Инфоурок Другое СтатьиЖақын арадағы даму аймағын белсенді қолдану - білім алудағы кедергіні жоюдың жолы.

Жақын арадағы даму аймағын белсенді қолдану - білім алудағы кедергіні жоюдың жолы.

Скачать материал

Жақын арадағы даму аймағын белсенді қолдану  -

білім алудағы кедергіні жеңудің жолы.

 

Бексултанова Р.Қ.,

Дарынды балаларға арналған

қазақ-түрік лицей-интернаты,

Қостанай қаласы

raushan_beksultanova@mail.ru

 

Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. [1, 37 б]. Яғни , оқушы білім алу жолында кездесетін қиындықтарды мұғалімнің , жолдастарының немесе тағы да басқа адамдардың көмегімен игере алады деген сөз. Бұған қатысты бірнеше ғылыми дәйектер бар және мысал ретінде «көпіршелер» деген метафораны келтіруге болады.

«Көпіршелер» - оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. [1, 38 б]. Демек, жақын арадағы даму аймағын белсенді қолдану – білім алудағы кедергіні жеңудің жолы болып табылатыны рас. Бірақ, ол үшін, мұғалім оқытудағы интерактивті әдістерді тиімді пайдалана білуі керек. Ең бастысы, интерактивті әдісті шебер қолданатын әріптестерінің сабағына қатысуы, осы тақырып бойынша өзін-өзі жетілдіруі маңызды болып табылады. Менің пікірімше, осы жолда ұстазға қойылатын талап - білім алуда кедергіні жеңе алмайтын немесе жеңе алатын оқушының мүмкіндігіне бағдар жасай алу. Сонда жетістікке жете аламыз. Бұл міндет немесе жауапкершілік мұғалімнің мейірімді жүрегіне, ақпараттық сауаттылығына, болашақ ұрпағының  тәрбиелі, кедергіні шешу жолын ойластыра білетін оқушыны қалыптастырудағы қарым-қатынасына байланысты.

10 жылдан астам мұғалім ретіндегі өткен күндерімді сараптай келе өзіндік тұжырымға келдім. Менің сабақта қолданылған кей әдістерімнің (мүмкін сол кездегі әдістемелік-педагогикалық сауатсыздығыма байланысты болар) оң нәтиже бермегенін бүгінгі күні есіме түсірсем, қиналамын. Оқушыға білім алудағы кедергіден өтуіне көмек бере алмадым. Біреудің көмегі арқылы қиындықты жеңуге болатындығы туралы толыққанды бағдар жасай алмадым. Сабақта тыныштық пен қатаң мұғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының беріп жатқан жауабы  ғана болатын. Жас маман ретінде темірдей тәртіп орната алғаным, қатаң талап қоя алғаным мектеп әкімшілігіне ұнайтын ......    Ал, бүгінгі күні, екінші деңгейлі /негізгі/ курстан өткен соң, оқып-түйгенімді тәжірибеге енгізу арқылы шығып жатқан нәтижеден соң, ЖАДА ны белсенді қолдану арқылы оқушы да өзіне – өзі және мен де сенімдімін. ЖАДА-ны белсенді қолдануда топтап оқыту әдісі тиімді.

Топтап оқыту әдісі дегеніміз оқытуды жұбымен қарым-қатынас жолдары арқылы орындап, оқушылар бірін-бірі үйретеді.[2, 21 б].

В.К.Дьяченко технологиясы бойынша топтап оқыту әдісі құрамалы болуы мүмкін, олардың түрлері: топтап оқыту (бір адам көп адамды оқытады), қостап және жеке. Бұл жерде топтап қарым-қатынас оқыту әдісі басым болады. Концептуалдық ұстанымы: балалардың қызметін ұйымдастыру әдісі бірігіп (ұжымдық) қызмет жасау факторы болып табылады, ол бала дамуын ынталандыру үшін өте әсер етеді.  .[2, 22-23 б].

Сөйтіп, біріншіден, топтап оқыту әдісі арқылы алаңдау, қобалжу, абыржу деңгейі жоғары оқушылар тапсырманы жеке орындағаннан гөрі, ұжымдық өзара әрекет арқылы өзінің мүмкіндігін көтере алады. Сабаққа деген мотивациясы артады. Өз бетімен білім ала алатындығына сенеді. Бірақ, бұл процесс – баяу, ұзаққа созылып кетуі де мүмкін. Соған қарамастан, мұғалім төзімділік танытып, мүмкіндік деңгейінің динамикасын сырттай бақылап отырғаны дұрыс. Уақытында «бағдаршам» секілді белгі беріп отырса құба-құп. Өзіндік тапсырманы орындау барысында қиындық сезінсе «саған кім көмек бергенін қалайсың?» деп өзінен сұраған жөн. Сонда, көмек сұраушы мен көмек беруші де белгілі бір дағдыларға үйренеді. ЖАДА-ны қолданудағы тәжірибемнің жетістігі ретінде 8 «А» сыныбындағы х оқушы және 8 «Б» сыныбындағы х оқушының жыл соңындағы қорытынды сабақта берген нәтижесін айта аламын. Оқушы жыл басында көп қиналды, көп толқыды. Бірақ, ЖАДА-ны белсенді қолдану арқылы жыл соңында оқушы өзі жалғыз және бірініші болып жауап беруге немесе жеке тапсырма алуға батыл болады. Өзіне-өзі сенімді, қиналып қалса, сыныптастарының немесе мұғалімнің қолдауы болатындығын біледі. Сөйтіп, уақыт өте өзі де басқа біреуге көмектесе алатын болады. Тағы да бір дәлел, әріптесімнің әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындысы ретінде берген сараптамадан: « х сыныптағы ххх оқушылардың білім сапасын арттыруда ЖАДА ны көп қолдандым, ата-аналар мен тәрбиешілерге рахмет» депті.  Егер де мұғалім өзі белсенді болса, жақын арадағы даму аймағына бірнеше тұлғаны жұмылдыра білсе бұл тәжірибенің оң нәтижесін көруге болады.

Біз мектепте тек «Мен кім болам?» тақырыбына шығармалар жазып келдік те, алайда «Мен қандай болам?» тақырыбына бір де бір рет шығарма жазбаған шығармыз? .[3, 58 б]. Екіншіден, шындығында да, баланы ерте кезден «мен қандай болам?» деп толғандыра білсек, құрдастарының қатарынан қалмай, білім алудағы кедергіні жеңе білуге  үйреткендей болар едік. Себебі, «мен қандай болам?» деп толғана берген бала өзінің идеалын құрады. Және соған ұмтылуға әрекет етеді. Оның әрекеті әрине, ең біріншіден жолдастарының және мұғалімдерінің, ата-аналарының қарым-қатынасы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Демек, жақын арадағы даму аймағына кіруге өзі құштар болады. Сол себепті, жақын арадағы даму аймағын практикамда белсенді қолдануды жөн деп санаймын. Осы жерде ескеретін ең маңызды фактор – ол мұғалімнің мейірімділігі. Ұстазынан жылулықты сезінген кез келген оқушы ғана өзінің шынайы проблемасымен бөлісе алады. Өйтпеген жағдайда,  «иә, түсіндім» деген жауаппен шектеледі. Бұл жауаптың қаншалықты растығын кез келген ұстаз анықтауға құлшынбайды да «күнделікті немесе қалыпты»  үш деген бағасын қоя салатындығы кездеседі. Сөйтіп білім алудағы кедергі жойылмайды. Сондықтан да, оқушы мен мұғалім арасындағы шынайы қарым-қатынас өте маңызды.    Выготский оқушылардың өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында»  (ЖАДА) оқыған кезде когнитивті даму жақсарады деп нақтылайды. ЖАДА-да оқушыны дамытатын дағдылар мен қабілеттіліктерді, оқушы әлі де өз бетінше орындай алмайтын тапсырмалар ауқымын анықтайды. Осындай тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға үлкендердің немесе оларды жаңаша оқытуға нақты бір мерзімге дейін көмек көрсетіп қолдау бере алатын барынша құзіретті тұлғалардың көмегі қажет. Осындай қолдау түрі қарым-қатынасты жасауды кірістіреді және Выготский бұл жолы сөзді оқудың ең басты құралы ретінде қарастырады. Осылайша, оқыту үдерісінде әлеуметтік қызығушылықты қолдаудағы мұғалімнің рөлі оқушының білімін дамыту үшін шешуші болып табылады. Оқушылар басқа аса білікті оқушылармен /олардың рөлінде сыныптастары немесе мұғалімдер болуы мүмкін/ диалог мүмкіндігі бар жағдайда оңай білім алады. Талқыланатын идеялар оқушының осы кездегі түсінігінің бір бөлігі болып табылмайтын, бірақ оның ЖАДА-на кіретін жағдайда оқыту жемісті болады.

Сопылардың «Ақиқатқа апаратын жол» атты хикаясында бір жас жігіт сопылардың шайхысынан былай деп сұрайды:-Ұстаз, мен Сіз секілді ақиқатты іздейін деп едім. Бұған қалайша жетуге болады? Қандай жолмен жүру керек?-Ақиқатқа апаратын жол өте қиын,балам! – деп жауап береді шайхы. Сол себепті де сен жалғыз жүрмей, басқа да жолаушыларға қосыл. Бұл жол – қауіптерге толы сапар. Онда қарақшылар, кедергілер мен қиыншылықтар көптеп кездеседі. Егер қорықсаң – үйде отыра бергін. Бидайды желге ұшырып, дәнін кебегінен тазалайды. Ақиқатқа апаратын жол да кебек сияқты – қорқыныш. .[3, 136 б].

Бүгінде шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек! Міне бұл – білім берудегі нағыз жаңаша көзқарас .

 

Әдебиет

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.

2.     Қошқарбаев Н, құрастырушы. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары» (1 кітап)

3.     А.Қ.әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жақын арадағы даму аймағын белсенді қолдану - білім алудағы кедергіні жоюдың жолы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 781 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 11570
    • DOCX 20.7 кбайт
    • 67 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бексултанова Раушан Каиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 23
    • Всего просмотров: 48408
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе