Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖаңа жыл кешіне арналған сценарий

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Скачать материал

 

 

«ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ - ЖАҢА ЖЫЛ!»

 

2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!
Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында 
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Өлең айтып ,би билеп
Мерекені тойлайық.
Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)

Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.

ШЫҒЫС БИІ 2А сынып

Сұлтанның сөзі:

Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?

ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз  Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз

Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!

ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!...күтейік!

Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!

ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!

Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!

Музыка ойналады ( мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)

Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын шақырдыңдар ма, міне солтүстіктің қызы. Мен келдім! Тойға дайындалыңыз!

Сұлтан: Құдай-ау, мынау не дейді? Жүрегі-і-і-ім!

ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.

Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!

ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес , бұл жалған айтып тұр.

Сұлтан: Басын алыңдар!!! жазалаңдар бұны.

Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.

Мыстан: ой мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап  өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!

ФЛЕШМОБ: «Я, банан!»

МАЙМЫЛ: Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, сендердің әндеріңді естіп...қарным ашып кетті! Менің сүйікті асым туралы әнге билеген кім?

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті, Маймыл! Келгеніңіз жақсы болды! Бұл Мыстан ғой, Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін өнерін көрсетіп жатыр!

МАЙМЫЛ: Солай ма?! Мыстанның өнері ұнады ма сендерге балалар???

БАЛАЛАР: Иааааа!

Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!!

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Маймыл жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.

МАЙМЫЛ:  Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

-Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды...Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, кәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!

БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!

(Музыка ойналады)

3 А сынып оқушылары: Аяз аталар шеруі, (флеш моб)

( Аяз ата мен Ақша қар келеді)

Аяз ата: : Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!

ХОР: «Шырша әні»

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата Байқасаңыз бізде Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленсем дейді.

СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен немереңіз сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз!

АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті. Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.

СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!

ӘН: 2А және 3А оқушылары

АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!

АҚШАҚАР: Балалар енді СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ  ойынын ойнайық! Музыка әуені бойынша таяқты бір-бірімізге береміз. Музыка тоқтағанда таяқ кімде қалса, сол Жаңа жыл туралы тақпағын айтады.!

Сиқырлы таяқ ойыны.ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!

0 «А» НОМЕР (би)

(жылдам музыка ойналып, Сұлтан Тауық жылын әкеледі)

СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап-жаңа Тауық жылын алып келдім!

ЖҮРГІЗУШІ:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт
! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!

ЖАҢА ЖЫЛ:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!

БИ: ШӨЖЕЛЕРІМ

ЖҮРГІЗУШІ -Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата-аналармен бір ойын ойнап жіберейік!

Ойын шарты: Түрлі-түсті 3 шар тұрады. 3 ата-ана шығып өзіне ұнаған шарды жарады. Ішінде тапсырма жазылған қағаз болады.

Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі

Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!

НОМЕР

АЯЗ АТА: Ал қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық.    Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР; БАЛАЛАР!

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

ЖҮРГІЗУШІ::

Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз ата, ақша қар кетеді. )

Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл кешіне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 890 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2017 4332
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айбатырова Жайнагуль Дюсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4408
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой