Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖаңа технология түрлері қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

Жаңа технология түрлері қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

Скачать материал

Хромтау ауданы

 

 

 

 

Жаңа технология түрлері
қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Календиров Әзірхан Нұрмағанбетұлы

 

 

DSC00046.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дөң орта мектебі

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып,жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы.

  Осыған байланысты қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – үлкен мәселе. Бұған үлкен көмек беретін тақырыптық модульдік бағдарлама.   

  Жаңа модульдік технологияны пайдаланып, мемлекеттік тілді мектеп қабырғасынан тиімді оқыту әдістерін ұсынамын.Өйткені бұл технология балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, қабілеті бар екенін ескере отырып, сабақтарды осы ерекшеліктерге бейімдеуге жол ашады.

Модульдік технология сабақ ұйымдастыруда әр оқушының білім деңгейін ескере отырып, соған лайықтап оқыту әрекеттерін қарастырады. Ол бірнеше кезеңдерді қамтиды: қызықтыру, есіне сақтау, қолдану, сөздік қорын молайту.

Модуль жүйесін оқу процесіне кіргізудің өз мақсаттары бар. Олар:

-оқытудың тиімділігін арттыру;

-берілген материалды терең меңгерту;

-оқушыны ойлату, ойланту, ой салу;

-өзін-өзі оқытуға мүмкіндік туғызу;

-оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау;

-ұстаз бен оқушы арасында тепе-теңдікті қалыптастыру;

-оқушының алдына мақсат қойғызып оны міндетті  түрде   

 орындату;

   Әдістеме ғылымы «Нені оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Қалай оқыту?»  болса, оқыту технологиясы «Қалай нәтежелі оқытуға болады?» деген сұраққа  жауап іздейді. Білім мазмұны,оқулықтағы жүйелі тақырыптар желісі сөйлеу және таным әрекеттерін іс жүзінде қалыптастырылып, дамыта оқыту мақсаты - технологияның басты өзгешелігі. Қазіргі электронды оқулықтарда жаңа модульдік технология әдістері арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып білуге талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммунативтік ұстаным басшылыққа алынған.

   Технология белгілі бір жоба, үлгі ретінде қолданғанда ғана  өз нәтежесін береді.Оқыту технологиясының негізгі мақсаты -алдын ала құралған жоба бойынша жақсы нәтижеге жету. Білім беру процесінде орын алып келе жатқан модульдік технология –осы мақсатқа жеткізер соны әдіс.

Модульдік технологиямен қазақ тілін үйретуде оқушының өз бетімен білім алуына тікелей басшылық жасайтынын ұғындыру, ой-пікір дамыту, қисынды ойлау қабілетін күшейту, шығармашылық  тапсырмалар орындату үшін мүмкіндігі  мол.

  Оқушының пәнге қызығуын арттыру, қоршаған ортаны игеріп, сөйлесу, пікір алысу, сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу.

   Модульдік технологияның ерекшеліктері:

  -оқушы өзін-өзі біліммен қаруландыруға ұмтылуы;

  -өз пікірін еркін жеткізе алуы;

  -оқушының өз-өзіне деген сенімінің артуы;

  -өз бетінше жұмыс жасауға талпынуы;

  -сыйластық, түсіністік қажеттіліктерінің іске асуы,

  -шығармашылық жұмыс істеуге бейімделуі;

  -оқушы өзін көрсету қажеттілігін ұғынып, ұмтылыс білдіруі;

  -әр оқушының ойланып, өз бетінше жұмыс жасауы;

  -алған білімдерін оқулық арқылы саралап, зерделеуге

    машықтануы.

  Қазақ тілін оқытуда жаңа модульдік технология әдісін баланы іздемпаздыққа, өз бетімен білім жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін, шығармашылық қабілетін дамытатын, әр жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға негізделген жаңа, тың әдістер мен тәсілдер жүйесі деп тануға болады.

  Сондықтан модульді оқытудың құрылымымен, әрекеттер ретімен жете танысып, осы жүйенің бағытын меңгерген мұғалім ғана тіл үйретуде нәтижелі  жұмыс істейді.

 

Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,  ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
    Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен  және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
    Кіріспе бөлімінде  мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және тб  белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе –қызықтырушылық, операционалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
    Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше, мақсат пен оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түріндегі әрекеттен бастаған тиімдірік екенін эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В. Шешневтің пікірінше, біріншіден - алғашқы түсінбеушілік сезімі  жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден - жадты меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орама «қызметін» белгілік жүйе атқарады.
    Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс  сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік  деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану - оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда  Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің  жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылық  және тағы да басқа дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс. Бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде  ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

    Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалынның негізгі  мазмұнын бөліп, қайта құрастырады.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын         белгілеу.

2.  Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.

3. Тақырып бойынша  жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

 4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету .

 

 5. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

    Қорытынды бөлім. Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды, яғни, баға алады. Бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар.
Біріншісі – міндетті тестілеу. Екіншісі - мұғалімнің өз таңдауы бойынша сынақ, бақылау жұмысы, диктант.
Жалпы  екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.
Білім деңгейін тексеру және бақылау  тәсілі  ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестілеу тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды , өйткені бақылаушымен қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар. Қорыта келгенде  тестілеу бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді. Оның мақсаты:
а) білім деңгейін әділ бағалау;
б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру;

 Қалай айтқанмен егер бақылаудың  бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді.
Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін–бірі оқытуы, түрлі ғылыми дерек көздерін пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.

Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
  4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
  5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып , құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады:
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:

Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

 Қорытынды бөлім
(бақылау)

Әрбір оқу модуліне сағат саны әртүлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі -  мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология:
-оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін да
мытуға;
-танымдық поцестерін дамытуға
;
-оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді с
өздік қорын , ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,
сыйласу,  шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

Қазақ тілі

 

            Тарау көлеміне қарай  мен 8-сыныпта синтаксис  бөлімін бес модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №2 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 2 – сағат, сұхбат бөліміне 5 – сағат, қорытында бөліміне 3 – сағат,  жалпы 10 сағатқа бөлдім.

Сөйлем мүшелері

 

Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер

 

 

 

Кіріспе бөлім

 

1-сабақ

1.      Модульге кіріспе

2.      Дәріс сабақ

 

 

1 сағат

Сұхбат бөліміне дайындық.

2-сабақ

3.      Тақтамен жұмыс

4.      Қорытынды-лау

1 сағат

Сызба-кестелермен жұмыс.

 

Сұхбат бөлімі

 

 

 

Сұхбат бөлімі

 

1-сабақ

Сұхбат бөлімі ойын түрінде.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

 

2-сабақ

Электронды оқулық арқылы жаттығулар орындау.

 

1

сағат

Сөйлем мүшелері мен сөз таптарының қызметін ажырата білуге үйрету.

3-сабақ

1.      Өзіндік жұмыс.

2.      Жаттығу жұмыстары.

1 сағат

Оқулықпен жұмыс.

 

  4-сабақ

1.   «Бақытты сәт»

2.    Брейн-ринг

 

 

1 сағат

Шығарма-шылыққа баулу

 

5 -сабақ

1.      Топпен жұмыс

2.      Деңгейлік тапсырмалар.

 

 

1 сағат

Қорытынды бөлімге дайындық

 

 

Қорытынды бөлім

 

1-сабақ

Электронды тест тапсырмаларын алу.

 

1 сағат

 

Қайталау

2-сабақ

Электронды тест тапсырмаларын алу.

 

1 сағат

 

Қайталау

 

3- сабақ

Бақылау жұмысы

1 сағат

 

 

 

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологияның «Қылау» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары төрт-төрттен төрт топқа  бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған үш минуттай уақыт беріледі.

«Қылау»

 

          белгілі

            жаңа

            негізгі

 

 

 

 

Сұхбат бөлімінің 2-ші  сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясын  пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын  меңгеру  деңгейін 4 түрге бөледі.

1.      Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған  білімдеріне және  оқулықта  бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.      Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен  қабылдаған жаңа  ақпаратты  пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.      Эвристикалық деңгей. Оқушы  өзі ізденіп,  қосымша әдибеттерді  пайдалана отырып,  жауап береді. Бұл   тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі  қызмет атқарады.

4.      Шығармашылық деңгей. Оқушы таза  өзіндік  дағдысын,  білім  сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

Енді  осы негізде  «Сөйлем мүшелері» тақырыбына арналып

жасалған сабақ жоспарының  мазмұнына  тоқталсам:

 

     Сабақтың  тақырыбы:   Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:  Оқушыларға сөйлем мүшелерінің  

                                      жасалуы мен қызметтерін түсіндіру.

Дамытушылық  мақсаты:  Күнделікті   өмірмен

байланыстыра  отырып,  мысалдар құрастырып, жаттығулар орындап,  дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты:  Еңбекке  баулу,  ғылымға  қызығушылығын  арттыру, өз  бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы.

Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту техналогияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:  Электронды оқулық, баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ-жауап

Қорытындылау.

ІІІ. Өткен материалды пысықтау.

а) талдау жұмыстары.

Қорытындылау.

б) Тақтамен жұмыс

Қорытындылау.

в) Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Қорытындылау.

IV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

    4-5 сұраққа шапшаң жауап беріледі.

1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

2. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

3. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

4. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайларда сызықша  қойылады? т.б.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.  (42-жаттығу бойынша)

  1. Әр абзацта қанша сөйлем бар екенін тауып, сөйлем түрлеріне қарай анықта.
  2. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшасы бар сөйлемдерді теріп жазып, сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
  3. Тақырып болып тұрған сөйлемге мағыналық түсінік бер.

ІІ деңгей.  (43-жаттығу бойынша)

  1. Ерекшеленіп берілген тұрлаулы мүшелердің дара я күрделі, үйірлі екенін ажырат.
  2. Тәуелдік жалғауында тұрған сөздердің қандай мақсатпен қолданылып тұрғанын айт.

ІІІ деңгей.

1.      Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын

сызықшаның жүйесін кестеге түсір.

IV деңгей.

  1. Тақырыпқа байланысты шағын әңгіме не ертегі жаз.

Қорытындылау.

IV. Оқушылардың білімін бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырма беру.

Сұхбат бөлімінің 3-ші сабағында биоақпараттық технологияның “триадалогика”-сы негізі ұсынылады.

Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:

Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.

“Рухтандырушы” – ол жаттығуды орындау кезінде басты идеяларды айтушы.

“Практик” – жаттығудың орындау жолдарын бақылайды.

“Сыншы” – орындалған жаттығудың қате, дұрыстығын қадағалайды.

Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемделуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды.

Тапсырманы бірінші біткен топ тақтаға шығып, өзінің жаттығуының дұрыс орындалу жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған топтардың  жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру жұмысы қанағатталынбаса, келесі топ  шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып топтың жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғанын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылап, келесі тапсырманы береді. Топ басшылары әр уақытта сыныптың “жұмысшы ұяшығы” болып табылады және оқушылардың еркімен сондай-ақ, мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Топтардың  қайта-қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді.

 

 

 

 

 

Күні:

Сыныбы:

Пәні:

Оқушы саны:

Тақырыбы:

 

Топтардың саны:                                    Сарапшылар:

Құрылымы

Орындалу  уақыты

Түсіндіру уақыты

Қатесі:

Білім сапасы %

І-деңгей

 

 

 

 

ІІ-деңгей

 

 

 

 

ІІІ-деңгей

 

 

 

 

IV-деңгей

 

 

 

 

Қорытынды бөлімінде тест тапсырмалары алынады.

Тест №1 Электронды тест, бағалау.

      Оқушылар үшін талдау жұмыстарына арналған көмекші құралда сөз таптары мен сөйлем мүшелері туралы мәліметтер көрсетілген. Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады. Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды қазақ тілі

сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Оған дәлелбіріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білікдағдыларын қалыптастырады.

 

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев “Әбдiрахманға” “Әбiш туралы”

Сабақтың мақсаты: 
Бiлiмдiлiк: Оқушыларға Әбдiрахман бейнесiн жан-жақты көрсету, таныту. Абайдың атасы Құнанбай бойындағы iзгi қасиеттер мен Әбдiрахман бейнесiн толықтыра отырып ұрпақтар сабақтастығын дәрiптеу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабiлетiн, ойлау шеберлiгiн, сөйлеу мәдениетiн дамыту.

Тәрбиелiк: Әбiш бейнесi арқылы адами қасиеттердi, бiлiмге деген сүйiспеншiлiктi, туған елге деген махаббатты дәрiптеу.

Сабақтың түрi: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың әдiсi: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Пайдаланылған әдебиеттер: “Абай” журналы (№6, 1993жыл); “Абай” энциклопе-диясы; “Абай” өлеңдер жинағы; “Абай жолы” эпопеясындағы Құнанбай бейнесiн жаңаша көзқарас кiтабы (А – 1997); Орта мектепте лириканы оқыту (“Рауан” бас-пасы, 1991жыл).

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңi.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
     Абай ұрпақтары туралы алдын-ала берiлген тапсырма бойынша жұмыс. Топтастыру әдiсi бойынша жасалған кесте №1.
III. Жаңа сабақ.

 I. Қызығушылықты ояту.

1. Бiрде Наушабай: - Абай, сен тiлге, ақылға бiздiң қазақ баласынан астың ғой, көп адаммен сөйлестiң ғой, сонда ақылыңа, сөзiне орайлы сөз, ақыл тауып айтқан кiсi болды ма, - дедi. Абай азырақ ойланып отырды да, менiң Әбдiрахман деген балам бар. Мен сол баламның ақылын сынап бiлейiн деп ойладым да бiр күнi жай әңгiмелесiп отырдым. Қалқам Әбiш осы жаратылыста ақ затты нәрсе асыл ма, қара затты нәрсе асыл ма?- дедiм. Бетiме қарап күлдi де, қараны қалай асыл дейсiз, - дедi.

Мен айттым:

1.     Адам баласы барлық жаратылысты көзбен көредi. Көздiң ағы көрмейдi, ортасындағы қарашығы көредi.

2.     Қағаз ақ, одан адам оқып бiлiм алмайды, үстiне жазған қара сиядан өнер, бiлiм алады.

3.     Жас шақта адамның сақалы, шашы қара болады. Қартайса ағарады: жас күнде ақыл, бiлiм қайрат көп болады. Шаш, сақал ағарып қалғанда қартайып, ақыл, бiлiм азаяды.

4.     Мұхамбет Пайғамбар (сғс) құдайдың дидарын көруге қараңғы түнде барыпты дейдi. Күндiз ақ жарықта бармапты дейдi. Түн де қара емес пе? Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, – дедiм. Сонда Әбiш: “Осының бәрiн немен ойлап бiлдiңiз”, - дедi. Мен ақылмен ойлап бiлдiм, - дедiм. – Олай болса, ақыл дана болмай ма, ми ақ емес пе, - дедi. Екiншi ақыл – нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма, - дедi. Мен баламның айтқан сөзiне разы болдым.

 2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ендi сол баласына шығарған Абай атамыздың өлеңдерiмен танысайық.

II. Мағынаны ажырату.

3. Өлеңдi мәнерлеп оқу.

4. Оқушылармен жұмыс (5 топқа бөлу).

1)     “Тамырсыз ағаш жоқ...” Құнанбай бейнесiнiң сызба моделiн жасау (№2 кесте)

2)     “Әкеден ұл туса игi...” Абай бейнесiнiң сызба моделiн жасау (№3 кесте)

3)     Әбiш туралы не бiлесiң? (“Абай” энциклопедиясы бойынша зерттеу жұмысын жүргiзу).

4)     Өлеңдегi Әбiш бойындағы iзгi қасиеттердiң сызба моделiн жасау. (№4 кесте)

5)     Шығарманың көркемдiк тiлiне, құрылысына талдау жасау. №3

IV.            Ой-толғаныс.

5.     Жаңа сабақты бекiту.

Әбдiрахман бойындағы iзгi қасиеттер туралы ой-толғаныс немесе кейiпкерге хат жазу.

 Әбдiрахман ағаға хат.

    Құрметтi Әбiш аға!

    Сiзге хат жолдап отырған 8-сынып оқушысы Сағындықова Салтанат, бүгiн сiз туралы көптеген мағлұматтар алдым.

     Сiз, егер бiздiң заманымызда өмiр сүрсеңiз, озық ойлы заман көшбасшысы болар едiңiз, елден асқан ерекшелiгiңiз, жүрегiңiздiң жылылығы тумысынан бөлек жан екенiңiздi байқатады. Тұла бойыңыз ұяттылық пен арлылық, ойлылық екен. Қысқа ғана ғұмырыңызда қазақ халқына ой салып, ғылымға ерекше көңiл бөлiп, құйрықты жұлдыздай жарқ еттiңiз де, жоқ бодыңыз. Талабыңызбен бiлiм нәрiне сусындап, ерлiкке де ұмтылдыңыз. Сол өз заманыңызда да үйренуден жалықпай, бiлген үстiне бiле берсем деп тас қияға өрледiңiз. Мен де келешекте оқып-бiлiп, iзденiп, сiздiң осы қасиеттерiңiздi өз бойымнан көргiм келедi. Сiз Петербургте оқыдыңыз, ал мен бiлiмi мен техникасы дамыған осы ғасырда Америкада оқып, қазақ халқын әлем елдерiне танытсам деймiн.

                                                                             Сәлеммен Салтанат.

   ТҮЙIН

     “Тамырсыз ағаш жоқ” дегендей, бүгiнгi сабақта бiз шешендiк, көрегендiлiк, әдiлдiк, мейiрiмдiлiк, қамқорлық, талаптылық қасиеттердiң бастауын Құнанбай қажыдан алып, Абай тағылымынан нәр, тәрбие алған Әбдiрахман бейнесiн көрдiк. Адами құндылық қасиеттердiң өмiршеңдiгiн, даналық, ұлылық, парасаттылықтың мәңгiлiк екенiн көрдiк.

 6.     Үйге тапсырма. (әр оқушының қабiлетiне қарай тапсырмалар беру)

 1.     Өлеңдi жаттау.

2.     Ж.Жабаевтың “Алғадай туралы әрбiр сөз” өлеңi мен “Алып ер Тұңғаны жоқтау” халықтың жоқтауы мен Абайдың Әбдiрахманды жоқтауын салыстырып келу.

3.     “Абай аңсаған азамат бейнесi”.

 

 

 

Оқушылардың жалпы оқу дағдыларының алгоритмдерi

   Оқушылардан қандай да бiр оқу әрекетiнiң орындалуын талап етпес бұрын, оларды осы әрекеттердiң ретiн анықтай бiлуге үйрету керек.

   Қазақ әдебиетi пәнi бойынша мектептiң әр түрлi сатысында оқушылар орындайтын оқу әрекетi алуан түрлi. Оқушылар бiрде көркем мәтiндi, оның стильдiк ерекшелiктерiн сатылай және өз бағалауын таныта отырып мазмұндаса, бiрде көркем мәтiн үзiндiсiн немесе жекелеген туындыларды талдайды және бағалайды. Кейде әдебиет, сурет, кино немесе теледидар туындысына рецензия жасайды. Әдеби тақырыпқа баяндама және реферат жазу, оқу әрi жоспар құру, тезис жасау сияқты әрекеттер жасауға әдебиет сабағында дағдыланады.

   Сурет бойынша әңгiмемен жұмыс iстеу алгоритмi:

1.      Суреттiң репродукциясына қара.

2.      Автордың кiм екендiгiн анықта.

3.      Суретшi туралы мәлiметтердi iздеп тауып, оқы.

4.      Суреттiң тақырыбына назар аудар (оның атауы көбiнесе суретшiнiң ойын, өз туындысында маңызды деп есептеген пiкiрiн анықтайды).

5.      Суреттi тағы бiр рет мұқият тамашала, оның мазмұнына көңiл бөл. (Бұл жерде не болды? Неге? Не бейнеленген және қалай?)

6.      Суретшi бейнелеген сәтке дейiн не болғанын және не болатынын көз алдыңа елестетiп көр.

7.      Әңгiменiң негiзгi ойы және тақырыбын анықтап, соған байланысты ат қой (әңгiме мен суреттiң тақырыптары сәйкес келмеуi мүмкiн).

8.      Әңгiменiң композициялық құрылымын есiңе түсiр. Суреттегi бейнеленген сәт әңгiменiң шарықтау шегiне сәйкес болуын есепке ала отырып, жоспар құр.

9.      Әңгiме бөлiмдерiнiң көлемдерi өзара сәйкес келуiне назар аудар. Мұндағы ең басты нәрсе сурет мазмұны екенiн есiңе сақта.

10.  Әңгiмеге диалог, суреттеу элементтерiн енгiзуге әрекет жаса.

11.  Әңгiменiң қолжазбасын жаз, тексерiп жөндегеннен соң қайта көшiрiп жаз.

12.  Өз әңгiмеңмен оқушының көзiн неге, қалай жеткiзе алатыныңды ойлан.

      13. Әңгiменi мәнерлеп оқып беруге дайындал.

 

 

МАБ және ҰБТ-ге дайындық

                     

          Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.

   Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

    Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».

         Қазіргі заманда тілге деген талап өсті. 9 сынып оқушылары МАБ тапсырады. Осы МАБ-да жоғарғы көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек. Сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс қолданылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.

    «Технология» гректің «tecһe» -өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.

     Оқыту технологиясы мен әдістеме бір-бірімен тығыз байланысты.

Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенін шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады.

     Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.

    Мысалы: қалыптасқан әдістер:

 а) сұрақ-жауап;

 б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;

 в) аударма;

 г) сөйлем және сөздерді толықтыру;

 д) мәтін бойынша әңгімелесу;

 е) тест сауалдарымен жұмыс;

 ж) мақал-мәтелдер жарысы;

 з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.

 

    Жаңаша жаңғыртып оқыту әдісі

а) пікірсайыс (дебат) әдісі

б) коммуникативтік әдісі

в) драматизация әдісі

г) іскерлік әдіс

д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі

е) жобалу сабақ оқыту әдісі

  оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да мектеп мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себебі, МАБ кезінде жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де тиімді. Жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айрықша талап етеді.

    ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет - оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

   Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.

 

 

ҰБТ-ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар:

 

    ҰБТ-ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комлекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынылады:

1. Психологиялық

2. Ұйымдастырушылық

3. Технологиялық

4. Ақпараттық

Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11-сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ-ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)

Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ-ке байланысты бұрыш ұйымдастыру (ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы).

Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.

Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.

-педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы

- тест жасау теориясын меңгеру

- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану

- оқушылардың тестен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.

Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми-әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен  таныстыру .

«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.

   Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. Осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ-ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрылысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо-техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.

   Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын-ала өткізу, бірақ ҰБТ- тапсыру  кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.

Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, текҰБТ-ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге   емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.

 

 

                        

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа технология түрлері қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 2458
    • DOCX 180 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Календиров Азирхан Нурмаганбетович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 13
    • Всего просмотров: 25695
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек