Инфоурок Биология Научные работы"Жаңғақ өсіру және оның пайдасы"

"Жаңғық өсіру және оның пайдасы"

Скачать материал

                                   Жаныңды жасартып, тәніңді сауықтырады. Той   

                                    дастарханында, қонақ шақырғанда жеміс-жидек,   

                                    тәттілермен бірге неше түрлі жаңғақтарды да

                                   үстелге қояды. Алайда, жаңғақты күнделікті тағаммен

                                   қоса жеп, пайдаланса, оның шипалық қасиеті мол.                                   

                                   Ендігі әңгіме сол жөнінде.

Тақырыбы: Жаңғық өсіру және оның пайдасы

Мақсаты: Қарабұлақ ауылына жаңғақ ағаштарын өсіру, қасиетін, биологиялық ерекшелігін және  сипаттамасын беру. Біздің аймақта кездесетін көптеген ауруларға ем болатынын дәлелдеу

Зерттеудің жоспары:

Кіріспе:  Жаңғақ қандай өсімдік? Жаңғақтың түрлері

 Негізгі бөлім: Жаңғақ өсіру және оның пайдасы

Қорытынды бөлім: Өсімдікке ботаникалық сипаттама беру, емдік қасиеттері туралы айту

 

                                                       Кіріспе

     Жаңғақтың жалпы сипаты. Жаңғақ (Jyglans) - жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Кейбір мәліметтер бойынша дүние жүзінде жаңғақтың қырыққа жуық түрі бар. Қазақстанда жаңғақтың екі түрі кездеседі.Олар: грек жаңғағы және қара жаңғақ. Жаңғақтың жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда өседі. Ағаштары өте биік (20-30 метр), дінінің жуандығы 1,5-2 метр. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәні. Грек жаңғағы ағашының сүресі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада, парфюмерияда пайдаланылады.

       Жаңғақтар — дәмді, жоғары калориялы жемістер. Олардың неғұрлым көп тараған түрлері: грек жаңғағы, манчжур жаңғағы, физалис жаңғағы, жебір шөп жаңғағы, базельник жаңғағы, талшын жаңғағы, кешью жаңғағы, самырсын жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, пісте, су жаңғағы. Кондитер өнеркәсібінде жаңғақтар көп қолданылады. Олардан көптеген кәмпиттік жаңғақтық массалар, карамель салмалары жасалады, шоколадқа қосады, грильяжды массалар дайындайды, кептеген шығыс тәттілерін жасайды және қамырларға қосады.

      Грек жаңғағы. Грек жаңғағының тұқымы. Грек жаңғағы — жаңғақ тұқымдасына жатады, биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300—500 жылга дейін «өмір сүреді». Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Греция, Италия және Батыс Европа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Закавказьяда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грециядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар.

        Демек, біздің республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі.

 

 

Негізгі бөлім

       Жаңғақтың кең тараған түрлері. Бұлар Арахис: грек жаңғағы (волош. түйе жаңғағы); Маньчжур жаңғағы; Физалис жаңғағы, Жебіршөп жаңғағы; Базельник жаңғағы; Талшын жаңғағы; Кешью жаңғағы; Самырсын жаңғағы; Орман жаңғағы; Бадам; Пісте; Су жаңғағы. Арахис. Ол жер жаңғағы, қытай жаңғағы деген де атауға ие. Бұршақ тұқымдас бір жылдық өсімдік. Шыққан жері Бразилия саналады. ТМД елдерінде Орталық Азияда, Закавказьеде, Украинада, Молдавияда, Краснодар өлкесінде өсіріледі. Қазақстанның оңтүстік өңі-рінде мәдени өсімдік ретінде қолдан өсіріліп келеді.
Жаңғағының биіктігі – 25-40 сантиметр, жапырағының ұзындығы – 3-11 сантиметр, сырты түкті, гүлінің түсі сары. Жемісін шикілей де, пісілей де түрлі тағам дайындауға қолданады. Дәні ақшыл, қабығы қызыл қоңыр. Қуырып барып аршиды. Қуырылған арахисты пирожный, балмұз-дақ дайындауда да пайдаланады. Құрамында май, белок, органикалық қышқылдар, глицирин, сапонин, глюкоза, Е дәрумені бар. Медицинада арахис майын бадам майымен бірдей пайдаланып жүр.
Бадам (миндаль). Раушан гүлділер тұқымдасынан. Биіктігі 4-8, кейде 10-12 метрге жетеді. Оны ағаш деп те, бұта өсімдігі деп те жатады. Дүние жүзінде оның белгілі 40 түрі бар. Қырымда, Закавказьеде, Молдавияда, Орта Азияда – 16, Қазақстанда – 5 түрі өсіріледі. Олар: шегіршін жапырақты бадам (қатынжаңғақ), бадамша тікенекті бадам, ит-бадам (Петуников бадамы), далалық бадам (ешкі сабақ), Ледебур бадамы, кәдімгі бадам, қысқа сабақты бадам. Қабығынан арылту үшін қауызынан тазар-тылған дәнді қайнаған суға 1 минут салып, қабығын сыдырады. Дәмді бадамды шикі күйінде десерт ретінде, қуырып та жейді. Оны тұздық, печенье, пирожный, марципан (бадам қамырынан пісірілетін тәтті нан), тағы да басқа тағамды пісіргенде қосады. Бадам ядросының құрамында май 60 (50-60), белок 16,5 – 35 пайыз мөлшерінде және де көмірсутегі (крахмал, қант, клетчатка) минералды заттар, эмульсия бар. Эмульсиядан синиль қышқылы, бадам сүті алынып, бадам майы медицинада, парфюмерияда қолданылады. Бадам майы құрғамайды. Бадам сүтінен оршад – ерекше емдік сусын әзірлейді.
Кәдімгі бадам. Қазақстан тауларының оңтүстік беткей-інде 800-1600 метрге дейінгі биікте (Алтай, Тянь-Шань), Ертіс бойында өсетіні белгі-лі. Қолдан отырғызған сорт-тарының тұқымы дәмді болады. Майы мен күнжарасын тағамға, жемісінің қауашағын отқа жағып, күлінен сабын жасайтын сахар дайындайды.
Базельник жаңғағы. Ерін-ді гүлділер тұқымдасынан. Жар тылай бұта өсімдігі болып есеп теледі. Биіктігі 70-100 сантиметрдей. Қазақстанның оңтү-стігінде жабайы түрі кездеседі. Жемісі төрт жаңғақты,дөңгелек, қара қоңыр түсті. Гүлінде, жапырағында, сабақтарында эфир майы бар, медицинада базельниктен жасалған дәрімен тіс ауруын емдейді.
Грек жаңғағы. Жаңғақ тұқымдас. Биіктігі 20-30 метр. Ол 200-300 жылға дейін өседі. Отаны – Кіші Азия, оның ішінде – Иран. Бұрын жаңғақ тұқымы Грециядан әкелінгендіктен, ол грек жаңғағы деп аталып кеткен. 12 сағат тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады. Дәнінің құрамында 55-77 пайыз май, 18-21 пайыз белок, 5-6 пайыз көмірсутегі, В1 дәрумені, А провитамині бар. Піскен дәнінде 30-85 мг, толығымен піспеген дәндерінде 1500-1200мг, кейде 3000 мг-ға дейін С дәрумені болады. Дәнін тағамда пайдаланып, жемісінен жаңғақ майы алынады. Грек жаңғағының сорттары жетеу: ірі жемісті, өндірістік маңызы жоқ; жұқа қабықты – дәні майлы, өнімі аз; сал быраған сырға тәрізді - өнімі мол; бадам сияқты; кеш гүлдейтін; қатты қабықты - дәні қабығынан өте нәшар ажыратылады; шырышты. Шырышты сорт шырышты сүректерімен бағалы, одан көркем, құнды бұйымдар жасайды.
Жатаған самырсын жаң ғағы. Қылқан жапырақтылар тұқымдасынан. Бір жерде бірнешеуі өсетін жемісі бүрлі. Құрамында жоғары сапалы, бағалы май болғандықтан, жатаған самырсын жаңғағы құнды саналады. Қылқанын жинап, қайнатып, тұнбасын сусын ретінде пайдаланып келеді.
Жебіршөп жаңғағы (тасшөп). Ерінді гүлділер тұқым-дасына жатады. Жартылай бұта ағаш өсімдігі саналады. Әзірге оның 35 түрі белгілі. Көбі Қазақстанда.
Жебіршөптің жаңғағы – бағалы дәрілік өсімдік. Гүлі мен бірге шөбі де пайдаланылады. Құрамында эфир майы, шырыш, ащы заттар, пигмент, шайыр, минералдық тұз бен органикалық қышқылдар бар. Медицинада одан жүйке қабынуын, радикулитті емдей-тін дәрі-дәрмек жасайды.
Майда жаңғақ (фундук, орман жаңғағының бір түрі). Жемісі жаңғағынан ірі. Шикілей және қуырып жейді. Үй кулинариясында да қолданылады.
Орман жаңғағы (лещина). Қайың тұқымдас. Жаңғақ тұқымының 72 пайызы тез кебетін түссіз май, оның құрамында белок, қант, А, В, Е дәрумендері бар. Халуа, торт, печенье, вафли жасауға оның майын пайдаланады.
Пісте (фисташка). Анакардия тұқымдасына жатады. Құрамында 61 пайыз май, 24 пайызға дейін белок, 2,5-4 пайыз қант, 3-4 пайыз клетчатка, 3 пайыз күл кездеседі. Су жаңғағы (чилим). Суда өседі, бір жылдық өсімдік.
Талшын жаңғағы (каштан). Оны тағамға жасаң күйінде қолданады.
Физалис жаңғағы. Жапы-рағы жүрек пішіндес. Бүлдірген дәмдес, хош иісті жемісін жасаң түрінде пайдаланады.

Жаңғақтың ем болатын сырқаты:
*Қаназдықта, әлсіздікте, жүрек-қан тамырлары жүйе-сінің көптеген ауруларында, бауыр мен өт қабынғанда, қант диабетінде, тері ауруында, теміреткіде, қан – жел ауруында, дәрумендер аздығында.
Бұл сырқаттарды емдеуге грек жаңғағының дәнін жеуге кеңес берілуінің себебі, оның құрамында темір мен басқа да микроэлементтер көп.
* Зат алмасуды жақсарту үшін және дәрумендер жетіспе-генде жаңғақ ағашының тұнба-сы мен қайнатпасын ішеді.
Жаңғақ ағашының жапыра-қтарын маусым айында жинап алып күнге кептіреді де қайнатып тұнба жасайды, май алады.
?* Ағзаның әлсіздігінде, ми-дың атеросклерозында, мешел ауруында, асқазан мен ішектің қабынуында, зат алмасудың бұзылуынан тері ауруларында оған қарсы (созылмалы экзема, буын ісігі) жаңғақтың тұнбасы пайдалы.
* Баспа және қызыл иек болғанда жаңғақ ағашының тұнбасымен тамақты, ауызды шаяды.  Тұнбаны дайындау: 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты немесе жасыл қабықшаны 1 стақан қайнаған суға салып, 15-20 минут баяу қайнатады, сосын сүзгіден өткізеді, суытады. Күніне 3-4 рет оны ас қасықпен ішеді.
* Қант диабетімен ауыр-ғанда. Оны емдеу үшін жапы-рақ тұнбасы      қажет.
Жапырақ тұнбасын дайындау: 1 стақан үгітілген жапыраққа 3 стақан қайнаған су құйып, бетін жауып, 20-30 минут қояды, содан кейін тұнбаны қайнатып, тағы да ыдыста 6 сағат мөлшерінде ұстайды. Күніне 3-4 рет тамақтан соң 30-40 минут өткенде жарты стақаннан ішеді.
* Жараны емдеуде. Оған жаңғақ ағашы жапырағының майлы тұнбасы қажет.
Майлы тұнбаны дайындау: 80 грамм кептірілген таза жаңғақ жапырағын немесе жасыл қабықшасын 300 грамм тұщытылған өсімдік (зәйтүн) майына салып, бөлме температурасындай жылылықта күнара араластырып отыра 15-20 күн қояды. Содан кейін сүзіп алады. Күйікті, жарақатты осы жаңғақ майымен майлайды.

Сыздауық шыққанда, жарақатта. Оны емдеп жазу үшін жаңадан үгітілген жапы-рақтарды оған басады. Сонда сыздауық, жарақат жазылады.
* Лимфа түйіні ауырғанында. Бұл сырқатты емдеуде жаңғақ ағашының жас жапырақтары мен қабықшаларын араластырып ванна қабылдайды.
Жас жапырақ ваннасын дайындау: Жас жапырақты немесе оның кептірілген түрін алады, ыдысқа салып үстіне суық су құйып, жақсылап жабады да 45 минут қайнатады. Оны ваннадағы суға қосып шомылады. Толық ванна үшін 1 кг, жартылай ванна үшін 0,5 кг, отыратын немесе аяқты малатын суға 250 гр жаңғақ жапырағын немесе қабығын салады. Қайнатындыны жылы су толтырылған ваннаға құяды, оған түседі.
* «Жақсы» холестериннің тапшылығында. Холестерин де    әртүрлі.      Оны «жаман» және «жақсы» деп екіге бөледі. «Жақсы» холестериннің тапшылығы жыныстық құмарлықтың жоғалуына соқтырады. Мұны болдырмас үшін күнделікті дәмде міндетті түрде жаңғақ пен пісте болуға тиіс.
* Бүйрек ауруларында, қан тамырларының варикозды кеңеюінде, жүрек ауруларында, метеоризм және диареяға қарсы, қан аздығында.
Бұл сырқаттарға орман жаңғағы өте пайдалы. Алайда күніне 8-10 орман жаңғағынан артық жеуге болмайды.
* Невралгияда, белсіздікте, шыжыңда (зәр жіберіп қою), қуық асты безінің ауруында. Мұны емдеп жазуда орман жаңғағының жапырақтары мен ағаш қабығының * Несеп – тас ауруына піскен
грек жаңғағын ұнтақтап жеу пайдалы.
Ұйқысыздықта, анемияды, бронхиалды демікпеде бадам дәніне бал араластырып жейді.
* Шаршап – шалдығуды басатын, өмірлік тонусты арттырып, мидың қызметін белсенді етіп, қан құрамын жақсартатын жаңғақ – пісте. Алайда оны мөлшерден көп жеуге болмайды.
* Созылмалы дімкәстікте, қалжырауда, шаршағыштықта оны басатын, бас ауруын қойдырып, көңіл-күйді жақ-сартатын жаңғақ – арахис.
* Қатты жөтел тигенде. Оған жаңғақ, бал, аюбадам қайнатпасы ем болады.
Қайнатпа дайындау: Қа-бығы бар 4 грек жаңғағы, 1 ас қасық аюбадам гүлдері, 1 ас қасық бал қажет. Бәрін араластырады, үстіне 0,5 литр су құйып, бір қайнатып алады. Қайнатпаны сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіп отырады.
* Теңге қотыр (псориаз), шиқан (фурункулез) шыққан-да, терінің созылмалы ауруларында. Осы сырқатқа жаңғақ ваннасы ем.
Жаңғақ ваннасын дайындау: 400 грамм грек жаңғағының жапырақтарын ыдысқа салады, үстіне 3 литр қайнаған ыстық су құяды да 5 минут қайнатады. Ал жаңғақ қабығын 30-40 минут қайнату керек. Содан соң оттан алып 30 минут тұндырады. Қайнатпаны сүзіп алып, температурасы 37-39 градустық ваннаға құяды. Ваннаны күнделікті 15-20 минуттан сауыққанша қабылдайды.
* Жүрек айнығанда, геморройда жаңғақ жеу пайдалы.
* Көкжөтелге жебіршөп жаң ғағының сығындысы шипалы.
* Жатырға суық тигенде. Оған мынандай халық емі бар.
Жаңғақ жапырағымен емдеу: жаңғақ ағашының 10 дана көк жапырағын суға шайып, таза су құйылған ыды сқа салады. Үстінен екі жұмыр тқаны жуып салып, таза піскенше қайнатады. Сосын осы жұмыртқаны ыстықтай жейді. Бұл емді күнде таңертең ашқарында пайдаланады.
* Рахит, сары аурумен балалар сырқаттанғанда. Оларды грек жаңғағының, жапырағының қайнатпасы-мен емдейді.
* Асқазан, ішек ауруларында да грек жаңғағы мен жапырағының қайнатпасы шипалы.
* Емдік – диеталық мақсат та грек жаңғағының дінінен, жапырағы мен тамыр қабық-тарынан алынған шырын (сөлі), майы пайдаланылады.
* Қолқа қабынғанда, өкпе туберкулезінде, іш ауруында, ішек жараларында, бүйрек түбекшесі ауруында жебіршөп жаңғағы, оның сығындысы ем.
* Тіс, оның қызыл еттері ауырғанда жебіршөп жаңға-ғының тұнбасымен ауызды шаяды, оны теміреткіге де қолданады.

Жаңғақ қосылған тағамдар:

      Жер жаңғақ (Arachіs) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Майлы дақыл. Ж. – ылғал және жылу сүйгіш, бір жылдық жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 120 – 150 күн. Биіктігі 25 – 75 см, түзу сабақты немесе төсемелі сабақты, бүйірінен өскен өркендері бар. Тамыр жүйесі мықты, тереңге (180 – 190 см) кетеді. Гүлі сары не сарғылт түсті, гүл шоғыры жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі 1 – 7 тұқымды бұршақ. Оның құрамында орта есеппен 42% май, 22% белок және 12% көмірсу бар. Әдетте, әр өсімдікте 600 – 700 жеміс болады. Гектарынан 9 ц-дей тұқым, 20 – 50 ц құрғақ шөп алынады. Жемісінен алынған майы тамаққа, кондитер өнеркәсібінде пайдаланылады. Сабағы мен жапырағы малға жемшөп. Жаңғақ басқа бұршақ тұқымдастары сияқты жерді құнарландырады. Өсімдік ауруларымен және зиянкестерімен сирек зақымданады. Ж. Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы аудандарында өсіріледі.[1]

Күздің жанға жайлы бір күні Қожа баудағы жаңғақ ағашын саялап жатыр еді. Төбесінен самсап тұрған бармақтай-бармақтай қошқыл жаңғақтарға көзі түскенде көкейіне бір ой келді. Қол созым жерде дүңкиіп-дүңкиіп жатқан асқабақтар да ойына ой қосты. «Япыра-ау!» деді, «О, Жаратқан ие, құдіретіңе шек жоқ қой. Бірақ, кейде бір істеріңе түсінбеймін. Міне, мұнша алып ағашқа өзіне шақ емес, титімдей-титімдей жеміс іліп қоясың. Әне, жіп-жіңішке шөпке лақтай-лақтай асқабақ байлап қоясың. Түк те сәйкесіп тұр дей алмаймын...». Қожа өз ойының тізгінін бос жібергені сондай, тереңдеп қиял теңізіне батып, шарықтап түпсіз көкке ұшып кетті...

     Бір мезгілде маңдайына тақ ете түскен қатты заттан Қожа селк етіп шошынып, шоршып басын көтерді. Не болды? Қараса төбесіне төніп тұрған жаңғақтардың бірі үзіліп дәл оң қабағына келіп тиген екен. Орны кәдімгідей шымырлап ауырып қалды. Дегенімен кішкентай жаңғақ ештеңе ете қоймапты. Осы сәт Қожаның терең, тебіреністі ойларының бетіне, бір ұшқын ой жалт етіп шыға келді:

    

Жаңғақ түрлерін өндіруден қай елдер алда?

*Жаңғақтардың фундук, каштан, пісте сияқты неше түрі бар. Базарларда бұлардың қай-қайсысының да бағасы арзан емес. Білгім келетіні, жаңғақтардың қай түрі қымбат саналады және жаңғақ өндіруден қай елдер әлемде көш бастайды? Қазақстанда жаңғақтар өндіріле ме?

  Грек жаңғақтарын өндіруден әлемде Қытай мен АҚШ көш бастайды. Әлемдік өндіріс жылына 1,5 млн тоннаны құраса, оның 46%-ы – аталған екі елдің үлесінде. Жаңғақтың басқа түрлері бойынша Иран, АҚШ, Түркия, Сирия, Қытай, Грекия, Ау­ғанстан және Тунис елдері алда. Нарықта жаңғақтардың ең қымбат түрі – мака­дамия. Бір кездері Австралияның байыр­ғы тұрғындарының негізгі асының бірі болған бұл өнімді ғылым ағзаға аса пай­далы деп танып отыр. Қымбат жаңғақ Австралия, Бразилия, ОАР, Гавай арал­дары мен АҚШ-та өседі. Қазақстанда жаңғақ түрлерін дайын өнім ретінде өн­діретін бірнеше компания қызмет етеді.

 

Пайдалы жаңғақтарhttp://densaulyk7.ucoz.org/orekh.jpg

 

Жаңғақ — жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Бір га-ға 2 т тұқым 7 — 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 — 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 — 6 жылда өнім береді. 150 — 200 жылға дейін өнім бере алады. 400 жылдай өседі. Бір ағаштан жылына 65 — 100, кейде 200 — 300 кг жеміс алынады. Жемісінің салмағы 3 — 23 г, көбінесе, жұмыртқа не шар тәрізді болады. Дәнінің жеміс салмағындағы үлесі 30 — 75%. Дәнінің құрамында 55 — 77% май, 18 — 21% белок, 5 — 6% көмірсу, В1 витамині, А провитамині бар. Піскен дәндерінде 30 — 85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500 — 2000 мг, кейде 3000 мг-ға дейін С витамині болады. Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиҝаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Дәні тағам ретінде пайдаланылады, ал жемісінен Жаңғақ майы алынады. Грек жаңғағының сорттары жеміс салуы, өркендерінің өсу қабілеті, жемістерінің салмағы, пішіні, гүлдеу уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті — өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқақабықты — қабықтары жұқа, дәндері майлы, бірақ өнімі аз; салбыраған сырға тәрізді — өнімі мол; бадам тәрізді; кеш гүлдейтін; қатты қабықты — дәні қабығынан өте нашар ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). Соңғы топқа жататын сорттар шырышты сүректерімен бағаланады, олар жылтыр, әдемі келеді.  Олардан құнды көркем бұйымдар мен жиҝаздар жасалады.

     Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Формасы мен диаметрі бір ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек. Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі, бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.

 

 

                                              Қорытынды бөлім

     Жаңғақ — жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ . Жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда кездеседі. Ағаштары өте биік (20 — 30 м), діңінің жуандығы 1,5 — 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 — 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 — 40 см), хош иісті. Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі — дәні. Қатты жеміс қабы (қауызы) мен қалың жарғақ ұяшығы (қабығы) жеуге жарамсыз. Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 — 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері — аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді.

Жаңғақтардың құрамында май және белок көп болады. Сондықтан олардың тамақтық құндылығы жоғары. Жаңғақтар қуырылып немесе шикілей де пайдаланылады. Қуырылған жаңғақтардың иісі мен дәмі жақсарады. Грек жаңғағын ғана қуырмайды. Себебі оны қуырса жағымсыз дом пайда болады. Жаңғақтар бүтін, жармаланған немесе ұнталған күйінде қолданылады.[1]

Грек жаңғағы (орех грецкий). Халық медицинасында одан жасалған препараттарды ішкі жараларға, мешелге, сары ауруларға, ішек құртына, қанның азаюына, қарын мен ішек қабынуына және іш өтуге қарсы пайдаланады. Сонымен қатар ол зат алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын созылмалы буын ісігіне, теміреткі сияқты кейбір тері ауруларына, витамин жетімсіздігіне таптырмайтын ем. Ол ішек құртының түсуін де тездетеді.  Грек жаңғағының жапырақтарынан туберулездің түрлі формулаларын емдейтін карион препараты жасалады.

  Шамшатгар тұқымдасы. Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдерінде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға үшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6-мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 үялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі. Атальпс, гүддің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске- сарыға, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5—7, аталықтарьшың саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.
Емен туысы (дуб — Оиегсиз). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар; БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40 м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы. Жемісі жаңғақ (желудь — шошқа жаңғақ). Кәдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный) Европада кеңінен таралған. БОР-дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең қүңды, орман түзетін ағашы болып саналады, ареалы-ның оңтүстік-батыс бөлігіңде, қыстык, және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный — О.реггаеа) негізінен Кавказда және батыс Украинада Карпат тауының етегіңде өседі. Түкті емен (дуб пушистый — О.риЬезсепз) Қырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый — 0. 8иЬег), ол Жерорта теңізінің батысыңда кең таралған. Еменнің бұл түрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатыңца мәдени жағдайда өсіреді. Шамшат туысы (бук). Барлығы 10 түр; БОР-дың флорасыңца 3 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зоналарыңда өседі. Ылғалдығы жеткілікті, қүнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы түзеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ төрізді жемісі малға жем болады. Гүлдерінің формуласы.
БОР-дың территориясында, Карпат тауыңда және оның Украинаға қарайтын етегінде европа бугі (бук европейский — Ғ.куіуаііса).
Кавказда, Қырымда шығыс бугі (бук восточный) өседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     М.Қожабеков «Дәрілік өсімдік». Алматы, «Қазақстан», 1975ж

2.     М.Шәріпбаев. «Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігіне қолдану». Алматы, «Қайнар», 1988ж

3.     Қ.Сыбанбеков. «Биология ғажаптары». Алматы, «Қайнар», 1993ж

4.     Б.Дүйсенбайқызы. «Өсімдіктану». Алматы, «Рауан», 1995ж

5.     Р.Әлімқұлов  «Өсімдік - табиғат қазынасы». Алматы, «Қайнар», 1984ж

6.     С.Арыстанғалиев. «Қазақстан өсімдіктері».Алматы, «Ғылым», 1997ж

7.     Д.Татайқызы. «Айналайындарым менің». Алматы, «Өлке», 2002ж

8.     А.А.Иващенко. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы». Алматы, «Алматыкітап» ЖШС, 2006 ж

9.     «Мектеп кітапханасы» журналы, Алматы, «Оналдинов» ЖК, 2007ж

10.  Қазақ Совет Энциклопедиясы 2-том, 1975 ж

11.  Қазақ Совет Энциклопедиясы 4 – том, 1975 ж

12.  С.Арсытанғалиев. Қазақстан өсімдіктерінің атаулары

13.  Бей – Биенко Г.Я Охрана природы 1972, №11

14.  Интернет көздері

 

 

 

 

Жаңғақ өсіру барысында көптеген тәжірибелер жасауды ұйғардым.

Бірінші тәжірибе:

1.     Жаңғақтың сыртқы қатты қабығын ашып көру.

 

 

 

 

 

 

2.     Тірек бөліктерін көру.

 

 

 

 

 

 

 

3.       Дәнінің төрт бөлікке бөлінетінін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.       Тірек ұлпасын микроскоппен қарау.

 

 

 

 

 

 

 

 

5.       Жаңғақтың майлылығын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңғақ өсіру және оның пайдасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 9736
    • DOCX 589.6 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Куралай Токтархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34622
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 366 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек