Инфоурок Биология Другие методич. материалыЖаңақала ауданының өсімдіктер жамылғысы

Жаңақала ауданының өсімдіктер жамылғысы

Скачать материал

 

 

  ЖАБЖТ және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Э.Қ.Қайыржанова

 

Аңдатпа

Бұл мақалада Жаңақала ауданынын өсімдіктер жамылғылары және түрлері оларды зерттеу әдістері туралы айтылған.

 

                  Жаңақала ауданындағы өсімдіктер жамылғысы

 

Жаңақала ауданы табиғатының маңызды компоненттері өсімдіктер болып табылады. Оның қалыптасуы едәуір ұзақ уақыт бойы қаһарлы қыстың ұзақтығымен, сонымен бірге тұтастай алғанда ылғалдылығы жеткіліксіз ыстықта құрғақ жазы бар, құрлықты климат жағдайында болып өтті.

Өсімдіктің сан алуан түрінің таралуы топырақ түрінің бөлінуіне, олардың механикалық құрамына, ылғалдану режиміне, тұздану дәрежесіне, сортаңдануына, грунт сулардың минералдану деңгейі мен дәрежесіне, беткей экспозициясына және т.б. байланысты. Сондықтан тіпті, топырақтың бір түрі үшін бір орыннан келесі орынға көшкен өсімдік жамылғысының елеулі ерекшеліктерді  байқауға болады. Аудан ішіндегі өсімдіктер (топырақтар сияқты) екі зональдық типке жатады:  солтүстікте –шөлді-далалы (шөлейтті) ар оңтүстікте –шөлді. Шөлді типтегі өсімдіктер Қараөзен, Сарыөзен және Көшім өзен тармағын бойлай солтүстікке қарай аудан шекарасынан тыс жерлерге дейін көтерледі.

Астық тұқымдас өсімдіктер қауымдастығы әдетте ауданның солтүстік бөлігінде шалғынды-каштан топырақты дала ойпаңдарында дамыған. Мұнда далалық астық тұқымдас өсімдіктер-Лессинг ақселеуі, қылқан селеу, сарепта бозы, қау боз, бетеге еркек шөп т.б басым болып келеді.

Ақселеулелер мен далалық өсімдіктер бірлестіктерінің, кей жағдайда шалғынды-далалық әр түрлі шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамы дала ойпандарының тереңдігіне байланысты. Әдетте, бұл ойпандарда дала бұталары кездеседі, солардың ішінде шай құрай жапырақты тобылғы басым, бірақ көптеген жағдайда ауданның солтүстігінде далалық ойпаңдар түбін жатағын бидайық алып жатады, олардың жиілігі оңтүстікке қарай арта түседі.

Шөлейт зонадағы ақ селеулер екі фенологиялық фазаларға ажыратылады. Біріншісі-көктемгі гүлдену фазасына жататындар, олар қау бозды ақселеулер (саздауытты және құмайтты топырақтағы кәдімгі Лессинг ақ селеуі, ал құмдағы қау бозды ақ селеу). Екіншісі –жазғы фазадағы қылқанды ақ селеулер(қылқан селеу немесе тырса ақ селеуі, сарепта ақселеуі). Бұл шымды өсімдіктердің басым доминантты бірлестіктері шөлейтті зонадағы ойпаңдарда фитомассаның максимальды өнімділігін туғызады. Мұндай өсімдіктер барлық жылы кезең бойы өседі, бірақ шөлейтті аймақта олардың өсуін жазғы айлардағы қуаңшылық (шілде айының бірінші жартысы және тамыз айында) баяулатады, оны жартылай тыныш кезеңі деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дамып өсу максимумы маусым айының бірінші жартысында болатын жауын-шашынның   мол түсетінін  уақытына сәйкес келеді.

Маңызы бойынша екінші рөл климат қуаңшылығының ұлғаюына байланысты оңтүстікке қарай едәуір азаятынын даланың әртүрлі шөпті өсімдіктерге тән. Даланың әр түрлі шөптесін өсімдіктері жерасты бөліктерінің мәні өте маңызды әр түрлі тіршілік формаларын құрайды. Сонымен, даланың әр түрлі шөпті өсімдіктер құрамына кіндік тамырлы (мыс.,қаламыр, гүлкекіре,т.б.) тамырсабақтылар (мыс,.бурыл бөденешөп, қызылбояулар және т.б.), апта бұтақ сабақтылар (мвс,. Бөрте жусан) өсімдік түрлері жатады.

Оңтүстікке қарай жартылай бұталы, соның ішінде жусан мен алабота туысына жататын өсімдіктердің мәні арта түседі. Сай мен дала ойыстарының беткейлері бойында, дала бұталары: шайқурай жапырақты тобылғы, аласа бадамша, бұталы қараған және т.б. кездеседі.

Ұзақ уақыт өсіп-өнетін өсімдіктерден басқа далалық топтардың құрамында сонымен қатар әр түрлі қысқа вегетативті өсімдіктер кездеседі: ылғал мол жылдарда ерекше жақсы дамитын бір жылдық (эфемерлер) және көп жылдық(эфемероидтар мен гемиэфероидтар). Эфемерлер мен эфемероидтар өздерінің вегетациялық өсіп-өнуін, жеміс беруін қоса есептегенде көктемнің соңына қарай (мамырдың екінші жартысы), ал гемиэфероидтар-маусымның соңына қарай аяқтайды. Далаларға қаңбақ түзетін әр түрлі өсімдіктер тән. Бұлар майда – жапырақ аққаңбақ, кермектер, тікенді әрем және т.б. түбірінен жұлынып, желдің әсерімен далада жер бетінде ұшып жүреді және жергше соғылған кезде тұқымын шашады.

         Ауданның шөлді-далалы (шөлейтті) өсімдіктер бірлестіктері шөлді аймақты түймедақты және ақжусанды-шымтезекті астықтұқымдас (түймедақты-бетегелі және ақжусанды-бетегелі, ақжусанды-құм еркекшөбі) далаларда таралған, астықтұқымдас өсімдіктер басым өседі, ал шөлді-далалық жартылай бұталы өсімдіктер де жиі кездеседі. Астық тұқымдас өсімдіктердің даму дәрежесі қатты өзгермелі: ылғалы мол жылдары олар жақсы дамиды, ал жауын-шашынсыз жылдары едәуір нашарланған, дәнді өсімдіктер шамалы қосымша аз ылғал алған телімдерде жиі үстемдік етеді. Тығыз шымды астық тұқымдастар ішінен басым болатын бөтегеден басқа сарепта, Лессинга, қылқан сереулер, еркек шөп, сонымен қатар аздаған мөлшерде дұғаш өсімдігі кездеседі. Шашақ тамырлы астық тұқымдастардан бұтақты бидайық, ал жартылай бұталылардан Лерха жусаны және кете жусан, сонымен қатар аздаған шөлді-далалы бірлестікте екінші роль атқарады; ол ұзақ вегетациялық өсіп-өнетін өсімдіктер кермектер, татар және собалық төскейшөптер және тағы басқалармен қоса гемиэфемероидтар-каспий сасыры, түймебас және тағы басқалар болып табылады. Бұл жерде маусымдық эфемероидты топтар баданалы қоңырбас, Шренка және Биберштейн жауқазыны, қазжуа сонымен бірге эфемерлер-көбінесе шөл жауылшасы, жұмыртқа тәрізді шөңгебас кездеседі.  

         Сортаң ашық-каштан топырақ кешеніне кіретін әр түрлі ара қатынастағы орта бағыналы және әсіресе қабыршақты бағыналы сортаңдарда қаражусан өсімдіктер бірлестіктері түзіледі. Ол көбіне бұташықты сораңы монопейлий қараматаумен бірге жиі кездеседі; қаражусанды жерлерде әдетте жайылма изені кездеседі. Сорлы сортаңды жерде қара жусан біресе көкпектен басым болып, біресе онымен бірлесіп үстемдік етеді. Көбінесе қара жусандар қызғалдақтардың қатысуымен баданалы қоңырбас топтарын құрайды, біржылдықты өсімдіктерден кейде аз мөлшерде дамитын тесік жапырақты шытырмақ тән.

         Ауданның оңтүстігінде шөл зонасына тән өсімдіктер типі дамиды. Олар ксерофильді жартылай бұталы бірлестіктер үстемдік ететін көкпек туысы өсімдіктерінен және астра туысына жататын жусан түрлерінен тұрады. Шөлді өсімдік бірлестіктері беткі беттің аздаған мөлшерін жабады.

         Шөлде жартылай бұталы Лерха жусаны, қара жусан, ал құмда Черняев жусаны (құм жусаны) үстемдік етеді.

         Ақжусанды шөлдер көп таралған. Саздақты қоңыр топырақты тегістеу суайырық кеңістігін, сонымен қатар жеңіл механикалық құрамдағы топырақта (құмдақ, құмды) және құмды жерлерде кездеседі. Жартылай бұталы ақ жусанды өсімдік бірлестіктерінде  жайылма изені көп кездеседі. Ол көбіне мыңжапырақты кестежусанмен бірге бірлесіп үстемдік етеді. Кейбір жерлерде қос масақшалы қылша-бұтақшасы (эфедра) көптеп кездеседі. Ұзақ өсіп-өнетін әртүрлі шөптесінді (собалақ және татар төскейшөбі, мыңжапырақты кестежусандар, кермектер, қызшөптер және т.б.)  аздап кездеседі, көктемде  эфемероиды (баданалы қоңырбас, Биберштейн қызғалдағы, Фишер құссүттігені, қазжуа) және эфемерлер(шөл жауылшасы, тесік жапырақты шытырмақ және т.б.) қаулап өседі.

Топырақтың  механикалық құрамының жеңілдеуіне байланысты ақ жусанды өсімдік бірлестіктерінде  дала  өсімдіктері –бетеге, еркек шөп, бұтақты бидайық, қылқан боз ақселеуі және сарепт ақселеуі және басқалары аралас келеді. Сорлы топырақта ақ жусанды өсімдіктермен қатар итсигек өседі.

Қара жусанды өсімдік бірлестіктерінде басым түрлері  ретінде жартылай бұталар өседі: жайылма изен, монспелий қараматтау, бұйырғын және көкпек өседі. Қара көкпекпен және бұйырғынмен үйлесімділігі өте жоғары. Көпжылдық әртүрлі шөптесіннен кейде кете жусан, бұтақты бидайық  және  шөл еркек шөбі басым келеді. Көктемде қара жусанды өсімдік бірлестігінде эфемероидтар мен эфемерлер көптеп кездеседі.

Сортаң және сорлы саздақ жерде бұйырғын, ал ойпатты жағаларында көкпек өскен шөлейт сорлар жақсы дамыған.

Құмды жусанды шөлдер төбелі дөңесті құмдарда дамыған. Оларға әдетте псмофильді әр түрлі шөптесінді (шашақ бас қаңбақ, құм салаубасы және т.б.) және астық тұқымдастар өсімдіктер қатысады. Құмды-жусанды бірлестіктері бұталы өсімдіктермен (бұталы жыңғыл, жүзгін және т.б.) және шағылды құмдар басында қияқты өсінділермен ақ жусанды бірлестіктері жазықтықтағы, құмды және құмайтты, ұсақ төбелі құмдарда және ұсақ төбешікті құмдарда үндеседі.

Құмы қазан шұңқырларда аздаған ауданды алып жатқан бұталы талдар (жатаған,каспий) және ақ теректер кездеседі.

Тұзды көлдер айналасында, әсіресе Қара мен Сары өзендері сағаларында және Мұқыр өзенінде шырынды сораң көпжылғы өсімдік сарсазандар дамыған. Олар әдетте ылғал көбіне сор айналасындағы борпылдақ сорларда, кеуіп қалған өзендердің тұзданған жағаларында болады. Таза сарсазан бірлестіктерінен басқа, ло жартылай бұталы кермекпен, бұйырғынмен, сантолин жусанымен немесе тұзды сүйетін астық тұқымдас-ақ мамықпен қосыла отырып бірлестіктер түзеді. Мұнда әдетте жас өркені мен шырынды жапырақтары бар жартылай бұталы өсімдіктер: қотыр көкпекпен, үрме жемісті сорамен, сорқаңбақпен және басқаларымен бірлесіп үстемдік етеді. Бұл бірлестіктерге тұзға төзімді эфемерлердің аздаған мөлшері ғана тән болады.

Дала өзендерінің ағындарын қабылдайтын су айрығының ойпаңды жер бедері элементтерінде көлтабанды өсімдіктерден құралған батпақты шалғындар қалыптасқан. Бұл батпақты шалғындардың орталық бөлігінде негізінен қамыс,құрақ, теңіз өлең шөбі, көл өлең шөбі мен Табернемонтан өлең шөбі өсінділері жақсы дамыған. Жоғарыдағы аталған шалғындарда бидайық, ақмамық, айрауық, сортаңды жусандар, Жерар елекшөбі, ажырық, миялар және тағыда басқа өсімдіктер қауымдастығымен (сораң, торғайоты, бұташықты кермек және т.б.) бірлесе отырып өсімдік кешендерін құрайды.

Дала өзендері аңғарларында жайылма ормандары жоқ. Дала өзендері арналарын бойлай суы тайыз телімдер, әдетте құрақ, қарақоға, қамыс өсінділерімен көмкерілген

 

II.Өсімдіктер әлемінің түрлері

 

1.1 Даланың өсімдік жабынын зерттеу әдістері

 

Даланың өсімдік жабынын зерттеу, байқау алаңқайларын салудан басталады. Байқау алаңқайы- зерттеуге алынған кез келген өсімдік қауымының әдейі бөлінген учаскесі (бөлімшесі).

Мұндай байқау алаңқайлары ботаниктің маңызды ғылыми құжаты болып табылады, себебі осының негізінде жалпы қорытындылармен шешімдер жасалынады.                                                                                     

Байқау алаңқайы табиғи өсімдіктің әртүрлі бұзылуларға ұшырамаған жерлеріне қарай, сол қауымдасқа ғана тән жерлерге салынады. Мұндай алаңқайды саларда мынадай бағытта жұмыстар жүргізіледі:

1. Алаңқайдың көлемі - 10х10м; қолайлысы - квадрат немесе тікбұрыш; сызба нұсқасын арнайы қазықтар арқылы тағайындайды.

2. Байқау алаңқайын анықтап, бөліп алған соң, фитоценоздың деңгейіндегі барлық негізгі мүшелер зерттелінеді. Мынадай белгілерді тағайындау керек: нөмір, сипаттаманың айы - күні, алаңқайдың көлемі, жағрафиялық орналасуы.

3. Зерттелініп жатқан қауымдастықтың құрамына енетін фитоценоздың аталуы.

4.Алаңқайдың маңайындағы заттарға сипаттама: қандай қауымдастықтармен көршілес орналасқан, жолдар, тұрғылықты үйлер, вагондар т.б.

5. Геоморфологиялық жағдайлар-жақын орналасқан тоғандарға, су айырмасына, жайылмаға, жайылма үсті террасасына байланысты, алаңқайдың орналасу ерекшелігі.

6. Түрлік құрамы – байқау алаңқайында тіркелген барлық түрлердің тізімін жасау.

7. Фенологиялық жағдай (фенофаза) зерттелген кездегі әрбір түрге бөлінеді. Фенофазаны белгілеу үшін В.В.Алехин ұсынған мынадай шартты таңбаларды білу қажет:

- - өсімдік тек вегетация кезінде;

^ - бүршіктенуі;

) - гүлденудің басы;

0 – максимальды гүлдену;

( - өсімдік гүлденуін аяқтауда;

+ - өсімдік гүлдеп болған, алайда тұқымдары пісіп-жетілмеген және төгілмеген;

# - тұқымдар пісіп-жетілген және төгілген;

× - өсімдік өлу үстінде.

8. Байлығы - байқау алаңқайларындағы берілген түрдің дараларының саны.

9. Жобалы жабын - байқау алаңқайында кездесетін берілген түрдің барлық өсімдіктерінің жер үсті бөлімдерінің жазықтық жоба нұсқасы. Жобалы жабын пайыз арқылы өрнектеледі.

10. Өсімдік қауымдастықтарының өнімділігін анықтау үшін көлемі 1 м2 алаңқай салып, ондағы өсімдіктерді шаруашылық топтарына қарай кесіп алу керек. Әр шаруашылық тобының өсімдіктері таразыға салынып бөлек өлшенеді.

Зерттеу ауданында өсімдіктердің 48 түрі кездеседі (Кесте 2), олар 14 тұқымдастыққа жатады[5,6].

Кесте 1

Жаңақала ауданында кездесетін өсімдіктер түрлері

 

Қазақша атауы

Орысша атауы

Латынша атауы

Тұқымдасы

1

Жауқияқ

Острец

Stratiotes

астық

2

Қияқ

Волоснец

Elumus

астық

3

Ақмамық

Бескильница

Puccinella

астық

4

Құм еркек шөп

Пустынный житяк

Agzopuzondesertozum

астық

5

Сынғақ еркек шөп

Ломкий житяк

Agzopuzon fragile

астық

6

Бетеге боз

Ковыль Лессинга

StipeLessingiana

астық

7

Тырсық селеу

Ковыль сарептский

Stipe sareptana

астық

8

Мортық

Мортук

Ezemopyrum oriental

астық

9

Қоңырбас

Мятлик

Poabulbosa

астық

10

Бетеге

Овсяница

Festuca

астық

11

Ажырық

Прибрежница

Aeluropuslittoralis

астық

12

Қамыс

Тростник

Phragmites

астық

13

Изен

Прутняк

Kohiaprostrata

алабұта

14

Ебелек

Рогач песчанный

Ceratocarpusarenarius

алабұта

15

Көкпек

Лебеда седая

Atriplexcana

алабұта

16

Қараматау

Камфоросма

camphorosma

алабұта

17

Сарсазан

Сарсазан

Halocnemumstrobilaceum

алабұта

18

Бассия

Бассия

Bassiahirsuta

алабұта

19

Итсигек

Анабазис

Anaba sis salsa

алабұта

20

Қотыр көкпек

Лебеда бородавчатая

Atriplexhastata

алабұта

21

Су жаға көкпек

Лебеда прибрежная

Atriplexlittoralis

алабұта

22

Ақ алабұта

Марь белая

Chenopodium album

алабұта

23

Қызыл  сораң

Солеросевропейский

Salicorniaeuropaea

алабұта

24

Шоған сораң

Солянка малолистная

Salsolafoliosa

алабұта

25

Сарыбарақ сораң

Солянка содовая

Salsola soda

алабұта

26

Қараматау сораң

Солянка лиственничная

Salsolaacutifolia

алабұта

27

Сарбасқурай

Гулявник

sisimbrium

Шаршы гүлділер

28

Жауылша

Бурачок

Allysum

Шаршыгүлділер

29

Сармала

дескурения

Descurainia

Шаршыгүлділер

30

Шытырмақ

клоповник

Lepedium

Шаршыгүлділер

31

Түйе жантақ

верблюжья колючка

Aihagi

Бұршақ

32

Кестежусан

перитрум

Pyrethrum

Күрделігүлділер

33

Шоғыр жусан

полынь песчанная

Artemisiaarenaria

Күрделігүлділер

34

Бөрте жусан

Полынь австрийская

Artemisiaaustriasa

Күрделігүлділер

35

Ақ жусан

Белая полынь

Artemisialeucodes

Күрделігүлділер

36

Қара жусан

Черная полынь

Artemisia fragans

Күрделігүлділер

37

Ассүттіген

Латук

Lactuca

Күрделігүлділер

38

Түйетікен

Чертополох

Cardurus

Күрделігүлділер

39

кринитария

кринитария

crinitaria

Күрделігүлділер

40

Жүзгін елекшөп

Жузгун ситник

c.gunceut

Қоғалар

41

Қияңкөлең

Осока

acuta

Қияңкөлеңдер

42

Жерар елекшөп

Ситник жерара

Gancusgerardii

Елекшөптер

43

Шөлді таран

Горец песчанный

Polugonumarenazium

Қарақұмықтар

44

Иттабаншөп

Грыжник многобрачный

Herniariapolugama

Қалампыр гүлділер

45

Иттабан

Франкения

Frankenia hirsute

Иттабандар

46

Жыңғыл

Гребенщик

Tamaricgrasilis

Жыңғыл

47

Тасшыгүл

Проломник

Andrasoceelongata

Наурызшешек

48

иманжапырақ

подорожник

Plantago

иманжапырақ

Зерттеген ауданда (кесте 3) қосжарнақтылар тұқымдасы 69%, дара жарнақтылар (астық тұқымдастық, қияңкөлеңдертұқымдасы, елекшөптертұқымдасы) 31% құрайды [9, 10, 11, 12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2

 Өсімдіктер тұқымдастығы

 

Тұқымдастық

%

1

Астық тұқымдастық

25

2

Қоғалартұқымдасы

2

3

Қияңкөлеңдертұқымдасы

2

4

Елекшөптертұқымдасы

2

5

Қарақұмықтартұқымдасы

2

6

Алабұталартұқымдасы

29

7

Қалампыргүлділертұқымдасы

2

8

Шаршыгүлділертұқымдасы

9

9

Бұршақ тұқымдастар

2

10

Иттабандар тұқымдасы

2

11

Жыңғылдар тұқымдасы

2

12

Наурызшешектұқымдасы

2

13

Иманжапырақтылар тұқымдасы

2

14

Күрделігүлділер тұқымдасы

17

 

 

2.2 Биоморфологиялық талдау

Биоморфологиялық талдауға сүйенсек (сурет 2)бір жылдық 36%,  жартылай бұташық 17%, ұзынтамырлы сабақты 15%-ды құрайды, ал аз пайызды бос шырынды, бұталы, екі жылдық өсімдіктер құрайды [13].

 

 

 

 

Сурет 2  Биоморфологиялық талдау

 

 

 

Фитоценотикалық талдау

 

2.3 Фитоценотикалық талдау

Фитоценотикалық талдаудың қорытындысы бойынша (сурет 3) далалық (27%),   шөл далалық (22%),  шөлейтті (19%)  өсімдіктердің көп пайыз құрайтынын дәлелдеді. Аз мөлшерде шалғынды-батпақты және космополит түрлері құрайды [14].

Сурет 3  Фитоценотикалық талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Экологиялық талдау

Экологиялық талдауға сүйенсек (сурет 4) ксерофит 63%, мезофит 21%, гигрофит және мезоксерофит 8%  құрайды[15 ].

 

 

Сурет 4.     Экологиялық талдау

2.5 Шаруашылық талдау

Шаруашылық талдауға сүйенсек (сурет 5)  мал азығы 66% арамшөптер 10%, ең аз пайыз құрайтындар техникалық  және бал шырынды өсімдіктер [16,17].

 

Сурет 5         Шаруашылық талдау

 

 

Жұмысымды  қорытындылай келе мынадай нәтижеге келдім:

1. Жаңақала  ауданы  жазық және  шөлейтті шекарада  жатыр.

2. Өсімдік жамылғысында жазық зонада кездесетін (ақселеу, бозшөп, еркек шөп) қауымдастығы  өседі. Жартылай шөлейтті  зонада (изен, ақжусан,  кестежусан), шөлейтті зонада (көкпек, итсигек, қаражусан, сарсазан, қараматал) түрлері  кездеседі.  Батпақты шалғындардың орталық бөлігінде негізінен қамыс, құрақ, теңіз өлең шөбі, көл өлең шөбі мен Табернемонтан өлең шөбі өсінділері жақсы дамыған. Зерттеу ауданында өсімдіктердің 48 түрі кездеседі, олар 14 тұқымдастыққа жатады. Биоморфологиялық талдауға сүйенсек бір жылдық 36%,  жартылай бұташық 17%, ұзынтамырлы сабақты 15%-ды құрайды, ал аз пайызды бос шырынды, бұталы, екі жылдық өсімдіктер құрайды. Фитоценотикалық талдаудың қорытындысы бойынша далалық (27%),   шөл далалық (22%),  шөлейтті (19%)  өсімдіктердің көп пайыз құрайтынын дәлелдеді. Аз мөлшерде шалғынды-батпақты және космополит түрлері құрайды. Экологиялық талдауға сүйенсек ксерофит 63%, мезофит 21%, гидрофит және мезоксерофит 8%  құрайды.  Шаруашылық талдауға сүйенсек мал азығы 66% арамшөптер 10%  ең аз пайыз құрайтындар техникалық  және бал шырынды өсімдіктер.

          Қорыта келе, ауданымыздың өсімдіктерін сақтап, қорғау үшін төмендегі ұсыныстарымды ұсынамын:

- Жаңақала ауданындағы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану

- Жаңақала ауданындағы галофитті өсімдіктерді сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылғанәдбиеттер

1.      Абдуллина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. Алматы 1999.

2.      Александрова В.Д. Классификация растительности 1969.

3.      Алехин В.В. Комплексы построения экологических рядов ассоциаций //Бюлл. МОИП. Отд. биол. 1923-1924.

4.      Байтенов М.С. В мире редких растений. Алма-Ата 1986.

5.      Быков Б.А. растительность и кормовые ресурсы Западного Казахстана Алма-Ата 1955.

6.      Быков Б.А. Региональный анализ флоры и ботанико-географическое районирование Казахстана 1975.

7.      Геология СССР. М., 1970.

8.      Гордеева Т.К., Ларин И.В. Естественная растительностьполупустыниПрикаспия как кормовая база животноводства. 1965.

9.      Джубанов А.А. Климат // Природно-ресурсный потенциал и проекируемыеобьекты заповедного  фонда Западно-Казахстанской области Уральск 1998.   

10.    Иванов В.В. Физико-географический очерк ЗападногоКазхстана// Географический сборник. М;Л.,1953 Вып.2.

11.    Х.ТілемісовЕ.РамазановОрысша-қазақшаауылшаруашылығысөздігі Алматы «Қайнар» 1992

12.    С.АрыстанғалиевҚазақстанөсімдіктерініңқазақша-орысша-латыншаатауларсөздігі

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңақала ауданының өсімдіктер жамылғысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл мақалада Жаңақала ауданынын өсімдіктер жамылғылары және түрлері оларды зерттеу әдістері туралы айтылған.

Жаңақала ауданындағы өсімдіктер жамылғысының биоморфологиялық талдауы, фитоценотикалық талдауы, экологиялық талдауы, шаруашылық талдауы ұсынылды.

Бұл мақаламда аудандағы табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, галофитті өсімдіктерді сақтауға шақырдым.

Мен ұсынып отырған жұмыс түрлі реферат, курстық жұмыс, жобалар жазған кезде пайдалануға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2015 3124
    • DOCX 258.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайыржанова Эльмира Кумаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5758
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 36 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 482 человека из 69 регионов