Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жаңа жыл-жаңа жыр" кеші

"Жаңа жыл-жаңа жыр" кеші

Скачать материал

Тақырыбы: Жаңа жыл –Жаңа жыр!

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ауылдастар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, балғын бүлдіршіндер!
Армысың, аманбысың –Жаңа жылым,

Жаңа жырым, О менің жаңа жылым!

Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Кел жаңа жыл, төрле төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Жүргізуші: Бәрекелді, олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын аша отырып, әсем шырша жанына осы мерекені асыға күткен балдырғандарымызды шақырайық.

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар «Жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей жүрекке жылылық ұялатар алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Сражадинов Нұрсұлтанға құттықтау сөзді берейік.

Жүргізуші:  Балалар, ертегілер еліне саяхатқа барайық. Ол жерде қандай қызықтар бар екен (осы кезде аққан судың, толқыған теңіздің дауысы шығады)

 Жүргізуші: Балалар, бұл ненің дауысы

Балалар: Судың, теңіздің.

Ерте, ерте ертеде жер үйде шал мен кемпір өмір сүріпті. Жағдайлары мәз болмапты. Балық аулап күн көріпті. Шал үйіне балық әкелмегеніне көп айдың жүзі болыпты. Әйтеуір, шал балық аулапты. О, жаратқан Тілегімді орындады-ау, әйтеуір. Кемпірім қуанатын болды, бүгін тойып балық жейтін болдық дей бергенде әлгі балыққа жан бітіп сөйлей жөнеледі. Қараса алтын балық екен. Ата, мені жібере көр.Тілегің болса айт орындаймын.

Шал: Ештеңенің керегі жоқ, бара ғой жолың болсын деп балықты жібере салады. Шал үйіне келіп, кемпір-ау, кемпір. Қызық болды. Құрған ауыма бір балық түсті, өзі жай балық емес алтын балық, өзі сөйлейді екен. Мені жіберші тілегіңнің барлығын орындаймын,-деді. Сөйтіп, балық ты суға жібере салдым.

Кемпір: ой, алжыған шал. Жаңа жыл болса келіп қалды, үйде ештеңе жоқ, екуміз де қартайдық. Ең болмаса алтын балықтан шырша сұрамадың ба? Өзі әдемі, биік, жарқырап тұрсын!

Шал: (теңізге келіп) «Алтын балық-ау, алтын балық. Кемпіріме шырша керек екен, өзі әдемі, өзі биік жарқырап тұрса дейді. Жаңа жылды жақсылап шыршаның жанында қарсы алғысы келеді»

Балық: Ата, үйге алаңдамай бара бер. Тілегің орындалады. шал үйіне келсе, әдемі шырша тұр. (Кемпірі ұйықтап жатыр екен)

Шал: Кемпір, әй кемпір! Тұр. Мына ғажапқа қара, алтын балық тілегімізді орындады.

Кемпір: Ой, құрғыр шал. Адамға ұйқы бермедің ғой. (ұйқысын ашып шыршаны көреді ) Міне ғажап! Мыналар кімдер? (балаларды көрсетіп)

Балалар: Армысыздарма ата, әже! Бізді де шыршаға қосып алтын балық жіберді. Сіздермен бірге жаңа жылды тойлаймыз.

Жүргізуші: Енді ата мен әжені ортаға алып шыршамызға арнап ән салайық.

Бізде де шыршамыз бар, әдемі киінген балаларда осында, қонақтар да бар.Жаңа жылдық шыршаға кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Саққұлақ,сен тыңдап көрші. Біздің Аяз атамыз келе жатыр ма екен?

Саққұлақ: Естідім, естідім.(шыршаны айналып жүгіреді) келе жатыр, келе жатыр.

Қуаныңдар, ағайын тамсаныңдар,

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді біздің жаққа

Қол соғып қуанышпен қарсы алыңдар (әуен ойнатылады)

Аяз ата: Ассалаумағалейкум, жыр кешкен ел!

Нарына нарық заман мінгескен ел!

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел!

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел!

Жүргізуші: Амансыз ба, Аязата!

Аязата: Аманбыз балам. Бар бол балам. Біз қай жерге келдік?

 Жүргізуші: Білімді, ақылды өнерлі балалары бар Алабас ауылының мектебі.

Аязата: Балалар, менің ақшақарымды көрмедіңдер ме, кім тауып береді екен маған. Жақсылап ән салып берсеңдер, сендердің дауыстарыңды естіп келер еді.(балалар ән салады)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Армысыздар Алабас ауылы! Сендерге де жеттім-ау, әйтеуір. Қандай әдемі, неткен биік, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын, үйретейін сендерге

Мен бастайын ал, сендераяқтаңдар ойынды

Хормен жауап айтыңдар!

1 Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр (жаңа жыл)

2 Қызыл мұрын ақ мұрты, білсең атын тез ата

Келді бізге (Аяз ата)

Ақшақар: Ата, жаңа жылды қарсы аламыз дейміз біздің жаңа жыл қайда? Көрмей тұрмын ғой оны.

Саққұлақ: Тұра тұрыңдар! Мен бір дыбыс естіп тұрмын. Келе жатқан мешін болу керек. (мешін шығады)

Қой жылы:

Армысыздар, бәріңіз де есен-сау бармысыздар?! Ассалаумалейкум, Аяз ата, Ақшақар! Қош келдің мешін жылы! Ал, мешін! Кімдер даттап, кімдер мақтап айтады, өзі білсін. Жақсылы-жаманды жыл болдым, қолымнан келген біраз шаруаны атқардым. Мына отырған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарар іс көп, соның бәрін саған аманат етіп қалдырам. Халқыма жайлы болғайсың!

Мешін: Мен аманатқа адал болуға халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға уәде етемін. Еліме үлкен табыс, денсаулық, молшылық берсін!

Қой: Ал, енді қоштаспас бұрын балалармен бір ойнап көңіл көтерейін. Жұмбақ жасырып, мақал-мәтел айтып жарысайық. Жұмбақ айтайын.

1 Қалқайып ұзын құлағы, елеңдеп үркіп тұрады (қоян)

2 Ештеңе жоқ арқасында баласы бар қалтасында (кенгуру)

3 Жылға дер ем ақпайды, жылан дер ем шақпайды (арқан) Рахмет,  балалар! Мен сендермен қоштасайын. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Аяз ата: Ал, балалар бізге, жаңа жылға арнаған өнерлерің болса бәріміз тамашалайық.

МАД тобы «Шырша» әні

1 сынып Би: «Шөжелерім»

2 сынып Ән:  «Жаңа жыл»

Би: «Қуыршақтар»

3 сынып Би: «Бәйге»

Би: «Қыздар»

4 сынып «Ақшақар» әні

Аяз ата: Балалардың бәрі өнерлі екен.Тамашалап, қызықтап отыра бергің келеді екен. Бірақ, барар жер, басар тауларымыз әлі көп. Сіздер сияқты балалар күтіп отыр, соларға барайық. Кетпес бұрын сіздерге әкелген сыйлықтарымды тараып берейін. (сыйлық таратады)

Жүргізуші: Ал балалар! Аяз атамен қоштасайық, бата сұрайық.

Аяз ата: Мен бір бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Қуаныштан жайнаған, ақ жүзіңді көрейін!

Аман болсын мал басың, адал болсын жолдасың.

Жолың болып әрқашан, ата бабаң қолдасын.

Жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Бекітемін:                      т.і.ж.о.

Сыныбы: 5-9

Тақырыбы: Жаңа жыл-жаңа жыр!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Жаңа жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жаңа жыл ,жаңабақыт, жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр,

Құт болып, береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! «Жаңа жыл –жаңа Жыр» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Кешімізді мектеп деректорының міндетін уақытша атқарушы Сражадинов Нұрсұлтанның жаңа жылдық құттықтау сөзімен ашқалы отырмыз.

Жүргізуші:  Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышты келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жылың достары! Ал, оқушылар тұра бермей кешіміздің ең басты кейіпкерлері, кешімізге сән беретін Аяз ата мен Ақшақарды және Мешін жылын шақырмаймыз ба?!

Хормен  Аяз ата, Ақшақар, Мешін жылы! (үшеуі ортаға музыкамен кіреді)

Аяз ата: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын

Ай жүзіндей айшықтанып  арайың,

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын!  Армысыздар, балалар!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Ата, бұл оұушылар мектебіміздің мақтанышы, озат оқушылар, түрлі сайыстарға аудандық олимпиадаға қатысып жүлделі орындармен алғыс хат алып жүр. Оқушылардың ішінде биылғы мешін жылында  мектеппен қоштасқалы жүрген жас түлектер де бар. Барлығы да өнерлі, болашағы зор жеткіншектер. Ендеше, солардың өнерін тамашалайық.

Қой жылы: Армысыздар халайық! Менің де сіздермен қоштасар кезім келді. Сіздерден бар жақсылығымды, жақсы жаңалығымды аямадым. Мешін жылына сіздерді тапсырдым.

Мешін жылы: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын! Ия, мен сіздерге асыға келіп жеттім. Маймылдар туралы қызық ақпараттар айтайын. Сингапур қаласында арнаулы маймылдар питомнигі бар.  Мұнда, маймылдарды ботаникалық жұмысқа дайындайды. Олар адам тілін жақсы  түсінеді екен.

Жүргізуші: Ия, мешін туралы  жаңа лықтар  өте көп. Ғалымдар тропикалық аудандарда гербарий жинауға пайдаланады. Маймылдың жәрдеміменбірнеше  жаңа өсімдіктер табылған. Өйткені, олар биік ағаштардың басынан әр түрлі өсімдіктер  мен гүлдер жұла алады екен.

Аяз ата: Айта берсе мешін туралы қызықтар өте көп.Балалар мешін туралы ән айтып, би билейміз дейді. Солардың өнерін  бәріміз бірге тамашалайық.

Жү ргізуші: Олай болса,бар өнерімізді  ортаға салайық.

5-сынып-Жаңа жыл әні.

6-сынып-Мәнерлеп оқу. «Мешін-жыл басы»

7-8 сынып-Жастар биі

Көрерменмен ойын ойнау.

9 сынып-«Мерекем» әні

Флеш моб

Мәнерлеп оқу. «Жаңа жылға тарту»

Аяз ата: Балалар, өнерлеріңе тамсанып ,таңдай қақтық. Өнерлерің өрге жүзсін!Келген жаңа жыл жақсылық, береке, бірлік әкелсін. Сіздерменде қоштасар кез келді. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Ия, осымен жаңа жылға арналған мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті. Келген   барлық қонақтарға  Бейбітшілік заман болсын, ел іргесі аман  болсын демекпіз. Жақсы күндерде жолыққаша, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа жыл-жаңа жыр" кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 736
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Унешбаева Рита Куламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Унешбаева Рита Куламановна
    Унешбаева Рита Куламановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8895
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой