Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Математика Рабочие программыЖаңа технология арқылы – білім сапасын арттыру

Жаңа технология арқылы – білім сапасын арттыру

библиотека
материалов

Астана қаласы әкімдігінің

«№34 орта мектеп» КММ

математика пәнінің мұғалімі

Ильясова Жанар Тасболатқызы



Жаңа технология арқылы – білім сапасын арттыру


Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының басты мақсаттарының бірінде:«Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу-деп атап көрсеткен.Осыны жүзеге асыруда жаңашыл педагог қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі мен тәрбие жөнінен біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

Бұл-уақыттың талабы. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті .

«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді».

Мәлік Ғабдуллин

Қазіргі заманда білім саласының сапалы білім беру жолдарына көбірек көңіл аударылуда. Бұл болашағымыздың жоғары дәрежеге жетудің ықпалы болып отыр. Математика-адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік, жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. « Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп Әл-Фарабидің айтатындары да осыдан болса керек.Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды. Оқыту сапасын     көтеру –   бүгінгі қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі.Осы мақсатқа жетудің бір жолы БжС технологиясын игеру. Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес.

«Алгоритм» картасы бойынша жүргізілетін жұмыс.

Оқу сабақтарының меңгерілуі және жаңа материалды біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация > оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсінудің біріншілік тексерілуі > біріншілік бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

«ҮШТІК-АЛГОРИТМ» картасы.


Мақсаты: оқушылардың максималды санымен жаңа тақырыпты сапалы меңгеруге жету. ББД бойынша борыш деңгейін анықтау. Тақырыпты түсіндіруде кемшіліктерді анықтау және жою. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.

Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету


«Алгоритм» картасының технологиялық сызбасы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ , оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды өту барысында үштік карталар бойынша уақытты үнемдеуге мүмкіндіктер береді .

Б) Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

2. 1 цикл «Байқау»

А) Оқу әрекетінің жалпы әдістері (ОӘЖӘ) сызбасы бойынша бірінші түсіндіру

Б) Түсіндіру уақыты У1 (У1=х тақтаға жазу).


3. Қабылдауды ұйымдастыру

А) Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды

Б) Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 5+30.


4. Ұғынуды ұйымдастыру. Түйсіну

А) Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.

Б) Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


5. 2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»

А) Екінші түсіндіру.1

. Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.

Б) 1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).


6. Қабылдауды ұйымдастыру

А) Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.

Б) Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.


7. Ұғынуды ұйымдастыру. Түйсіну


А) Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.

Б) Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


8. 3 цикл. «Жады». «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»

Үшінші түсіндіру.

Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.


9. Қабылдауды ұйымдастыру


А) Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды

Б) Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.


10. Ұғынуды ұйымдастыру


А) Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.

Б) Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


11. Түйсіну

А) 1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады.

2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады.

3. Сол тақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді. 4. Егер де, сол күні «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі. 5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге мүмкіндіктер береді .

Б) Үйге тапсырма саны 10нан кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.


12. Ескерту

А) Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалімнің келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады.

Б) Уақытты үнемдеуге дағдыланыңыз.


«Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы

Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады.

«БжС» технологиясы  бойынша өткізілген  сабақтардың  дәстүрлі

сабақтардан айырмашылықтары: 
Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
– Сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
–Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. 

Биоинформатика және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:

  • нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;

  • оқыту формасының белсенділігі;

  • жекелей , даралап оқытуды қамтамасыз етеді;

  • деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады;

  • түзету, коррекция және рефлексия  жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады;

  • зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді

Күтілетін нәтиже:

  • жаңа материалды өз беттерінше игеру;

  • шығармашылық тұрғыда ойлау, талдау, қорытынды жасау;

  • -өз ойларын басқа оқушыларға толықтай жеткізу;

  • мәселе қою;

  • ұйымдастыру, басқару іскерлігін жүзеге асыру;

  • өзін- өзі тексеру, бағалау



Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики и информатики
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Қазіргі заманда білім саласының сапалы білім беру жолдарына көбірек көңіл аударылуда. Бұл болашағымыздың жоғары дәрежеге жетудің ықпалы болып отыр. Математика-адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Басқа ғылымдар да адамның ойын жетілдіреді, алайда кеңдік, тереңдік, жүйелілік тұрғысынан алғанда оларды математикамен теңестіруге келмейді. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. « Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш»     деп Әл-Фарабидің  айтатындары да осыдан болса керек.Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды.   Оқыту сапасын     көтеру –   бүгінгі  қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі.Осы мақсатқа жетудің бір жолы БжС технологиясын игеру.  Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес.

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»
Курс профессиональной переподготовки «Экономика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания основ финансовой грамотности в общеобразовательной школе»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Инженерная графика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.