Инфоурок Классному руководителю ВидеоурокиЖаңа жыл мерекесіне сценарий "Жаңа жыл!"

Жаңа жыл мерекесіне сценарий "Жаңа жыл!"

Скачать материал

Жаңа жылдық кеш

 

Жүргізуші:

Уа халайық қараңдар,

Айналаға қараңдар!

 Жаңа жылдық бұл тойың,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар.

Уа халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа халайық той бүгін,

Бақыт шаттық мол бүгін,

Қарсы алайық, Қойды

Ұзатып сап Жылқыны.

Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Сіздерді Жаңа 2015 қой жылымен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс,бақыт тілейміз.Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Губка Боб, Патрик кіреді.

ГУБКА: Ой біз қайда келдік?А-а-а-а біз сиқырлы әлеміне келген сияқтымыз.

ПАТРИК: О-оо Губка Боб қара қандай әдемі нәрсе!Ұ-уу (күледі)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,  Патрик, Губка БОБ. Біздің мектепке қош келдіңдер!

ГУБКА: А-а а Мектеп, мектеп деген не, біз білмейміз.

ПАТРИК: Ия, ия білмейміз

Жүргізуші: Сендер су асты әлемінде өмір сүресіңдер ғой,бұл қалай болғаны?

ГУБКА: Теңіз толқыны қатты болып, біз жер бетіне шығып кеттік. Енді қалай қайтарымызды білмейміз.Мистер Крапс бізді іздеп жатқан шығар.

Жүргізуші: Балалар бізге келген қонақтардың көңілін қалай көтеру керек екен білемін. Көңілді шарикті шақырайық.

(Музыкамен көңілді шарик кіреді)

Шарик: Шырша дегеніміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі-түсті ойыншық

Шыршада көз тартады.

Ән айтсақ, би билесек Патрик пен Губка Бобтың көңілдері көтеріледі.Кәне достарым ортаға би билейміз.

(бәрі билейді, шариктың қимылын қайталап)

Жүргізуші: Балалар бізге келген қонақтардың көңілін көтердік жарайсыңдар.

ПАТРИК: Губка Боб үйге қайтқым келіп тұр.

Жүргізуші: Онда сендерге Қарақшыны шақыру керек. Ол суда саяхатта көп жүреді,  сол сендерді су әлеміне апарады.

ҚАРАҚШЫ КЕЛЕДІ.

Қарақшы:Ой ой менсіз неге жиналып, мені шақырмай,қарашы бұларды.Шыршалары әдемі.Алып кетейін бе,а?

Жүргізуші: Сен теңізде саяхатта көп жүресін,Патрик пен Губка Бобты су әлеміне апару керек.Көмегін керек

Қарақшы:Менен көмек керек па?Екі шартым бар.Бірінші: Жаңа жыл кештеріңде соңына дейін болғым келеді.Екінші: Менің көңілімді кім қандай өнерімен риза қылады?

Жүргізуші:Ой Балалар бұл шарттар біз орындауға оңай гой. Келісеміз. Жаңа жылдық кешімізді тамашала. Ал кімде қандай өнер бар?

ШЫРШАНЫҢ АРТЫНАН САУЫСҚАН ЖҮГІРІП ШЫҒЫП АЯЗ АТАДАН ХАБАРЛАМА ОҚИДЫ.

САУЫСҚАН:

Асығамын деп жүріп,

Сыйлықтарды шашып алдым.

Бұтаққа мен қабымды,

Іліп алып тесіп алдым.

Сыйлықтарды жинағанша

Сендерге мен немеремді

Жіберемін асыға

Қорғап сендер Ақшақарды

Жүріңдерші өтінемін.

(ОСЫ КЕЗДЕ АҚШАҚАР БОЛЫП КИІНГЕН МЫСТАН КЕМПІР КІРЕДІ)

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.

Жүргізуші: Сен кімсің?

Мыстан кемпір: Қалай кім –Мен Ақшақармын.

Жүргізуші: Аяз атаның немересі боласың ба?

Мыстан кемпір: Әрине,Мен қарсы алыңдар.

Жүргізуші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?

Мыстан кемпір: Сендерге асығам деп санамақтарды шашып алды.

Жүргізуші: Қандай санамақтар?

Мыстан кемпір: Қаптың түбі тесіліп,санамақтар шашылып.

Жүргізуші: Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне бұл жерден.

Мыстан кемпір: Аяз-ата сендерге мені қорғасын деді ғой.

Жүргізуші: Балалар бұл шынымен Ақшақар шығар?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Сонда кім болғаны?

Балалар: Мыстан кемпір.

Мыстан кемпір: А –Аа ойланып мен кім екенімді таптыңдар ма? Ақшақар менде,жібермеймін мен оны.

Жүргізуші: Қане босат Ақшақарды.

Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.

Жүргізуші: Енді не істейміз?Ол еріп кетеді ғой.Не керегін сен айтшы, бірақ сен Ақшақарды босат.

Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді

Жүргізуші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.

Мыстан кемпір: Ооо қандай керемет шырша!Қандай әдемі,үйге алып кетейін бе?(шыршаны жұлмалай бастайды.)

Жүргізуші: Тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз.Бүгін Жаңа жыл мерекесі.

Мыстан кемпір:Жарайды шыршаға тиіспеймін,бірақ сендер менің жұмбақтарымды шешіңдер.Балалар шеше ала ма екен?

(ШАРЛАРДЫ АЛЫП БАЛАЛАРҒА ТАРАТЫП ШЫҒАДЫ, ШАРДЫ ЖАРЫП ІШІНДЕГІ ЖҰМБАҚ ТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ.)

Жұмбақтар:Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады.(қар)

Терезеге қонады, Әсем ою ояды.(Қырау)

Тікен-тікен бір пісте, Қысы жазы бір түсте.(Шырша)

Суға салсам батпайды, Отқа салсам жанбайды.(Мұз)

Мыстан кемпір:Жарайсыңдар,балалар,жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.Ал енді  ойын ойнағанңа қалай қарайсыңдар?АҚҚАЛА Ойыны.Қандай сұрақ қойсымда аққала деп жауап бересіздер.Жауаптан жаңылыспау керек.Және сөзіме күлмей әдеппен жауап беру керек.Ойын шартын бұзған бала ортаға өз өнерін көрсетеді.Сұрақ:

1.             Атың ким?

2.             Нешедесің?

3.             Сынып жетекшін бар ма?

4.             Қасыңдағы оқушы кім?

5.             Қай мектепте оқисың?

6.             Жаңа жыл мерекесі ұнайма?

7.             Досың кім?

8.             Сабақта үлгерімін қандай?

9.             Тұратын қалаң қандай?

10.         Аяғыңа не киесін?

Жүргізуші: Енді Ақшақарды әкелерсің.

Мыстан кемпір:   Менің соңғы тілегім бар.

Жүргізуші: Қандай?

Мыстан кемпір:Менің арманым Нью-Йоркті көргім келеді.Мен ол қаланы Мадагаскар мультфильмнен көргем.

Жүргізуші: Жарайды, мыстан бірақ сені ол қалаға апара алмаймыз,сенің сол мультфильмдегі кейіпкерлерді шакырып арманыңның кішкене бөлігін орындайық.

Мыстан кемпір: Жарайды(қуанып кетіп мәз болып секіреді)

(ЖИРАФ,ЗЕБРА КЕЛІП, 5СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН БИЛЕЙДІ)

Мыстан кемпір:Ой рахмет,жаңа жыл кешін пайдаланып, көп арман тілектерімді орындап алдым. Мен енді Ақшақарды алып келейін.

Жүргізуші: Ал балалар Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.

(Балалар Ақшақарды хормен шақырады.)

Ақшақар: Жаңа жылдарыңызбен!

Жүргізуші: Не болды?Неге Көңілсізсің?Неге мұңайып тұрсың?Енді не істейміз?Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп береміз.

Ақшақар: Рахмет,қане бәріміз қосылып ән айтайық!

ХОР АППАҚ,АППАҚ

Жүргізуші:Балалар сауысқаннан хабар алғалы көп болды.Аяз атаның келетіни уақыты болды.Адасып жүрген болар,шақырайық.Аяз-ата, Аяз-ата(балалармен бірге)

(ОСЫ КЕЗДЕ МЫСТАН2 ҰШЫП КЕЛЕДІ)

МЫСТАН 2: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?О,о,о  мынау не,бұл жерде не болып жатыр а,мен неге білиеймін?Сендердің жаңа жылдарыңды қамап қойғанмын,ал сендер Аяз атаны шақырып жатырсыңдар,қандай күлкілі, ха-ха-ха!

Клоун: Оу мыстан кемпір оның не?Қане босат біздің жаңа жылды.Біздің балалар жаңа жылды асыға күтіп отыр.

МЫСТАН2:Жоқ мен оңайлықпен босата қоймаспын.Менің сендерге қояр шартым бар.Соларды орындасаң дар,ғана жаңа жылды босатамын.

Клоун:Оу мыстан қояр шартыңды айт,бағымызды сынап көрейік.

МЫСТАН2: Біз бұрынғыдай сыпыртқымен ұшпаймыз,1 жылдық гарантиясы бар шаңсорғышпен ұшамыз.Қане менімен бірге кім ұшады.

(МЫСТАН СОҢЫНАН ЖҮРІП ОҚУШЫЛАР БАРЛЫҒЫ БИЛЕЙДІ)

Жүргізуші:Сенің шартыңды орындадық,енді Аяз атаны әкеләп берсең,бірге тойлап,бірге би билейміз.

(МЫСТАН АЯЗ-АТАНЫ АЛЫП КЕЛЕДІ)

АЯЗ-АТА: Ақшақар қызым қәне балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Барша балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жыларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

(БАЛАЛАРМЕН АМАНДАСАДЫ)

АЯЗ-АТА:Айналайыным-ау,не болып қалған саған,ауырып қалған жоқсын ба өзі?

Ақшақар:Мен шырша шамын жағатын таяғымды жоғалтып алдым.

АЯЗ-АТА:Бұл шыршаны мен өзімнің таяғыммен жаға саламын, ал сен мұңая берме.

Ақшақар:Қойыңыз Ата сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз

Клоун: Ақшақар сиқырлы таяғын қандай еді?

Ақшақар:Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды.Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Клоун:Жаңа мұнда мыстан болған,ол ұшып бара жатқанда қалтасынан білдірмей мына бір таяқшаны суырып алып едім,сол емес пе екен?

АЯЗ-АТА:Жарайсыңдар,балалар!

Клоун:Қәне бізде шырша жағуға көмектесейік,әнімізді айтайық

Балалар: Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Таңырқат, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.1,2,3

(3 рет айту керек)

АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР ШЫРШАНЫҢ ШАМДАРЫН ЖАҒАДЫ.

АЯЗ-АТА:Ал балалар,қандай өнерлерің бар?Сендердің ән билеріңді тамашалап,шаршағанымды басайын.

Жүргізуші:Ендеше балалардың өнерін көрейік.

(ЗАЛҒА МАША МЕН АЮ КІРЕДІ.) АЮ ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ.

МАША:Аю,аю, шырша,шырша.Аю сен неге ұйықтайсың? Тұр жаңа жыл келді,жаңа жыл!Менімен ойнашы.

(Аю басын шайқайды.)

 МАША:Аю оянғанша немен айналыссам екен?(жүгіріп келіп)Ойын ойнайық, ішім пысты.

Жүргізуші:Ендеше ойын ойнайық. Ортаға 5 оқушы шықсын.

Ән шырқалады.

 

Жүргізуші:О халайық,жараңдар

Қилы,қилы заман бар

Жылқы жылы кісініп

Кетіп барады қараңдар

О халайық,халайық

Қош айтысып қалайық!

Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған.Жылқы жылын шығарып салайық.

ЖЫЛҚЫ:Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2015 жылы қадам басқан

Гулденіп көркейе бер,Қазақстан

Келесі жылы бастауын ҚОЙҒА беремін.

(САХНАҒА ҚОЙ ШЫҒАДЫ)

ҚОЙ:Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жокпын ба?Мен сондай асықтым,сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – момындығым.

ҚОЙ: Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендергеи ақ ниет

Сіздерге мың рахмет!

Жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл!

Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.

Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.

Құт – береке жылы бол,Жаңа жыл.

БАРЛЫҒЫ: Қош бол, Жылқы, қош бол!

Ақшақар:Қош келдің, Жаңа жыл!

АЯЗ-АТА:- Ал, айналайын Жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халайық бір өзіне аманат.Он екі ай бойы бағып – қақ.Жақсы жыл бол,дария нұр бол,Жаңа жыл!Ал енді Ақшақар кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны тамашалайық.

АЯЗ-АТА:- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға Мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар,Жыл қуантсын!

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін!

БАРЛЫҒЫ: Қош бол,Аяз ата,Ақшақар!Аяз ата, Ақшақар!

ХОРМЕН шыршаны айнала  ШЫРША ЖЫРЫ әні орындалады.

Жүргізуші:Міне,қымбатты Балалар,бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді.

Аспанымыз бұлт торламасын,аспанымыздағы кун сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келеді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын ЖАҢА БАҚЫТ достарым!

Жүзімізге күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейік бәріміз

БИ: ОРТАҚ БӘРІ ОРТАҒА БИЛЕЙДІ.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл мерекесіне сценарий "Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 263 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 1370
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асилбекова Нургул Туребеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асилбекова Нургул Туребеккызы
    Асилбекова Нургул Туребеккызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 14528
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 794 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 967 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек