Инфоурок Классному руководителю КонспектыЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Скачать материал

 

 

Ашық сабақ

«Дүниенің кілті өнер білімде»

Абай

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word бағдарламасын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Word бағдарламасымен істеген жұмыстарды қорытындылау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру.

1.Кезең . «Жаттығы» «Разминка»

Оқушыларға жалпы алдында өткен тақырыптары бойынша сұрақтар қойылады.

1)Кибернетканың негізін салған кім?(Джон Внер ХХ ғасырдың 40 жылдары):

2)Екілік санау жүйесінде қандай кез келген екі сан қолданылады? (1 және 0):

3)Ол Windows – бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаңа қызметін ашып берді. (Билл Гейтс)

4) Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?(Себет)

5) Microsoft Word қандай редактор?

6) Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосады?

7)Колонтикул дегеніміз не?

8) Мына ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінді «тізбек» (өсу) ретімен дұрыс шығатындай етіп бірліктерді орналастыру керек.

1) Байт                                                   Бит

2)Мегабайт                                            Байт

3)Гигабайт                                             Килобайт

 4)Килобайт                                           Мегабайт

5)Бит                                                      Гигабайт

2.  Кезең. «Кім жылдам»

Оқушыларға Microsoft Word мәтіндік редакторының бетінің суреті ұсынылады. Олар сол суретке қарап беттің сипаттамасын берілген бағдаршаларға жазу керек.

3. Кезең. «Құрлысшылар» сайысы.

Бұл сайыс кестелермен жұмыс істеуге бағытталған. Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс бойынша оқушыларда білім – біліктілік қалыптастыру. Оқушыларға кесте сызуға тапсырма беріледі. Онда әр түрлі пішімдеулер берілген, соларды дұрыстап тиянақты орындаулары тиіс.

Кестені пішімдеу.

1.     6х6 кестесін құрыңыз.

2.     7 жолды пернетақта көмегімен қосыңыз.

3.     7 бағанды саймандар тақтасы арқылы қосыңыз.

4.     4 бағанды контексті мәзір арқылы өшіріңіз.

5.     3 баған 4,5 ұяшықтарды біріктіріңіз.

6.     4 баған 2,3 ұяшықтарды біріктіріңіз.

7.     4 баған 6,7 ұяшықтарды біріктіріңіз.

8.     5 баған 4,5 ұяшықтарды біріктіріңіз.

9.     7 бағанды саймандар тақтасы арқылы қосыңыз.

10. 4 баған 4,5 жолдарды ұяшықтарға бөліп, оны конструктор арқылы пішімдеңіз. Сонда сізде кірпіш сияқты кесте шығу керек.

11. Біріктірілген ұяшықтарды құю арқылы қызыл түске бояңыз.

12. Ортасындағы 4 ұяшықты (4 баған 4,5 жолдардағы) сұр түске құю арқылы бояңыз.

13. 1 жолды толығымен біріктіріп өзіңіздің аты жөніңізді енгізіңіз (туралауы ортасы бойынша)

4.     Кезең. «Мәтінді пішімдеу».

Оқушыларға терілген мәтін беріледі. Мәтінге оқушылар абзацтар, колонтитулдар және қаріп қойып пішімдеу керек.

Компьютер тажалдары.

    Компьютерлік вирустар – компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Өздігінен жұмыс істейтін механизмдер теориясының негізін ең алғаш 1949 жылы америкалық Джон фон Нейман ұсынған.

1974 жылы Telenet атты желі жасалды. 1975 жылы  осы  Telenet  арқылы The Creeper  деген ғаламторлық  вирус  таралды. Және  дәл  осы  жылы  бұл  вирусқа  қарсы The  Reeper деген  антивирустық  бағдарлама  пайда  болды.

1979 жылы Xerox  зерттеу  орталығының  инжинерлі компьютер құртын  жасап  шығарды.

Алғашқы көлемді   вирустар  1981 жылы  пайда  бола  бастады.  Олар- VIRUS 1, 2, 3 ELK Cloner.

1984  жылы  қыста  алғашқы  вирустарға  қарсы CHK4BOMB және BOMSQAD

деген утилитлдар  пайда  болды.  1985 жылдың  басында Ги Вонг- Dproject  атты алғашқы  антивирустық  бағдарлама  жасап  шығарды.

Алғашқы  вирустық  эпидемиялар  1987-1989  жылдар  аралығында  басталды. Осы  кездері Brain вирусынан  18  мың  компьютер зардап  шеккен.

1987 жылы « Мористтің құрты» атты   вирустан  мыңдаған  компьютер  зиян  шегіп,  ғалымтордағы  көптеге  желілер бес  күнге дейін  жұмыстарын тоқтатты.  Ал  Datacrime  вирусынын 100  мыңнан  астам  компьютер зиян  шекті.

1988 жылы 23 жасар америкалық  бағдарламашы  6 мың  Arpanet компьютерлерін   зақымданған  құрты  ойлап  шығарды.  Осы үшін сот  оған 10 мың доллар көлемінде  айыппұл  салды. 1989 жылы Arpanetтің атауы ресми түрде internet деп ауысты.

1990 жылы вирустарға қарсы бағдарламала да пайда бола бастады. Марк Людвигтің «Компьютерлік вирустар туралы кішкентай қара кітапша» атты кітабы жарық көрді. Сонымен қатар, Symantec Norton Antivirus атты алғашқы резиденттік 1991 жылы Dir II вирусы өмірге келді. 1993 жылы Satan Bug вирусы АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы жүздеген компьютерді зықымдады, тіпті Ақ Үйдің компьютерлерін де жалмады. Бұл вирустың авторы 12 жасар бала еді. Ол бас бостандығынан айрылды.

1.     Мәтінді толығымен белгілеп Абзац қойыңыз. Бірінші жол (абзац) 1,5 см. Абзацтың парақ шеттеріне дейінгі қашықтық 0 см (Отступ слева справа). Бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар 0 пт (интервал перед после) .

2.     Туралауы абзац беттің оң және сол жақ шеттері бойынша (по ширине).

3.     Қаріп Kz Times New Roman, өлшемі 14, жоларалық (междустрочный) интервал 1,5.

4.     Тақырыпқа қарайтылған сызылым қойыңыз.

5.     Жоғарғы колонтитул (бос – пустой үлгісін) орналастырыңыз. Онда сол жақ шетіне күнді, оң жақ шетіне «Компьютерлік вирустар» сөйлемін жазыңыз. Енгізілген сөйлемдерді пішімдеңіз. (Қарпі Kz Times New Roman, өлшемі 12, сөйлемдерді көк түсті «Компьютерлік вирустар»).

6.     Төменгі колонтитул (стелаж үлгісін) қойыңыз. Онда «Ақтас негізгі мектебі» сөйлемін жазыңыз. Қарпі Kz Times New Roman, өлшемі 12, сөйлемдерді көк түсті, курсив сызылыммен пішімдеңіз.

7.     Құжатты сақтаңыз.

5.Кезең. «Ғажайып алаң».

Оқушылар «жасанды пернетақтада» пернелер арқылы жұмыс атқарады.

1.     Курсорды осы жолдың басына жылжытатын пернені көрсетіңіз.../Home/

2.     Курсорды осы жолдың аяғына алып баратын пернені көрсетіңіз.../end/

3.     Курсордың оң жағындағы символдарды қай перне өшіреді./delete/

4.     Мәтін ішіндегі курсорды бір бет жоғары жылжытатын пернені көрсетіңіз./PgUp/

5.     Қай пернені басқан соң, бас әріптер теріледі./CapsLock/

6.     Қай пернені басқан соң, цифрлық пернетақта қосылады./NumLock/

7.     Мәтін ішінде курсорды бір рет төмен жылжытатын пернені көрсетіңіз./ PgDn /

8.     Қай пернені басқада курсор сол жақтағы символды өшіріп, өзі соның орнына жылжиды./Backspace/

9.     Курсив сызылымы қандай пернелер көмегімен қойылады./Ctrl+I/

10.Қарайтылған сызылым қандай пернелер көмегімен қойылады. /Ctrl+B/

11.Асты сызылған сызылым қандай пернелер көмегімен қойылады. /Ctrl+U/

12.Қарайтылған сызылым қандай пернелер көмегімен қойылады. /Ctrl+B/

13. Барлық объектілерді бірден белгілеу (ерекшелеу) қандай пернелер көмегімен жүзеге асады. /Ctrl+A/

14.Соңғы әрекетті орныдамай кері қайтару қандай пернелер көмегімен орындалады. /Ctrl+Z/

15.Мәтінді қиып алу үшін қандай пернелер қолданылады. /Ctrl+X/

16.Мәтінді көшіру үшін қандай пернелер қолданылады. /Ctrl+C/

17.Объектіні қою үшін қандай пернелер қолданылады. /Ctrl+V/

18.Терезе жабу үшін қандай пернелер қолданылады. /Ctrl+F4/

6. Кезең. Қорытындылау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

 

Тақырыбы:   Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету.

Қатысатындар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, сиқыршы, аю, қоян, клоун, пират, көбелек, гномдар.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Әйгерім» бақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден  құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін дейміз.

Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.

Құттықтау сөз Ауыл әкімі Ербол Ғазизұлына беріледі.

Балабақша меңгерушісі Дамира Орынгазиевнаға беріледі.

Ата-ана Ләйла Ерсінқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?

Балалар : Аяз ата!

Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?

Балалар: Сыйлықтар.

Музыка.  Қоян секіріп келеді.

Қоян:(Жанерке) Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.

Жүргізуші: Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?

Қоян: Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.

Жүргізуші: Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге қыздар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.

Қоян: Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік,

Би «Қарша қыз биі».

Орындайтындар:

Бектұр Айым, Ескалиева Айым, Гросс Диляра, Бектұрлва Жанерке.

Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп.

Жүргізуші: Мынау кім екен?

Қасқыр:(Жарқын) Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол  мен –қасқыр.

Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.

Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?

Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.

Қоян: Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйм бар.

Енді сиқыршы шығады.

Қоян: Сиқыршы, сиқыршы, қане, сиқырыңды көрсет.

Сиқыршы сиқырлап гномдарды шығарады.

Гномдар биі.

Қасқыр: Ой, қоян, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін.

Жүргізуші: Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Сол кезде Айым жүгіріп ортаға таппағын айтады.

Сылдыр-сылдыр қоңырау,

Сыңғырла да, сыңғырла!

Ертегі енді басталсын,

Ақшақар келсін ортаға!

Барығы бірге: Аяз ата мен Ақшақар!

Музыка. Аяз ата мен Ақшақар  кіреді.

 Өмір гүлім шалғынын

 Тілегенім жыл бойы -

Сендердің  денсаулықтарың!

Аяз ата: Амансыңдар ма, балақайлар? Мен сендерге асыға келдім, ау! Қарасам бойдарың да өсіп қалыпты ғой.

Жүргізуші: Аяз ата, біздің сізге дайындаған өнеріміз бар.

Аяз ата: Ау, қызым Ақшақар, тыңдап көрейік пе?

Ақшақар: Иә.

Тақпақтар:

1. Жарқын:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

2. Жанерке:

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.

3. Диляра:

Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән жырды,

Шырқатайық өлеңді.

4. Санжар:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып–жылтыр боп жатады.

5. Ақназар:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамықа бөлеп алды маңайды.

Барлық балалар:

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

Аяз ата: Балалар өнерлері жақсы екен.

Аяз атадан балалар кеп сыйлықтарын алады.

Жүргізуші: Ал енді, 2012 жылдың балабақша сән үйінің соңғы үлгілерін қарсы алыңыздар!

Қыс мезгілі: Жарқын, Санжар шығады.

Көктем: Айым Бектұр.

Жаз: Ескалиева Айыма.

Күз: Жанерке.

Ақшақар: Аяз ата, балалардың өнерлері қандай тамаша, тағы қандай өнерлерің бар, балалар, біздің көргіміз келіп тұр.

Аяз ата. Иә, Ақшақар,  дұрыс айтасың.

Шырша әні.

Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа Маша мен аю келді. Олар да өз өнерлерін көрсеткілері келеді. Қане, көреміз бе?

Балалар: Иә!

Маша мен аюдың өнері – би.

Жүргізуші: Балалар, бізге кімдер келді?

Балалар: Сайқымазақтар!

Өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мереке сендерге ұнады ма?

Аяз ата: Бізді басқа жақта балалар тосып қалды. Бізге кету керек.

Жүргізуші: Ендеше Аяз ата мен Ақшақарға сау бол айтайық.

Бәрі бірге: Сау бол Аяз ата, Ақшақар! Рахмет!

Жүргізуші: Осымен  біздің жаңа жылғы мерекеміз аяқталды.

Бәріне сыйлықтар таратылады.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2015 1283
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Маржан Кайроллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5290
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек