Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Жаңа Жылдық сахналық қойылым

Жаңа Жылдық сахналық қойылым


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Жеті лақ

Жаңа жыл ертеңгілігіне арналған сахналық қойылым


Дайындаған: Абилова О.А., Даулетиярова Д.Г.


Қатысатын кейіпкерлер: Ешкі, жеті лақ, қасқыр, қасқырдың бөлтіріктері, әтеш, қонжықтар, қарлығаштар, қоян, қой.


Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортада жасыл шырша, оң жағында ешкінің үйі, сол жағында қасқырдың апаны орналасқан.

1-бөлім


1-лақ: Алақай-ау, алақай,

Таяп қалды Жаңа жыл.

Әзірлейік ән мен жыр.

Ме-ме-ме!

2-лақ: Орманға сен барсаңшы

Сыйлық таңдап алсаңшы.

Ме-ме-ме!

Ешкі: Лақтарым, шұнақтарым

Қуанышым, шырақтарым.

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын.

Сақ болыңдар, әркез тек

Қасқыр келіп қалмасын

Тойдың шырқын бұзбасын.

3-лақ: Біз жүреміз әркез сақ,

Әкел бізге көп моншақ.

Ме-ме-ме!

4-лақ: Ақ моншақтар тағайық,

Сауық сайран салайық.

Ме-ме-ме!

Ешкі: Жүргейсіңдер абайлап,

Кетпеңдерші тым ұзап.

Асыр салып ойнаңдар,

Болмаңдар тек ұрыншақ.

Орманға мен барайын,

Жидек теріп қарайын.

Сол жидектен сендерге

Моншақ жасап алайын.

Ешкі орманға кетеді.


Би «Шыршаны безендіру» (лақтар шыршаны ойыншықтармен безендіреді)


Ешкі: Масқара! Біздің үйге не болған? Жау шапқан ба?

Лақтар (қосылып): Жоқ!

Ешкі: Онда аю келді ме,

Менің апаным деді ме?

Лақтар (қосылып): Жоқ!

Ешкі: Әлде піл басып кірді ме?

Лақтар (қосылып): Жоқ!

Ешкі: Мүмкін, бұл бөтен үй шығар?

Лақтар (қосылып): Жоқ!

Ешкі: Не болды, айтсаңдаршы?

Лақтар (қосылып): Бұл біздің үй, біздің үй

Ойнаймыз қалай жүгірмей?

Асыр салып ойнадық,

Қалыспадық түгелдей.

Ешкі: Жарайды, жарайды лақтарым,

Уайымдадым,

жүрген соң жырақта тым.

Мейірімді, бауырмал әрқашан

Т ату болыңдар шырақтырым!

1-лақ: Алма жеймін... Анашым!

2-лақ: Жасыл шөпті сүйемін

Үзілген жас, жаңасын.

3-лақ: Көз ілгенім сол еді,

Қорқынышты түс көрдім.

4-лақ: Ал мен тамақ пісіріп,

Үй де жинап үлгердім.

Ешкі: Жарайсыңдар, лақтарым,

Лақтарым, шұнақтарым.

Асыға жеттім сендерге,

1-лақ: Неге? Бізге қауіп бар ма екен?

Ешкі: Торуылдап сұр қасқыр

Маңайда жүр, аш екен.

Төсекке кәне, жатыңдар,

Тәтті ұйқыға батыңдар.

Ешкі лақтарын жатқызады.


2-бөлім


Қасқыр: Ешкіжан – көршім, армысың,

Бүгін үйде бармысың?

Ешкі: Маңайыма жуыма,

Кезікпе еш жолыма!

Байқа, аман қалмайсың,

Түйреп алсам оңбайсың!

Қасқыр: Сонда маған не дейсің?

Ешкі: Мен көршімен татумын,

Дау-ұрысқа қарсымын.

Көзіңді сап жолыма,

Лақтарымды торыма.

Оңдырмаймын байқасам

Мүйіздеймін, шайқасам.

Міне, солай.

Қасқыр: Аты шыққан қасқырмын,

Таңертеңнен аш жүрмін.

Ешкі: Мен де ешкі анамын,

Лақтарыма панамын.

Жақындасаң үйіме,

Қарныңды жара саламын.

Қасқыр: Ашуыма сен тиме,

Кірмеймін де мен үйге.

Үй ішіңде шу-айқай

Тыныштық жоқ, пай-пай!

Қасқыр жолымен кетеді. Ал ешкі тағы да орманға аттанады.


3-бөлім

Қасқыр ешкінің терезесіне қайта келіп ән айтады.

Ән: Лақтарым, шырақтарым,

Есікті аш қарақтарым.

Орманнан анаң келді,

Сендерге сыйлық әкелді.

Лақтар: Жоқ, жоқ, сен бізді алдап тұрсың. Біздің анамыздың дауысы жіңішке, әдемі ... ме-ме-ме!

Қасқыр (ойланып): Қандай амал табамын?

(қуанып) А-а! Мен әтешке барамын.

Қасқыр әтешке келеді.

Қасқыр: Әй, әтеш бармысың!

Жуан менің дауысым.

Әдемі болсын, жіңішке

Кәне, тездет, кір іске!

Қасқыр ешкінің үйіне жақын келіп, жіңішке дауысымен ән айтады.

Лақтар: Алақай, анамыз келді, анамыз,

Анамыз, панамыз.

Лақтар есікті ашып жібереді.

Лақтар: Қақпас қасқыр алдайсың,

Бізді ұстай алмайсың.

Ойын «Қасқыр мен лақтар»

Қасқыр лақтарды арқанмен байлап апанына алып кетеді.

Ешкі: Лақтарым! Шұнақтарым!

Қайдасыңдар қарақтарым?

Салды ма қасқыр құрығын

Қарнын жарам ұрының.

Айналаны қарайын,

Сұр қасқырды табайын.

Ешкі: Аюлардан сұрайын.

Жақын көршім шырағым,

Сенен көмек сұрадым.

Көзге бүгін түсті ме,

Менің жеті лағым.

Аю: Қонжықтарым, бүгін жеті лақты көрдіңдер ме?

«Қонжықтар» әні

Ешкі мұңайып, әрі қарай жүреді. Жолда қарлығаштардан көмек сұрайды.

Ешкі : Қарлығаш, қайырымды құрбым едің,

Жеті лақты көрдің бе, әлде көрмедің?

Қарлығаш: Кешір, құрбым, көрмедік.

«Қарлығаштар» биі

Ешкі: Аюдан да сұрадым,

Қарлығаштан сұрадым.

Балаларым-лағым

Қанша іздеп, жыладым?!

Ешкі қоянның үйіне жақындап келеді.

Ешкі: Жақын көршім шырағым,

Сенен көмек сұрадым.

Келмеді ме көжекке

Менің жеті лағым.

Қоян: Көршім бүгін көрмедім,

Лақтардың өргенін.

Көрсем дереу айтамын

Аман болсын төлдерің!

Ән «Қояндар»

Енді ешкі қойдан келіп сұрайды.

Қой: Қап, тентек лақтар,

Үйден қашу не сұмдық!

Тыңдамайды сені де,

Хабарлайық бәріне.

Би: «Қоңыраулы қойлар»

Ешкі: Менің жаным қапалы

Лақтарымнан жоқ хабар.

Сұр қасқырдың апаны,

Қайда екен кім табар?

Ойын «Қасқырдың апаны»

Қасқыр: Кім келген іздеп?

Не деген құрмет!

Не деген ізет!

Қанекей, төрлет!

Ешкі: Обалың жоқ өзіңнің

Бітті менің төзімім.

Қасқыр: Кешір, жаным, не дедің

Ашулы екен көздерің.

Жөн емес қой көршіңе

Қаһарланып келгенің.

Ешкі: Бар сөзім сол айтар

Лақтарды қайтар!

Қасқыр: Қайдағы лақ, білмедім,

Мен оларды көрмедім,

Түскі асымды аюдың

Үйінен ішіп келемін.

Ешкі: Сазайыңды берейін

Бар күшіңді көрейін

Қарының жарып ап,

Көк терекке ілейін.

Қасқыр: Білмедім...?

Көрмедім...?

Қасқырдың бөлтірігі: Әке, бізбен ойнашы.

Қасқыр (теледидар қарап отырады): Мазамды менің алмашы!

Гол, гол, дәл ұр, дәл ұр!

Дәл түсті ме, шайба, гол!

Бөлтірік: Әке, қарсы болмашы

Бізді бір сәт тыңдашы.

Қорадағы лақтар,

Бізбен бірге ойнасын.

Бөлтіріктер қорадағы лақтарды шығарып, қар лақтырып ойнайды.

Ешкі лақтарымен қуана көріседі.

Қасқыр: Әй, көрші, сен мені кешір!

Ешкі: Жарайды, бүгін Жаңа Жыл ғой. Кешірсем кешірейін. Бірақ енді бізге қастандық ойлама.

Қасқыр: олай болса, сізді биге шақыруға рұқсат етіңіз!

Би «Танго»

Барлық кейіпкерлер шыршаны айнала билейді.

Ешкі: Жаңа Жыл келіп қалды. Шырша шамдарын жағайық.

Барлығы: Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!

Кеш балалардың ән-жырына ұласады.

Общая информация

Номер материала: ДВ-202658


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»