Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Жаңа жыл шақырады" сыныптан тыс іс-шара
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Жаңа жыл шақырады" сыныптан тыс іс-шара

библиотека
материалов

Сахна төріне маймыл киімінде оқушылар тығылып отырады, бір кезде музыка ойнайды. Оқушылар шығып, өздерінің «Маймыл » биін билеп, өлеңдерін оқиды:

Армысыздар, жиналған халқым менің, Тілеген
Жаңғырып көкке өрлесін даңқың сенің
Бүгінгі жаңа жылда көкке өрлетпек,
өрендер ұлы өнердің алтын кенін.


Кел, жаңа жыл! Кәмилә
Төрлет ғасыр шыңына
Қуант елді, төкші нұрлы шұғыла,
Қолтаңбаңды қалдыр мәңгі кестелеп,
Мен қосайын сені бүгін жырыма.


Келдік, міне, қуанышқа жиылып, Ернұр
Жаңа күнге тұрғандаймыз сыйынып
Жаңа жылдың шыршасы тұр сіздерге
Бұтақтары тағзым етіп иіліп


Той тойлауда қазағымның халқы шын, Саяжан
Бүгін шаттық ақ кептері қалқысын,
Жаңа жылым келер енді келбетті,
Алар әлі ел – жұртымның алғысын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндер,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі. Ділназ


Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз таласа,
Жаңа жылда жайнаймыз
Бұлбұл құстай сайраймыз Әли



Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша шақырды» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық

Осы кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап келедіде шыршаны бір айналып

1-қарақшы

-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.

Жүргізуші:

-Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

Қарақшы (ашуланып,атып тұрып)

-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?

(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)

-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!




Бір оқушы ортаға шығып:

-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!

Қарақшы:

-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендер бір әдемі өлең айтыңдар.Біз ұйықтап алайық. (Бәрі жатып ән айтылғанда қорылдап ұйықтап кетеді.)

3-сынып «Жаңа жыл » әні

Жүргізуші:

Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ

-Аяз ата мен Ақша қар

-Ия Дұрыс Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой.Балалар не істейміз?

Залға сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?

Бала: Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:

-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан

Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздеден қорқып айғайлай алмай тұрмыз

Қарақшы

-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

-Бұл сиқыршы

Қарақшы:-Өй осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?

Сиқыршы:

-қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын.Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.

Қарақшы:

-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )

Қарақшылар:

-тез тілегімізді орында

Сиқыршы:

-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)

Қарақшы босатады.

Сиқыршы:

абра –кадабра сим салабим ( 2рет)

Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!

Осы кезде қарақшылар күлімдеп :

-ООО қандай сүйкімді балалар!

Қандай әдемі балалар!

Киімдері сондай керемет екен!

Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды

Сосын бір-біріне қарап:

-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.Сендерге ше балалар? ӘЙ біз бір би билеп жіберейікші кәне!

Қарақшылардың биі

Жүргізуші:

-қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!

Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!

Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге мені отырғыз!

Уф белім-ай

Жүргізуші

-балалар мынау кім?

-Мыстан кемпір

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.

Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже

деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:

-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.

Жүргізуші:

-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?

Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)

Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші.:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Ақша қар тағы жылайды.

Осы кезде қарақшылардың біреуі:

-Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.

Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.

Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді

Сиқыршы:

-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.

Мыстан к:

Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп қарақшылар тағы қуады

Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Сиқыршы:Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?


Мыстан к:

-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Сиқыршы: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.

Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады.

Ж:-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.

-Аяз ата.Аяз ата.

Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар

Аяз ата:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан


Ақша қар:

Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз бірге

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

деп айтайық.

(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау


Аяз ата:

Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.

Шырша жанында ән.

Аяз ата:

-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.

Қой (ескі жыл):

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат.

(Қол алысып құшақтасады.)

Мешін жылы: Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр – салтымыз.

Қой жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12- жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!

Шығып кетеді.

Ақшақар:

Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.

Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!

2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.

3- сынып өздерінің өлеңдерін оқиды


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды. Тілеген


Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл! Кәмилә


Бойынан шалқып тасқан, тарап ағын,
Бәріңде ұлысың, дара бәрің,
Жаңа жыл сіздерге тек құт әкелсін
Құрметті тыңдап отырған қонақтарым. Ернұр


Әуеннің толқынымен араласып,
Асқақтап әсерлі үн асып - тасып,
Әсем ән әркімді де аң - таң етер.
Дүрсілін жүректердің кетер басып. Саяжан


Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Әнімізді отырмыз саған шашып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Біз тілейміз Жаңа жылдығын шаттығын,
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін,
Аралаймыз ақ армандай ойларды.
Аялаймыз ару қыстың ақ түнін. Ділназ


Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын Әли

Әндер билер.

1-сынып-

2-сынып-

4-сынып-

Аяз ата:

Ақша қар: өнерлерің керемет екен.

Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма

Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

-Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да біз тоймаймыз.

Шапалақ та ұрамыз

Аяқпен де соғамыз.

Құлақты да қалқитып,

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.


Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

Бірнеше рет ойнау.

Сиқыршы:

Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.

Аяз Ата: -әрине ойна.

Сиқыршы:

-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

Жаңа жыл ауылдардың жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз Ата келген күні қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын!
Жаңа жыл отбасыларыңызға жылдың жақсылығын әкелсін! Баршаңызға бақ – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз. Келесіде көріскенше күн нұрлы болсын!

















































Қой (ескі жыл):

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат.

(Қол алысып құшақтасады.)


Қой жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12- жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!

Шығып кетеді.


Мешін жылы:

Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр – салтымыз.




Мешін жылы:

  • Аяз ата, Ақшақар , балалар мен қой жылын шығарып салайын, сіздерге сағат тілі 12 ні соққанда келермін . Кездескенше сау болыңыздар !




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-289055

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"