Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖаңа жыл 2016 жыл мерекесі.

Жаңа жыл 2016 жыл мерекесі.

Скачать материал

Тақырыбы: Жаңа жыл кешінде

 

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай!

2-жүргізуші: көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде- әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

1-жүргізуші: Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып   – деп мектебіміздің басшысы Меруерт Оразалықызы мен  Рахметтолла Манапұлына  сөз береміз

2-жүргізуші: Құрметті халайық! Бүгінгі шыршамызға сәйгүліктерін желдіртіп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Қарша қызды ортаға шақырайық

1-жүргізуші:  Олай болса, қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!  (осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма халайық!

Амансыңдар ма жастарым!

Асулармен алыстым, асау желмен жарыстым,

Тойларыңа асығып, өздеріңмен табыстым.

Ақшақар: Сәлем асыл достарым,

Алыстардан асықтым,

Сендерге тілек қосамын.

Шырша тойын жасайық,

тойлап көңіл ашайық.

Аяз ата: Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум ата!

Аяз ата:  Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші: Аяз ата шыршамыздың сәнін ашатын, шамын жағатын сіз ғана, бүгінгі думанды бастауға дайынбыз.

Аяз ата:  олай болса 1,2,3 қолға жиып күш! Сыйқырлы менің таяғым, жайнасын  шырша жарқырап!!! (шырша жанады)

 

2-жүргізуші:Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

1-жүргізуші: Ал, халайық той бүгін.

Бақыт шаттық мол бүгін,

Қарсы алайық Мешінді

Ұзатып салып қой жылын.

Ескі жыл: Уа халайық!

Биылғы жылы алуан түрлі жақсылықтың куәсімін,

Боп өткен жылдардың бірімін.          

Халқыма ырыс әкелген,

Жарқ еткен жақсылық жылымын

Меніңде уақытым жетіпті, келер жыл еліміздің келесі жетістіктерін тамашалағайсың деп орнымды өзіңе табыстайын.

 

Жаңа жыл: қой жылы саған мың алғыс! Ризашылығымды білдіремін. Былтырғы жыл қой жылы ерекше жыл болды.

Ескі жыл: Ал енді менің аттанатын уақытым болды,

Қоштасамын бүгін мен.

Сіздерді қимас көңілмен, Тарихтың еніп қойнауына,

Келер мешін жылы, жақсылыққа толы болсын,

Қоштасып қол бұлғаймын, Қош сау болыңдар!

 

Жаңа жыл: Ал мен - Жаңа жылмын!

Мен жаңа нұрмын!

Мен – жаңа жырмын

Баршаңызбен біргемін!

Аяз ата: Айналайын балалар, шанам толы сыйлық бар,

Сыйлықты тек өнерлі балалар алалар.

Алдымызда өнер көрсеткен балаларды шақырып тәттісін берейін ортаға шығыңдар. Бері келіңдер. Қаршы қыз көмектес маған!

 

5 сынып:  сыған биі

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамсанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

6 сынып:  «Көңілді жастар» би

Ақшақар :  Жаңа жылда жаңаша

Болсын қызық тамаша! Ойын ойнайық:  (ортаға үш бала шықсын үшеуің маймылды келтіресіңдер)

7 сынып БИ: 

1-жүргізуші: Бәрекелді, кешімізді жалғайық,

Ойыннан шашу шашайық,

Өнерлілер бар болса

Алдыға шық қасқайып.

Ойын: Алдымен ортаға оқушылар шықсын, сосын ойын шарты түсіндіріледі:

Лоторея:

Ән: 9 сынып «Жаңа жыл»

Ойын:

Лоторея:

2-жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық

Баршамызға шынайы тілек айтып

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1-жүргізуші:Біздерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қардың көріп қалып

Асыға ұшып келді құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалды   9 сынып оқушылары би

2-жүргізуші: Жана жылдың тойында,

«Жан салайық» ойынға деп кезекті ойынға береміз.

Ойын:

Лотория:

2-жүргізуші: Жаңа жылда жаңаша

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түсіп,

Тарқатам құмарымды. 8 сынып  оқушыларының орындауында «Аяз ата»

Ойын:

Лоторея:

Ән: 7 сынып: Төреғали

1-жүргізуші:Жаңа жылдың алдында

Ұйқыны ашып сергиік

Қасыма ертіп достарды

Жылды қарсы алайық

Би-билеп ән салайық

9 сынып:   «Ақшақар»  биі

Ойын:

 Лоторея:

10 сынып:  «Шырша»биі

1-жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт

Болашаққа сыйлайтын жаңа бақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық

10 сынып Ән «Әсем әуен»

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаңа бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

2-жүргізуші:  Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар.

Ал енді Аяз ата мен Қарша қызбен суретке түсуге ортаға шақырамыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жыл 2016 жыл мерекесі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 908 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 546
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альжанова Шынар Шаймовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альжанова Шынар Шаймовна
    Альжанова Шынар Шаймовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5656
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой