Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жаңа технология - сапалы білім негізі.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Жаңа технология - сапалы білім негізі.

библиотека
материалов

Жаңа технология-сапалы білім негізіSAM_0060

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ақпараттандыру» халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және

жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Қазіргі білім беру жүйесінде елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін талап етеді. Оқыту мен оқудағы сындарлы түсінікті қалыптастыруға жетекші болатын 7 модульді тиімді қолдану арқылы жетуге болады.

Мен «Қазіргі заман талабына сай оқытуда жаңа-әдіс тәсілдерді сабағымда тиімді пайдалану» тақырыбымен жұмыс жасаймын. Бағдарламаға сүйене отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша оқушыларға алдымен әр сабақты бастамас бұрын тренинг өткіземін. Триниг оқушыларға жағымды, оң әсер етеді.C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Новая папка (2)\мамины (4)\3 сб\SAM_1990.JPG

Дүниетану сабағынан «Қарулы күштер»

тақырыбында тақырыбында өткізген сабағымда ынтымақтастық орнату мақсатында «Әсем әнмен»

тренигін ұйымдастырдым.Бұл тренингте оқушылар ән ырғағымен өлең айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастады.

Топқа бөлу барысында оқушылар 1,2,3 санын санай отырып үш қатарға түзелу арқылы сапқа тұрып, сол үш қатарға бөліну арқылы үш топқа бөлінді.Топтық жұмыс кезінде оқушылардың сабаққа белсенді қатысулары, өз ойларын ашық, C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Новая папка (2)\мамины (4)\3 сб\SAM_1972.JPG

еркін жеткізулері, өзара пікірталатардың тууы,

оқушылар арасында ынтымақ,өзара көмек,

сыйластық күшейеді, бастысы, топта оқушы оқшауланып қалмайтындығын көрсетеді.

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлап айта біледі. Сонымен қатар оқушылар жұптасып, жұмыс жасау барысында бір–біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйренеді.

Оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгеріс оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау.Бағалау – оқыту үрдісінде және мұғалімнің қолындағы маңызды да әсерлі құрал екендігі рас. Бағалаудың мақсатына қарай оның бірнеше түрлері бар. Олар: формативтік бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесін өзгертуге әкеледі. Оқытуды

бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.Оқушылар топтық жұмыстарын топпен бағалауды, сонымен қатар өз тобындағы жұптарын бағалауды,өз-өзін бағалауды критерий бойынша бағалауды жақсы меңгерді.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\SAM_1962.JPGC:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\SAM_2061.JPGC:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\Рисунок4.jpg C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\2013-06-27\SAM_3676.JPG

Білім беруде  ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені естігеннен, оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\SAM_2205.JPG

Әр сабақ сайын оқушылардың орнын ауыстырып, топқа бөлу де, топтасып жұмыс жасау да, ақпараттық технологияны жиі пайдалану да, сыни тұрғыдан ойлату да, қажымай, талмай дарынды, талантты оқушыны анықтап, оның дарындылығын одан әрі дамыту да, шығармашылық тапсырмаларды көптеп беру де оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім беру жүйесінде оң нәтижелер береді деп ойлаймын. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.Жалпы, осы жеті модуль идеяларын тұрақты пайдалану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\3 сб\SAM_1909.JPG

Баяндамамды Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып,жас ұрпақты әлемді мойындайтын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы »

  2. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бағдарламасы.

  3. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру курстарының бағдарламасы.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық .Үшінші (негізгі) деңгей.























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-220487

Похожие материалы