Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Жалмауыз кемпірдің жолдағы бастан кешкендері"

"Жалмауыз кемпірдің жолдағы бастан кешкендері"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

(Балалар қөңілді ән ырғағымен залға кіреді, орындықтарға отырады)

Жүргізуші: Қымбатты балалар! Біз бүгін жол белгілері әлеміне сахатқа шыққалы отырмыз.

Тақпақтар

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз. Ұлпан

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.     

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа. Бекзада

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Ата – ананың сенімін, Салауат
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!        

(күтпеген жерден Жалмауыз кемпір келеді)

Жалмауыз кемпір:Фу! Не деген сұмдық! Бұндай қалада қалай өмір сүруге болады!Жан жақта көліктер жүріп жатыр, шаң,түтін топалаң! Мені басып кете жаздады.

Жүргізуші:Сіз кімсіз, әжетай? Сізге көмек керек пе?

Жалмауыз кемпір: Менен кімсіз деп сұрап тұрсыңдарма? Мен Жалмауыз кемпірмін ғой!Қалаға немеремді көруге келсем,сыпырғышым сынып қалды.

Жүргізуші:Түсінікті. Біз балалармен сізге көмектесеміз. Біз жол белгілері әлеміне барайын деп жатқанбыз. Бірақ бізге жол көрсететін біреу керек. Егер сендер жұмбақты шешсеңдер, оның кім екенін табасыңдар.

Жұмбақ

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ « тоқта», « жүр» дейді (бағдаршам)

Бағдаршам: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен кім екенімді тапқандарыма қуаныштымын.

Жалмауыз кемпір:Ой, не деген сұмдық! Мынау бір қорқынышты ғой! Үш көзі бар екен. Саған үш көз не үшін қажет?

Бағдаршам:Балалар, Жалмауыз кемпірге маған үш көздің неге қажет екенін айтып,түсіндіріңдерші.

(балалар ортаға шығып,бағдаршамның әр көзі туралы айтып береді)

Қызыл көзін ашқанда, Аяжан
Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда, Али
Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда, Мейірлан
Өте бергін жасқанба.


Қызыл жанды тоқтағын
Көрдің жұрттың тосқанын

Сары жанды дайындал
Айналаңа қарап ал

Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық тұрмағын


Жалмауыз кемпір:қоя тұрыңдар, мен әлі дұрыс түсінбедім. Сендер маған оған қайта көрсетіңдерші.

Жүргізуші:Жәрәйді, онда ойын ойнайық. Мүмкін сонда түсінерсіз.

«Көліктер мен бағдаршам» ойыны

(балалар зал бойынша жүгіріп жүреді, жасыл жанғанда – бір орында тұрып жүреді, сары жанғанда- шапалақ ұрады, қызыл жанғанда- тыныш тұрады)

Жүргізуші:Енді түсіндіңіз ба, Жалмауыз әже?

Жалмауыз кемпір:Енді түсіндім!

Жүргізуші:Жол белгілері әлеміне жету үшін бізге көлік керек.Қандай көлікпен баратынымызды табыңдаршы.

Жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды, 
Адам тасып аялдайды
. (Автобус)

Жалмауыз кемпір:Жәрәйді, қане автобусқа отырып, жол жүрейік.

Жүргізуші:Қоя тұр Жалмауыз кемпір, ал сен көліктің ішінде өзіңді қалай үстау керек екенін білесің ба?(Балалар көліктің ішінде өзін қалай ұстауды айтып береді)

Жүргізуші:Балалар жолаушылар автобусты қай жерде күтеді?

Балалар: Аялдамада

Жүргізуші:Ойланып тез айтыңдар, автобустың ішінде бізге не сатып алу керек?

Балалар:Билет сатып алу керек.

Жүргізуші:Қазір мен сендерге эстафетаға қатысуларыңды сұраймын.Жалмауыз кемпір сен билеттерді сатып тұрасың.Кімде көк билет, сол көк автобусқа отырады,ал кімде қызыл билет, сол қызыл автобусқа отырады.

Жалмауыз кемпір:Жәрәйді, қане бір біріңнін артына тұрыңдар.Билет сатып алып, әр кім өзінің аялдамасына барсын.

Жүргізүші:Назар аударындар! Көлік тек қана жолда жүреді,ал тротуар жолына шықпау керек.

(автобус жүрді,дөнгелектер айналып,жүргізуші рулді біресе солға, онға қарай бұрады)

«Автобустары» ойыны

Жүргізүші:Мінеки біз «Жол белгілері» әлеміне де келдік, бірінші аялдама «жұмбақтар»

Жұмбақтар

Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты.
(Велосипед)

Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

 Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып, алысқа жеткізген(Жол)

 

Құстай ұшар, қанатты тұлпар (ұшақ)

 

Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы түзеткен (полиция)


Жүргізүші:Жәрәйсіңдар балалар жұмбақты шештік.Көрдің ба Жалмауыз кемпір біздің балалар қандай ақылды және тапқыр.

Жалмауыз кемпір:иә

Жүргізүші:Келесі эстафета «жая жүргіншілер жолы» деп аталады

(әр баланың қолында ақ қағаз жолақтары)

Жолдан өту үшін,дөңгелектен дөңгелекке секіріп, алдына ақ қағаз жолақтарын жол белгілерінің қасына қою керек.

Жүргізүші:Өте жақсы!

Жалмауыз кемпір:Сыпырғышта ұшып жүргенде мен бір нәрсені қиратып,дорбама сала бердім.

Жүргізүші:Қане көрсетше ол не?

(жол белгілері салынған суреттер, ортасынан бөлінген)

Жүргізүші: Балалар, қане Жалмауыз кемпір бұл жол белгілерін дұрыс жинап, қайсысы не білдіретінін айтып берейікші

( балалар музыка ырғағымен жол белгілерін жинайды)

Жүргізүші:Жәрәйсіңдар, балалар! Келесі эстафетамыз “ Сырғану” деп аталады.( самокатпен бір белгіні айналып келу керек)

Жалмауыз кемпір:Балалар, сендер өте жақсы ойнайсыңдар екен. Жол ережелерін, жол белгілерін біледі екенсіңдер.Мен көп нәрсе үйрендім, мен бәрін достарыма айтып беремін.

Бағдаршам: Бәрекелді балалар!Жол белгілерін білесіңдер екен,мен

сендерге қатысқан ұшін мынандай сыйлықтар әкелдім!

(медалді балаларға сыйлайды)

Жүргізүші: Жәрәйсіңдар, балалар! Сендер өте сақ болдыңдар және сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер Жалмауыз кемпірге де көп нәрсе үйреттіңдер.Жол ережелерін әр адам білу керек, оларды бұзуға болмайды. Сонда ешқандай жолда апаттар болмайды.Сонымен біздің ойын –сауығым аяқталды.Сау болыңдар!



















hello_html_m148c356c.png























Жалмауыз кемпірдің жолдағы

бастан кешкендері”









Дайындап өткізген:

Кургамбаева С.Ж

2016ж.

Автор
Дата добавления 19.06.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров55
Номер материала ДБ-126840
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх