Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Жаңа жылым армысың" атты ортаңғы топ балаларына арналған ертеңгілік.

"Жаңа жылым армысың" атты ортаңғы топ балаларына арналған ертеңгілік.

Скачать материал

№9 «Еркемай» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

«Жаңа жылым армының»

 («Қарлығаш» ортаңғы тобының жаңа жылдық ертеңгілігі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саз жетекшісі: Сапарова Ж.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

«Жаңа жылым армының»

Жүргізуші:

Жаңа –жыл жаңа әнің тербелуі

Жаңа –жыл ақ арманның өрленуі.

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар! –дей отырып, ортаға жаңа жылдық шыршаға келген бүлдіршіндерді шақырайық.

(музыкамен балалар қол ұстасып шыршаны айналып кіреді.)

 

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендерде көрмегенде арманда,

Жаңа –жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа жылды қосылып қарсы аламыз.

 

-          Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған бүлдіршіндер, ата-аналар, тәрбиешілер баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі жаңа жыл мерекемізге қатысып, әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Олай болса Шырша мерекесін бүлдіршіндерміздің ақтілектерімізбен ашайық.

 

Тақпақ:

 

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

 

Жаңа жылда бақшамыз

Гүлдей  болып жайнасын

Аман болсын барлық бала

Шат-шадыман ойнасын

 

Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз.

 

Той мереке салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне Жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

 

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу швршамыз.

Көптен күтіп, сағынған.

 

Жүргізуші: Рахмет, сендерге балалар. Кешіміз көңілді тілектермен басталып кеткенде сияқты. Ендеше, бізбен бірге бір жыл бойы бірле болған бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген Мешін жылын ортаға шақырайық.

Шыршамыздың шамын жағып берсін, кешімізге сән кіргізсін...

 

Мешін:

Жақсылыққа бағыттаған

Мен мешін жылы ескі жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Шыршамыздың шамын жағып,

Көңілді әнге шырқайық.

-          Қәне балалар бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.

 

Жасыл шырша, жасыл шырша

Шамдарыңды жарқырат.                      2рет

 

Қарағдаршы балалар біздің мерекеміздің сәні жасыл шыршамыз жанып, одан әрі әдемі болды. Рахмет берекелі мешін жылы. Енді бізбен бірге балалардың шыршаға арналған «                                              »  атты әнімізді шыршамызды айналып жүріп бірге шырқайық.

 

Ән:

 

Мешін: Балалар мерекелеріңді жақсы көңілді өткізіңдер. Жаңа жылдық шырша жағу үшін мені басқа балалар күтіп отыр соларға барып келейін. Әзірше сау болыңдар.

 

(Боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.)

 

Мұз ханшайымы

 

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

 

Жүргізуші: Сәлеметсізбе, мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

 

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, тек менің мұзға айналдырған сарайымда ойнамақша болдыңдарма, солайма.

 

Жүргізуші: Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірге Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

 

Мұз ханшайымы: Мен ешқандай жаңа жыл тойламаймын.Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұзға айналдырамын. Жаңа жыл өтпейді – деп шыршаны айналып құлыптап кетеді.

 

Жүргізуші:  Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшаймының шаңары екенін білген жоқпыз енді қайттік.

 

Жүргізуші: Шыршаның құлыпын тек алтын кілтпен ғана ашуға болады, Атын кілтті қайдан алсақ болады балалар?

 

Буратина: (жүгіріп шығып) Менің алтын кілтім бар кел достар бірге ашайық.

 

Жүргізуші: Братина сен дер кезінде келдің. Кел екеуміз сенің алтын кілтіңмен шыршамыздың құлпын ашайық, шырша шамдары қайтадан жарқырасын.

 

Тақпақтар:

Малвина:
Тақпақ өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп
Аяз ата шаттанып
Бізге риза болсын деп.

Артемон:
Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым  тамаша

Перо:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Папамызды  мамамызды
Қонақтардың бәрінде
Буратина:

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі боп

Қайда қызық болса думан.

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бір болды

 

Арлекино:

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер кеше кеп

Мерекені бастаған

 

Би: Буратино

            Кетіп қалады

 

Жүргізуші:

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

                          Ойын күлкі жанында

                          Күтеді оны шартарап

                          Сый дорбасын арқалап

                          Жаңа жыл сайын келетін

                          Ол кім?

Балалар: Аяз ата

 

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ  тонға оранып,

 Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады.  Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю:  Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

         Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

         Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

         Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

 

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

 

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

 

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

 

 Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

 

 Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

 

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба?  Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

 

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

 

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық. Балалар менімен ойнайсыңдарма?

 

Ойын: Қар домалату.

 

Жүргізуші: Аю мырза біздің балалар  ойынды жақсы ойннады. Енді Машаны балалармен билеуге шақырамыз.

 

Би: Маша мен аю

 

Тақпақтар:

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Аю мырза сізге біздің балалардың биімен тақпақтары ұнадыма?

 

Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмад ау?

Аю: Онда мен орманға барып Аяз ата мен ақшақарды шақырайын. Сендердің күтіп отырғандарыңды айнайын. Маша сендермен мерекеге қалсын, сау болыңдар.

 

Жүргізуші:

Ендеше көтеріңкі көңіл күймен Аязатамен ақшақарды шақырайық.

 

Хормен: аяз ата –ақшақар.

 

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аязата мен Ақшақар келеді.

 

Жүргізуші:

Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

 

 

Аяз ата:  Ау, амансыңба ұлдарым

     Амансыңба қыздарым

                 Қандай жарқын жүздерің

                 Қандай әсем жырларың.

                 Асулармен алысқан

                Асау желмен жарысқан

                 Аталарың сендерге

                Шаршап келді алыстан.

 

Ақшақар: Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

                  Той думанды жалғайық

                  Жаңа жылда

                  Шыршамызды айналып

                 Би билейік қалықтап

                  Қарап тұрма қалыс кап.

 

Аяз ата әні орындалады.

 

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар. Қане балалар ортаға келіп Аязата мен Ақшақарға арналған тақпақтарыңды айта қойыңдар.

 

Тақпақтар:

 

Жүргізуші: Рахмет балалар. Аязата біздің балалардың тақпақтары ұнадыма?

Олай болса Ақшақар біздің қыздарымзбен «Ұлпақар» биін билеуге шақырамын.

 

Би: Ұлпақар

 

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

 

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

 

 

 

 

 

Аяз ата: О ханшайым сабыр сақтаңыз,

               Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

               Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

               Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

               Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

 

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендер менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

 

Жұмбақ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң  қолың тоңады.  (қар)

 

Көкке қарап наздана

Қолың созар күнімен.

Күз, қыс, көктем,

Жазда да

Өзгермес бір түрінен. (шырша)

 

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты (Аяз)

 

Жүргізуші: Мұз ханшайымы енді біздің балалардың биін тамашалаңыз.

 

Би: Киндер сюрприз

 

Мұз ханшайымы: Сендер бәрін біледі екенсіңдер көңілім жайланды. Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

 

Аяз ата: Тамаша рахмет балалар өнерлі екнсіңдер.

 

Сағат тырсылы естіледі.

 

Аяз ата: Уа, халайық өткен жылмен қоштасайық,  жаңа жылмен достасайық.

 

Музыка әуенімен Әтеш жылы келеді.

 

 

Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа-жыл

                    Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

                    Жадырап, би билеп тербелейік,

                    Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

 

Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,

                     Мен –Жаңа нұрмын.

                      Мен-жаңа жырмын,

                     Баршаңызбен біргемін.

                     Тағат таппай күткенің

                    Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

 

Ән:

 

Аяз ата : Жаңа жылда жаңа белден асамыз

                  Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

                   Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

                  Жаңа жылда тағы  да алға басамыз.

 Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де , мерекелі жыл бол!

 

Аяз ата: Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Сендерге арнап әкелген сыйлығымды берейін.

Хош сауболыңдар.

 

Жүргізуші:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

                      Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

                      Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

                      Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

 

Естелікке фотоға түсу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа жылым армысың" атты ортаңғы топ балаларына арналған ертеңгілік."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 832 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 951
    • DOCX 37.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапарова Жулдыз Тилеужановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапарова Жулдыз Тилеужановна
    Сапарова Жулдыз Тилеужановна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 5798
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 185 человек

Курс повышения квалификации

Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 78 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательная система образовательной организации в современных условиях

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 854 человека

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе