Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы"Жаңа заман мұғалімі" тақырыбына баяндама

"Жаңа заман мұғалімі" тақырыбына баяндама

Скачать материал

Жаңа заман мұғаліміне – жаңа тәсілдер

    Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің еңсесі көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

     Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін – әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан – жақты, білікті болуды талап етеді.

      Ұлы ағылшын ағартушысы  Уильям Уарт «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады » деген екен. Ал ХХI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс – тәсілдер қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге, бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз – мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

      Жылдар бойы ұстаздық етіп, қалыптасқан, нақтыланған, жан – жақты зерттелген деге н сенімді оймен қолданып келген дәстүрлі әдісіміз маған тиімді де, өзгермейтін сабақ үлгісіндей еді. Ешқашан осы ойымды өзгертем деп ойламаппын. Сол кездегі тиімді деп келген сабақ берудің үлгісін, үш деңгейлі оқу негізінде құрылған сабақтың үлгісімен  салыстырсам, айырмашылықтары ап – айқын көрінеді. Жеті модуль идеясын алғаш тыңдағанда, менде үлкен қарама – қайшы пікірлер туындады. Ал әрбір модульді жеке – жеке саралап талдаған кезде, мүлдем өзгеше пікір қалыптасты.

     Бірінші модуль. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулінде диалогтык оқыту    мен өзін – өзі реттеудің, өз бетімен оқудың алар орны ерекше екенін әр сабағымда қолдану арқылы көзімді жеткіздім. Диалогтық оқыту сабақтың әр бөлімінде, яғни кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерінде тиімді қолдана отырып, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогте мәртебесі жоғары және мәртебесі төмен  сұрақтар, дамытушы және жетелеуші сұрақтар, БЛУМ таксаномиясы негізінде құрылған  құрылған сұрақтар әр сабағымда  көрініс тапты. Өзін – өзі реттеу, бұл модуль бойынша сабақ бермес бұрын өзімді психологиялық тұрғыдан реттей отырып, балаларды үйретуге мүмкіндік алдым.Балалар мұнда өзінің бұрынғы  сабаққа қалай қатысқаны, адами тұрғыдан шамалы уақыт ішінде дамып, өскенін өзі бақылап, өзі талдау жүргізе алды. Жұптық және топтық жұмыстарда балалар бірінің пікірін бірі тыңдау , өздеріне баға беру арқылыөз – өздерін реттей алатынына көздері жетті. Бұрын мән бермейтін нәрселерге өз – өзімді реттеу арқылы мән беретін болдым және соған қарарй әрекет еттім. Соның бір көрінісі ретінде «Сын есімнін түрленуі»  тақырыбында негізгі бөлімде жаңа сабақты меңгерту мақсатында сұрақ – жауап әдісі қолданылды. Құрылған сұрақ пен оның жауабы арқылы тақырыпшаның мазмұны ашылуы тиіс болатын және сұрақтарды мәртебесі жоғары, мәртебесі төмен деп ажырату керек болды. Осы тапсырманы бере отырып, оқушылар орындай ала ма деген сұрақ туындады, бірақ менің бұл сенімсіздігімді оқушылар өз бетімен жұмыс істей бастағанда бірден сейілтті. Тақырып бойынша меңгермей қалған маңызды ақпарат болса, өзім қайта бағыттау сұрақтарын пайдалана отырып,    тұрғыдан білімдерін толықтырып отырдым. Оқушының ойын дамыта отырып, өзімнің де ойымның дамығанын осы модуль негізімен түсіндіріп бере аламын.

       Екінші модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді әр сабағымда тиімді деұтымды пайдалана білдім, себебі балалардың да пәнге деген қызығушылығымен қатар сые көзбен қарай білгені дұрыс еді.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету тапсырмаларды орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығын дамытады, ойын ашық айта алуға , болжам жасай білуге үйретеді. Модуль менің тәжірибемде баланың ойын еркін айта алуына, сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмаларды бере отырып, баланы сыни ойлаттыруға мүмкіндік беруіме, соның нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді бола алады ; олар ауызша , жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, жаңашыл идеялар мен келешекке ашық бола алды. Тәжірибемдегі осындай өзгерістердің негізінде, мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса, оқушыларына да сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкіндік береді.

       Үшінші модуль.  Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі баланың   пәндік құзіреттілік бойынша бағалануы. Тақырыпты меңгеруіне, нақты нәтижесін көрсете білуіне, білімдерін жинақтай білуіне оқыту үшін бағалауды қолданамыз. Балалар жауабының толық және толық еместігіне жұлдызшалар бере отырып, сабаққа қатысу белсенділігін  бағаласам, критериалды бағалау арқылы бала өзін – өзі бағалады, жұптық жұмыс кезінде  бірін – бірі бағаласа, топтық жұмыс кезінде топ басшысы бағалау парағына критериалды бағалау жүргізе алды. Ескі әдіс бойынша бағалау бір жақты болған болса, мұнда бала өзін – өзі бағалап, өзінің білген – білмегеніне талдау жүргізе отырып бағалай алды.

        Критериалды бағалау.

        Жиынтық бағалауды тәжірибемде бақылау  жұмысында, білім кесімдерін өткізген кезде көрсете алдым. Бұрын тәжірибемде бағалауды мұғалім жүргізу керек деген пікірмен кеіссем, осы модульді меңгергеннен кейін ол пікірімді өзгерттім. Мұнда бала критерийге қарап отырып өз – өзін бағалай алады, және топтық жұмыс кезінде топ басшысы бағалау жүргізеді. Осының нәтижесінде бағаның шынайы қойылғанына баланаң өз көзі жетеді, осы модульді сабағымда қолдана  отырып, тиімділігіне көзімді жеткізгеннен кейін, бағалау туралы көзқарасымды өзгерттім.

          Төртінші модуль.  Білім беруде АКТ – ны қолдану  модулі бойынша АКТ –ны пайдалануда құзіреттілігімізді арттырамыз. Мұғалім өзінің пәнін ғана емес, білім беру технологияларын, АКТ – ны қолдану арқылы пәнді меңгертудің алуан тәсілдерін де білуі керек. Мұғалімнің АКТ – ны тиімді пайдалана білуі, сабақтың тартымды шығуына, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуына, сондай – ақ уақытты үнемдеуде үлкен көмек көрсетеді. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, күтілетін нәтижесін айтқан кезде интерактивті тақтаны пайдаланып отырдым. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін  толықтай пайдалану сабаққа әзірлік кезінде уақыт алатын іс болып көрінгенімен, кейіннен ол ісіңнің бірнеше жылдар бойы жемісін көретіңіңе көзіңді жеткізесің.   Мысалы, сабаққа  керек сөз тіркестері, сөйлемдер, мәтіндерді алдын ала жазылған слайд түрінде көрсету оқушының есте сақтау және көру арқылы сыни ойлауына негіз болса, мен үшін уақытты тиімді пайдалануды және сабағымның көрнекілік жағында шешті.

       Сабақтарымды бейнежазбаға түсірудің де тиімді тұстары бар. Сабақтағы ескермей кеткен тұстарымды, оқушылардың қатысуын, жауаптарын қайта қарау арқылы сабағыма жан – жақты талдау жүргізе алдым және алдағы іс – әрекеттеріме болжау жасадым. Тіпті дауыс ырғағымды естіп, жүріс – тұрысымды көре отырып, өзімнің де реттелуіме, барлық нәрсеге сыни қарауыма көмектесті. Бұрын сабақтарымызда ұялы телефонды қолдануға тыйым салатын болсақ, ал қазір оны постер құрастыруда идеясын жеткізу үшін қолданылатын суретті интернет арқылы нақтылауға, басқа ақпараттарды алуға, суретке түсіруге пайдаланып отырды. Бұл жерде біздердің, мұғалімдердің негізгі рөлі ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып және интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді. 

       Слайдтар, флипчарттар, сондай – ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятады және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп береді.

          Бесінші модуль.  Талантты және дарынды балаларға білім беру модулі бойынша, орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша қабілеттері байқалады.  Зерттеуге алынған сыныптағы дарынды оқушылар деп үш оқушыны критерийге сәйкесті белгілеп алдым.   Әдетте топқа бөліну кезінде бұл үш оқушы бөлек – бөлек түсіп жүрді, олардың дарындылықтарының деңгейі де үш түрлі байқалды. Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» тақырыбындағы сабағымды өткізгенде, оқушыларды топқа бөлу кезінде, дарынды оқушыларды оқытуды дамыту мақсатында топқа бөліну үшін берілген геометриялық фигуралардың астына орташа, жақсы, қабілеті жоғары оқушылар бір топқа жиналатындай етіп оқушы аттарын жазып қойдым.

-         Жұлдызша ( орташа оқитындар )

-         Төртбұрыш ( жақсы оқитындар )

-         Үшбұрыш ( қабілеті жоғары оқушылар

      Дарынды, қабілеті жоғары оқушылар жиналған топқа басқаларға қарағанда деңгейі жоғары күрделірек тапсырма жауынгер тұлғасының қасиеттерін анықтап, талдап, тақырып мазмұнын  ашатындай сұрақтар құрастырып, оларға жауап берулері керек болатын. Барлық топтар да  мәтінге сұрақ құрастыра білді, бірақ айырмашылықтары «Жұлдызды сарбаздар» құрастырған сұрақтарының мәртебесі төмен, «Төртбұрыш» тобы аралас, ал «Үшбұрыш» тобы көбіне мәртебесі жоғары сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашқан болып шықты. Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды ажырату кезінде де дарынды оқушылар тапсырманы дұрыс әрі тиянақты орындады және жұмыстарына қорытынды жасай білді.  Оларда өз бетімен жұмыс жасауы  қалыптасқан, ал басқа топтардың қастарына бірнеше рет барып, қайта бағыттап, кей тұстарда түсіндіріп жіберуге тура келді.

      Критериалды бағалау кезінде де дарынды оқушылар өзін – өзі бағалағанда бір – бірімен пікір алмас отырып, шынайы баға алуға тырысты, оған сабақ үстіндегі бақылау арқылы көзімді жеткіздім. Бұл сабақтан шығарған қорытындым, дарынды оқушылар қашанда мақсат қойып, соған жету үшін бар күш- жігерлерін жұмсайды, әрқашан сезімтал және жауапты болады, басқалардан идеясы өзгеше, кез келген ақпаратты орынды қолдана біледі, нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады.Сондықтан дарынды оқушыларды тек басқаларды жетелеуші күйінде ғана емес, аптасына бір рет болсын дарынды оқушылардың оқытуын дамыту мақсатында сабақ өткізуіміз қажет. Өз бетімен жұмыстарды орындау, ақпараттар алу, сабақтан тыс білімін көтермелеу секілді дарынды оқушыларға үнемі қосымша тапсырмалар орындатуға бағытталу  керек деп ойлаймын.

               Алтыншы модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу моделі бойынша оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген, сондықтан білім беруде және кері байланыста қиындық туындамайды. Жалпы пәндердің оқытылуы стандартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқулық бойынша жүзеге асады. Оқулық мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылған. Сондықтан бағдарламаны негізге ала отырып, сабақ жоспарларын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құру біздің міндетіміз.Оқулық мазмұнымен қатар, орындалатын жаттығудың да деңгейі сараланып, жас ерекшеліктеріне сәйкес берілген. Жас ерекшеліктеріің оқу үрдісінде ескерілуі оқушының қалыпты дамуына оң әсерін тигізеді. Сондықтан бағдарлама да сабақ құрылымы да, оқушымен жасалатын іс – әрекет те, барлығы жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт. Бұрын  жас ерекшеліктерін ескермесем, енді оның нәтижелі білім берудегі рөліне мән беретін болдым.

           Жетінші модуль. Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі бойынша мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы.Үш деңгейлі оқудың идеясы да сол, дайын ақпаратты мұғалім емес, бала өздігінен ізденіп, талдау жүргізе отырып өзін – өзі бағалай алатындығында. Ал мұғалім болса топтық жұмысқа және жұптық жұмысқа басшылық танытып, бағыт – бағдар беріп отырушы. Ескі әдетте бір жақты түсіндіру жұмысы жүрген болса, енді бала өзігінен жұмыс жасайды.Мұның тиімділігін 7 модульді қамтыған сабақтарымда анық көре алдым. Үш деңгейлі оқу нәтижесінде тәжірибемдегі үлкекн айқын өзгерістерге қадам бастым, әрине, ол өзгерістер 7 модуль идеяларына қатысты. Тек тәжірибем ғана емес, көзқарасымғ ұстанымым, құндылықтарым, жалпы өзім өзгердім. Болашақта да әр сабағымда 7 модуль идеяларын қолдансам, білімі жоғары, сыни ойлай алатын, берген білімімізді өмірде қолдана  алатын саналы, тәрбиелі  оқушыларды оқытып шығарарымыз сөзсіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңа заман мұғалімі" тақырыбына баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңа заман мұғаліміне – жаңа тәсілдер

    Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің еңсесі көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

 

     Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін – әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан – жақты, білікті болуды талап етеді.Ұлы ағылшын ағартушысы  Уильям Уарт «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады »

  

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 1323
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Гульмару Рамазановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8612
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе