Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Жаңа жыл" кеші

"Жаңа жыл" кеші

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1 ж: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Міне тағы бір жылды артқа тастап, тағы бір жаңа жыл, жылан жылын қарсы алуға жиналдық.

2 ж: Иә, оқушылар тәуелсіздігімізге биыл 21 жыл толып, Жаңа жыл мерекесімен байланысып жатыр.Осы мерекеміз баршаңызға құтты болсын!

Еліміз тыныш болып, іргеміз биік болсын!

Ән: «Атамекен».Русланов Елдостың орындауында қабыл алыңыздар!

1 ж: Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық,

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкімде,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық.


2 ж: Қараңдаршы балалар,

Ортада міне шырша тұр.

Сылдырлаған моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге

Жылан жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

1 ж: Өткен жыл біз үшін жақсы, бейбіт, тыныш жыл болды.Жасымызға жас қосылып, тағы да бір жасқа өстік.Келе жатқан жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!Қыстың әсем әнін шырқауға шақырамын.Шыршаны айнала «Шырша жырын» орындап берейік.

2 ж: Ал балалар тұрмайық

Бастайықшы жыл кешін.

Бар қызықтан құр қалып,

Кей балалар жүрмесін.

Өлең айтып, би билеп,

Барлық бала терлесін.


Балалардың әдемі шыршаға арналған тақпақтары бар.Канеки, тыңдап көрейікші.

«Жаңа жыл келеді»


2 «б» Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.


3 «а» Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойында әзір, бәрі де әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!

1 ж: Ал балалар, балалар,

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.


( Ортаға ескі жыл шығып, басын иіп сәлем береді)


3 «а» Өткен жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтайды ойымыз.


Ұлу: Көп рахмет бүлдіршін,

Сенің өзің гүлгүлсің.

Сенің өзің бұлбұлсың

Халқың сүйер керемет,

Қыз боларсың кім білсін.


2 ж: Қымбатты балалар! Біз ескі жылмен қоштасқалы отырмыз


Ескі жыл атағың жаңғырған,

Өтіп сен келесің сан қырдан.

Жасырмай айтшы тек , балалар

Болдыма көңілді қалдырған?!


Ұлу: Жауапты берейін не деп мен

Олардың көбіне жоқ өкпем.

Үш жүз алпыс төрт күнімді ,

Өткізгем жоқ босқа демек мен.

Жыл бойы көп көріп келем мен,

Жақсы істер болды ғой дегенмен.


1 ж: Аяулы да 2012 ұлу жылы! Сіз бізбен 364 күн, 364 түн бірге болдыңыз, бірге жүрдіңіз.Сіз бізден қызығыңыз бен қуанышыңызды алған жоқсыз.

Ақша қарлы қысыңды, көгілдір көктемің мен жадыраған жазыңды көрдік.

Сары алтынға малынған күз мерекесіне әсем ән мен би билеп шығарып салдық.Біз сізге ризамыз.Қош бол, аяулы 2012 жыл!


Ұлу: Мен сендерге ризамын, балалар.Ұмытпаймын сендерді.Қош сау болыңыздар!


Аңсаған арманды табамы,

Жақсы оқып, 4 пен 5 аламыз,

Өшпейді қалдырған іздерің,

Ескі жыл ризамыз саған біз.


Би: «Ханшайым». 3»б»


2 ж: О, жараңдар, жараңдар,

Қызықтаңдар қараңдар.


Т: Келді бізге қонақтар,

Ормандағы бар аңдар.

Қандай тату өздері,

Күлімдейді көздері.

Кәне, кәне келіңдер

Таппақ айтып беріңдер!


(Осы кезде қасқыр мен қоян ұстасып,аю мен барыс құшақтасып, арыстан мен түлкі қол ұстасып шырша маңына келеді)


Жақсылық: Мен мықты арыстан,

Аңдардың патшасы.

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы.


Ғалымжан: Мен жыртқыш жолбарыс,

Тураған ну қамыс.

Түн демей, күн демей

Жортамын жолда алыс

Қырағы шапшаңмын,

Қайраты асқанмын

Жалт берген жауымды,

Орнына басқанмын.


Мұқанбет: Мен- бал құмар қорбаңдаймын,

Тәтті ұрлауға қорланбаймын.

Омартаны аралаймын

Аяқ қолды жаралаймын

Сонда да оған қарамаймын

Балға тоймай оралмаймын.


Саябек: Мен көкжал қасқырмын

Жан- жануарды састырдым.

Аш болсам ұлимын

Ауылды тоимын.

Аңшыдан қорқамын,

Сайлармен жортамын.


Нұр: Мен- түлкімін, түлкімін,

Қоймасымын күлкінің.

Күлкіммен арбаймын

Мықтымсынған мақауды

Қулығыммен арбаймын.


1 ж: Құт болып азат күн- жаңа жылы,

Шырқалсын қазақтың ән жыры,

Жасына жас қосып баланың.


Н:Алақай келеді жаңа жыл,

Әдемі би билеп, ән шырқап,

Кел, достар, бастайық жаңа жыр!


Пародия: «Ханзада».Қыдырәлі, Қарақат.


(Қарғаны ертіп мыстан кіреді)


Қарға: Мереке жылдам жетіпті,

Балалар бастап кетіпті.


Айбек: Мыстан шеше, кел мұнда,

Қарқ, қарқ, қарқ, қарқ.

Жаңа жылды болдырма,

Сағат тілін тарт, тарт.


Мыстан: Күшімді сынайын,

Бір кешке сынайын.

Сендерге бұл жылды

Келместей қылайын.


( Мыстан балалардың көзін ала бере тілін кері бұрап қояды).


Ғалымжан: Құтты болсын, мереке!

Болсын думан береке.

Қалдың десе кешігіп,

Әлі уақыт көп екен.

Біреу үшін есіліп,

Жүр келейік шешініп.


Би: «Буратино»


Қоян: Тыңдашы барыс, қу мыстан,

Бүгін тағы бүлдірген.

Сағат тілін сол тұстан,

Кері бұрап үлгерген.


Ар: Енді қайттік, не істейміз?


Ғалымжан: Шақырайық аңдарды

Жоқ , достым оданда

Алдырайық Алдарды.


(Ішке Алдар кіреді)


Ғалымжан: Алдар аға, армысыз

Алдар аға, бармысыз

Сіз қайтарар деп едік

Мыстан кемпір қарғысын.


Ар: Сізге айтайық деп едік,

Балалардың алғысын.


Алдар: Не боп қалды достарым,

Басты қазір қосқаным.

Айтсаңдаршы анықтап,

Не бүлдірді қастарың?!


Қоян: Ал мен білсем, достарым

Мыстан ойлап бас қамын

Бұзбақ болып келіпті,

Жаңа жылдың жоспарын.


Алдар: Олай болса жүріңдер,

Тамашаны көріңдер.

Не десем де, тек қана

Үнсіз құптай беріңдер.

Алдап-сулап мыстанды,

Бір жығайық дұшпанды.


(Олар мыстан күзетіп тұрған үлкен сағаттың қасына келеді)


Алдар: Амансыз ба, шешетай?!


Мыстан: Қайдан көрдім сені мен,

Келдің кімнің елінен?!


Алдар: Арып-аршып алыстан,

Өзіңді іздеп келіп ем.

Құр қалмассың табыстан,

Бірге жүрсең менімен.


Мыстан: Не дейді?Неге, қайда?

Емес пе мұның айла?


Алдар: Ойбай, шеше!

Кеттік әйда

Маған олжа,

Сізге пайда.


Алдар: Ат басындай алтыным бар

Құдыққа оны көміп едім.

Бүгін ғана жолым түсіп,

Алмақ болып келіп едім.


Алуға аршып, жетпей күшім,

Сізден көмек болса деп ем.

Төмен түссем, арқан ұшын

Ұстап біреу тұрса деп ем

Қайтем оны жерге тығып.

Ал, шешетай, келісейік

Бар алтынды алып шығып,

Тең- тең қылып бөлісейік.


Мыстан: Жүр ендеше, сауабыңды алайын,

Арқан ұшын мен- ақ ұстап тұрайын.


(Екеуі құдықтың басына келеді, мыстан өзіне өзі күбірлеп:)


Мыстан: Ат басындай алтын дейді,

Оның бәрі менікі.

Құдық түбі салқын дейді,

Ол жер ғана сенікі.


(Алдар ішін қос қолымен басып)


Алдар: Ойбай, шеше!

Ішім бүріп барады.

Денем күйіп жанады,

Қалай табам, іш емін?

Қапелімде не болды

Ауырмаған кісі едім,

Сазға қалай түсемін?!


Мыстан: Ауруға дауа жоқ

Сенің шамаң келмесе,

Мен түсемін ендеше.


Қарға: Қарқ, қарқ, қарқ, қарқ.

Сенбе оның сөзіне.

Арқаныңды тарт, тарт

Құм толтырар көзіңе.


Мыстан: Ақымақ қарға оттама,

Досты бекер даттама.

Өзім түсіп шығамын,

Алтынды алам тек қана.


( Мыстан ішіне түскенде Алдар құдықтың қақпағын жылдам жауып жібереді.Қоян сағат тілін орнына келтіреді)


КВН-нен үзінділер:

  1. Таксист

  2. Жүлдеден орын ала алмай қалған кыз

  3. Талас


2 ж: Қымбатты балалар!

Шыршамыз неткен әдемі!Ойыншықтары неткен көп.Ал кім бізге шыршаға, аяз атаға арналған өлеңдер айтып берер екен?


Жасұлан: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


2»б» Аяз ата, Аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпаң қағып арқаланып,

Келеріңе сендік біз.


2»б» Бізбен бірге жайдары,

Аяз ата жайнайды.

Жарқырайды шыршамыз,

Ән салайық бәріміз.


Би: « Жау-жау жаңбыр» 3 «б»


3 «а»Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


3 «а»Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршамызға шам іліп.


3 «а»Таппақтарды жаттадық,

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.


1 ж: Жарайсыңдар, балалар!Тақпақтарың өте жақсы екен.

Енді Аяз ата келгенше бір ойын ойнап жіберейік!


Ойын: Кім тез қар түйіршіктерін жинайды?


2 ж: Кәне, ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.Бар дауыспен айқайлайық.


Балалар: Аяз ата, Аяз ата деп 2 рет айтқанда есік ашылады да, сыпырғышына мінген мыстан кемпір жүгіріп келеді.


Мыстан: Ойбай түрлерін қара!Неге тамақтарыңды жыртып жатсыңдар?


1 ж: Мә, мынау тағы келді ме?Құтыла алмайтын болдық қой.Сен өзі қайдан шықтың?Біз Аяз атаны шақырып жатыр едік қой.


Мыстан: Ал, мені неге мерекеге шақырмайсыңдар?Алданғаннан басқа түк те білмейсіңдер.Аяз ата сендерге бәрібір келмейді.Өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым.Енді ол жол таба алмайды.Ха-ха-ха деп секіреді.


2 ж: Неге олай еттің?Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?


Мыстан: Ә, бәлем,солай ма екен!


1 ж: Балалар шырша әдемі болып жану керек қой,иә?


Балалар: Иә!


Мыстан: Онда кәне жағып жіберейік.


(Қолына сіріңкесін алыпжаға бастайды)


2 ж: Жоқ, жоқ! Мына мыстан кемпірден құтыла алмадық қой.

(Осы кезде боранның гуілдеген даусы естіледі.Мыстан тоңа бастайды да, ата-аналардың арасына тығылып, соңынан шыршаның астына тығылады.)


1 ж: Ой, балалар мыстаннан құтылдық –ау.Алыстан Аяз атаның даусы естіледі.


2 ж: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!


Балалар: Аяз ата, Ақшақар!


( Әндетіп Аяз ата мен Ақшақар келеді)


Амансың ба, ұлдарым

Амансың ба, қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді-ау алыстан.


Балаларым балғыным,

Өмір гүлі шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.


1 ж:Қош келдіңіз Аяз ата!

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп


Ақшақар: Жаңа жылдың жаршысы,

Ақшақармын аппақ.

Кім би билеп, ән салып,

Кім айтады тақпақ.


2 ж: Біздің балаларымыздың жыр шашуын қабыл алыңыздар!


2 «а» Жаңа жылда жаңаша,

Болсын қызық тамаша.

Билеп, ән сап атамызды,

Қуантайық балаша!


Базарлықты баршаға,

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып,

Безендіріп шыршаны.


Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

Ақ күміске толады,

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан жомарт болады.


1 ж: Жарайсыңдар,қандай жақсы тақпақ!

( Шыршаның жанына жақындап барады)

Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе жатыр.


2 ж: Сыйлықтар.

Сыйлық алу қандай тамаша!Келіңдер балалар, сыйлықты ашып көрейік.


( Көңілді музыка ойналып, қорап ашылады да, оның ішінен « клаун» атып шығады)


Клаун: Амансыңда ма, балалар.Иә, бұл менмін.Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы.Ал мұнда сондай тамаша екен.Менде сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы.


Клоундар биі.


Бәрекелді балалар!Өнерлерің өрге жүзсін!


Аяз ата: Ал, Ақшақар қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Қанаттарың желбіреп,

Көңіл көтер балбырап.


Ақшақар: Мен білемін бір ойын,

Үйретемін сендерге.

Мен бастаймын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр...


Балалар: Жаңа жыл!


Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата.

Келеді бізге....


Балалар: Аяз ата.


Шырша бүгін кәделі,

Сендер әрі...


Балалар: Әдемі.


Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын, күлкі таралсын.

Құтты болсын...

Балалар: Жаңа жыл (3 рет)


1 ж: Балалар, олай болса, Жаңа жылды қарсы алайық!


Ән: « Жаңа жыл»


Қош келіпсің, жаңа жыл

Арман тойы ананың.

Қуанышы ғаламның,

Сені тойлап, қарсы алып

Бар әлемге жар салып.

« Бейбітшілік тойы» деп

Қол соғады барша жұрт.


2 ж: Төрле, төрле жаңа жыл

Құтты болсын қадамың.

Тілекке елді жеткізіп,

Есте қалсаң жарадың.

Аппақ қардай ақ ұлпа,

Адамдарға қанат бер.

Жас ұрпақты жарылқа,

Таудай үлкен талап бар.


Жаңа жыл: Армысыңдар, халайық

Ақ тілегім бәріңе

Жұлдыз болып жанайық,

Сәуле болып тарайық.

Бейбіт өмір нұрлансын,

Қайғы мұңсыз болайық.

Мен-жаңа жылмын,

Мен-жаңа нұрмын.

Мен-жаңа жырмын,

Барлығыңмен біргемін.


Міне тағы нұр келіп,

Жылан жылы балалар.

Төрімізге ол шыққан,

Бақыттымыз, сәндіміз.

Жаңа жылды сондықтан,

Құттықтаймыз бәріміз.


Пародия: Бейбіт Қорған «Шоқ қыздар»


Жаңа жыл адамдарды жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарылмасын

Жаңа жыл келген күні қуанғандай

Балалардан қуаныш арылмасын.


Келді міне Жаңа жыл, талға көрік,

Қар болып, қарға болып, жарға қонып,

Қонысың құтты болсын, жаңа жылым!

Қоныпсың қатарыма ақ үй болсын.


Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып,

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауламыздың тұсына қонып жатыр,

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.


КВН :

1Сүріншек

2.Отыру

Ақшақар: Жарайсыңдар, балаларым барлығыңызда ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер, ал енді жолға шығайық. Басқа балалардың да өнерін тамашалайық.


1 ж:Аяз ата, тоқтай тұрыңыз, біздің балаларымыз манадан бері өнерлерін көрсетіп жатыр, бізге сыйлық беруді ұмытып бара жатырсыз ғой!

Ақшақар: Жоқ балаларым неге ұмытайын

(Сыйлық таратады)

Ал балалар, өсе беріңдер, өркендей беріңдер, аспандарың ашық болсын, қош сау болыңыздар.

Балалар: Сау болыңыз!


Ақшақар: Жаң жылда, балалар

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық,

Қастарыңда болмасын,

Сау болыңдар балалар.


Балалар хормен: Қош бол, аяз ата, ақшақар

Пародия: Қайрат Нұртас


2 ж: Қандай жақсы ақшақар, аяз атамыз,

Ол кеткен соң терең ойға батамыз.

Ақшақар боп қалықтймыз аспанда,

Құс жолымен ән сап, бара жатамыз.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Жарылқасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.


1 ж: Жылдан-жылға жалғасып

Жақсылықтың шырағы.

Жылдар солай алмасып,

Жылжып-жылжып тұрады.

Бар баланың бойы өссін,

Боймен бірге ой өссін.

Береке бірлік ырыс-құт,

Болсын елде тыныштық.

Осыменен “Жасыл шырша шақырады” атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.






Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

1 ж: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Міне тағы бір жылды артқа тастап, тағы бір жаңа жыл, жылан жылын қарсы алуға жиналдық.

2 ж: Иә, оқушылар тәуелсіздігімізге биыл 21 жыл толып, Жаңа жыл мерекесімен байланысып жатыр.Осы мерекеміз баршаңызға құтты болсын!

Еліміз тыныш болып, іргеміз биік болсын!

Ән: «Атамекен».Русланов Елдостың орындауында қабыл алыңыздар!

1 ж: Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық,

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкімде,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық.

2 ж: Қараңдаршы балалар,

Ортада міне шырша тұр.

Сылдырлаған моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге

Жылан жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

1 ж: Өткен жыл біз үшін жақсы, бейбіт, тыныш жыл болды.Жасымызға жас қосылып, тағы да бір жасқа өстік.Келе жатқан жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!Қыстың әсем әнін шырқауға шақырамын.Шыршаны айнала «Шырша жырын» орындап берейік.

2 ж: Ал балалар тұрмайық

Бастайықшы жыл кешін.

Бар қызықтан құр қалып,

Кей балалар жүрмесін.

Өлең айтып, би билеп,

Барлық бала терлесін.

Балалардың әдемі шыршаға арналған тақпақтары бар.Канеки, тыңдап көрейікші.

«Жаңа жыл келеді»

2 «б» Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

3 «а» Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойында әзір, бәрі де әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров347
Номер материала 281038
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх