Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Жаканов Еркин Ондасынулы Кызылорда облысы Жалагаш ауданы АКсу ауылы №116 орта мектептин дене шыныктыру мугалими
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Жаканов Еркин Ондасынулы Кызылорда облысы Жалагаш ауданы АКсу ауылы №116 орта мектептин дене шыныктыру мугалими

библиотека
материалов

Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ.
Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтаййтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.

Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек.Ұстазға қойылатын талап мен тілек қаашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Жаңа типті қазақ мектептеріне өз халқының әдет-ғұрпын, тарихын жақсы білетін,өмір ағымын жете түсінетін, ойшыл, білімді, жаңалыққа жаны құмар ұстаздар керек.

Қазіргі таңда жас ұстаздардың қазақ тілін жетік меңгерсе де, тіл байлығының жұтаңдықтары сезіледі.Сөз сөйлей білу, оны шәкірттеріне жеткізе білу, шешендік қабілет – ұстаздың ең басты қасиеттерінің бірі.
Бірінші сыныптан бастап оқушыға тіл ерекшеліктерін, оның қыры мен сырын түсіндіруімен қатар, оның адамгершілікке баулу жақтарын үйретіп, үлкенді сыйлау кішіге қамқорлық, бауырмашылдық сияқты асыл қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Әрқашан да ана тілінің рөлі айрықша.Сондықтан да халқымыз «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі - ой өсіреді»- деген.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі сөз өнерінің асыл қазынасын жете меңгеруге және сол тілде әдеби таза сөйлеуге міндетті.
ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы - тіл» десе, заманымыздың белгілі ақыны О.Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз» дейді.

Жастарды тәрбиелеуде оның құдіретті күшін пайдаланудың зор маңызы бар. Егер тілге жете мән бере қарап, ана тіліміздің барлық байлығы сарқа пайдалансақ, бұл міндетті абыроймен атқаруға болады.

Тәуелсіздік елімізге көзқарасты түбегейлі өзгертті, үлкен бетбұрыс жасады. Жастарды оқыту, тәрбиелеу қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаздар алдында тұрған ең басты, жауапты міндет.

Білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында қоғамды ізгілендіру , яғни адамдар арасында бірін- бірі сыйлау, көмектесу, қамқорлық жасау сияқты адамгершілік тәрбие негіздерін оқушының дүниетанымдағы басты құндылықтар ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған.

Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге мүмкіндігімізше көтеруге тырысамын.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың алатын білім сапасын оқыту дәрежесіне тәуелді. Еліміздің ертеңі , өрімтал ұрпағымызды өз ұлтын сүю, ата-баба рухын, салт- дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздың міндеті.Ұстаздық шеберліктің сынға түсетін сәті де - осы кез. Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой-пікірлері арқылы астасып жатуы керек.
Міне, сонда ғана шығармашылық процеске бастайтын шығармашылық көңіл күй туады. Сабақта балаларға ауыр болады деп кейбір теориялық – практикалық міндеттерден бас таруға болмайды.

Адамзат жинаған мәдени құндылықтардың бәрінен оқушыны бейтарап қалдырмай, сабақ максимальды таным, білім , білік , дағдыны дамытуға құрылуы тиіс.

Мен өзім әдебиет сабағында оқушы бойындағы әдеби шығармашылық қабілетті оятуға түрткі ретінде әр түрлі әдістемелік тәсілдерді оқыту – жаңа технологияның озық идеяларыын пайдаланып, іске асыруды күн тәртібіне қойдым.

Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлерін:
а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу,
ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу,
б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог диалогын жазғызу,
в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау , тура мінездеуді толықтыру,
е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу, оқиға құру т.с.с.

Оқушыларға осындай тапсырма бергенде , олар суреткер жасаған көркем әлемге өзінің «кішкене әлемін» қосады. Әдеби шығарма да жүректен шығып, жүрекке жетеді.

Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды , шынайы болып , шәкірт бойындағы шығармашылық қиял , дарын, қабілет бастауы ашылады.
Еліне қорған , ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білетін, пікір, қорытынды айтатын , шешім қабылдай алуы қажет-ақ. Міне, бұл биік - шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы келетін іс.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Оқушы – басты тұлға
І. Сезім іште түлеп, сыртта сымбаттанады
ІІ.
Кемел ой – кереметтің кескіні
ІІІ. Шығарма шырайы – шұрайлы сөз

Бірінші кезең жаңаны, тың нәрсені дамыту, сезе білу ойлау түпкі идеяны табуға ұмтылу шығармашылық ой-талдауға бейімділік ішкі сезім дүниесіне тартысты, сезімталдық қасиетті оята білу.

Бұл кезеңде «Сезім іште түлеп, сыртта сымбаттанады». Бұл кезеңге байланысты арнайы әдеби шығарым тапсырмалар беріледі, бұл тақырыптық, еркін тақырыпқа шығарма, мақала, хат жұмыстары жүргізіледі.

Белгілі тақырыпты өткеннен кейін төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі.
- Шығарманың мазмұны, тақырыбы жайында пікір жазу;
- Ұнаған эпизодтарды баяндау;
- Шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу;
- Мазмұны бойынша сұрақтар қою:
- Әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу;
- Әңгіме кейіпкерінің басындағы іс-әрекетті, көңіл-күйін өз басымен салыстыра отырып баяндау.

Осы жолмен 7 сынып Ж.Аймауытов «Туған жер», С.Мұратбеков «Жусан иісі», 5 сынып Д.Исабеков «Ата үміті», «Бір атаның балалары» әңгімелерін өткеннен кейін жұмыстар жүргізіледі. Кемел ой кереметтің кескіні.Қиялдамасаң қызыл тіл сайрамайды.

Екінші кезең қиял , ұшқыр ой, ой қызметінің батылдық ерекшелігі қалыптасады. Бұл кезеңде оқушыны көркемдік шешім табуға жетелеу үшін ой ұшқырлығы туу қажет.Мұнда оқушының өзіндік ізденісі, пікірі айтары байқалады.Бұл кезең - оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалаларды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырмалары.

Бұл жұмыста оқиғаға тән көріністерді қиялмен суреттеп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді.

Жанды деталь, мазмұнды ой, қызықты кейіпкер, тың ой туады.Оқушыны шығармашылық жұмысқа үнемі бағыттап отыру әңгіме, ертегі , оқиға тізгінін өз қолына беру, қиялына мүмкіндік туғызу.

«Жас талап» айдарымен сыныптан тыс үйірме жұмысында жұмыстар жүргізу , арқылы сөздің киелі екендігін сұлу сөйлеу арқылы сезімдерді оятуға көздеген.

Өз бетімен жұмыс істету шығармашылық қабілетті ашудың көзі.

Оқушылардың таным белсенділігін арттыруына:
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар орындағанда топ оқушылары сөзжұмбақ, ребус, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру, метаграммалар , бір әріптен «мысалы «А» мен «Б» құралған, сөзтуымдар орындады.
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құру, мәтін бойынша шешендік сөз құрау.
3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, аңыз, әңгіме) жазу.
4. Шығармашылық шеберлікті шыңдаудың бір түрі – суретке қарап әңгіме құрап жазу.

Осы тәрізді сатылы жұмыстың нәтижесінде оқушылар іздену дегеннің не екенін таниды, құрамын аңғарады, шығармашылық ізденіске, шығармашылық ойлауға дағдыланады.

Шығармашылық жұмысқа икемдеудің бір сыры – кенеттен бір ситуация таңдап, баланы соған кіргізе отырып оқиғаны жан - тәнімен сезіндіру, осы сезім – түйсік арқылы жазба жұмысын жазуға түсіндіру.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу жұмыстары қалыптан тыс сабақ кезеңдерінде терең орын алып оқушы мүмкіндігіне жол ашады.

Оқушыларға әдеби - шығарым тапсырмалар өтілген тақырыптар бойынша жүргізіліп қоймайды. Еркін және тақырыптық шығармалар түрлі мақалалар , өлең құрастыру және өлең мазмұнын қара сөзбен жаздырту жұмыстары орындалады.

Халқымның - өлең ортақ қазынасы дейді халық. Атадан мұра болып келе жатқан өлеңді түсініп оқу, қабілетті балаларға өлең жаздырту, өлеңді қара сөзбен көркемдеп айтқыза отырып, ақын жайлы түсінуге оқушыларымды баулып отырамын.

«Өлеңім – жақсылардың жан азығы» деген аға ақындар үлгісін оқушыларыма алтын көпір етіп келемін.

М.Жұмабаев шығармаларын оқыған кезде ақынның «Сырым» өлеңі бойынша ақын бейнесін ашып көрсетуде оқушылар төмендегідей бағытта шығармашылықпен жұмыс істейді.
1. Ақын – қиял құлы.
2. Сүйе білу – сезім шыңы.
3. Өзім тәңір - өзім от.
4.Нәзік үміттен жанған шырақ.

Осындай тірек сөздерді оқушы ойының қазығы ете отырып жұмыс істеуге болады.

Үшінші кезең - тапқырлық пен шеберліктің ұясы. Мұнда өзіндік сын, бастаған ісін аяқтау, дәлелдеу. Бұл мәтіндерді өңдеу материалдарды сұрыптау, рецензия , талдау кіші ғылыми жұмыстар арқылы іске асады.
Оқушыларға арнайы мәтіндер арқылы оны өңдеу немесе мағынасын сақтай отырып, тілін өзгертіп жаздырту жұмысының мәні зор.

Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.
Конфуций айтқан екен: «танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау» - деді.

Шығармашылық қабілетті ашуда әдебиет пәні сабағының мүмкіндігі мол екендігін ескере отырып, тиімді пайдалана білу аса шеберлікті қажет етеді.

Жаңа технология әдістерін қолдану барысында оқушылардың барлығы да белсенділік танытып, бірінің ойын бірі тыңдап, ілтипат көрсетеді, шығармашылық, ізденістің көзін ашып, оны көрсете білуде ой - толғаныс негізінде олардың білімдері бекиді.

Сабақтың әрбір сатысы белсенді ойлайтын оқушыны тәрбиелеу жолдарына ынтасының болуын, ой тудыруын, өз ойын жеткізе білу топтық қорытындыға келе білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, ізденіс негізін қалыптастыруға бағытталады.

Әдебиет сабағында оқушының танымдық және шығармашылық ізденістерінің сапалық нәтижесі: Берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілмеген жақтарын анықтады.
Дәйектілік және дәлділік.

Әр тұтас бөлшектердің ішкі құрылысын білу үшін бөліктерге бөліп , оны қайтадан тұтасқа айналдырды.
Эмоция іс - әрекетінің жоғарғы адамгершілік сезімін қалыптастырады, бағытын анықтайды.

Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өмірмен байланысын күшейтті. Нақты ақпаратты жүйеледі. Үйреншікті ақпаратқа жаңа көзқараспен қарап, әр түрлі шешімдерді қабылдады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу жұмыстары қалыптан тыс сабақ кезеңдерінде терең орын алып оқушы мүмкіндігіне жол ашады.
Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға,

Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда, - деп ұлы Абай атамыздың сөзімен қарар болсақ, шығармашылық қабілетті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ.

Шығармашылық - әдемілік пен әсемдіктің әліппесі. Мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысатын, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс. «Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып, жүзуді үйреткен су жаттықтырушысына тең». Ұлы адамның осы сөзі – мұғалімнің қазығы, бағыты болуы қажет.

Ұстаздың жазған пікірлері, мақала, озық әдістері баспасөз бетінде жарияланып тұруы шығармашылықпен , жұмыс істеуінің, оқушымен бірлесе табысқа жетуіне ықпал етеді.

Шығармашылық тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі болып саналады.

Мұғалім мен оқушының арасындағы шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана оң нәтижеге жеткізетіндігіне көзім жетті.
«Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды , ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген сияқты.

Талапсыз ұланның ертеңгі күні еліне қандай болуы неғайбыл емес пе?
«Бала болсаң , болғандай бол, ел жұртыңа қорғандай бол» дегенді дана халқымыз терңнен үңіле отырып айтқан ғой.

Бұлақ көзін ашпақ ниетпен «Жас талап» атты шығармашылық үйірме жұмысының оқушылары 2002 жылы алғаш жарық көрген республикалық «Асыл сөз» газетіне жарияланып келеді.

Сонымен қатар республикалық мұғалімдер газетінің «Балдәурен» бетіне және облыстық балалар және «Халық», аудандық «Тұран қазалы» газеті бетіне оқушылардың шығармашылық жұмысы жарияланып келеді.
Қазақ әдебиеті сабағында тиімді әдістер мен жаңа технология құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар нәтижесі баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Оқушыларды шығармашылық шыңның ең биігінен көргім келеді. Сол үшін де осы бағыттағы жұмысымды жетілдіре бермекпін.

Ұстаздың алдында қолын созған, өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның ру­хани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуы­на, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі – сабақтың стан­дартты емес түрлері ұсынылады: ойланатын сабақтар, талдау сабақтары, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтар, ойын сабақтар, т.б. «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Халқымыз табиғатты аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөлген. Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып-өскен табиғатымен сабақтастырып жатады. Мысалы халық арасында жаны жаздай, көңілі көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін жиі кездестіруге болады.

Жалпы бастауыш сынып балаларын табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға үйретуге бағытталған пәндер баршылық. Дегенмен де «Өзін-өзі тану» пәні табиғатты басқа қырынан қарастырады. Бұл пәнде табиғат байлығы, табиғат туралы біліп қана қоймай, оның сұлулығын сезініп, мейірімділігі мен жомарттығын танып, қорғауға, аялауға, қамқорлық жасауға үйренеді. Табиғаттың да бір құндылық екеніне көз жеткізеді. Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінен бірінші сыныпта «Өсімдіктерге ерекше күтім керек» тақырыбында өткізілген сабақты мысалға алайық. Мен сабақта көбелекті қонаққа шақырдым. Балалармен көбелек жайлы ой бөлістік. Оқушылар көбелектің ешкімге жамандық ойламайтынын, ол тек қана сұлулыққа толы гүлді алқаптарда ұшып жүретінін, сұлулықты жандары сүйетінін, хош иісті гүлдердің арасын мекен ететіндігін айтып беріп, түрлі-түсті қағаздан көбелекке арнап әдемі алқап дайындады. Олар барынша өз гүлді алқаптарын әдемілеп жасауға тырысты, себебі көбелектің жаны сұлулықты қалайтынын жеткізгісі келді.

Міне, олар өздеріне қонаққа ұшып келген көбелекке алқап дайындап, оны өз қолдары-мен орналастырды. Осы кезде мен сабақты «Гүлімайдың гүлі» әңгімесімен жалғастырдым. Әңгімеде кішкентай ғана қыздың гүлді еңбектеніп өсіргенін, ал оның еккен гүлінің тез арада жайнап өскенін әсерлі әңгімемен жеткізе отырып, «Мейірімді адамның қолымен егілген гүлдің осылай өсетінін» айтқан Гүлімайдың апасының сөзімен аяқтадым.

-Ал, балалар, сендер Гүлімай секілді гүл өсіріп көрдіңдер ме? – дедім. Балалар бір сәт ойланып қалды. Олардың әрқайсының көзінде: «Біздің жүрегіміз қандай екен, біз қолымыздан гүл өсірсек қалай болады?» деген сауал тұрды. Осы сәтті пайдаланып мен оқушыларды тыныштық сәтіне шақырдым. Балалар тыныштық сәтіне жалғыз кеткен жоқ, өздері жақсылық жасаған көбелектерімен гүлді алқапқа барды. Өздерін көбелектің орнына қоя отырып, бала жаны өсімдіктерге қамқорлық қажеттігін, тіпті кішкентай ғана көбелектің өзіне тыныштық пен сұлулық керегін түсінді. Енді оқушылардың қиялына қанат бітті. Олар тыныштық сәтінде әдемі гүлдерді, әдемілік пен сұлулықты елестетті, енді мен олардың шығармашылығына дем бердім, дәптермен жұмыс кезеңінде оқушылар сан алуан гүлдердің суретін салып, бояды.

Ал енді жүректен жүрекке кезеңінде мен олардың жүрек сырларын білу үшін:

-Балалар, осындай өздерің салған сұлу гүлді алқаптар, қалың ормандар көп болғаны дұрыс па?-дедім. Олар жамырай «Иә»-деп жауап берді.

Балалар сабақтан қуана үйлеріне тарасты. Міне, балалар сұлулық пен әдемілік тек қана адамдарға ғана емес, басқа да тіршілік иелеріне қажеттігін біліп, сезініп, түсінді. Олардың енді табиғатқа басқаша көзқараспен қарайтыны анық.

Бірақ біз балаларға тек қана өмірдің әдемі жағын ғана көрсетіп, таныта алмаймыз. Сол себепті ақ пен қараны, жақсы мен жаманды қатар алып қарастыруға тырысамыз. Мысалы: «Өзін-өзі тану» пәнінің «Туған жер ғажаптары» тақырыбында балалар өз туған жерлерінің тамаша табиғатының әдемілігі мен сұлулығы адамның қамқорлығы мен жауапкершілігінің нәтижесінде екендігін «Көлсай» паркінің қорыққа айналып, қамқорлық аясында тұрған тамаша табиғаты мен «Балқаш» көлінің бағы қайтқан көрінісін бейнекөріністерден үзінді көрсету арқылы түсіндірдім. Сонымен бірге Көлсайдың тамаша табиғаты мен Балқаш көлінің суы тартылған қойнауын көргеннен кейін оқушыларға алған әсерлерін салысты­ру мақсатында «Көрініс әсерлері» кестесін толтыруды ұсындым. Оқушылар сұлулық пен келеңсіздік туралы өз ойларын кестеге толтырып, пікірлерін білдірді. Балалардың Балқаш көлінің табиғатына деген аяушылық сезімдері оянды, табиғатты да жоғалтып алатынымызды, ол үшін күтім мен қамқорлық және табиғатқа ерекше қарым-қатынас қажеттігі туралы жүректен жүрекке жеткізіп жатты.

Жоғарыдағы сабақ барысында аталған «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту процесінде пәннің өзіне тән ерекшелігін ескеретін әдістемелік тәсілдер бар. Бұл тәсілдерді қолдануда мұғалімнің қашанда шығармашылықпен ізденуін, шығармашылықпен дайындалуын қажет етеді.

«Шаттық шеңбері» сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге құрған шеңберде өздеріне ұнаған әндерін айтады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады, бір-бірінің қолынан ұстап тұрған балалар өздерін достық шеңберінің бір бөлшегіндей сезінеді. Мұнда мұғалімнің көңіл-күйі мен дауыс ырғағы да балаға ерекше әсер етеді.

«Тыныштық сәті» әдістемелік тәсілінде бала еркін тыныс алады, денесін еркін ұстап, өз ойларын жинақтайды.

«Өзіммен өзім» - бұл тәсіл баланың өзін тыңдай білуіне себін тигізеді. Мұнда балалар еркін ойлауына шабыт беретіндей үнтаспа, бейнетаспа, фильмдер көріп, тыңдай алады.

«Жаттығу-ойлану» әдісі балалардың жағдаяттар шешуіне, мақал-мәтелдер тал­дап, мағынасын ашуына, басқалармен жағымды қарым-қатынас орната алуына жағдай туғызады.

«Шығармашылық жұмыс» – өзін-өзі тану пәнінің ең маңызды бөлігі дегеніміз дұрыс болар. Мұнда балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады. Сурет салу, кол­лаждар құрастыру, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауы қалыптасады. Алға қарай талпынысы күшейеді.

«Сахналау» тәсілі арқылы балалар рольдерде ойнап, түрлі жағдайларда орнына өздерін қою арқылы шындыққа көз жеткізеді немесе басқаға деген көзқарасын түрліше өзгерте алады.

«Жүректен жүрекке» шеңбері сабақты аяқтап, қорытатын әдіс. Бұл жерде де бала­лар өз ойларын еркін білдіріп, бір-біріне деген түрлі көңіл-күйлерін жеткізе алады. Бір-біріне деген алғысын да, ризалығын да білдіреді.

Түрлі осындай әдіс-тәсілдерден тұратын «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулығында тақырып бойынша берілген материалдар тиісті шартты белгілермен берілген. Мұнда да мұғалім оқушыны жалықтырып алмайтындай сабақ құрылымын өзі құрастыра алады. Баланың бір іспен ұзақ айналыспауына, жалығып кетпеуіне көңіл бөліп отыруы қажет. Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалімнің адамгершілікті, мәдениетті, білімді, жылы жүректі болуы бала жүрегіне орын табатын бірден бір жол, – деп білемін.

Нието мұғалімдердің кәсіби дамуларының маңыздылығын төмендегідей түсіндірген екен:

«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе «мұғалім» болып туыла салмайды. Керісінше олар әрқашан даму үстінде бола­ды. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендіктері мен не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», – деген екен. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.04.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров147
Номер материала ДБ-016489
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх