Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалы«Жалқауланба, есінеме, барлық тапсырманы орында»

«Жалқауланба, есінеме, барлық тапсырманы орында»

Скачать материал

№30 «Жұмбақ» бөбежай-бақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорттық ойын сауық «Жалқауланба, есінеме, барлық тапсырманы орында»

 

 

 

 

 

 

 

Дайындап, өткізген:

Дене шынықтыру жетекшісі педагог-модератор

Сенғалиева Н.А

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан-2022ж

 

Тақырыбы: Спорттық ойын сауық «Жалқауланба, есінеме, барлық тапсырманы орында»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар:

 Жүргізуші:           

Спорт досың әрқашан

Керек балабақшадан

Доп тебеміз,күлеміз,

Спортты біз сүйеміз.

Спортшы боп біз бүгін,

Таза ауада сергиміз.

Денсаулығы мықтылар

Көтереді ел жүгін.

Құрметті тәрбиешілер, балалар!  Бүгінгі Мектеп алды даярлық топтар арасында өткелі жатқан «Жалқауланба, есінеме, барлық тапсырманы орында» атты спорттық ойын сауығымызға қош келдіңіздер.

 

Калрсын келеді. 

 -  Сәлеметсыздарма балалар? Мені таныдындарма? Иә мен карлсынмн .Сендер дені сау, шыныққан, сымбатты болып өскілерін келедіме? Ендеше шынығып жаттығу жасап жиберейік.

 

Жүргізуші:                                  

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Музыка әуенімен балалардың  барлығы жаттығу жасайды.

«Сергіту сәті»

Жүргізуші:

Ал сайыскер балалар

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділқазылар бағалар- дей отырып бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

1.

2.

3.

 

Жүргізуші:

1 кезең – «Топтың аты мен ұраны»

2 кезең - «Допты бер»

3 кезең - «Кім жылдам»

4 кезең - «Шығыршықты кегли»

5 кезең - «Кім озар»

6 кезең - «Сақина лақтыру» 

7 кезең - «Кім шапшам»

8 кезең – «Арқан тартыс»

Жүргізуші:

1.«Топтың аты мен ұраны.»

Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.

МАД №1

Топтың аты:

Топтың ұраны:

МАД №2

Топтың аты:

Топтың ұраны:

Предшкола №3

Топтың аты:

Топтың ұраны:

Предшкола № 4

Топтың аты:

Топтың ұраны:

2 кезең – «Допты бер»
Шарты: Әр команда сапқа тұрып, допты қолдарымен астарынан асырып артындағы оқушыға береді. Соңғы оқушы допты ұстап, саптың алдына жүгіріп келіп, допты артқа беріп жалғастырады. Белгіленген межеге жеткен соң орындарына жүгіріп келіп сапқа тұру керек. Бірінші болған команда жеңеді.

Жүргізуші:
Денсаулық - шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.

3 кезең – «Кім жылдам»
Шарты: Самокатқа мініп, белгіленген межеден айналып келіп, келесі ойыншыға берді. Бірінші келген топ жеңеді.

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға

4 кезең – «Шығыршықты кегли»

Шарты:Құрсау ішінедегі кеглиди келеcі шеттегі тұрған құрсауға жеткізу.

Жүргізуші
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.

5 кезең – «Кім озар»

Шарты: Кедергілірдің орталарынан құрсауды домалатып алып барып қолымызға ұстап қайтып келу.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың серігің,
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып өсіп, толарсың.

6 кезең – «Сақина лақтыру» 

Шарты: Қолдарына сақинаны алып доғанын астынан төрт тағандап өтіп,табан іздерін дәл нақты әрі жылдам басып шығу сосын белгіленген жерге барып сақинаны кеглиға лақтырып түсіру. Қайта жүгіріп оралу.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

7 кезең – «Кім шапшам»

Шарты: Құрсаудан секіріп өтіп , корапшадағы допты алып кері қайту.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

8 кезең – «Арқан тартыс»

Шарты:  Арқан тартыс ойыны бірінші екі команда арқан тартады содан жеңген команда үшінші командамен арқан тартысады, үшінші екі женген команда тартысқа түседі содан ұтқан команда жеңімпаз атанады.

 

Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
дей отырып сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

         Жеңіске жеткен топ марапатталады.

 

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз. Қош сау болыңыздар!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 185 518 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.08.2022 46
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолтай Ернар Мейранбекұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жолтай Ернар Мейранбекұлы
    Жолтай Ернар Мейранбекұлы
    • На сайте: 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1324
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой