Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Жаңа жыл! " мерекелік іс - шара. Мектепалды даярлық тобы

"Жаңа жыл! " мерекелік іс - шара. Мектепалды даярлық тобы


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Армысың, Жаңа жыл!

Армысың, Жаңа жыл! атты мектепалды даярлық тобының жаңа жыл кеші

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңажылдық карнавал,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға шығады)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер. Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән «Аппақ - аппақ, жапалақтап...»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?
Толғанай: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы тақпақ! Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)

Ақшақар: Мектепте балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін(Балаларды табады). Сәлеметсіздер ме балалар! Мектептің қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақша қар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр?

Ақшақар: Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат (3 рет айту керек)

Ойын: Балалар: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтайды).
Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. (Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын
1 - 2 рет ойналады.
Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
(Аюдың дауысы шығады.)

Жүргізуші: Мынау кім екен?
Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю ұйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).

Ойын: «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.
Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?

Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.

Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).
Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше Ақшақарға арнап би билеп берейік. (Би: «Өзбек биі»).

Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді, керемет би билеп бердіңдер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Қанеки балалар, шақырайық оларды.
Балалардың бәрі: Аяз Ата! Аю! (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді).
Жалмауыз кемпір: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді. /

Жүргізуші: Мыстан кемпір!( Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды). Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! (Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. (Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да:) Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
(Жалмауыз кeмпip кeтiп қалады.)

Жүргізуші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата мен Аю кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!

Ән: «Шырша жыры» жырланады (Жаңа жыл, жаңа жыл)
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Аю кіреді.
Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым. Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.
Аяз Ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады) Рахмет, рақмет балаларым!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге би орындап береді. (Би: «Шығыс биі»).

Жүргізуші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз - Ата: Иә, сол кілт шығар.
Жүргізуші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз - Ата: Қап, әттеген - ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А - а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз - Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз - Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз - Ата: Бересің ба сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз - Ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз - Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, маған ән айтып, би билеп берсін.

Хор: «Шырша жыры»
Би: «Буратино»
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, әнді өте жақсы айтасыңдар екен.

Аяз - ата: Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
(Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады)

Рамазан: Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Толғанай: Жаңа жыл келді міне жерімізге,
Әкелсін құт береке елімізге.
Жақсылықпен қуанайын жыл болып,
Қиындық жолатпасын елімізге.


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров309
Номер материала ДВ-453669
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх