Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыЖаңа жыл -жаңа бақыт

Жаңа жыл -жаңа бақыт

Скачать материал

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру


Музыка. Ортаға 2 жүргізуші шығады. 

1-жүргізуші: Тарихтағы түріктің, киелі көкбөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум! 

2-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер! 

1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам, 
Ақ дастарқан жапқандай 
Халық біткен қарбалап 
Қонақ күтіп жатқандай 

2-жүргізуші :Көңілде көп қуаныш 
Әр көңілде-жақсылық 
Кетер жылға мың алғыс 
Әкелген көп жақсылық. 

1-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан жана  жылы мерекесімен барлықтарыңызды құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін.Бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директорының м.
а. Абишева А.Д. ортаға шақырамыз!

2 -жүргізуші: 

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар, 
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар. 
Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін, 
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек.

 Мейрам Адиаттың   орындауындағы ....... әні. Қарсы алыңыздар! 

2-жүргізуші :Жаңа жыл–ең қызықты,қуанышты,ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1- үстелде
5 сынып оқушылары, 2-үстелде 6-7сыныптар, 3-үстелде 8 сыныптар және 4-үстелде 9 сыныптар, 5-үстелде 10сыныптар, Ду қол шапалақ, қошеметтеріңізді аямаңыздар достар. 

1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, , үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз. 
2-жүргізуші :Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіртіп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді
Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. 


1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар, 
Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар! 
Аяз
Ата келеді Ақшақармен, 
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! 


/осы кезде асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./ 

 

 


Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, 
Нарына нарық заман мінгескен ел. 
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, 
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел. 

Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар. 

1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум, Ата! 
Аязата:Уағалейкумассалаум, балам! 
2-жүргізуші:АрмысызАта! Армысың Ақша қар.! 
Аязата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 

1- жүргізуші:Бұл,ата, сырдың БОЙЫН МЕКЕНДЕГЕН СЫРЛЫ ЖЕР. 
Ән мен күйді әлдилеген жырлы жер 
Келгеніңіз Қарасу   деген жер . 

Аязата:Бәрекелді, балам! 

2-жүргізуші:Өздеріңіз алыс жерден шаршап келгендеріңіз білініп тұр ата, ентігіңізді басып дастарханға отырып ,демалып, дәмнен ауыз тиіп,рахаттанып жас өрендердің мерекелік шарасын тамашалаңыздар! 

1-жүргізуші:Жаңа жылды қалай қарсы алсаң жылды солай өткізесің деген қағида бар емес пе,Ата ? 

Аяз–ата:Дұрыс айтасың, балам! Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар? 

2-жүргізуші:-Әрине, ата! 

1-жүргізуші:Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды. 

2-жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. 

1-жүргізуші:Жаңа жылда алдағы 
Көңіл өсіп кеңейсін. 
Ортақ ойы, арманы 
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді 1-шы үстелден бастайық. Ортаға 1-шы үстелді шақырамыз. Ду қол шапалақ. 


Ойын:  

Сіздерге мынадай тапсырма: оң қолынызды артында ұстап, сол қолымызбен газетті бұрышынан ұстап, жұдырыққа жинап алыныз. Ең жылдамы женімпаз болып саналады.



2-жүргізуші:Алдарыңызда
2- үстел бірлесіп дайындаған әзілдер. Қарсы алайық. 


Ойын: «Аяз Атаның сиқырлы қабы». Қатысушылар ортаға ұлдар шеңбер құрып тұрады. Аяз ата ортада, қолында қап. Қапта әртүрлі нәрсе,киімдер. Музыка ойнайды. Шеңбердегілер айнала жүреді, Аяз ата қолындағы қапты біреуіне лақтырады, ал ол қолындағы қаптан тез құтылу керек, яғни тағы біреуге лақтыру керек. Кенет музыка тоқтайды, кімде қап қалады, сол адам қаптан бір нәрсені алып, үстіне киеді. 

1-жүргізуші: Ендігі кезекті 3-ші үстелдер-ші дайындаған әзірлемелерге береміз. Қарсы алыңыздар. 
 

2 жүргізуші:

Әрқашанда ойыннан жалықпаймыз,

Әрі қарай самғаймыз, қалықтаймыз.

Ойын ойнап көңілді көтерейік,

Шырқап көңіл, ары-бері шалықтаймыз

Ойын: «Әуе шарлары». Әр үстелден 1 баладан. Әрқайсысына бір шардан және маркер беріледі. Өздеріңнің ғаламшарынды ашу керек. 3 минутта шарды үрлеп, тұрғындардың суретін көбірек салу керек. Кім көп тұрғын салады, сол жеңеді. 

1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Биден шашу шашайық! 

4-ші мен 5 үстел қонақтарының өнерін тамашалайық. 

2-жүргізуші: Ал енді, кезекті ойынға береміз. 

Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.

 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек

1 Жүргізуші:- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тауық” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тауық  келсін...
/тауық  жылы шығады./
Тауық  жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Тауық  қайда тарттың? 
Тауық  жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде
келер жыл итке  жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде абалап ит  жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум,
тауық інім! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
тауық жылы:
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Тауық  жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
2-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.


Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. 
Ал енді біз жолға шығайьқ. Біздің басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 

 

1жүргізуші: Аяз ата , Ақшақар барлығымыз бірігіп бір би билесек қайтеді?

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер. 
Жылау, ауру, жамандық 
Қастарыңда болмасын 
Сау болыңдар, балалар! 

Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар! 

1- жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа жыл. 
Сан тілектің бастамасы ғана бұл. 
2-жүргізуші :Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп 
Жер бетіне кереметті жина көп 
1-жүргізуші: 
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 

2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз думанға толы болсын. 
1-жүргізуші:Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық! 

 

 

2 жүргізуші: Осымен , жаңа жылды қарсы алдық. Енді біз бір – бірімізге тілек айтпаймыз ба? Олай болса, әр сынып оқушыларынан бір баладан шығарып, тілектерін естісек. ( Әр сыныптан бір бала шығып өз тілектерін айтады) «Еркін микрофон » деп аталады.

 

 

                                    

 

Конкурс Сіздерге мынадай тапсырма: оң қолынызды артында ұстап, сол қолымызбен газетті бұрышынан ұстап, жұдырыққа жинап алыныз. Ең жылдамы женімпаз болып саналады.

 

Сіздерді келесі конкурс күтіп тұр. Сіздердің алдыңызда сағат сюрпризібен, сіздердің араларынызда сол сюрприздің иесі отыр.Кім ол ?  Ешкім білмейді, менде білмеймін. Сіздердің билетерінізде номер бар. Сол номер бойынша  ойынның кандидатын анықтаймыз. Сонымен     номерлі қатысушыны ортаға шақырамыз. Ал енді қарсыласыңызды өзініз таңдаңыз. Ойынның шарты: кім конкурста женеді сол сағаттың тілін 5 мин алдыға жылжытады. Біз сіздер мен сағаттың тілі 12 00-ге барғанынша жалғастырамыз.Кім сағаттың тілін 12 00-ге апарады сол сюрприздің иесі болады.

Конкурс-1 Сіздердің алдарыңызда 6түрлі лента. Лентаның біреуінде сыйлық байланған. Кім соны тартып алады, сол ойыннан шығады. Өйткені ол өз сыйлығын алды.Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл -жаңа бақыт"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 828 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2018 945
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сембаева Нургул Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3923
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Агрономия: основные направления отрасли по производству продукции растениеводства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 37 регионов

Курс повышения квалификации

Общие вопросы психотерапии

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе