Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жаңа жылға арналған сценарий 1 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Жаңа жылға арналған сценарий 1 сынып

библиотека
материалов

Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!


Гульназ: Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Жаңа жылды жаңаша,
Қызықты ғып, шат қылып,
Өткізейік тамаша!
Қой: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
жаңа жылдық би кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
«Кішкентай шырша» әні Хоровод

Балалар осы жылы қандай жыл болды? Қой! Ендеше қойды ортаға шақырайық

Қой: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Балалар, бүгінгі біздің шыршамызға кімдер қонаққа келеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Аяз Ата, Ақшақар
Гульназ: Иә, дұрыс айтасыңдар, Аяз Ата мен Ақшақар

Балалар, жылдағы дәстүрлі қонақтарымыз Аяз Ата мен Ақшақар көрінбейді ғой, қане, өзіміздің ортамызға шақырайық.
Бәрі / хормен/: Аяз Ата! Ақшақар!
Мыстан кемпір кіреді:
- Ә - ә - ә, мен Ақшақармын!, Жаңа жылды қарсы алып жатырсыңдар ма? Ха ха ха ха Мендей сұлу ақшақарды көрдіңдер ме?
Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Қоян: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

Мыстан: қане сындырып көр! Аю екеуі сыпырғышқа таласады. Осы кезде Қой келеді.

Қой: Әй мыстан, аю не болды сендерге? Төбелеспендер, оданша қане флешмоб билейік кім күшті билейді сол жеңеді. Ал кеттік

Қоян: Флешмобты балалар билейді. Сендер билеу білмейсіңдер.

«Флешмоб» биі (кейіпкерлер артына тұрып билейді.)


Мыстан кемпір: Әй белім аййй құдай белім үзіліп кетті ғой!

Қоян: Жарайсыңдар, балалар, енді Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады.

Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Шаршап келдім алыстан,
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр – ау дем алғым.
Ақшақар: Амансыздар ма, достар, ата – аналар, ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Маймыл жылы – молшылықтың мәресі. Береке, бірлік, молшылық әкелсін!
Ақшақар: - Аяз Ата, кел, отырыңыз, жолдан шаршап келген боларсыз, балалар сіздің көңіл – күйіңізді көтеріп, өз дері дайындап келген өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар
«Балапан» биі.
Аяз Ата: Өнерлерің өссін, өркендерім! Билерің тамаша екен.
Қоян: Аяз Ата енді ойын ойнайық.
Ойын шарты: Қар лақтыру

Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Дұрыс, биылғы 2016 – жыл қандай жыл?
Балалар: Маймыл жылы!
Жүргізуші: Дұрыс, онда Жаңа жылымызды қарсы алайық!
(Музыка әуенімен маймыл келеді)

Маймыл: Ендім бүгін төріме,
Жақсылық себем көңілге.
Бейбітшілік пен ырыс – құт,
Әкелдім биыл еліңе!

Жүргізуші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
Береке мен ырыс келсін жеріме!

Ән: «Жаңа жыл»
« Клоундар цирк көрсетеді» 2 КЛОУН 1 ҚЫЗ Сценка

Ойын Поровоз

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар балаларымыздың ойынын тамашалауға қалай қарайсыздар, олардың шапшаңдығын, ептілігін сынап көрсек қайтеді?

Аяз Ата: Тамашалайық!

Жүргізуші: «Пима» ойыны.

«Жаңа жылға тарту» биі.

Хоровод
Жүргізуші: Жаңа жыл, Аяз Ата, Ақшақар, балаларымыздың тағы өнерлері бар екен, тамашаласақ қайтеді
Би: Жаңа жыл келді еліме»
Қорытынды:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей қыс әуені.
Жыл сайын тойлататын мәңгі – бақи,
Жаңа жыл құтты болсын қазақ елі!

Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп өткізген мереке қашанда қызықты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Құрметті ата – аналар бүгінгі біздің 1 – сыныптар арасында өткізіліп жатқан жаңа жыл мерекеміз осымен аяқталды. Тағы да жаңа жыл құтты болсын, елімізге құт – береке алып келсін.
Көріскенше күн нұрлы болсын!



Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров695
Номер материала ДВ-289239
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 год назад

жұмысыңыз жемісті болсын

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх