Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Жаңа заманауи туралы "А есебі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Жаңа заманауи туралы "А есебі"

библиотека
материалов


Каржаубаева Динара Каламановна Мұғалім портфолиосы А есебі

5 топ 3(базалық)- деңгей

Тараз қаласы 12.04.2015




Тiзбeктeлген сaбaқтaр тoптамaсына бағдaрламaның бiр модулі қалай және неге енгiзілгені туралы бір рефлексивтік есеп.

Мен Жамбыл облысы,Жуалы ауданы №27 Дихан орта мектебінде оқыған курстың бірінші бетпе - бет кезеңіндегі алған теориялық білімімді жүзеге асыру үшін 02.03.2015 - 28.03.2015 ж. күндері аралығында іс- тәжірибемді жүргіздім.

Мектеп тәжірибесінде бағдарламаның жеті модулі табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады: . оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

.сын тұрғыдан ойлауға үйрету;

.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

.оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

.талантты және дарынды балаларды оқыту;

.оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

.оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Көрсетілген жеті модульдегі идеялар, жекеленген стратегиялар мен тәсілдер бір-бірімен байланыста болады.

Сыни тұрғыдан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар, - дейді, сарапшылар:

қадағалау жолымен алынған деректерге;

мәнмәтінге;

шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық

құрылғыларға лайықты көңіл бөледі.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

релеванттық ақпараттар жинауды;

дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. (Нұсқаулық )

Сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қалай қолдануға болады?

Ең алдымен сабақ тақырыбын немесе шешуді қажет ететін проблеманы айқындау қажет. Қандайда тақырыпты не болмаса проблеманы шешу үшін біз оқушыларға үнемі сұрақ қойып, олардың сыни ойлауын белсенділендіріп отыруымыз керек.Алдымен оқушыларға «Бұл тақырып/проблема туралы не білесіздер?» деп сұрау қойып, олардың алдымен жеке ойланып,содан кейін шағын топ ішінде өз ойларын ортаға салуды тапсыруға болады.

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда материалды меңгереді. Оқушылар сенімін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Мұғалім оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, нені жақсы көретінін және олардың қызығушылығын түсінуге тырысады.

Білімді тиімді игерудің ұтымды тәсілдердің бірі сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау - оқушының өз бетінше білім алуына әсер етуі, бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталуы.

Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы- төкпелі , күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін , ұстанымдарын , құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай, олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, тұла бойынан өткізуі қажет.

2015жылдың наурыз айында орта мерзімді жоспар негізінде құрылған төрт сабағымды өткіздім. Мұғалімге тән ізденімпаздық пен жан-жақтылықты өзіме серік етіп, сабақ процесін жетілдірдім. Жеті модульді енгізе отырып, тәжірибемді 3 «ә» сыныбында өткіздім. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша сабақтарымды жоспарлап, 4 қысқа мерзімді жоспар дайындадым. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының көптеген элементтері бар. Мысалы: ЖИГСО, «Миға шабуыл», ИНСЕРТ, «Ой қозғау», «Кубизм» стратегиясы, «Бес жолды өлең», сематикалық карта, «Венн диаграммасы», «Эссе» жазу тағы басқалары.

Сабақтар топтамасындағы бірінші сабақта «Пайдалы қазбалар және оларды қорғау» тарауындағы «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» тақырыбында балалармен психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекіттік.Балалармен бірге бекіту жұмысы келесі қадамның сәтті шығуына негіз бола білді. Алғашында оқушылар бірден топқа қиындықсыз бөлінді деу қиын. Себебі, бұл жұмысты сабақта үнемі те болады.Сабақты үш түрлі суреттер арқылы топқа бөлдім. Онда шыршалар, гүлдер, ағаштар суреттері.

C:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_105629.jpgC:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_103356.jpgC:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_103512.jpg


Суреттерді таңдау тұрғысынан  ғана   бөлініп  қоймай, ақпараттарды талдап салыстыра келіп дұрыс шешім таба білді. Бірлесе отырып, «Алтын ережені» құрып, оған бағыну екінші бір қиындық екенін түсіндім. Себебі сабақта оқушыларға осы ереже туралы еске түсіру жұмыстарын жүргізіп отырдым. Топтарға бөлінген соң, әр топқа бір – бір жұмбақтан шешкіздім.Олардың жауаптарына мән бергізе отырып, жаңа сабақтың тақырыбын тапқыздым. Ол «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» екенін айта отырып, әр топ өзінің топ атына қысқаша сипаттама беріп өтті.

Интерактивті тақтадан өсімдіктердің алуан түрлілігін көрсете отырып, өздеріне таныс өсімдік туралы мағлұматтарды айтып отырды.

Жигсо әдісін қолдана отырып, оқушылар мәтінді үш топқа бөліп алып, оны алдымен өз топтарында талқылап, келесі топқа түсіндірумен болды.

«…мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер  жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады» (Нұсқаулық)

деп   айтылғандай  қосымша мәтінмен   жұмыс жасағандада сыни  көзқарас болды. Әр оқушы өз ойын айта отырып, ортада талқылады. Оқушылар мәтіннен алған білімдерін постермен қорғады. Постерге мәтіннен түсінгендері бойынша суреттерін салып оны өз сөздерімен түсіндіріп отырды. Үш топтан үш оқушы өз постерін қорғады , мен оқушылардың арасынан ерекше, сабаққа белсенді қатысып отырған мына оқушыларды байқадым,олар: Сейітқасым Анель, Сайлаубек Инабат, Әділбай Дина.

Көшбасшы оқушылар қай топқа түссе де сол топтардың жұмысын алға сүйреді. Олар өздерінің асқан белсенділігімен танылды. Қойылған сұрақтары қарапайым болғанымен екі оқушыға ( Анарқұл Нұртай, Пернебек Айқын) ЖАДА арқылы қолдау көрсетілді. Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) - әлеуметтік – мәдени теориядағы маңызды ұғым. Л.Выготскийдің айтуы бойынша , жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.

Әрі қарата сабақты жалғастыра отырып, оқушыларды бір сергіту сәтімен сергітіп алдым. Оқушылар видео –роликке қарап отырып, сергіту сәтін жасады.ВЕНН диаграммасы арқылы гүлдер мен ағаштарды салыстырды , ортақ қасиетін тапты. Кері байланыс арқылы сабақтан алған білімдерін, түсінгендірін және нені білгісі келетіндерін жазды.

Кері байланыс – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей , мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге , жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің маңызды ұғымы деп есептелінеді.Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.

Өткен сабақтарда үндемей отыратын, сабағы нашар Айдарбек Бағжан сабақта өзін жақсы сезініп, өз ойын айтып, қысылмай постер салуға кірісіп, алға қарай жылжығанын көрсетті. Бағжанды қанша оқытсамда, түсінбей, зер салмайтын. Бұл жолы сабақта әлде жұптық, топтық тәсілдердің оған ерекше әсер етткені ме, Бағжан көңілді, әрі сабаққа деген қызығушылығы оянып, жұмыс жасағысы келіп отырды. Ең қызығы қасында отырған балаларға түсіндіріп қояды. Ал Нұртай мен Арман жауап беріп жатқан Бағжанға таңқаларлық кейіп танытып отырды. Әрине білмеген жерлерін қасындағы жолдастарынан сұрап жатты. Бастысы сабаққа қатысуы. Жаңа сабақты тереңірек ұғыну үшін проблемалық бағыттаушы сұрақтар қойылды:1.Осы жаңа тараудан біз нені білдік? 2.Елімізде өсетін қандай өсімдіктерді білдіңдер? 3. Өсімдіктердің қандай қасиеттерімен таныстыңдар?Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне қарай дарынды оқушыларға күрделі тапсырмалар беремін.Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушы қажеттіліктерін ескеріп отырдым. Соңында сабақты формативті бағалауға жүгіндім. Формативті бағалау- іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.(Нұсқаулық)

C:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_105252.jpgC:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_105317.jpgC:\Users\User\Desktop\Сабақтар топтамасы\суреттер\20140101_105402.jpg


Сабақ барысында мен сыни сұрақтар қойып, түрлі деңгейдегі жауаптар алып отырдым. Кейбір жекелеген оқушылардың жауаптары толыққанды болмаса да, топтың көмегімен толықтырылды.

Менің сабақтағы жетістігім: оқушылардың табиғатқа , өсімдіктерге деген қызығушылығы арта түсті. Олардың бір біріне, топтар арасында күрделі сұрақтар қойғаны қызықтырып, осы сұрақтардың қайталанбауын тексерді. Оқушылар әдетте мұғалім сұрағына жауап беріп, бейімделсе бұл жолы өздеріне қандай сұрақ қою керектігін шешті.

Сабақ барысында жіберген кемшілігім: Сабақта жауап беріп жатқан баланы асықтырып отырдым, сабақтың жоспарлауында уақытпен санаспадым.

Келесі қадамым: сабақ барысын дұрыс жоспарлап, уақытты үнемді пайдалану. « Оқушының ойы құнды» екенін ескеріп, асықтырмай, толық тыңдап бітуді естен шығармау.


Екінші сабағым «Өсімдіктер қалай пайда болады?» . Сабақты бастамай тұрып, «Теңеу» тренингін өткізіп, жұмысымның әрі қарай сәтті жүруіне әсер етті.

H:\DCIM\Camera\20150318_145857.jpgH:\DCIM\Camera\20150318_150004.jpg


  1. Миға шабуыл арқылы үй тапсырмасын бекіту. Миға шабуыл стратегиясы – ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын әдіс. Бұл әдіс қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі.

Миға шабуыл стратегиясы оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Оқушылар өз пікірлерін айтқанда, ешкім оны бөліп, өз пікірін айта алмайды. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. Белгіленген уақыт сақталады.
Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін оқушыларды топқа бөлдім.Суреттер арқылы балалар үш топқа бөлінеді.

Үш түрлі суреттер , яғни тамыр, дән, өсінді.

Әр топ өзінің тобы туралы қысқаша сипаттама береді. Яғни бұл жерде мен оқушыларға сыни тұрғыдан сұрақтар беремін . Мысалға: Тамыр арқылы өсімдік не жасайды? Тамырдың қанша түрі бар?

Тамыр арқылы өсімдік жер қойнауынан не алады? Дән деген не? Ол өсімдіктің қай жерінде орналасқан? Өсімдікте дән қалай пайда болады? Өсінді туралы не білесіңдер? Өсінді өсімдікке не үшін қажет? Сұрақтарға жауап ала отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Мағынаны тану. «Өсімдіктер қалай пайда болады?» мәтінін толық оқып шығуға мүмкіндік беремін. Әңгіме құрылысына талдау жасалынады. Постер қорғайды.Әр топ өзіне бөлінген мәтін бойынша мұқият оқып шығып, постер арқылы оны қорғап шығады. Постер қорғағанда бір-екі оқушымен шектеліп қана қоймай, топта сол мәтін туралы өз ойын қосамын, түсіндіремін деген оқушыларда шығып айта алады. Бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі келесі топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте басқа топтар шығып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын айтады. Осылайша топ мүшелері бір- біріне түсіндіріп, сол арқылы ойлануға үйренеді. Түсінбеген жері болса, онда оған қосымша сұрақтар қойылады. Постер қорғаушы ол сұраққа да жауап беруі тиіс.Топтарға берілген тапсырманы орындауда постерлер жасап, оны қорғап, жақсы жұмыс көрсетті. Жұмыс барысында оқушылар түрлі идеяларды ұсынып, талдап отырды. Менің ойымша, осы жұмыстар оқушының сыни ойлау қабілетін дамытып, жеке пікірінің қалыптасуына жол ашады.

Ой қозғау арқылы әр оқушы өз ойын ортаға салып, талқылайды. Оқушылар бір сәт тынығуға сергіту сәтін жасады. Сергіп алған соң, оқушылар әрі қарата сабаққа белсене қатысуын жалғастырды.

«Ішіне-Сыртына» әдісі бойынша оқушылар бүгінгі алған білімдерін саралап, қорытындылайды. Яғни ішіне бүгінгі өткен сабаққа байланысты терминдер мен сөздер салынса, ал сыртына өткен сабаққа байланысты терминдер мен сөздер салынады. Әр топтан тақтаға шығам деушілер қол көтеріп берілген әдіс бойынша жұмысты ұқыпты етіп жасады.

Оқушылар кері байланыс парағында өз білімдер туралы жасырмай толық жазған. Нені білгенін, үйренгенін, нені әлі де болса іздену керектігін. Кейбір оқушылар қай мәселеде қиналатындығын көрсеткен. Осындай бағалау түрі мұғалімге де, оқушыға да тиімді. Бұл бағалау арқылы оқушылар өз әрекетіне сыни көзбен қарауға дағдыланса, мұғалімдер сабақтарын жоспарлау кезінде оқушының сұранысын ескереді.

Бүгінгі сабақтағы жетістігім: оқушылардың өз бетінше іздене білуі. Сабақта өз ойларын, жаңа идеялар айтылып жатты. Есте сақтау қабілетімен мені таң қалдырған Әділбай Дина болды. Ол өзге топтағы постерге тез көз жүгіртіп, көптеген нақты сұрақтар қоя білді..

Жіберген кемшілігім: сабақты уақытынан бір минут аса аяқтадым.

Келесі қадам: сабақта уақытты үнемді пайдалану, жекелеген оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындау.


Үшінші сабақ «Бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер» тақырыбында болды. Алдымен «Ыстық орындық » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрадым. «Амандасу» тренингі арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтердім. Топқа бөлерде шашақ тамыр, кіндік тамыр, жайылма тамырлар суреттерін таңдап алғыздым. Оқушылар сурет бойынша топтарға бөлінді. Әр топ көшбасшысы өз тамырлары туралы толық түсінік беріп отырды.Оларға сыни тұрғыдан сұрақ қойылды:1.Берілген суреттерде ненің суреті ? 2. Тамырлар қандай? 3.Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбын аша отырып, мәтінмен жұмыс жасайды. Әрі қарата оқушыларға «Жигсо» әдісін қолдану беріледі.Жигсо- көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігінен игеруге және бірін-бірі оқытуға, үйретуге бағытталған тиімді тәсіл. «Жигсо» деп ХХ ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған.

«Ұшақ ұшыру» ойынын ойната отырып, оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру. Ойын шартымен таныстыру. Ойын шарты мынадай: Әр оқушыға ақ қағаздан таратылады, олар одан өз қолымен ұшақ жасайды. Әр қанатына сұрақ жазады да ұшырады. Барлық оқушы ұщақтарын бір-біріне ұшыртады. Бір-бірінің сұрақтарын оқи отырып, оған жауап қайтарады.

Әрі қарата «Теңеу» .Әр оқушы өз ата-анасын қандай гүлге теңейтінін әңгімелейді.Себебін айтады. Талантты және дарынды оқушылар осы кезде табиғат туралы 5 жолды өлең құрастырады.Сергіту сәтін жасап болып, «Кім тапқыр?» бүгінгі сабаққа байланысты тест беріледі. Ол тесті бес минутта орындап болады. Әрі қарата сабақты қорытындылай келе оқушылармен «Бес саусақ» әдісін пайдалана отырып, Мына сұрақтарға жауап бере отырып, жауабын әр саусаққа жазады: Бүгін сабақта ең құнды қандай мәселе болды?Мен топта қалай жұмыс жасадым?Мен бүгін қандай білім алдым?Сабақ маған ұнады ма?Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.

Өз тәжірибемде оқушыларды ауыз екі сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойып отырдым. Мысалға: Неге?, Не себептен бұлай ойлайсыздар?, Қалай?, Не үшін? тағы осы тәріздес сұраулар. Сондағы мақсатым әр оқушыға ой түрткі салу. Жұмыстың нәтижеге бағытталуының өзі осында деп ойлаймын.

Бүгінгі сабағымдағы жетістігім: Оқушылар ойларын ашық айтады. Өзге пікірге құлақ асады. Өзіне айтылған сынды қабылдайды.

Бүгінгі сабақтағы кемшілігім: көшбасшы ретінде көп тапсырмаға араласамын. Балаларға мүмкіндігінше көбірек еркіндік беру қажет.

Алдағы қадамым: сабақтағы өзімнің рөлімді өзгертемін.


Төртінші сабақ, яғни соңғы сабағым «Өсімдіктердің тіршілік ортасы» .

«Миға шабуыл» арқылы үй тапсырмасын сұрадым. Шаттық шеңбер арқылы бір-біріне жылы тілектер айтып, көңілдерін көтерді. Тақырып сабақтар топтамасының төртіншісі болғандықтан оқушылар «Топтастыру» әдісіне едәуір төселген. Топқа бөлу кезінде маған аса үлкен қиындықтар болған жоқ. Оқушыларды суреттер арқылы топтарға бөлдім. Ой қозғау. Өсімдіктердің тіршілік ортасы туралы не білесіңдер? Оқушылар өздерінің білетіндерін ақ қағазға жазып береді.

Жаңа білімді меңгерту мақсатында әр топқа мәтінді бөліп беріп,постер қорстарынғаттым. Сергіту сәтіне «Бидай егу »ойынын ойнаттым.Ойынды ойнаған соң,сәйкестендіру жұмыстарын жасады.. Топтастыру жұмыстарын жүргіздік.Кері байланысты БҮҮ толтырып, стикерге өз аттарын жазып , тақтада ілулі тұрған кемпірқосаққа жапсырады.




H:\DCIM\Camera\20150318_151141.jpgH:\DCIM\Camera\20150318_151222.jpgH:\DCIM\Camera\20150318_151026.jpg





9



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров181
Номер материала ДВ-471812
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх