

деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге

                                                           қол жеткізуіміз керек»

                                                             «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Назарбаев

 

І. Кіріспе. 

ІІ. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
          Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне  оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

  ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . . Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.  Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа  комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу  барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның  мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын программаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық қоғамның  негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық- құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең  меңгеруі тиіс.  Жалпы информатика пәні балалардың   қоршаған әлем туралы білімін логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағұлматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Өзімнің оқушыларым Уалибеков Алишер, Сейтканов Алибек  және Мырзабеков Еламан 8 «в» сынып «Болашақ компьютер» деген тақырыпта  компьютер  коструктурын жасады. Бұл проектіде оқушылар болашақта күн көзінен зарядталатын батарея  және сенсорлық экран,  графикалық пароль, өз иесінің парольдық дыбыс қабылдағышы ойлап тапты екі оқушым бірақ модельдері өзгеше. Ал Мырзабеков Еламандыкі  8 сынып «Эфелева башня  және Робот Microsoft Word » программасымен  «Word Art  және Автофигура» мен жазған.  Попов Евгений мен Смагулова Зарина 9 «г» сынып оқушылары  «Электрондық оқулық» Auto Play Menu Builder программасымен  Бүгінгі таңда республика мектептері түгелдеу компьютерлендірілді. Бұл ұлт болашағы үшін маңызы зор.  

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. 
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «. . . ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек».  Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру. 
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. 
Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. 
Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады.
Ақпараттық технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді». 

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруы тиіс деп, оны талдап берді. Біріншісі білім беру жүйесін инновациялық даму жүйесіне түсуді қалыптастыру, екіншісі дәстүрлі технологияның қажеттісін ақпарат және біліммен мол қамтамасыз ету, білім тасқынынан керектісін іріктеп алу және қолданысқа енгізу Осы тұрғыда ЭО жасауда қойылатын талаптар: Жан жақтылығы, ізгіліктілігі; бейімділігі; модульдігі; экономикалық тиімділігі. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады. Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік - әдістемелік Web –сайттар, Web –бетін құру. 
Тарату деңгейі
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). 
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. 
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. 
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. 
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады. 

Қараластырылып отырған  мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып,  өзінің ақыл- ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген көзқарас қалыптастырады. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінде оқушының қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, және оқшының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі-электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.

Білім беру процесі –ақпараттық қоғам жағдайындағы жас  өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы керек. Сондықтан білім беру жүйесіндегі компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.   Өйткені компьютер адам  қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық  мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен  тығыз байланысты. Компьютерді мектепте оқытуды практикаға  енгізу әлуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық   прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Қоғамдық ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі- оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі.

Қоғамдық ақпараттандыру жағдайында  үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

- білім беру сапасын  арттыру, даму қарқынын күшейту; 

- қоғам мүшелерінің ой-өрісін даму деңгейін көтеру;

- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.

 

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 768 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 3766
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Гульмира Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Гульмира Толегеновна
    Мукушева Гульмира Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11048
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе