Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Жаңа жыл құтты болсын!" Ертенгілік сценариі

"Жаңа жыл құтты болсын!" Ертенгілік сценариі


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Балдырған» балабақшасы













«Жаңа жыл құтты болсын!»

Ертенгілік сценариі





Өткізген: Жакупбекова Р.С.





























Осакаровка 2016 жж.

Жаңа жыл мерекесі

Өту барысы:
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға
, балалар, Мадина Садвакасованің «Жаңа Жыл» әніне билеп кіреді.


Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік


Құрметті ата-аналар, әріптестер балалар! Келе жатқан маймыл жылы мерекесімен құтықтаймыз! Отбастарынызға береке, бақыт, елімізге тыныштық тілейміз! Кешімізді жақсы көніл-күймен бастайық!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Таңырқап тұрманыздар

Сәнді шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар. Гүлжайна


Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған. Ерсұлтан


Жаңа Жылға арналады Жаңа Жыл

Жаға Жылда жанарады бар өмір

Бақыт болып Жаңа Жылым келеді

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа Жыл! Нұрсая


Жаңа Жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де. Ерасыл


1-ші ән: «Шырша әні» !Бәрі айтады!

Ән : «Ертегілер әлемі» !Фон!


Жүргізуші:
Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер? Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды. Бүгін де біз Ертегімен бірге саяхат жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз. Олай болса бәріміз бірге мүлгіген қалың орманға саяхатқа барайық.

Жүргізуші:


Келіңдер жас ұландар,
 
Ертегімді тыңдандар..
Ертегімде сан қилы
 
Қызық - қызық сырлар бар.
 
Жаңа жылдың кешінде
 
Аңдар келіп 6ip шешімге
 
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады)


hello_html_m2b72f3cc.jpg


Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да, шыршаны көріп қуанады:
«Алақай, алақай қандай әдемі шырша! Шыршаны көріп таңғалады. Қандай керемет, қандай сұлу! Мынау шыршаға менің достарымды шақырса ғой, бірге Жаңа Жыл мерекесін тойласақ қой!»
Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Аю шыршаны көріп мәз мейрам болады.

Қоян: «Ой-ой-ой, мына жерге біреу келді ғой деймін. Мен қорқам. Тығылу керек. Мүмкін қасқыр кележатқан шығар» - дейді.

Аю қоянды көріп: «Қорқпа ұзын құлақ. Тұр бірге билейік!»

Қоян: «Амансыз ба, аю паң!»
Аю:
Жаңа жылдың алдында Жылды қарсы алайық
Тойды еске алдым да Би билеп, ән салайық.
Ұйқымды ашып, сергідім Жаңа жылдың тойында
Ұйықтамаймын мен бүгін! «Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:
Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: «Өздерің тым көңілді екенсіңдер ғой. Аю мен қоянның дос болып жүргенің бірінші рет көріп тұрмын!»

Аю, қоян:
Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Біз жаңа жыл мерекесі тойлап жатырмыз. Сен де қосыл бізге!

Түлкі: «Расындада Жаңа Жыл мерекесі таңғажайып мереке екен! Көзім жетіп отыр!»
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Жүргізуші: Құрметті аңдар! Егерде біздің кішкентай аңдарымыз сендерге қосылып билесе қарсы болмайсыздарма?
Бәрі: «Жоқ!»


Би: «Аңдар биі»

2-ші ән: «Жаңа Жыл жыры» Гүлжайна


Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/


Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып,
Қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан: «Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?»
(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.)


Жүргізуші: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: «Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді, Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Көмекке кішкентай мыстандарды шақырайыншы.» Мыстан кемпір ысқырып кішкентай мыстандарды шақырады.hello_html_8490852.jpg


Би: «Мыстандар биі»


(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда)

«Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!»
(Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.)

Жүргізуші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

3-ші ән: «Борандатып аққарлатып Аяз ата келеді» жырланады.


Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кipгici келмейді.


Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың! Қарашы, біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық. Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бip сәлем!


Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асау желмен жарысқан
Асаулармен алысқап

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.


Балалармен амандасады.


Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./

Жүргізуші: Аяз Ата, мүмкін балалар ақшақардың көңілін көтеріп көреді.


Жаңа Жыл, Жаңа Жыл

Жаңа Жылда жаңа жыр

Жасыл шырда жаңында

Билеп барлық бала жүр. Аружан



Аппақ қар жауа бер

Риза ғой саған ел. Настя


4-ші ән: «Қыс әні» Аяулым, Айару


Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.


/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/


Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Жүргізуші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.


5-ші ән: «Арша ағашы» жырланады.


Ақшақар ойыны: «Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.


Би: «Фигуристар биі»


Балалар


1. Жылдың әнін бастайын,
 
Аяз - Ата кеп қалды.
 
Майысады жас қайың,
 
Көтере алмай көп қарды.
  Сұлтан


2. Ақ қырауға малынған
 
Сақалы да мұрты да.
 
Аяз ата сағынған,
 
Сәлем бepді жұртына. Алуа


3. Аппақ тонға оранып,
 
Базарлықты мол алып.
 
Келді алыс сапардан,
 
Аяз ата оралып. Әлия

 
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Айшолпан



5. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды
Айару


6. Қалып едік сағынып,
Шыршаларға шам іліп
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып, Хайдар


7.Тамаша тамаша

Шыршаны тұр жараса. Расул


8. Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қарасы. Алишер


6-ші ән: «Жаңа Жыл келді» Нұрсая


«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.


Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Жүргізуші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз - Ата: Иә, сол кілт шығар.
Жүргізуші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз - Ата: Қап, әттеген - ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А - а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз - Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз - Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз - Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз - Ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз - Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, маған әдемі ән мен тақпақ айтып берсін.

Келді тағы Жаңа Жыл

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймын сіздерді! Зере


Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін ұыстап

Жаңа Жылда келеді

Бізге қарай жылыстап. Аяулым


Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл

Қарсы аламыз біз сені! Шыңғыс


7-ші ән: «Жаңа Жылды тойлаймыз»


(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Мыстан: Жарайсьңдар, балалар, әнді жақсы айтады екенсіңдер.
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсің - дер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! 2016 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!


hello_html_b506a20.jpg



10


Автор
Дата добавления 08.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров55
Номер материала ДБ-071907
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх