- 30.09.2020
- 1289
- 0
Файл будет скачан в форматах:
5.0
(2 оценки)Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Белобородова Валерия Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником
Презентация представляет собой краткое, но исчерпывающее описание технологий обработки пищевых продуктов.
Ключевые особенности текста:
* Четкая структура: текст разделен на блоки по основным методам обработки: механическая, тепловая, химическая и другие.
* Понятное объяснение: Текст описывает каждую технологию доступным языком, указывают цель и основные принципы применения.
* Акцент на современные технологии: Отдельным блоком отмечены современные технологии обработки пищевых продуктов.
* Практическая направленность: текст подчеркивает, что выбор технологии обработки зависит от конкретных целей и характеристик продукта.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Жаңа технология - өмір талабы
Амралина Құралай Айткеновна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «… терең біліммен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді. Білім беру, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, саяси-экономикалық, сауатты және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгеруі тиіс. Еліміздің мәртебесінің биік болуы әсіресе, жас ұрпақтың білімділігімен белсенділігіне байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап сапалылық. Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жанықұмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігімен білімі жоғары жетекші тұлға саналады деп ойлаймын.
Ұстаз ретінде басты назарды сыныпта жақсы атмосфера тудыруды, балалардың сабақта өздерін еркін, қауіпсіз сезінуіне ықпал жасаймын.
Сабақта оқушылармен бірге «Алтын ереже» құрастырып аламыз. Кейінгі өтетін сабақтарымызда осы «Алтын ережеге» бағынып жұмыс жүргіземіз де, постерге жазып іліп қоямыз. Сабағымда дәстүрлі түрде алдымен ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларды жақсы, көтеріңкі көңіл–күйге енгізу, өзіне және өзгелерге сенім арту мақсатында оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып «Жылы лебіз» тренингісін өткізуден бастаймын. Шаттық шеңберінде оқушылардан көршілес тұрған жұптарына жылы сөз айтуын сұраймын. «Әріптер сөйлейді», «Ыстық алақан», «Достық шеңбері» тренингтерін жиі пайдаланамым. Топтық жұмыстарға арналып алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрылады. Оқушыларды топтық жұмысқа машықтандыру мақсатында «қағаз жолақтары», конфет бойынша түстері бірдей фантиктермен бірігу, «сиқырлы сандар», әр түрлі таяқшалар, «Молекула» әдісі, Де Бононың алты ойлау қалпағы арқылы топқа бөлемін. Топтық жұмыс кезінде оқушылар уақытты үнемдеу, тапсырманы уақытында орындау, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарау, өзара құрмет деген ережелерді басты назарда ұстады.
Өзім ұнатып қолданатын технологиямның бірі сыни тұрғыдан ойлау. Бұл технология көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдері енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Жұптық, топтық әңгімелесу стратегиясын орындау барысында балаларды әр түрлі жағынан байқауға болады. Олардың сөйлесуге ынтасы жоғары екенін бірден талқылауға кіріскенінен-ақ байқауға болады. Жұптық жұмыстың үнсіз оқушыларды да алға итермелейтінін байқадым. Жұптық жұмыс артта қалған оқушылар үшін өте тиімді әдіс. Себебі үнсіз оқушылар жұптық жұмыста қатарласынан қалып қоймауға тырысады, білмегенін білуге тырмысады. Өзі үшін оқуға талпынады.
Барлық ұстаздар шәкірттеріне білім беруде барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы орта қалыптастыруға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Таланттылық туа біткен қасиет болса, дарындылық жүре пайда болған қасиет.
Бағалау мәселесінде оқушылар белсене араласады. Мысалы, жапондық бағалау: жауап дұрыс, толық, нақты болса «О,о,о»,-деп ал керісінше толық емес, дұрыс болмаса «М,м,м»,-деп бағалап отырды.
Бағалау бетшелері арқылы топ басшылары өздерінің топ мүшелерін қаншалықты деңгейде екенін 3 түрлі фигура арқылы да бағалайды. Бағалайтын тұлға алынған білімнің мәнін анықтауы қажет. Оқушылардың берген жауаптары формативті немесе сумативті түрде бағалануы керек.
Рефлексия бөлімінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қосу, алу, қызықты», «Не білдік, не үйрендік, өзің үшін қандай жаңалық аштың?» деп қорытынды жасалып отырады. Сабақ соңында көңіл күйлерінің қаншалықты болғанын смайликтермен және басбармақтар арқылы және табыс ағаштары, «синквейн» шығару арқылы оқушылар сабақтарды өз дәрежелерінде бағалайды. Мен осындай әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде қолданып, оқушылардың назарын сабаққа аударып, оларды білім атты әлемге жетелеуде еңбек етудемін. .
6 863 237 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Барташевич Людмила Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВы сможете бесплатно проходить любые из 4961 курс в нашем каталоге.
Перейти в каталог курсовМини-курс
2 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.