Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "ЖАҢАША ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ – ӨМІР ТАЛАБЫ " тақырыбында ойтолғау

"ЖАҢАША ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ – ӨМІР ТАЛАБЫ " тақырыбында ойтолғау


  • Другое

Документы в архиве:

Название документа Эссе курс.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

ЖАҢАША ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ – ӨМІР ТАЛАБЫ


Олжабаева Салтанат Каировна


30 жалпы білім беретін орта мектеп

Қаражал қаласы Жәйрем кенті



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік алған кезден бастап экономиканы дамыту үшін қазақ елін әлемге таныту жолында білімді ұрпақтың маңызды рөлге ие екендігін баса айтты.  Бүгінгі  мемлекет  алдындағы  басты  міндет – білім  беру  жүйесін  жаңарту болып отыр.

«Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп Мұхтар Əуезов айтқандай, қайта даярлаудың жаңа жүйесі оқушы білімінің өрістеуіне ұйытқы болса, оған артатын үмітіміз де зор. Заман ағымына қарай, білім берудің жаңаша əдіс-тəсілдері мен технологиялары да дамып келеді. Яғни, заманымызға қарай білім де, осы білімді оқушы санасына дарытатын мұғалім де өзгеруі қажет.  Қазіргі білім беру жүйесінде жай ғана сабақ беріп қана қоймай, жаңа білім беру тәсілдерін пайдалану, дұрыс қодану мәселесі туындайды. Сонымен бірге білім беру саласында оқытудың жаңа техноглогияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған.

Біліктілікті арттыру курсында көп мағлұматтар мен мәліметтерді иегеріп, қайта жаңарттық. Ерекшеатап көрсете кететін мағлұмат Қ.О.Бітібаеваның технологияларын қарастырып, білімізді жаңғырттық. Қ.О.Бітібаеваның: «мұғалім-ізденуші», «мұғалім-зерттеуші» - деген ойларын ескере отырып, ұстаз ретінде əрқашан жаңалыққа жақын болып, өмір ағымынан қалмай, үнемі ізденіс үстінде болып қызығушылығымызды арттырып отыру керек. Өз басым ұстаз Қанипа Омарғалиқызының: «мектептегі əдебиетке пəн ретінде ғана емес, өнер мен рух тəрбиесін, сана-сезім, ой-түйсік тұңғиықтарын оятушы өнер» деп айтқан пікірін қатты ұстанамын. Ұлтжандылыққа тəрбиелеу - ол ұлтшылдыққа тəрбиелеу емес екенін бірден айта кеткім келеді. Әрқашан Бауыржан Момышұлы ағамызды шəкірттерімізге үлгі ету керек. Ұлтжандылықты, отансүйгіштік, өз елін мақтан тұтынып, оның жанашыры десек те орынды деп санаймын. Бұл тіл маманына жат емес іс деп ойлаймын. Жаңаша көзқарасты шəкірттерімнің оқуға деген ынтасынан сезінемін. Бірақ сол əдіс-тəсілдерді оңтайлы қолданып, бала санасына дарыта білу, ұстаздың шеберлігіне байланысты ғой. Оқушылардың оқуға деген ынталарының артуы біз үшін үлкен жетістік. Ал ынтасын арттыру үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін және оқытудың қазіргі технологияларын игеруіміз міндет.«Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», - дейді ұстазымыз Қ.О. Бітібаева.

 Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын болады дегендей, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, білім сапасын арттыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу-білім беру мазмұнын жаңашаландырумен,оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты. Бұл заман-күннен күнге өмірімізді, дендеп жаңалық болып еніп келе жатқан жаңа технологиялар заманы. Осындай жаңалықты жатырқамай дереу үйреніп, игеріп болашақтың мектебін заманауи технологияларды қолдана отырып құру қажеттігі туындап отыр.

Осы орайда директорлардың тоғыз айлық курсын аяқтаған Бахтыбаева Гүлнар Абикеновна басшылық етіп отырған Жәйремнің жалпы білім беретін №30 орта мектебімнен жаңаша бағдарламаны іске асыру мақсатында 19 ұстаз Кембридж Университетінің әдіс-тәсілдерін үйреніп, деңгейлік курстардан өтіп, өздерінің педагогикалық тәжірибелерін толықтырып, шеберліктерін арттырып  келді.Үш айлық курсты аяқтағаннан кейін  «Қандай технологияны пайдаланған кезде  оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі»- деген сұрақтың жауабын іздедім. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. 

Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз. Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету-өнердіңде, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.





ЗАМАНАУИ ҰСТАЗҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП


Жаканова Гулдана Каримовна


«Абай атындағы №4 лицей-мектебі»

Сәтбаев қаласы



Ескіден қол үзбей жаңаға қол

жеткізгендер ғана мұғалім бола алады

Конфуций

Бүгінгі таңда білім саласындағы субъектілеріне жоғары талаптар қойылған. Осының бәрі қазіргі заманның, қоғамның өзгерістеріне сай тұлға қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылған. Өмірде беделді дәрежеде өз мүмкіндіктерін көрсете білу, өзінің бойындағы барлық қажеттіліктерге сай қасиеттерді қалыптастыру және қарым-қатынас жасау жағынан мәдениетті, білімді болу заманауи тұлғаның міндеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер, терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады.

Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі, оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл- тәрбие құралы. Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді , ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.Алтыншы қыры – жан - жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі- өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болады. Себебі, мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, қарым - қатынасы, өзін- өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті үздіксіз жанарып, өзгеріп, үнемі жана сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Ұстаздық- киелі мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе- жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл - қиыннын қиыны. Себебі, әр бала- қайталанбас жеке тұлға.

Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан ғана келеді. Ия, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал - тәсілдерін жетілдіріп отыруын қажет етеді. Өйткені білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемалар да баршылық. Атап айтсақ, пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейтіп, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы, оқулықтар мазмұны, сапасы алаңдатады .

Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты, жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан - жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбек , жағдай қажет.

«Ескіден қол үзбей жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», -деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен заманауи мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған істің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмысын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздық пен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалім де - озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірмен байланыстыра алатын , ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот, кәсібінің майталманы болуы керек. Сондай-ақ ұстаз күнделікті өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын-ала сезіп, болжап, оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан дүниесін танып-білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»

деген болатын.

Ендеше, егеменді еліміздің тағдыры- жас ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында. Сондықтан заманауи талаптарға сай қызмет істеу үшін алдымен педагог өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үнемі ізденіп, озық тәжірибелерді пайдаланып, қиялы шарық, сезімтал, шабыты мол болуы тиіс. Сонда ғана заманауи ұстаз қызметінің жемісі, оқыту сапасының нәтижесі бүгінгі күннің талабына сай келеді.





























































ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ҰСТАЗ


Калманова Гулнара Абилкасимовна


«Приозерск қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Приозерск қаласы



«Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ол жас ұрпақтың тағдыры–ұстаз қолында»Н.Ә.Назарбаев

Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие-әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырағы.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз- қай кезде де қоғамның тірегі. Ұстаз тәрбие майданында балалардың жат қылықтарымен арыстанша алысатын батыр. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуі,бәсекеге қабілетті саналы тұлғаны қалыптастыруы тек қана ұстаздың берген білімімен бағаланады.

Қазіргі таңда заман ағымына сай зерделі,ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы ретінде мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

«Мұғалім қандай болса, мектеп һам сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп А.Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» деген еңбегінде бала бойына білім нәрін себетін ұстаздың орнын ерекше атап көрсеткен. Демек, білім ордасы мектеп болса, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім.

«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген елбасы Н.Ә.Назарбаев. Өйткені ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатыназамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Мұғалім, Ұстаз атауы кім-кімнің де болса жанына жақын, өзгеше ыстық. Мен де ұлы жолға апаратын мұғалімдік мамандығын таңдағанмын. Соның ішінде сөздің киесін танып, өмірге рухани азық беретін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің маманымын.

Қазақ тілі мұғалімінің басты міндеті - сөздік қорларын молайту, қоғамның дамуымен пайда болған жаңа атаулар мен ұғымдарды келешек өмірлік қажетіне жарату. Осыған байланысты қазіргі заман талабы – тілді мамандыққа сәйкес оқытудың білімдік мазмұны мен әдістемесін жаңарту, қазақ тілі оқу үрдісін жетілдіру, оның әдіс-тәсілдерін дамыту. Сондай-ақ лексиканы меңгертуде жаңа терминдерді анықтау, таңдау, сұрыптау нәтижесінде оларды оқушыларға жеткізудің тиімді жолдарын іздестіру.

Бүгінгі мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет.

Бәсекеге қабілетті мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар, әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшінен қалмай, үнемі ізденісте болады. Өйткені мұғалім өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету қазіргі жаңаша білім берудің тірегі. Мұғалім өздігінен білімін дамытуда жеке тұлғаның өз белсенділігі арқылы бірте-бірте күрделенген міндеттерді шешуші, сол арқылы оның рухани өсуін қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Ғұлама ғалым Әл-Фараби өзінің «Логикаға кіріспе» деп аталатын трактатында логика өнері сананы әркез қастерлеуден сақтандыратынына, дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып, олар саналы қорытынды жасауда адастырмайтындығын айтқан.

Шығармашылық ойлау арқылы өзінің даралығын кәсіби деңгейін оны ары қарай шыңдаудың жолдары арқылы жаңашылдыққа жетеді.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табады.

Білім беру технологиясында оқушылардың ақыл-дамыту, білім-білік дағдарысын, ой-өрісін жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындау біздің қолымызда. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру –әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Өйткені, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.



















Білімді, тәрбиелі ұрпақ – болашақ кепілі


Оразбаева Жанар Кенжебаевна


59 жалпы білім беретін орта мектеп

Қарағанды қаласы



Қазіргі кезде елімізде білім беру жүйесінің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болуда. білім беруде тың өзгерістер белең алып әлемдік кеңістігіне енуге бағыт алуда Өйткені ол – заман талабы. Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған «100 нақты қадам» бағдарламасында осы мәлелеге баса назар аударылған. Елбасымыздың ел дамуын айқындайтын осы құжатты жүзеге асыру барысында ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқытудың инновациялық әдістерін меңгеріп, оны оқытуда дұрыс қолдана білу, шәкірттерді сапалы білім нәрімен сусындатып, олардың ой-өрістерін дамыту мұғалімдерге қойылып отырған негізгі талаптардың бірі. ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін ертеңгі күнімізге үлкен жауапкершілікпен қарайтын, жаңа буын өкілдерін тәрбиелеп отырған әрбір мұғалімінің жоғарда көрсетілген жаңалықтар мен өзгерістерге сай білім бере алатын ізденімпаз, шығармашыл тұлға бола білу қажеттігі туындайды. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті елін, жерін сүйетін, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу - қазіргі күннің бірден-бір өзекті міселелерінің бірі болып отырғандығы анық. Мектептегі басты тұлға – мұғалім. Мұғалім біліктілігі, еліміздің білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті тұлғаны білімді, білікті мұғалімдер ғана тәрбиелеп шыға алады. Сондықтан да заман талабынан қалыспайтын, елінің, жерінің болашағына алаңдайтын жаңашыл ұстаз болғысы келетін әр мұғалім өз білімін үздіксіз дамытып отыруға өзін-өзі жауапты деп санай білу керек. Қазіргі таңда ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдарының мүмкіндіктеріне шек жоқ. Сондықтан да заман ағымынан қалмай біз де өз білімімізді жетілдіру мақсатында облыстық «Өрлеу» дамыту орталығы ұйымдастырған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсында білімімізді, біліктілігімізді жоғарлатуға үлкен мүмкіндіктер алдық. Курстың бірінші күнінен-ақ мемлекеттік бағдарламалар, стандарттар, тағы басқа білім берудегі нормативті-құқықтық құжаттар, ондағы өзгерістер, оларды қалай іске асыру керектігі туралы сөз қозғалды. Жаңа форматтағы білім беру саласын іс-әрекетте қалай жандандыру, жетілдіру, жүзеге асыру керектігі тілге тиек етілді. Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірден-бірі болып отырған дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңа форматтағы оқыту жүйесіне өту мәселелерін шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілді. Курс барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы жұптық, топтық жұмыстарда ынтымақтаса отырып білім алдық. Сабақ барысында жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі талқылынды. Курсқа келген күннен бастап-ақ жағымды атмосфера, ұстаздаздардың жайлы білім алуы үшін жасалған жағдай көңілімізге қонымды бір жылылық ұялатты. Білікті мамандардың кәсіби шеберлігінің арқасында теориялық білімімізді шыңдап, бір-бірімізбен өзара тәжірибе алмасып, бағдарламаның негізгі идеясын меңгердік. Әр мектептен  келген әріптестерімізбен арадағы ой-пікір, тақырыптарды талқылауымыз көкейімізге әртүрлі ой салмай қоймады. Күнделікті берілген білім, одан туындайтын әр түрлі мәселелер, әрбірімізді көп ойларға жетеледі. Біріншіден, әр қойылған сұрақтар мен тапсырмалар ойға түрткі болса, екінші жағынан, өзімізді оқушының орнына қою арқылы білім алып жатқанымыз - оқушының ішкі жан-дүниесін жақсы түсінуге үлкен  әсер етті. Мектептегі іс-тәжірибеде оқушыны қалай оқытқанда білім сапасын жақсарта аламыз, бүгінгі күні проблема болып отырған оқушылардың функционалдық сауаттылығын қайткенде арттыра аламыз, қай жағдайда оқыту табысты болатыны туралы ойланып, алдағы іс-әрекетімізді жоспарлауға мүмкіндіктер ала алдық. Мамандардың берген бағыт-бағдарын көкейімізге түйіп, оны іс-тәжірибеде тиімді қолдану, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, оларды шығармашық жолға жетелеу - ендігі күні біздің міндетіміз. Өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, өз ойы мен пікірін айта білетінмәдениетті, білімді тұлға қалыптастыруды дұрыс жолға қоя білсек – ол біздің жұмысымыздың нәтижесі.

«Бір әріп үйреткенге, 40 жыл сәлем бер» дейті дана халқымыз. Сондықтан да, жаңалықтың жаршысы болып жүрген, әр мұғалімнің кәсіби дамуына мүмкіндік жасап, септігін тигізіп жүрген біліктілікті арттыру мекемесінің мамандарына алғысымыз шексіз!







ӨЗ КӘСІБІМДІ ЖАҢА ҚЫРЫНАН ҮЙРЕНУ


Мунайтбасова Н. Е.


«Жақып Ақбай атындағы ЖОББ мектебі»КММ

Ақтас ауылы, Ақтоғай ауданы



«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына 2015жылдың 12 қазаны мен 23 қазаны аралығында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы «Балабақша – мектеп – колледж –жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту (2014ж.) стандарты - қазақ тілін үздіксіз оқытудың жаңа моделімен үйлестірушіміз Айткенова Мөлдір мұғалімнің дәрісімен көтеріңкі көңіл күйде 25 адамнан құралған бірінші күннен тартымды, поэзияға бай жинақы да ұйымшыл топ, біздің үздіксіз білім беру саласында дамыта оқыту курсының ойдағыдай өтуіне негіз болды.

Халықта мынандай асыл сөз бар, «Әуелі тұқым, содан соң күтім» - десе, орыстың ойшыл ғалымы Д.И.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпағының өсіп өнуінде»-деген екен. «Бүгінгі ұстаздардың бірінші міндеті –оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан – жақты білім беру» -деген президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты тұлға шығару мүмкін емес»-дегендей ең алдымен жас буынға заманға сай білім беру үшін ұстазы дайын болуы керек. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, адами көзқарасты дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оны өткізуші түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін. Тәжірибелерге еніп, нәтиже беруде. «Ұжымдық оқыту әдісі», «Дамыта оқыту технолгиясы» -мектеп практикасына кең тараған тәсіл.

Осы заманның жалпы орта білім беретін мектебі –жаңа қоғам мектебі, яғни, болашақ мектебі. Ол-әлемдік мәдениетке ықпалдасқан (интеграцияланған), баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын,білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Әр ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан – жақты жетілген ұрпат дайындауға міндетті. Сабақта түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану, оқушы жеке басын құрметтей отырып, білім беру –қазіргі оқытудың негізгі талабы, өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педогогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек » дегені маманның ұстанымы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. «Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Жаңаға оқыту айтылған технологиның жаңаруы екен. СТО әдісі де ой толғау, пікір айту, ой бөлісулер арқылы бала қабілетін ашуына сөзсіз дәлел. Сонымен оқу сауаттылығы, критериалды бағалау, интербелсенді тәсілдерді қолдану, теория мен практиканы байланыстыра үйрену, екі аптада жинаған білім біздің шеберлігімізді шыңдауға негіз болады. Білім –қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты- ұрпақпен сабақтастыратын құрал. Мені қалыптасқан, әр оқушы жеке тұлға дей отырып, білім деңгейлерінің әлемдік деңгейге жетуіне күш салу-білім беріп отырған кез –келген оқытушының азматтық парызы деп есептеймін.

























«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ІЗДЕНІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ

Р.О.Мейрханова


Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Қарағанды қаласы.



Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейрімділікті қажет ететін ұстаздық мамандық.Мұғалім үнемі шәкірттерімен бірге болып, білсем, үйретсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қоймай, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу – әр мұғалімнің борышы . Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тиігізді. Нәтижесінде бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу– тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Мұғалім - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарына сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден - бір жолы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу.

Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, сондықтан өз білімімді жетілдіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсында оқып жатырмын. Келген сәттен ұлы философ Сенеканың «Басқаларды үйрете отырып, біз, өзіміз де үйренеміз» деген дана сөзін өмірлік ұстанымым етіп алдым. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары – педагогтің кәсіби өсуінің баспалдағы. Курс барысында тыңдаушылардың құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу, олардың өз іс-әрекетін талдау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Онда нәтижеге бағытталған дамыта оқыту технологиялары, Ж.А.Қараевтың деңгейлі саралап оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту техналогиясының қыр сырларын меңгерудеміз . Бұрын сабақтарда басты тұлға мұғалім болса, ал оқушы тек тыңдаушы, қабылдаушы болатын. Оқушылар бұндай сабақтардың бірізділігінен жалығып, көздері мұғалімде болғанымен, көңілдері басқа жақта болатын. Бізге бұл курстың сабақ беру әдісі, оқушыны жеке тұға ретінде қарап, өзгеріп ұстазбен тең сезінуге ешнәрседен тартыншақтанбауға, өз ойларын еркін жеткізуге, дарындылық, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға үйрететін тағы басқа әдіс-тәсілдері ұнады.

Қай кезде де жаңалыққа құштар, білмегенімізді қалай да үйренсек деп талпынатын біздің бұл оқудан алған әсеріміз, үйренген жаңалығымыз аз емес. Бұрын оқушыны тек бала деп қабылдап, өзіміздің оқыған - білгенімізді айтып берумен шектелетін болсақ, жаңа бағдарламаның ерекшелігі – оқушыға дайын нәрсені бермей, өзі ізденуіне нұсқаушы болу. Бұл тек мұғалім шеберлігімен іске асатын жұмыс. Жалпы бағдарламада қоғамдағы мұғалімдер роліне, мұғалімдердің атқаратын қызметінің өзгеру формалары мен заман талаптарына сай қалай оқу керектігін білетін, өзін еркін ұстап, өзіндік дәлел -уәждерін нанымды жеткізе алатын ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру мүмкіндіктеріне үлкен мән беріліп отыр. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Бұл ұстанымның негізгі факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай білуі болып табылады. Ол үшін Шульманның (2007) пікірі бойынша мұғалімнің «үш көмекшісі» бас (кәсіби түсінігі), қол (оқытудың тәжірибелік дағдылары), жүрек (кәсіби адамгершілік тұтастығы) қажет. Осы «үш көмекшіні уақытымен, орынды «жұмсай білген» шебер мұғалімнің оқушысы ғана тек биіктерден көрінеді. Міне, сондықтан жаңаша білім беру әдіс-тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.

Осы курс барысында жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісінде сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізудің маңызды екенін түсіндік. Осы әдіс- тәсілдерді меңгергенде ғана жан – жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра аламыз.Оқушыны белгілі бір нәтижеге жеткізудің бір жолы сабақты түрлендіріп өткізу. Осы жайлы Ж. Аймауытов: «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек», - деген екен. Білімді ұрпақтың өркениеттің қарыштап дамуына қосатын үлесі зор екені әркімге аян. Жаңаша оқыту тәсілімен алсақ оқуды мұғалім мен оқушы тең дәрежеде бірдей басқарады. Жұптасып, топтасып жұмыс жасауда, бір-бірін тыңдап, ынта жігермен талқылап, бір қорытынды шешімге келуді, өз ойын еркін айтып, дәлелдеуді үйренеді. Сондықтан жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп, баланың тереңде жатқан ойын оятып, оқушылардың еркін сөйлеуге үйретеді. Оқушылардың қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру әрбір ұстаздың әдіскерлік шеберлігі мен парасат-пайымының нақты көрсеткіші екені айқын.

Абай атамыздың: «Ақырын жүрiп анық бас, еңбегiң кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалiм үшiн кәсiби шеберлiкке жету, өз мамандығының шебері болу бiр күнде пайда болатын нәрсе еместiгiн жақсы түсiнемiн. Сонымен қатар, өмiр бойы iзденiшулiктi, зерттеушiлiктi үнемi пайдалансақ ғана нәтижеге жетуге болады. Ендiгi кезекте менiң әрбiр сөзiмнен, iсiмнен, сабақты өту үрдiсiмнен өзгерiстер болады деген сенімдемiн.





















БІЛІКТІЛІК КУРСЫ - МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ КЕПІЛІ


Жаксыбаева К.Б.


4жалпы білім беретін орта мектеп

Теміртау қаласы



Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе –бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу, алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» делінген. Сонымен қоса, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру міндеті орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр. 

Осы орайда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру, сонымен қатар, мұғалімнің де интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Осы міндеттерді шешуде мұғалімнің үнемі ізденісте болуы, кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы өте маңызды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының облысымыздағы мұғалімдер қауымының кәсіби білімін жетілдіруіне қосатын үлесі мол. «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» курсы барысында білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеумен қоса, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық ұстанымдар мен технологиялар тілге тиек болды. Топ үйлестірушісі Айткенова Мөлдір Болатовна бастаған оқытушылар тобы біздің көкейімізде жүрген сауалдарымызға толық жауап алуымызға, өзара тәжірибе алмасып, оқытудың әдіс тәсілдерін қолданудың тиімді жолдарын тағы бір ой елегінен өткізуімізге жағдай жасады. Курс барысында функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен өткізілетін 15жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы – РІSАтуралы алған ақпаратымыз бен ондағы тапсырмалар жүйесі біздің жас ұрпақты оқытудағы көзқарасымызды түбегейлі өзгертті десем, артық болмас. Функционалдық сауаттылық туралы теориялық білімнің практикалық әрекетпен ұштастырыла отырып берілуі бізді оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмаларды сауатты дайындауға бейімдеді. Олай дейтінім, оқушы ролінде отырып сол тапсырмаларды топпен орындауымыз біздің де «білсем, үйренсем» деген қызығушылығымыз бен ынтамыздың артуына түрткі болды, әрі тапсырма дайындауда мәтіннің форматының, аспектісінің, жағдаятының маңыздылығына назар аудару керек екенін түсіндік. Ендеше, оқушының жас ерекшелігіне сәйкес алған білімді түсініп, қолдана білуге жетелейтін, ойлау қызметін дамытуға, ізденуге, зерттеуге бағыттайтын тапсырмаларды өзіміз сауатты дайындап, күнделікті сабақ барысында жүйелі қолдансақ, оқушылардың да оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы артып, ізденіске ұмтылары сөзсіз.

Оқу сауаттылығын дамыту үрдісінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының ролі ерекше. Мөлдір Болатовнаның курс барысында аталған технология стратегияларын қолдануды практикалық тұрғыда көрсетуі біздің өз тәжірибемізде дұрыс қолдана білуімізге септігін тигізері анық. «Адамға балық берсең, бір күн тоқ болады, балық аулауды үйретсең, өмір бойы тоқ болады» дегендей, оқытудағы озық технологиялар туралы ақпарат алып қана қоймай, іс жүзінде көре отырып, оларды сабақ түріне, мақсатына қарай қолданылуын ойша тағы бір реттедік. Сонымен қоса, оқытушы сөзінің нақтылығы, деректерді дәл тауып айтуы, ұйымдастырушылық қабілеті, талап қоя білуі мен қарапайымдылығы көңілімізден шықты.

«Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Абзалбек Лаура Сапарбекқызының «Тұлғалық құзіреттілік ұстаным жағдайындағы білім беру үдерісін технологияландыру» атты дәрісі де әріптестерімнің көңілінен шықты. Оқытушы дауыс ырғағымен, өзін-өзі ұстауымен, тілінің тазалығымен, сыпайылығы мен қарым- қатынасының шынайылығымен біздің жүрегімізден орын тапты.

Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында адамның рухани дамуында тежелулер болып жатқаны біреуді ойландырса, біреуді ойландырмайды. Рухани құндылығымызды бағаламай, түрлі дағдарыстарға ұшырап жатқан заманда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбиенің берері мол. «Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу – әр адамның міндеттерінің міндеті» демекші, осы бағытта тыңдалған Д.Какенованың тың ойлары мен дәрісі бізді өзіне баурап алды. Қарапайым мысалдар арқылы халық педагогикасының адам өміріндегі маңызы, тұлғаның әлеуметтенуі, өзін өзі іске асыруы туралы айтылған ойлардан кейін тек қана өзін өзі тану пәні емес, мектептегі әрбір пәннің жүгі ауыр екендігін мойындадық. Диалогттық оқыту әдісі, АКТ мүмкіндіктерін сөз еткен М.Сүлейменов, А.Сыздыковалардың да еңбегін ерекше атап өтуге болады. Мұғалімдірді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары аясында білім мекемелерінде тәжірибелік сабақтардың көрсетілуі курстың сапасын арттыра түсері, әрі тыңдаушылардың өзара тәжірибе алмасуына қолайлы мүмкіндік екені сөзсіз. Тағы бір ескеретін жай, курс барысында тыңдаушыларға шеберлік-сыныптарына, конференция сабақтарына өз тәжірибесімен қатысуға мүмкіндіктің жасалуы көңіл құптарлық жағдай. Оның мысалы, біз өз арамызда әріптестеріміз А.Байгоринованың, Ж.Оразбаеваның, Д.Капаровалардың конференция сабаққа қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскендігін және өте сәтті шыққандығын атап өтуге болады.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімдердің кәсіби өсуіне қосар үлесі мен еңбегі ерекше. Өз кәсібін қадірлеп, үнемі ізденісте жүретін, біліктілігін жетілдіретін ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамға қажеті де осындай ұстаздар.

























МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚ-БАР МАМАНДЫҚ БАСТАУЫ


Байгоринова А.Т.


«№6 Жезді ЖББОМ базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық) » КММ

Ұлытау ауданы



Мұғалім оқушының күрделі де қызықты, рухани жан дүниесін дана жүрегімен ұға білсе, ұстаздықтықтың биік шыңына көтеріле алады. Ол шыңға жігерлі, табанды, еңбекқор, рухы жоғары адам ғана жетеді.

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген екен Әл-Фараби бабамыз.

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.

Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – өз ісінің кәсіби шебері, өмірін бала өміріне арнаған үлкен жүректі ұстаз болуы тиіс. Мұғалім алдына келген баланы оның ата-анасынан кем жақсы көрмей, оның болашағына алаңдамаса, толыққанды ұстаз болуы мүмкін емес.Өмірде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беретін, жаны жылылыққа толы адам болуы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.

Мұғалім – мектептің бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады» дейді. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуіміз қажет.Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса, бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Мұғалім де оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек. Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл, шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім – білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл – парасаттылығымен үлгі болғаны жөн. Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалім озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Міне, сонда ғана нағыз ұстаздан білім мен тәрбиені қатар алып шыққан тұлға білімді, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі жоғары, ұлттық құндылықты бойына сіңірген іскер маман болады. Ендеше, мұғалімдік мамандық - барша мамандықтың қайнар бұлағы.




















ҚАЗІРГІ ЗАМАН МҰҒАЛІМІ ҚАНДАЙ?


Есентаева Гульхан Булатовна


Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Қарағанды қаласы


Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  
Ұстаз болу – адамның асылдығы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі Мұғалім деген кім? Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!   Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
















Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров583
Номер материала ДВ-141028
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх