Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Жабайы аңдар"тақырыбындағы ашық оқу іс-әрекеті

"Жабайы аңдар"тақырыбындағы ашық оқу іс-әрекеті


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Тәрбиеші: Даурбаева Мақпал Мергенбайқызы

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Мақсаты: Балаларға жануарлар мен жабайы аңдарды таныстыру

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы қызығушылығын қалыптастыру.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, шаттық шеңбері, сұхбат, дидактикалық ойындар Көрнекілігі: Жануарлардың суреттері.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жабайы аңдар

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, жабайы аңдардың мекені, қоректену туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекеті: Балалар, біз күнде далаға шыққанда айналамыздан не көреміз?

  • Жоғарыдан аспан, күн, бұлт, ұйып жүрген құстарды көреміз.

  • Төменнен жер, өсіп келе жатқан шөпті, айналамызды қоршаған әлемді көреміз, әлемде адамдар, жан-жануарлар бар.

  • Ендеше, балалар, айналамызды қоршаған ортамен амандасайық.

Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Армысыз шұғылалы, алтын Күн!

Сәлеметсіздер ме, апайлар?

Өте жақсы, балалар, ал енді орнымызға отырамыз. Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатқан жолдан әдемі сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық. Сандықтың ішіне ормандағы жабайы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сиқырдан арылту үшін біз берілген тапсырманы орындауымыз керек. Бізге берілген тапсырма жұмбақ шешу екен. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

  • Иә.

Ендеше, мұқият тыңдаңдар.

  1. Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады.

(қоян)

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(аю)

  1. Сұр түсті, ақсиған көп тісті.

(қасқыр)

  1. Қанжардай тісі бар,

Суық үрейлі түсі бар.

(арыстан)

  1. Тұмсығы ұзын, күшті

Өзі ерен мықты.

(піл)

Жарайсыңдар, балаларым, сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер.

Қоян: Балалар, қояндар нені ұнатады?

Қояндардың түсі қандай?

Жануарлардың тіршілігіне ең қажетті:ауа, қорек, су, жарық, жылу. Олар болмаса, жануарлар өмір сүре алмас еді. Мысалы: балалар ормандағы аюды алайық. Аю күн суытқанда қорегі болмай, қыс бойына ұйықтап жатады.

Ал, қоян, түлкі, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүндері түсіп, орнына қалың жүні шығады.

Балалар бұл аңдар қайда мекендейді?

  • Орманда

  • Өте дұрыс. Орманның басқа аңдарын тағы қай жерден көруге болады.

  • Хайуанаттар бағынан.

  • Жарайсыңдар, балалар.

  • Қане, балалар орнымыздан тұрып, ормандағы аюдың жүрісін салайық.

Сергіту сәті.40099-NjFjNjY1Njc2MA.jpg

Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай

Келе жатқан аю ғой.

Жақындап оған барайық

Қатар-қатар тұрайық.

Алыстан байқап қарайық. Ал балалар, өздерің аңдар туралы не білесіңдер?

Айдын( піл): Бір көргенде білгенan_slon.jpg

Мен-алып пілмін

Аспаймын, саспаймын

Жамандыққа баспаймын.

Алихан (арыстан): Мен мықты Арыстан0004-005-Lev.jpg

Аңдардың патшасы

Жауыммен алыссам

Күл болар қаңқасы.

Ұлжан (жолбарыс): Мен жыртқыш жолбарысTiger_01.jpg

Тұрағым-ну қамыс

Түн демей-күн демей

Жортамын жолды алыс.

Ермұхан( қасқыр): Мен көкжал-қасқырмынwolf23.jpg

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын

Ауылды торимын.

Өте жақсы, балалар. Тыңдаңдаршы есік қағылған сияқты (топқа қасқыр кіреді)

  • Сәлеметсіңдер ме? Балалар, мені таныдыңдар ма?

Балалар: Сіз қасқырсыз

Қасқыр: Иә, мен нағыз қасқырдың өзімін, бірақ менен қорықпаңдар, мен жақсы қасқырмын.

Тәрбиеші: Қасқыр аға, сіз бізбен ойын ойнағыңыз келе ме?

Қасқыр: жарайды.

Қасқыр түссе қораға

Ұстамаса бола ма?

Қол ұстасып тұрайық,

Қасқыр қақпан құрайық.

Біздің қақпан құрайық,

Біздің қақпан болаттай,

Қасқырды тұр жолатпай,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр

Қақпан, қақпан берік бол.

Қасқыр: Ой, балалар, қақпандарың шынымен де, берік екен, мен бұза алмадым, мен сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге сыйлық ала келдім. Бірақ ол не екенін өзім де білмеймін, маған көмектесесіңдер ме? Мынау не екен?

Балалар: Сандар

Тәрбиеші: Қане, балалар қасқырға санауды үйретейікші.

Қасқыр: Балаларға сандарды үлестіріп береді. Балалар рет-ретімен тұрады.

Тәрбиеші: Ал, балалар, бәріміз бірге санайық. Қолымыздағы сандарды рет- ретімен қойсақ, ормандағы тәттіні және ұйқыны ұнататын аң шығады. Балалар,ол қандай аң?Аю.

Қорытынды: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Біз бүгін қандай аңдармен таныстық? Балалар,іс-әрекетімізді қорытындылай келе, сендерді ормандағы үкі деген құспен таныстырамын.



Краткое описание документа:

Оқу іс-әрекетін өту барысында балаларды қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, жабайы аңдардың мекені, қоректену туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.Балалар өз есігендерін,көргендерін,білетіндерін ортаға салып айтады,ой бөліседі.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1013
Номер материала 284155
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх