Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЖаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Скачать материал

Балалар залға әуен ырғағымен кіреді.

Жасыл шырша жанында,

Жарқыраған нұрменен.

Қандай ғажап айнала,

Құлпырғандай гүлменен.

Той думанды тойлаған,

Пәк жандармыз бәріміз,

Жүректе нұр ойнаған.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ата- аналар,балалар сіздерді келе жатқан 2013 жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Осы келе жатқан жаңа жыл әр отбасына жақсылық, бақ-береке,үлкен қуаныш, мол табыстар алып келсін деп тілейміз! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын!

Хор: «Шырша» әні.

Жүргізуші: Балалар, шыршаның  қараңдаршы, қандай әдемі жарқырап тұр. Осы шыршаға арнап тақпақтарымызды айтайықшы. Ортаға: Аружан, Темірлан, Елдана, Жанеркены  шақырамыз.

Аружан: Алақай жаңа жыл,

                Балақай келді жыл.

                Қуаныш әлдилеп,

                Құлпырды көңіл гүл.

Темірлан: Сәнденген шыршамыз,

                    Қоршаймыз баршамыз.

                   Самсаған ойыншық,

                   Көз қырын салсаңыз.

Елдана:    Қол ұстасып, құшақтасып,

                  Үйренейік жаңа жыр.

                  Құтты болсын, құтты болсын,

                  Құтты болсын жаңа жыл.

Жанерке: Ертеңгісін айтамын,

                  Жердің беті ақ қырау.

                  Дәл маржан деп айтамын,

                  Төгілуге шақ тұр-ау.

                  Өзеніме, көліме

                 Әсем ою ойыпты.

                 Ағаштардың бәріне,

                 Алқа тағып қойыпты.

Жүргізуші: Рахмет, балалар!

Мыстан кемпір: Залға мысқылдап күліп,билеп мыстан кемпір келеді. Биін тоқтатқан соң шыршаға таңырқай қарайды. Оны айнала жүріп, ұстап көреді.сендер барлығың әдемі киініп алыпсыңдар  гой. Не үшін жиналыпотырсыңдар, мына жақта не болайын деп жатыр?

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі болып жатыр бізде. Біз Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырмыз.

Мыстан кемпір: ( ақырын сыбырлап сөйлейді, а бұлар Ақшақарды кұтіп отыр ма? Мен бұларды алдайын). Балалар Ақшақар деген мен боламын!

Жүргізуші: Жоқ сен Ақшақар емессің.

Мыстан кемпір: неге?Менің ұзын шашым, әдемі көйлегім бар. Сонда мен Ақшақарға үқсамаймын ба? Жоқ мен Ақшақармын. Мына жерде шырша тұрмауы керек, мына менің қолымдағы (қолындағы сыпырғышты көрсетеді)шырша болуы керек.

Жүргізуші: жок мыстан кемпір балалар шыршасыз жаңа жылды қалай тойлайды?

Мыстан кемпір: ендеше бұл жерде ештеңкеде болмайды. Мен болдырмаймын (айқайлап күліп, балалардың аяқтарының астын сыпырғышпен сыпырып шығады).

Жүргізуші:  Есікті біреу қағады,

                      Құс пе екен, алде аң бе екен?

                      Асықтырып барады.

                      Қарайықшы кім келген?

Залға әдемі киінген Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым?

               Амансың ба қыздарым?

                Қандай жарқын жүздерің,

               Асулармен алысқан

               Асау желмен жарысқан

                Аталарың сендерге,

                Шаршап келді алыстан.

                Өздеріңе оралдым,

                Бар сыйлығым арналған,

                Керемет бір ән тыңдап,

                Келіп тұр-ау дем алғым!

Жүргізуші:  Сәлеметсіз бе Ақшақар, Аяз ата! Келіңіздер  төрлетіңіз!

Алыс-алыс таулардан, борандатқан қарлардан аман-есен жеттіңіз бе? Шаршаған боларсыз отырып дем алыңыз. Ақшақар әйтеуірі жеттіңіз ғой мына мыстан кемпір келіп балаларды Ақшақар мен боламын деп алдап жатқан еді.

Ақшақар: ешкім алданбаған шығар.

Мыстан кемпір: (таяғымен түртіп)ей, сен кімсің?

Ақшақар: Мен ба? Мен Ақшақармын. Біз атам екеуіміз балалармен жаңа жылды тойлауға келдік. Балаларды өтірік айтып алдағаның не?

Мыстан кемпір: кешіріңдерші мен тек мерекеге қатысайын деп едім. Балалар менде сендермен мерекені бірге тойлайыншы. Енді өтірікте айтпаймын, алдамаймын да. Мені кешіріңдерші.

Ақшақар: Балалар кешіреміз бе?

Балалар: Кешіреміз.

Ақшақар: Балалар бүгін бізде жаңа жыл мерекесі. Ал біздің шыршамыздың шамдары али жанбапты ғой, қане бәріміз бірге:

                            Қуант бізді таңырқат,

                            Шамдарыңды жарқырат.

Жүргізуші: Міне шыршамызда жарқырады. Ал қонақтар төрге шығып жайғасығыздар.Балалардың мерекеге арнаған тақпақтарын тамашалаңыздар ортаға Ислам, Еркежан, Нариман, Айымды шақырамыз.

Ислам:           Ақ қырауға малынған,

                       Сақалы да, мұрты да.

                        Аяз ата сағынған,

                         Сәлем берді жұртына.

Еркежан:   Сыйлығы толы дорбада,

                    Аяз ата ортада.

                    Өнері асқан балаға,

                   Қалдырады қолтаңба.

Нариман: Ау, достарым қуаныш,

                   Аспан жақтан тым алыс.

                    Келді Аяз аташым,

                   Алу үшін батасын.

                   Қане, сәлем беріңдер,

                   Сыйлығы көп көріңдер.

Айым:     О, алақай Аяз ата,

                  Келе жатыр алыстан.

                  Қане достым әнге қосыл,

                  Әнге қосыл қалыспа.

Аяз ата:  Тақпақтарың өте керемет екен  маған қатты ұнады. Олай болса бәріміз шеңберге тұрып, ойын ойнайық. Мен мына таяғыммен қатырғанды жақсы көремін. Қане балалар менің сиқырлы таяғыммен ойын ойнайық.

Ойын: «Қатырамын, қатырамын!»

Жүргізуші: Аяз ата біз сізге арнап ән айтып берейік.

Ән:  «Шырша»әні орындайтын Сарыбай Сұлтанбек.

 Жүргізуші: Аяз ата біздің бүлдіршіндер тек қана ән айтып коймайды сонымен қатар мыңбұралып би де билейді.

Бишілердің «Қызыл телпек»биін тамашалаңыздар.

Жүгізуші: келесі кезекті жырдан шашу шашамын деп дайындалып тұрған балаларды ортаға шақырайық. Ортаға: Динара, Шалқар, Айгерім, Айзатты шақырамыз.

Динара: Алде қарлы боранда,

               Тау басынан түстіме.

               Аяз ата оралды,

               Ақ тон киіп үстіне

Шалқар: Далада қар борайды,

               Ақ мамыққа орайды.

               Мұз болады қатады,

                  Жып-жылтыр боп жатады.

Айгерім:     Шырша, шырша,

                     Қуаныш жалпыға.

                    Сүйікті шыршамыз,

                    Жарқыра, жарқыра.

Айзат:       Оралды өлкеме,

                   Жаңа жыл армысың.

                  Оранды ақ көрпе,

                  Асқар тау, қарлы шың.

Мадияр:  Аспан жерге төгеді,

                 Ақ күмісін уыстап.

                Жаңа жылда келеді,

                Бізге қарай жылыстап.

                Өлең де әзір, ән де әзір,

                Ойында әзір, бәрі әзір.

                Кел,жаңа жыл біздерге,

                Кел, жаңа жыл,жаңа жыл!

Бекзат:       Безендіріп шыршаны,

                     Жыл қуантты баршаны.

                     Той маскарад басталды,

                      Шақырдық Аяз атаны.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сонау алыс орманнан өздерінің тамаша биімен біздің мерекемізге бишілер келіп қалыпты.

«Аңдар»биі  билейтін ұлдар тобы.

Жүргізуші: ән де айтылды, би де биленді. Енді ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. «Күміс кілт» ертегісі.

Аяз ата: Ертегілерің маған қатты ұнады. Балалар қане бәріміз ойын ойнайық. Ойын: «Шеңберден шықпа».

Мыстан кемпір: балалар сендермен қоштасатын уақыт келді. Бәрің шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Сендермен маған өте көңілді болды. Мені достарым күтіп отыр. Басқада балаларды құттықтауым керек. Сау болыңдар!

Жүргізуші: келесі кезекті тақпаққа берейік. Ортаға:»Әлихан, Мадияр, Қарақат, Алина, Дарынды шақырамыз:

Мадияр:   Ақ көрпесін жаптыда,

                 Аяз кенет аптыға.

                 Айналаны үрледі,

                 Ақ бораны гуледі.

Әлихан:Ақ боран-ау, ақ боран,

                Алай-дүлей соқ боран.

                Ақ қар ұшып үйірімен,

                Ауламызға үйілсін.

Қарақат:Жас ұланмын шыныққан,

                 Жасқанбаймын суықтан.

                 Қардан жасап Аққала,

                 Сырғанаймын шаттана.

Алина:   Қыс келді, қыс келді,

                Ақтарып ақ қарды.

                Жоқ аппақ қарға енді,

                 Аралап қайтайық,

                 Ақ күміс бақтарды.

Дарын:    Қонақтайды бақтарға,

                 Ақ көбелек,ақ мамық.

                 Аунап таза ақ қарға,

                  Балалар жүр мақтанып.

Жүргізуші: «Аяз ата»әнін қабыл алыңыз.

Жүргізуші: Бишілер өз кезегін күтуде тұр,

                     Күтуде шыдамдары бітуде тұр.

Қол соғып, қошеметтеп ортаға «Шығыс» биімен бишілерді қарсы аламыз.

Жүргізуші:  Ән «Зырлайды шанамыз» орындайтындар:

Жүргізушілер: құрметті қонақтар, әріптестер осымен «Балапан»тобының жаңа жылдық ертеңгілігі аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

«Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

«Жаңа жыл» мерекелік ертеңгілігі.

 

                  

 

                                                Мектепалды даярлық 0 «а» тобы

                         Тәрбиеші: Сеитказина А.А.

 

 

 

 

 

 

2014ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл құтты болсын!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 796
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеитказина Анар Асомуддиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сеитказина Анар Асомуддиновна
    Сеитказина Анар Асомуддиновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3530
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 931 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 678 человек

Курс повышения квалификации

Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции