Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Жаңа толқын мектепшілік ай сайынғы газеті
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Жаңа толқын мектепшілік ай сайынғы газеті

библиотека
материалов
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі №3 Ақпан,2016 жыл. Ай сайынғы мект...
Мектепішілік іс-шаралар 8-ақпан күні «Әлем қауіпсіздігі-баршамызға ортақ» те...
1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Мың алғыс айтамыз» атты «Жас ұлан» ұйымы...
4 Аналар мерекесі Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызы...
5 Біздің мақтаныштарымыз! Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектепшілі...
6 Е к і ж ұ л д ы з Рейтингі ең жоғары,ең үздік жоба бұл - «Екі жұлдыз» жобас...
Ата-аналарға арналған 10 кеңес 1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай...
8 Мектепке кешікпей, уақытында келу керек. Мектепке кірген кезде, басқалардың...
8 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі №3 Ақпан,2016 жыл. Ай сайынғы мект
Описание слайда:

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі №3 Ақпан,2016 жыл. Ай сайынғы мектепішілік газет Асыл анам, жүзінен жаз таралған, Сенсіз толық, кемел адам бола алман. Мен өзіңнің қасиетіңнен құралып, Шуақ тұнған жан нұрыңнан жаралғам... 2-3 бет Мектеп- ішілік іс-шаралар 4-бет Аналарға арнау, көрісу айты. 5-бет Біздің мақтаныш- тарымыз! 6-бет Екі жұлдыз! 7-бет Ата-аналарға кеңес 8-бет Мектептегі тәртіп! Құрметті: асыл әжелер,аяулы аналар,ардақты ұстаздар және арулар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық және толағай табыстар тілейміз! «Жаңа толқын» редакциясы Жаңа толқын

№ слайда 2 Мектепішілік іс-шаралар 8-ақпан күні «Әлем қауіпсіздігі-баршамызға ортақ» те
Описание слайда:

Мектепішілік іс-шаралар 8-ақпан күні «Әлем қауіпсіздігі-баршамызға ортақ» терроризмнің алдын алу онкүндігі аясында дінтану пәні мұғалімі Дархан Каримоллаұлымен «Жасөспірімдердің терроризм мәселесіне көзқарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 9-ақпан күні 8-11 сыныптар аралығында «Қыз тәрбиесі» тақырыбы аясында қыздар жиналысы өтті. Бірқатар баяндамалар оқылып,мәселелер қаралды. 10-ақпан күні «Әлем қауіпсіздігі-баршамызға ортақ» терроризмнің алдын алу онкүндігі аясында мектеп оқушылары аудандық имам Жандосбек Досқалиұлымен кездесті. 11-ақпан күні Ауған жерінде болған жауынгерлер күніне орай жергілікті ауған ардагері Темірбек Ғұбашевпен «Ауған жері есімізде» атты кездесу кеші өтті. 13-ақпан күні Дтіжо Г.Е.Жақыпова мен кітапханашы Н.А.Халиаттың ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың 85-жылдығына орай «Жыр алыбы-Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 20-ақпан күні мектепішілік «Жас әнші» байқауы өткізілді. Байқауға Д-6 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Әр қатысушы номинациялармен марапатталып, «Жас әнші» атағын Қайырлықызы Қырмызы иеленді.

№ слайда 3 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Мың алғыс айтамыз» атты «Жас ұлан» ұйымы
Описание слайда:

1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Мың алғыс айтамыз» атты «Жас ұлан» ұйымы оқушыларымен флеш-моб ұйымдастырылды. Сонымен қатар,ұйым мүшелері ұстаздарға алғыс парақшаларын таратты. Мектебімізді аудан,облыс көлемінде танытып жүрген оқушылар мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапатталды. 3-наурыз күні мектеп тәлімгері А.И.Қадырованың Ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Балапан» шағын орталығы және Д-4 сынып қыздары арасында «Қылықты қыздар» шеруі оздырылды. 4-наурыз күні Дтіжо ұйымдастыруымен «Сырлы жеңге,сұлу қыз» атты сайыс оздырылды. Қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды. 3 25-ақпан күні мектебіміздің қазақ тілі,әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Қабашеваның ұйымдастыруымен «Ақжайым-атамекенім» атты әдеби-кеш өтті. 25-ақпан күні мектебіміздің кітапханашысы Н.Халиаттың ұйымдастыруымен «Қадыр аға-балаларға» атты таныстыру кеші өтті. Кеш барысында оқушылар Қадыр ағаның өмірімен, шығармашылығымен танысты.

№ слайда 4 4 Аналар мерекесі Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызы
Описание слайда:

4 Аналар мерекесі Халықаралық әйелдер күні — көп елде наурыздың 8-ші жұлдызында тойланады.1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады. Х. ә. к-н жыл сайын мерекелеу туралы шешім 1910 ж. Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық конгресінде қабылданған. Бірқатар Еуропа елдерінде тұңғыш рет 1911 ж, ал Ресейде 1913 ж. өткізілді. Қазақстанда Х. ә. к-н мерекелеу кеңес өкіметі орнағаннан кейін басталды. Көрісу — Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі.Аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырьш, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.  К ө р і с у а й т ы Аналарға арналған оқушылардың өлеңдері Ана Балалардың қорғаушысы,панасы, Қасындағы аяулы оның анасы. Аналарды мейрамымен құттықтап, Гүл әкеліп берсін барлық баласы. Жүздерінен күлкі кетпей әрқашан, Аналарды құрметтесін барша жан. Мейірімге бөлендірген маңайын, Ана-асыл,аяулы да мейірбан. Захарова Назерке 10 сынып Анама Ана ұстаз қадырің, Өмір берген тәңірім. Тек биіктен көрінсін, Шәкіртің мен ұл-қызың. Губашева Айиза 5-сынып Ананы біз сүйеміз Ана,ана,аналар, Ана шаттық паналар Ананы біз сүйеміз, Ана бізге сүйеніш. Қалиева Айнара 5 сынып Анаға арнау Анам менің аялы, Алақаны саялы. Қарным ашып келгенде, Дастарханын жаяды. Сырлыбаева Ализа 5 сынып Ұстазым Ұстазым-ақылшым, Ұстазым-көмекшім. Ұмытпаймын апайды, Тіпті болсам президент. Хасанов Арман 5 сынып Дара жолым Дара жолым деген-ана тілім. Дара жолым деген-отаным. Дара жолым деген-отбасым. Дара жолым деген-туған жерім. Дара жолым деген-ауылым. Дара жолым деген-достарым. Дара жолым деген-туыстарым. Дара жолым деген-далам менің. Маған ешқандай байлық керек емес. Серікбай Ерасыл 4 сынып

№ слайда 5 5 Біздің мақтаныштарымыз! Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектепшілі
Описание слайда:

5 Біздің мақтаныштарымыз! Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектепшілік 25 игі іс-шараның бірі «жиырма бес бестік» байқауы бойынша ақпан айында мына оқушылар алдыңғы нәтиже көрсетті: Хасанов Арман Меңдіғұлов Әліби Меңдіғұлов Райымбек Қайыржан Жаннұр Бексұлтанов Дәулет Жасқайратов Айдынбек Жусупов Нұрбек Мәліков Ахмад Қадырбекова Әсия Аймукашева Раушан Байкенова Тоғжан Есіркепова Ұмсынай Электрон үйірмесінің мүшесі Ескендиров Данил «Ғылым әлемін ашамыз»-атты облыстық көрме байқауына қатысып,арнаулы сертификатқа ие болды. Үйірме жетекшісі Ж.Н.Мұқанов Қосымша білім беру бағыты бойынша Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған «Ясауи» пәндік олимпиадасына 11 сыныптан 12 оқушы қатысып,нәтижесінде 8 оқушы ІІ-кезеңге өтті. Қазіргі уақытта наурыз айының соңғы күндерінде Түркістан қаласында өтетін олимпиадаға қатысу үшін дайындалуда.Олар: 1.Қапиятуллина Аяжан-биология 2.Оразымбетов Оразғали-д/ж тарих 3.Шайзадинов Оразбек-д/ж тарих 4.Төлегенов Жомарт-биология 5.Жамбылов Нұржан-қазақ тілі 6.Ибраемова Фариза-қазақ тілі 7.Кайленова Айзада-қазақ тілі 8.Жакупова Назгүл-биология Ақпан айында Ақсай қаласында өткен облыстық турнирге «Бокс» үйірмесінен Қадырбеков Айхан (I орын) мен Марксов Санжар(II орын) қатысып, жүлделі орындарға ие болды. КСРО спорт шебері,социолистік еңбек ері М.Б.Ержановты еске алуға арналған турнирге оқушыларымыз қатысып,төмендегідей нәтиже көрсетті. I орын- Қалиев Тұрарбек 9 сынып II орын- Есенов Наурызбек 9 сынып III орын- Қадырбеков Айхан 8 сынып

№ слайда 6 6 Е к і ж ұ л д ы з Рейтингі ең жоғары,ең үздік жоба бұл - «Екі жұлдыз» жобас
Описание слайда:

6 Е к і ж ұ л д ы з Рейтингі ең жоғары,ең үздік жоба бұл - «Екі жұлдыз» жобасы.Оған кепіл жоба соңына жетпей жатып,ауыл халқының ықыласы,жанашырлығы және кезең сайын көбейіп отыратын лық толы зал. Қалың көпшіліктің асыға күтіп,тамашалайтын әдемі кешіне айналды. Қатысушыларымыз да кезең сайын дайындықтарын күшейтіп,жоғары деңгейде ән шырқап келеді. Ізденімпаз,жаңашыл әншілерімізге тек сәттілік тілейміз! Әсем ән де,әдемі әнші де,әсерлі әңгіме де осында,ендеше жобаны соңына дейін бірге бақылап,үздіктерді бірге таңдайық!

№ слайда 7 Ата-аналарға арналған 10 кеңес 1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай
Описание слайда:

Ата-аналарға арналған 10 кеңес 1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектес. 2. Балаға жасаған еңбектерің үшін ақы сұраушы болма. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлайды, ол тағы біреуге, бұл адамзат сапарының ұлы жолы осылай жалғаса береді. 3. Өзіңнің өкпе - ренішіңе баланы араластыра берме, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуың мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз! 4. Баланың мәселесіне бей - жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ. 5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз! 6. Адам өміріндегі ең қызықты кездесу, баламен кездесу, оған үлкен дайындық керек, себебі сіз өзіңіздің ертеңгі күніңізбен кездесіп тұрғаныңызды ұмытпаңыз! 7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым - ау деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз. 8. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала - әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма. 9. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме! 10. Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым - қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке. 7

№ слайда 8 8 Мектепке кешікпей, уақытында келу керек. Мектепке кірген кезде, басқалардың
Описание слайда:

8 Мектепке кешікпей, уақытында келу керек. Мектепке кірген кезде, басқалардың алдына шығамын деп бір-бірлеріңді итермеңдер. Кіре берісте аяғыңды дұрыстап сүрт. Ұл балалардың мектепке кірер алдында бас киімдерін шешкені жөн. 3. Сыныпқа кірген кезде, амандас. Мектепте жүрген кезде де барлық мұғалімдермен, техникалық қызметкерлермен амандас. 4. Егер сабаққа кешігіп қалып, сыныпқа қоңыраудан кейін кірсең, мұғалімнен кіруге рұқсат сұра. Сыныпқа үлкен адам (директор, мұғалім, ата-ана) кірген кезде, барлығың ақырын ғана орындарыңнан тұрып, кірген кісімен сәлемдесіңдер.  Рұқсат сұрағаннан кейін орындарыңа қайта отыруға болады.  5. Өз партаңды күт, оны сындарма, шимайлама, сырма, үштік затпен тесіп, бүлдірме. 6. Партада тек қолдарың ғана болуы керек.Партаңда тік отыр, тәртіпті бол. Мұғалім сұраса, орныңнан тұр, отыруға рұқсат берсе, отыр. 7.  Жауап бергің келді ме, онда босқа шуламай, жай ғана қолыңды көтер.  8. Үзілісте сыныпта тек кезекшілер ғана қалады. Олар тақтаны сүртеді, сыныпты желдетеді, мұғалімнің бұйрықтарын орындайды.  9. Коридорда жүгіруге, айғалауға болмайды. Үзіліс кезінде әр түрлі ойындар ойнаған жөн. Кейін сабақта сұранбас үшін, үзіліс уақытында дәретханаға барып алған жөн.  Дәретханаға барған соң, қолдарыңды жуыңдар. Әдепті сөйлеу мен жүріп-тұру.  Жолдастарыңмен кішігірім нәрсеге бола тайталаспа, ұрыспа, бірге жұмыс істеп, бірге ойнауға тырыс. Ешкімді сыртынан жамандама. Егер жолдасыңның жасаған ісі дұрыс емес екенін білсең, оған мұны бірден бетіне айт. Жасап жатқан ісің жақсы шығып жатса, өркөкіректеніп кетпе, ал қолыңнан келмей жатса, ашуланба, еңсең түспесін.  Мейірімділік – бұл адамның барлық адамзатқа бақыт сыйлауға талпынуы.  Біреу қайғыға тап болса, немқұрайлылықпен  сырт қалма. Кез келген мезетте және әрқашан қолғабыс етуге дайын болу керек!  Әрқашан ұқыпты, таза киініп жүр. Өз шалбарыңды, аяқ киіміңді өзің тазалап, түймеңді тіге алуың керек және әрқашан да таза қол орамалың мен тарағың болсын.   Мектепте қолданатын заттарыңды тәртіпте ұста. Дәптерлерің майысып қалмас үшін, оларды папкаға салып қой. Оқулықтарыңды тыстап қой. Қалам, қарындаш, сызғыш пеналда болуы керек.  Есіңде ұста: кез келген заттың өз тұратын орыны болуы тиіс. Оқы,ойлан,жүзеге асыр...

Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДБ-056365
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх