Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Жаңа Жыл бізде қонақта!"

"Жаңа Жыл бізде қонақта!"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«Жаңа Жыл бізде қонақта!»

Гүлсезім: Армысыздар, құрметті ата – аналар, қымбатты балабақша бүлдіршіндері және бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары.
Бибінұр: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге әр шаңыраққа тыныштық, бірлік құт – береке әкелсін.
Нұрай:
Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де.

Жансая
:
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Гүлсезім:Бүгін бізді мейірімді перизат өзінің еліне жаңа жылдық кешке шақырып жатыр екен.Олай болса барлығымыз осы кешке барайық,керемет кештен құр қалмайық.
Мейірімді перизат перде артында жүреді.
Мейірімді перизат: Ой, жаңа жыл келіп қалды, ал менің шақырған қонақтарым келема екен? Қазір көп кешікпей келіп қалар, мен қонақтарды күтіп алуға дайындала берейін. (музыка ырғағымен перизат билеп жүр.)
Ақшақарлар келіп,билейді.Билеп болған соң перизаттың еліне кіріп кетті. Нұрай, Жансая, Дания, Жанерке, Інжу, Асылзат.
Мейірімді перизат қарсы алып отырғызады.
Мейірімді перизат:Қош келдіңіздер,ақшақарлар!Менің шақыртуымды алыпсыңдар келгендеріңе рахмет!
Кенеттен музыкамен қуыршақтар жүгіріп келеді. Іңкар, Әбдірақым,Сержан
Мальвина:
Тоқтаңдар, енді қайда қашамыз.
Буратино:Алға қарай тоқтамай жүгіре берейік.
Артемон: Ия, буратино дұрыс айтады, жүгіре берейік мүмкін алдымыздан тығылатын жер кездесер.
Мальвина: Жоо-жоқ, тұра тұрыңдаршы, мынау тұрған не? Қазір мен оқып көрейін. Мейірімді перизат елі деп тұр. Мүмкін соның ішіне кіріп көрерміз.
Буратино: Жарайды.
Артемон: Мальвина дұрыс айтады. Әрі қарай жүгірмей осы елге кіріп кетейік.
Үшеуі елге кіріп кетеді.
Карабас-барабас: Менің қуыршақтарым қайда екен а? Қайда қашып кетті өздері? Айтпақшы мейірімді перизат мені өзінің еліне Жаңа жылдық кешке шақырған екен ғой., ұмытып кете жаздадым. Мына ел сол шығар, барып қайтайын, қуыршақтарымды содан кейін іздеп тауып алармын.
Елге кірген кезінде ғажайып әуен орындалды.
Карабас-барабас: Ой, маған не болды? Мен өзімді бір түрлі сезініп тұрмын: Қуыршақтар сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Өздерің қандай әдемісіңдер!
Мальвина: Біз сізден қашып келдік қой.
Буратино: Сіз бізді жіпке тізіп қойып ойнайтын едіңіз.
Артимон: Ия, сіз бізге ұрсатын едіңіз, бізге енді ұрыспаңызшы.
Карабас-барабас: Жоо-жоқ, қуыршақтар, мені кешіріңдерші, енді сендермен олай ойнамаймын. Мына ел керемет екен Мына елге кірген кезден бастап мен миірімді болып кеттім. Мені кешіресіңдер ме, қуыршақтар?
Мейірімді перизат: Қуыршақтар қарабас-барабас сендерден кешірім сұрап тұр, енді жамандық жасамаймын дейд, сендер кешіресіңдер ме?
Қуыршақтар: үшеуі ойланып , кешіреміз.
Музыкамен Қызыл телпек мен қасқыр кездеседі. Ердаулет пен Жанерке
Қасқыр: Ой, қызыл телпек сен мұнда не істеп жүрсің? Ана себетіңнің ішінде не бар?
Қызыл телпек: Мені мейірімді перизат Жаңа Жылдық кешіне шақырды. Сол кешке бара жатырмын, ал сенше?
Қасқыр: Мені де шақырған болатын- деп алдап бәлішін жемекші болған қасқыр , жүр бірге барайық деп кіріп кетеді. Бірақ мейірімді перизаттың сиқырымен қасқыр мейірімді қасқырға айналады.
Музыка косылып, Дартаньян мен үш ноян мейірімді перизаттың елінде кездесіп қалады...
Димаш, Диас, Айқын,Ерасыл
Дартаньян: Сендер мұнду не істеп жүрсіңдер, қайда шықтыңдар?
1-ноян: Біз Жаңа Жыл кешіне шақырту алдық
2-ноян: Мейірімді перизат өзінің еліне Жаңа Жылдық кешіне шақырыпты.
3-ноян: Ия, ия, біз сол кешке келе жатырмыз.Ал сен қайда жол тарттың?
Дартаньян: Мынау қандай керемет жағдай, мені де шақырған болатын.
Нояндар: Жүріңдер, мейірімді перизаттың еліне барайық.
Мейірімді перизат: Хош келдіңдер, төрлетіңдер. Келгендеріңе көп рахмет. Жайғасып отырыңдар.
Залға Анасы артынан қыздары кіреді. Айдидар, Асия, Інжу. Жансая
Қыздары:
Анашым бізде барайықшы.
Апасы: Ау қыздарым үйдегі кірді кім жуады, асты кім дайындайды?
Қыздар: Күлшеқыз бар емеспе?
Апасы: Аааа. Ай Күлшеқыз мында кел, Біз Мейірімді перизат еліне Жаңа Жылдық кешке кеттік, сен үйді жинап, ас дайындап қой.
Күлшеқыз: Апатай мен де барайыншы,- деп жалынады.
Қыздар: Саған не жоқ, киімің де ұсқынсыз, отыр үйде.
Апасы: Жарайды, барсын, қазір қыздарымның киімін дұрыстауға қажет боласың.
Мейірімді перизат қар шашып мейірімді етіп жібереді.
Анасы: Маған не болды? Күлшеқыз ал сен неге ұсқынсыз киімде тұрсың?
Мейірімді перизат бізге көмегіңіз керек. Күлшеқызға асем киім қажет.
Мейірімді перизат: Қане менің сиқырлы шыршамды бір айналып өтейікші.
Анасы: Міне керемет, енді барлығымыз бірге Жаңа Жыл кешін тойлайтын болдық.
Залға қарақшылар билеп келеді. Садық, Рамазан, Бекжан, Биғали
Алибаба: Оу, не жатыс сендердікі. Мен Мейірімді перизаттан шақырту алдым , бізді өзінің еліне шақырды сол кешке барамыз ба?
Қарақшылар: Ия, барамыз.
Алибаба: Жүріңдер олай болса барлығын тонап, кештің шырқын бұзайық.
Мейірімді перизат қар шашып мейірімді етіп жібереді.
Алибаба: Ой маған не болды?
Қарақшылар: Бізге не болып кетті өзі? Біз ешкімді тонамаймыз, кешіріңдер бізде бірге кешті тойлайық.
Мейірімді перизат барлығын ішке кіргізіп отырғызады.
Мейірімді перизат: Ал, бұл не отырыс менің шақырған барлық қонақтарым келіп өзім қатты қуанып тұрмын. Келіңдер кешімізді бастайық.
Би .
Хор: «Келді міне, Жаңа Жыл»
Әбдірақым
.
Ертеңгісін байқадым,
Жердің беті ақ қырау,
Дал маржан деп айтамын,
Төгілуе шақ тұрау,
Өзені ме көқліме?
Әсем ою ойыпты,
Ағаштардың баріне,
Алқа тағып қойыпты.


Дания.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де, ән де әзір,
Ойын да әзір, барі әзір,
Кел Жаңа Жыл біздерге,
Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл.
Сырым.
Жаңа Жылым мол болсын.
Басқан қадам оң болсын.
Төрле төрле Жаңа Жыл.
Бізге құтты жыл болсын.
Ердаулет.
Әкем таңдап әкелді,
Ең үлпілдек шыршаны.
Исі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны,
Жұпар исі аңқыды,
Апамды да мәз қылды.
Ән. «Елочка красавица» Ерасыл, Сержан, Ердаулет, Жансая, Бибінұр, Әбдірақым
Қарша қыз келеді:
Мен өзімнің атамды таба алмай жүрмін. Жаңа жылдық кешке шақырған еді. Бірақ атам жооқ.
Мейірімді перизат: Қарша қыз сен мұңайма, біз Аяз атаны табамыз.
Алдымен кішкене ақшақарлардың өзіңе арнаған өнерін тамашалайық.
Ән. «Ақшақарлар» Нұрай,Кәусар,Кәусар,Айдидар, Жанерке, Айша
Бекжан.
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.

Жанерке

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Төрле-төрле Жаңа Жыл,
Бізге құтты жол болсын.

Ясмина
Жаңа жыл Жылдың әнін бастайық,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Іңкар.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған
Хор: «В лесу родилась елечка»
Шырша түбінен сиқыршы шығып. Менің ұйқымды кім бұзды, мен де сендердің кештеріңді болдырмай сиқырлап тастайын.
Перизат сиқыршыға қар шашып жібереді.
Сиқыршы: Ой маған не болды, менің бойымдағы сиқырдың барлығы мейірімге айналғаныма? Балалар мені кешіріңдерші, келіңдер одан мен сендерге сиқырымды пайдаланып сонау грузин елінің бишілерін қонаққа шақырайын.
Грузин биі. Сержан, Әбдірақым,Диас, Бибінұр,Кәусар,Айша.
Сиқыршы: балалармен бірге ойын ойнайықшы.
Ойын «
Қар құрастыру »
Мейірімді перизат. Балалар енді барлығымыз Аяз Атаны шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата!
Аяз Ата:
Амансың ба Ұлдарым,
Амансың ба Қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Асулармен алысып,
Асау желмен жарысып,
Келіп тұрмын сендерге
Алыс жерден асығып.
Хор. «Аяз Ата»
Аяз Ата: Ой, жарайсыңдар, маған арнап өлең айтып бердіңдер, тағы қандай өнерлерің бар?
Айдидар
Аспан жерге төгілді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Көңілденсін ол енді,
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Садық.
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Димаш.
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Айқын.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Диас.
Көңілде көп қуаныш,
Әр күнге жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Мейірімді перизат: Келесі кезекті біздің қыздарымыздың орындауындағы әнге берейік
Ән «Қыс келді» Ямина, Биғали, Диас, Асия, Гүлсезім
Кәусар.

Скоро ,скоро Новый Год,
Он торопится идет.
Постучится двери и нам,
Дети здраствуйте я и вам.

Айша
Скоро Дед Мороз идет,
Нам подарки принесет.
Яблоко конфеты
Дед Мороз ну где ты?
Ерасыл.
Жаңа жылды қарсы алып,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Мініп алып күймеге.

Ағылшын тақпақтар

Аяз Ата: Ой, жарайсыңдар ,балалар. Сендер үш тілде де жетік меңгеріпсіңдер ғой, қандай жақсы.
Мейірімді перизат: Келесі кезекті біздің қыздарымыздың орындауындағы әнге берейік.
Ән «Жаңа Жылда Жаңа жыр» Інжу, Іңкар, Асылзат, Гүлсезім
Аяз Ата:
Ой ,жарайсыңдар, балалар менде құр келмедім сендерге қабымды толтыра сыйлық әкелдім.
Қапшық ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан кемпір. Ха-ха-ха. Сендер мені Жаңа Жылдық кешке шақыруды тағы да ұмытып кеттіңдер. Бірақ мен мына қапшықтың ішінде отырп барлығын тыңдадым. Мен шыдамай кеттім сендердің өнерлі екендерің мен қазір кештеріңнің шырқын бұзамын. (Мейірімді перизат қарын шашып жібереді)
Мыстан: Перизат маған не істедің? Менің жүрегім жұмсап кетті ғой. Мына керемет кештің шырқын енді қалай бұзамын. Қой одан да мен де сендерге сонау үндістаннан бишілерді шақыртып берейін.
Би. «Үнді биі» Ясмина, Асия, Айдидар, Гүлсезім, Іңкар,Кәусар
Ән. Аққала.
Мейірімді перизат :Аяз Ата мен отырған қонақтармен бірге керемет ойын ойнасақ қалай болады.Ата-аналар сіздер қарсы емессіздерма?
Ойын «»
Керемет балалармен бірге қонақтар да өте өнерлі екен.
Мейірімді перизат: Мен де сіздерге арнап қонақ шақырдым. Тамашалайық.
Пародия. «Ай будет круто» Айша, Гүлсезім, Нұрай, Кәусар, Кәусар, Ясмина.
Мыстан:
Қандай керемет, мен кештің шырқын бұзам деп келіп керемт өнерлеріңді тамашаладым. Менің Аяз Атаның қапшығындағы сыйлықтарды орнына келтіруім керек, сиқыршы маған көмектесші. Мен қапшық ішіндегі бар конфетті шашып кетіп едім, мына кішкене конфеттен басқа мен ештене жоқ . Енді нестимін..
Сиқыршы: Қане мыстан сол кішкене конфетіңді алып шыршаны үш рет айнал мен сиқырлы сөзімді айтайын. (Сиқырлы сөзбен конфет қайта үлкен конфетке айналады.)
Сиқыршы: Мыстан бір демалып, көңіл көтеріп қалдық,біздң қайтатын уақытымыз болды.
Мыстан, Сиқыршы: Сау болыңдар балалар.
Аяз Ата: Ой қандай керемет өнер көрсеткен балаларға берер енді сыйлығым да бар. Енді мен сендерге сыйлығымды берейін.
Балалар біздің қайтатын уақытымыз да болп қалды. Мыстан мен Сиқыршы Қаршақыз біздің басқа да сендердей балалардың өнерін тамашалауға баруымыз қажет.
Сау болыңдар!
Балалар:
Сау болыңыз!
Мейірімді перизат: Осымен менің елімде болған Жаңа Жылдық кешіміз де аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: ДБ-126988


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Сурдопедагогика в дошкольном образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»
Курс повышения квалификации «Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности»
Курс повышения квалификации «Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель»