Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңа жылды қарсы алу мерекесінің сценариі (бастауыш сыныптарға)

Жаңа жылды қарсы алу мерекесінің сценариі (бастауыш сыныптарға)

Скачать материал

Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы «Қ.Дамитов атындағы орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Конушпаева Булгын Толкумбаевна

 

                             Жаңа жылды қарсы алу мерекесінің сценариі

 

Жүргізуші:  Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі

                     Жаңа жыл ақ арманның өрленуі

                     Жаңа жыл партадағы лүпілдеген

                     Кішкентай шәкірттердің ер жетуі

                     Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
                     Баратын болашаққа білек түріп.
                     Әдемі тілектерге қол соғамыз,
                     Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып,  дей келе осы жиналған баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді бастаймыз.

Мерекелік ән шашу ретінде  .......................  орындауындағы  «............................»  әнін қабыл алыңыздар!

Рахмет, балақай! Міне, кешіміз көңілді әнмен басталып кеткен де сияқты. Ендеше бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген қой жылын ортаға шақырайық. Шыршамыздың шамын жағып берсін, кешімізге сән кіргізсін.

Қой(Сандуғаш) шығады:  Жақсылыққа бағыттаған  Қоймын мен, ескі жыл

                                            Жаңа жылда барлығыңыз  Жаңа үміт таба біл

                                            Мешін жылының мерекесін  Берекеге жалғаймын

                                            Шыршамыздың шамын жағып  Көңілді әнді шырқаймын.

Кәне, бәріміз бірге менімен бірге шыршаның шамын жағайық: Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды.(Шырша шамы жағылады)

Қойдың ойыны

Жүргізуші: Балалар, қалай, көңілдерің көтерілді ме? Рахмет,  Ескі жылымыз! Сен енді біздің арамызда соңғы сағаттарда бірге болып, мерекемізді бірге тойлат. Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, мен сендерге  жұмбақ  жасырғым  кеп тұр.

Ақ таяғы қасында  Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап  Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін. Ол кім?

Балалар: Аяз Ата!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.

Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып, Келеді алыс сапардан  Аяз Ата оралып. Олай болса, балалар, мерекемізге көрік берер Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.

(Осы кезде «Маша мен аю» мультфильмінің  музыкасы ойнап Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады)

Аю: Ау, жарандар, мен келемін ала дорба арқалап,

       Аяз ата келе жатыр, келе жатыр, ән тарат

       Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

       Аппақ қардай қызыл алма түр түсі

Жүргізуші: Ой, балалар, бұлар мультфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен үйде салют атып шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп құлатты. (Балалар таң қалысты)

Екеуі де аман, қорықпаңдар. Аздап демалсын, сосын келеді. Біз Аяз ата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп ескертейік деп келдік.

Маша: Аю, аю (секіріп, аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық.(шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша, болмайды, бұл біздің шыршамыз.Мұнда шыршаны безендіріп,Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр. Одан да сендер біздермен бірге болыңдар.

Аю: Маша, ол тым үлкен, бізге жарамайды.( Басын шайқайды.)

Маша: аю, аю, мен де балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен. Ойын ойнап, би билегім кеп тұр.(секіреді)

Аю: Маша, сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр, сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр(аю қолынан сүйрейді)

Маша балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды, сосын жылайды.

Жүргізуші: Балалар, Маша бізбен қалсын ба? Маша, сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын. Балалар, мен сендермен болайыншы. Ойын ойнап, би билейік.

Аю: Жарайды, билесек, билейік. (Дискотекалық көңілді би билеу)

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар  алайыншы. Келіп қалған да болар.

Сахнада түлкі көрінеді. Әндетіп, шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе іздеп жүргендей қимыл жасайды.

Түлкі: Сәлеметсің бе,аю паң! Қалайсың, Маша! Көңілдісіңдер ғой. Мені де шақырмадыңдар ма мерекеге! Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып өнерлерімді көрсетер едім ғой.

Аю: Амансың ба, түлкі!Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне Аяз ата мен Ақшақардың келе жатқанын айтуға келгенбіз. Маша ойнаймын, билеймін деген соң қалдым. Өзің қайдан жүрсің?

Түлкі: Мен бе, мен (қарнын сипап, аюдың құлағына сыбырлап) қарным ашты, қояндар, тышқандар бар ма, жолдан кездесер ме деп шығып едім (жан жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз? ( Қоян, тышқан киімін киген балаларға жабысады)

Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап, болмайтынын білдіреді.

Жүргізуші: Түлкі мырза, қош келдіңіз! Бұлар қоян болып, тышқан болып киінген балалар. Олар жаңа жылды тойлауға келген. Біздің мерекені өзіңіздің өнеріңізбен жалғастырып жіберіңізші. Бізбен бірге болыңыз. Аяз ата мен Ақшақарды күтіңіз.Өнеріңізге сыйлық та ұсынар.

Түлкі: Жарайды, бар өнерімді жасырып қайтейін. Балалар, менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?    (Түлкінің ойыны)

Жүргізуші: Жарайсың, түлкі, өнерің тамаша екен. Сыйлығыңызды Аяз атадан келгенде аларсыз.

Балалар, көңіл күйлерің қалай, жақсы ма? Шаршамадыңдар ма?

Олай болса балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде «Ну, погоди!» мультфильмінің музыкасымен Қасқыр мен қоян келеді. 

Әндерін айтады, қоян қашып кетеді, қасқыр қуалай жөнеледі.

Жүргізуші: Ойбай, балалар, мыналар тағы да Аяз ата мен ақшақар киімін киініп келген  өзіміз жақсы көретін мультфильм кейіпкерлері қасқыр мен қоян екен ғой!? (Осы кезде қоян қайта келіп, айтады:  .....................

 (Ойын ойнатады) Нағыз Аяз атаны шақырайық.

Аяз ата жалғыз келеді. (Балалармен амандасып, саулықтарын сұрайды)

Жүргізуші: Аяз ата, алыстан шаршап келдіңіз, шаршағаныңызды басып, көңіл көтеріңіз. Біздің балалардың сізге дайындаған ән,билері бар. Қабыл алыңыз!   (ән не би)

Жүргізуші: Оу, Аяз ата біздің қуанғанымыз соншалық, бағанадан бері сіздің қасыңызда Ақшақар мен Жаңа жылдың жоқтығын да аңғармаппыз. Ақшақарыңыз қайда? Жаңа жыл да көрінбейді ғой?

Аяз ата: Әй, расында да, олар қайда? Балалар, сендер көрген жоқсыңдар ма? Бағана ғана орманда келе жатқанда қасымда жүрген еді ғой?

Осы кезде өз әуенімен Мыстан кемпір келеді. (Көрінісі)

Жүргізуші: Балалар, мыстаннан Ақшақар мен Жаңа жылды қалай да құтқаруымыз керек. Бұл кемпірге қандай айла ойлап тапсақ екен ә?

(Мыстанмен би билеп жарысу)

Мыстан жеңіліп, Ақшақар мен Жаңа жылды залға алып келеді де босатады.

Жүргізуші:  Сәлеметсің бе ақшақар!

                     Қош келдің, Жаңа жыл!

                     Қуаныш пен шаттыққа  кенелейік

                     Жадырап, би билеп тербелейік.

                     Төрлет, төрлет, халқымның жаңа жылы.

Жаңа жыл: Мен Жаңа жылмын, Мен жаңа нұрмын.

                   Мен жаңа жырмын.  Баршаңызбен біргемін,

                   Тағат таппай күткенің  Бұл мешіннің жылы еді.

                   Әкелемін баршаңа   Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Ақшақар да сәлемдеседі. (Ойын ойнатады)

(Балалар Аяз атаға тақпақ, ән, билерін арнайды)

 (Аяз ата қоштасып кетеді)

Жүргізуші:  Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын,

                     Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

                     Ардақтаймыз ақ армандай ойларды

                     Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

                     Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

                    Шарпылмасын жүректердің мұң лебі.

                    Жарқылдасын  Жаңа жылдың оттары,

                    Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі!

Осымен, Жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Келесі жылы кездескенше хош сау болыңыздар! Жаңа жылдарыңызбен!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жылды қарсы алу мерекесінің сценариі (бастауыш сыныптарға)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 1130
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конушпаева Булгын Толкумбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7205
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек