Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Жаңа жыл" сценарий бастауыш сыныптар

"Жаңа жыл" сценарий бастауыш сыныптар

Скачать материал

Аяжан:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

-         Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, амансыздар ма, құрметті қонақтар!

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Айшабиби:

Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл -  ақ арманның өрленуі.

     Армысыздар қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне, келіп қалды, жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.  

     Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына Омарова Ғалия Қарақұлқызына береміз.

Жарқынай: Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай түр?

Жанеля: Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Жарқынай: Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.

 

 

Бәрі бірге:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!

(Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айнала «Қош келдің жаңа жылым» әннің айтады)

Аяжан: Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Аяжан: Ендеше, шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді, екеуі Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.

Жезтырнақ: Сәлемет пе, балалар, шақырдыңдар ма, міне келіп қалдық. Жаңа жылдарың құтты болсын. Өздерің немене киіп алғасыңдар? Біреуі ханшайым, біреуі сиқыршы...

Мыстан кемпір: Сәлем бердім, сәлем бердім, балақайлар!

Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ?

Қырау, қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

Жезтырнақ: Өй, осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.

-         Тамаша, қандай керемет!

Айшабиби: Ал біздің балалар тақпақ, өлең, би – бәрін де біледі!

Мыстан кемпір: Е, немене, бізді билей алмайды дегің келіп тұр ма, билегенде қалай? Бидің неше түрін білеміз, қане, дидижей музыка қос!

Мыстан кемпір мен Жезтырнақ «Лезгинка» биін билейді.

Тазша бала: Тезірек, тезірек, бәрің бері қараңдар. Мен сендерге хабар әкелдім.

Жарқынай: Қандай хабар? Не болды?

Тазша бала: Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап, күте тұрсын,  қазір тез арада жетеміз деді. Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.

Жезтырнақ: Мен, мен шын Аяз атамын. Қараңдар, міне сыйлыққа толы дорбам да бар. Сиқырлы таяғым да бар. Енді не керек?

Мыстан кемпір: Ал, мен ең, ең әдемі Ақшақармын. Қараңдаршы, көйлегім қандай өдемі! Мұндай көйлек ешкімде жоқ.

Жарқынай: Балалар, сендер сенесіңдер ме оларға?

Балалар: Жоқ, жоқ сенбейміз.

(Жезтырнақ пен мыстан кемпір төбелесе кетеді)

Жезтырнақ: Сен, бәріне кінәлі, сен. Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің. Түріңді қарашы, бетіңдіде жумапсың.

Мыстан кемпір: Өзіңе қара, Аяз атамын, Аяз атамын деп барлық балаларды шошыттың. Дорбам бар деп қояды өзі, дорбаңда сонда не бар екен, ә?

Аяжан:  Достар, бүгін мереке ғой. Жаңа жылда кешірімді болайық. Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп, мерекемізге қонақ қылайық. Келісесіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз.

Жанеля: Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын.

Бес алып келген күні қуанғандай.

Балалардан қуаныш арылмасын.

 

 

Ақшақар:

Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.

Жарқынай:                                                      

Армысыз, Аяз ата, Ақсақалым!

Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.

Жанеля:

Ал, қанекей, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жыр салып.

«Аяз ата» әні хоровод

Ақшақардың ойыны:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.

(Ойын ойналады)

Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.

Қарақшылар: Иә, иә құтырыңдар, билеңдер, ойнандар. Сендер мәз-мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.

-Көріп қойса қайтеміз, Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.

-Қорқа бермеші, қорқақ, жүр тезірек, ұрлайық, жүр. Барлық сыйлық біздікі болады, оларды сатамыз, көп ақша болады.

-Жарайды, ұрласақ, ұрлайық, кеттік.

         Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.

Тазша бала: Тоқтаңдар, біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?

Қарақшылар: Бізге сыйлық керек. Біз сыйлықты сатамыз.

Тазша бала: Бұларың ұят болады ғой.

Қарақшылар: Не істейміз, онда тамаша ән айтып беріңдер  сонда сыйлықты қайтарып береміз.

Аяжан «Жаңа жыл» әні орындалады.

Қарақшылар: Өздерің қандай әнші екенсіңдер ғой, ә!

Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық, бірақ біз де сендермен бірге мерекеде қалайықшы?

Сендермен кешірім сұраймыз.

Қар ханшайымы: Балалар, қалай қалдырамыз ба?

Балалар: Қалдырайық, бірақ, енді жаман қылықтар жасамауға бізге уәде берсін. Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтсын.

 «Аяз ата, Қарша қыз» әні  орындалады.

Аяз ата:

Ал балаларым, кәрілік жетті.

Мен шаршап қалдым, маған тақ беріндер, отырайын,

Жаңа жылға дайындап келген өлеңдерің, билерің бар шығар, соны тыңдайық, көрейік.

«Қара жорға» биі орындалады 1-2 сынып

«Домбыра» биі орындалады  3-сынып

Аяз ата:

Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп, сыйлық алғысы келетіндер бар ма?

Аяз ата:

Ал, Ақшақар қалықта,

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатың желбіреп,

Қалықтаудан жалықпа.

Ақшақардың биі

Ақшақар:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын!

Аппақ қардай арымыз да ақ болсың

Жаңа жылға қадам басайық,

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!

Сиқыршы:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Ритмикалық биі орындалады 2-4 сынып оқушылары

Аяз ата:

Ал балалар, мен біраз дем алдым.

Арқа – басым кеңіп, ашу-аязым кешіп барады.

Бүйте берсем мен қыс емес, жаз болып кетермін. Сендерге көп рахмет. Алыс-алыс ауылдарда өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді,  Ақшақар екеумізді жолға шығарып салыңдар. Сабақтарды жақсы оқып, ата-аналарың мен мұғалімдеріңді қуанта беріңдер. Қош болыңдар!

Ақшақар:

Жаңа жылда  жақсылық болсын,

Әр үйге құт, береке қонсын!

Айшабиби: «Жаңа жылым» әнің қарсы алыңдар

Қар ханшайымы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, молшылық, береке тілейміз!

Жаңа жыл келді міне, жерімізге,

Әкелсін құт-береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Сиқыршы:

Қош келіпсің Жаңа жылым, сырлы сағым,

Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызыгып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.

Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Озерный орта мектебі

 

 

 

 

 

Құтты болсын
 жаңа жыл

    

 

                     

 

 

                                                                                                    Өткізген: С.Б.Бельгубаева

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы


 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа жыл" сценарий бастауыш сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 452 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 5631
    • DOCX 24.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бельгубаева Сауле Балтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бельгубаева Сауле Балтаевна
    Бельгубаева Сауле Балтаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38196
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2676 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 478 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека