Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Жаңа жыл 2016" сыныптан тыс шара 1-сынып

"Жаңа жыл 2016" сыныптан тыс шара 1-сынып

Скачать материал

 

 

 

 

Қош келдің, Жаңа жыл! (2016 жаңа жылға арналған сценарий)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға ертегі кейіпкерлерін
Ертеңгілік бастасын

(музыка қосылады Малвина, Буратино кіреді)

Малвина :Таусылмасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Буратино: Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!

Малвина
: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Буратина: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Асел: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса


Шамғун: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Аида
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Буратино: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Малвина: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Буратино: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Малвина: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Малвина: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Буратино. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Мешін Нұрғали
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Малвина: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Буратино: Мен өзімнің биімді билегім келіп тұр. Малвина бұл би сағанда ұнаушы еді го. Келіңдер билейік.
Нұржан:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Құрбанай:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Аружан.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Мирас:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ернар:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Буратино:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Бейбіт.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Малвина: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Дилара:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Сүйіндік:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Нұрболат:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Нұржанат:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

      Буратино:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Ай, Малвина сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қойдың дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
(жылтыр сандық ішінен қой билеп шығады)
Би:

мешін - Нұрғали
- Ау, қой сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Малвина:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен  ата - аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Буратино:

Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: « »
Қой Әсем
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Буратино: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Мешін - Нұрғали
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Нұр:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Инабат:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұрбек:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Фарида:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Инабат.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Ә
семай:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)
Малвина: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!


Малвина:   Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Буратино:   Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Буратино: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа жыл 2016" сыныптан тыс шара 1-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 1020
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косанова Гулаш Кобегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Косанова Гулаш Кобегеновна
    Косанова Гулаш Кобегеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1117
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе